Жалпақ жапырақты ағаштардың дің зиянкестері мен аурулары және олармен күресу шаралары




Презентация қосу
Жалпақ жапырақты
ағаштардың дің
зиянкестері мен
аурулары және олармен
күресу шаралары.
Жоспар

Кіріспе
1. Жалпақ жапырақты ағаштардың дің
зиянкестері
2. Жалпақ жапырақты ағаштардың аурулары
3. Жалпақ жапырақты ағаштардың зиянкестері
мен ауруларымен күресу шаралары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Орман бүкіл өмір сүру кезеңдерінде көптеген жағымсыз кері әсер
ететін факторларға ұшырауы мүмкін, солардың ішінде зиянкестер мен
аурулар үлкен орын алады. Сондықтан орманды зиянды организмдерден
қорғау орман шаруашылығының өзекті мақсаттарының бірі болып
табылады. Зиянкестер мен ауруларға қарсы күрес мықты білім,
бақылаулар және болжамдардың нақты мәліметтері арқылы ғана орман
шаруашылық шаралары жасалса жақсы қарқындылық береді. Сол үшін
жәндік, ауру тудырушы организмдердің еркшеліктерін білу, олардың өмір
сүруін, зиянкестердің түрлерін ажырату маңызды.
Көп уақыт бойы орманды қорғау орман зиянкестері және
ауруларымен күресу айналасында ғана шектеліп келді. Қазіргі уақытта
оның мақсат аясы кеңейіп келеді. Орманның өндірістік қалдықтардың
әсерінен құруы, пестицидтерден орман территорияларының улануы
проблемалары пайда болды.
Жалпақ жапырақты ағаштардың
дің зиянкестері

Зер қоңыздардың көптеген
тұқымдастары Қазақстанда 140 түрі
табылған. Жалпақ жапырақты ағаштарды -
жасыл жіңішке денелі, емендік қолазер
қоңызы зақымдайды.
Зер қоңыздар жарық пен жылылықты
ұнатады. Олар күннің жарқырап, ашық
тұрған кезінде ұшып, ұрпақтанып
жұмыртқалайды. Аналықтары
жұмыртқаларын діңнің жырашықтарына,
қуыстарына және өзіне де тікелей салып,
өздерінің құрсағынан шығаратын
шырындылармен жабады. Ірі түрлері
жұмыртқаларын жерге де сала береді.Пайда
болған жас дернәсілдер тамырдың
қабығына енеді.
дернәсілдері өте ұзынша
келген, кеуде бөлімі
жуандау, тығыз көздері
көрінеді және аяқтары жоқ.
Кейбір түрлерінің дернәсіл
жолдары тек қабық астында,
басқаларының дернәсілдері
қуыршақтанар алдында
сүрекке кетеді, үшіншілері
сүректі толық егеп із