Орталық Азиядағы Қауіпсіздік мәселес


Slide 1

Орталық Азиядағы Қауіпсіздік мәселесі

Орындаған: Сеитова Ажар

МО-36

Slide 2

Жоспар:

Орта Азия аймағы

Орта Азия елдерінің мәселелері

Орта Азиядағы қауіпсіздік ұйымдары және оның қызметтері

Slide 3 Slide 4

Орталық Азия аймағы - қауіпсіздік тұрғысынан алғанда дүниежүзінің ең маңызды аймақтарының бірі. Еуропаны Қытаймен, Ресейді Ислам әлемімен байланыстыратын Орталық Азия аймағы геостратегиялық орналасуы жағынан бірнеше ірі аймақтартың қауіпсіздік жүйелерінің түйіскен нүктесінде орналасқан.

Slide 5

Сонымен қатар, Орталық Азияның Ресей, Қытай, Еуропа, Үндістан, Иран, Пәкістан және Түркия сияқты ықпалды күштердің арасында тығыз орналасуы бұл аймақтың геосаяси рөлін де арттыра түсуде. Әсіресе, Ресей, АҚШ және Қытай сияқты үлкен күштердің осы аймаққа қатысты геосаяси жобалары мен геоэкономикалық мүдделері ескерілуі қажет.

Slide 6

Орталық Азиядағы басты мәселелер:

Иранның ядролық бағдарламасына байланысты туындаған келіспеушіліктер;

Ауғанстандағы белгісіздік кезеңінің әлі аяқталмауы;

Кавказдағы шиеленістің аймаққа жағымсыз ықпал ету қаупі;

Радикалды исламизм мен діни экстремизмнің көрініс беруі;

Каспий теңізі мәртебесінің әлі күнге шейін айқындалмауы;

Орталық Азия елдер арасындағы су және жер ресурстарына қатысты келіспеушіліктер;

Slide 7

Тәжікстанның мәселелері:

90-шы жылдарда болған азаматтық соғыс,

Таулы Бадахшан аумағындағы оқиғалар,

қазіргі кезге дейін шешілмеген терең әлеуметтік және экономикалық мәселелер;

Slide 8

Қырғыстанның мәселесі:

Қырғызстанда 2000-шы жылдардың соңындағы «демократиялық» өзгерістерге байланысты туындаған дағдарыстар,

Жалалабад пен Оштағы қайғылы оқиғалар,

халықтың күрделі әлеуметтік-экономикалық ахуалы;

Slide 9

Өзбекстан мәселесі:

Өзбекстанда 2005-шы жылы орын алған Әндижан оқиғалары,

халық санының жылдам өсімі,

су ресурстарына байланысты туындаған экономикалық қиындықтар аймақтағы мәселелердің өте күрделілігін көрсетеді.

Slide 10

Орта Азия аумағындағы қауіпсіздік жөніндегі ұйымдар

НАТО бағдарламасы

ЕҚҰЫ

ШЫҰ

ТМД

ҰҚШҰ

Slide 11

ҰҚШҰ(ОДКБ) - халықаралық аймақтық бірлестік, оның құрамына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстан кіреді.

ҰҚШҰ-ның негізгі мақсаттары ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мүше мемлекеттердің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау, ұлттық қарулы күштерді әскери және ұйымдастыру жағынан күшейту, әуе шабуылға қарсы қорғаныстың бірлескен жүйесін сақтау, ТМД-ға кірмейтін мемлекеттермен шекараны бірлесіп қорғау саласындағы өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты үйлестіру болып табылады.

Slide 12

Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ) (ағылш. Organization for Security and Co-operation in Europe) - саяси диалог үшін арналған халықаралық ұйым. Негізгі мақсаты - жетілдірілген басқару мен демократиялық үрдіс негізіндегі аймақтық тыныштық пен қауіпсіздік.

ЕҚЫҰ, Біріккен Ұлттар Ұйымы астындағы ад хок (Ad hoc) ұйым (VIII тарау), алдын ала ескерту, шиеленістерді тоқтату, тоқырау-менеджментіне және пост-конфликттік реабилитация істеріне аса назар аударады. Ұйым Еуропа, Кавказ, Орталық Азия, Солтүстік Американың 56 мемлекеттерін, яғни солтүстік жарты шардың көп елін қамтиды. Ұйым қырғи-қабақ Соғыс кезінде Батыс - Шығыс форумы ретінде құрылған.

Slide 13

Қазақстан бұл ұйымға 1992 ж. қаңтардың 30-ы мүше болып Хелсинкидегі Соңғы Актіне шілденің 8-де қол қойды. 2009 жылы осы Ұйымды басқару үшін ниет еткен Қазақстан негізінен тек екі ел - АҚШ пен Құрама Патшалық қарсылығына тап болды. Осы елдердің ойынша Қазақстан адам құқығын, демократиялық құндылықтарды қорғау жөнінде әлі де көп еңбек ету керектігі айтылған. Қазақстан кандидатурысын ТМД елдерімен қатар Батыс Еуропа елдерінің көбісі (Германия, Италия, Нидерланд және Франция) қолдауда. Қарашаның 29-30 Мадридте ЕҚЫҰ мүше-елдердің сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) 15-ші отырысында компромисс ретінде Қазақстан ТМД елдерінің ішінде алғашқысы болып ЕҚЫҰ төрағалығына 2009-да емес, 2010 жылы ие болатындығы хақында шешім қабылданды

Slide 14 Slide 15

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) 1991 ж. желтоқсанның 8-інде Минскіде (Беловеж) Ресей, Беларусь және Украина басшылары кездесіп, 1922 ж. КСРО құрылуы туралы Келісімі істен жойылғандығы және ТМД құрылғандығы туралы келісімге қол қойды. 1991 ж. желтоқсаннның 13-інде Орта Азия мен Қазақстан басшылары Ашхабадта кездесіп, «Беловеж келісімін» қолдайтындықтарын мәлімдеді. 1991 ж. желтоқсаннның 20-ында Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан басшылары Алматыда 21 желтоқсанда ТМД-ны құру туралы Келісім хаттамасына қол қойды.

Slide 16

Кездесуге қатысушылар ішкі және сыртқы саясаттың әртүрлі салаларында ынтымақтастыққа бейілділігін растайтын, бұрынғы КСР Одағының халықаралық міндеттемелерін орындауға кепілдік жариялайтын Алматы Декларациясын қабылдады. 1993 жылғы желтоқсанда Достастыққа Грузия қосылды, ал 2009 жылғы 18 тамызда аталған бірлестіктен шықты. Түрікменстан ТМД-ның қауымдастырылған мүшесі болып табылады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекет болып табылмайды және ұлтүстілік өкілеттікке ие емес. Ол өзінің барлық мүшелерінің егеменді теңдігіне негізделген және 1993 жылғы 22 қаңтардағы Жарлығы бойынша іс-әрекет жасайды. Достастықтың мүше мемлекеттері халықаралық құқықтың дербес және теңқұқықты субъектілері болып табылады.

Slide 17 Slide 18

Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) [The Shanghai Cooperation Organisation] 2001 ж. 15 шілдеде Шанхай қаласында алты мемлекеттің (Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан) бастамасымен құрылған үкіметаралық халықаралық ұйым. ШЫҰ-ның ізашары "Шанхай бестігі" болды, ал Шанхай әріптестігі Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан арасындағы шекарадағы әскери күшті қысқарту және сенім шараларының күшейтілуімен жүзеге асырылды. 1996 және 1997 жж. бес мемлекеттің басшылары Шанхайда және Мәскеуде кездесіп, шекара аумағында әскери сенім шараларын күшейту Келісімі және шекарадағы әскери күшті қысқарту және сенім шараларын күшейту Келісіміне қол қойды.

Slide 19

ШЫҰ Хартиясына және Шанхай ынтымақтастық ұйымын құру жөніндегі Декларацияға сәйкес мақсаттары:

Мүше-мемлекеттер арасында өзара сенім, достық, тату көршілік қарымқатынастарды нығайту;

Саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, білім беру, қуат көзі, көлік, экологиялық және өзге де салаларда тиімді әріптестік шараларын дамыту;

Ортақ күш жұмсап аймақтық бейбіт өмірді, қауіпсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз ету, демократиялық, әділ және ұтымды саяси, экономикалық халықаралық тәртіп орнатуға жағдай жасау.

Slide 20

ШЫҰ қағидалары:

БҰҰ-ның мақсаттары мен принциптерін ұстану;

Тәуелсіздікті, егемендікті, аумақтық тұтастықты сақтау, бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, өзара күш қолданбау және қолданамын деп қоқанлоқы кәрсетпеу;

Барлық мүшелердің тең құқықтығы;


Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Қытай қатынасы
Халықаралық және Еуропалық қайта құру банкі
Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастық
Қазақстан мүше ұйымдар
Қазақстанның халықаралық байланысының дамуы
Қазақстанның сыртқы саясаты туралы
Қазақстанның сыртқы саясаты
Қазақстанның халықаралық байланысың дамуы
Халықаралық қатынастар мазмұны
Нурсултан Назарбаевтың көпвекторлы сыртқы саясатының күшті жақтары және мүмкіндіктері қаңдай
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz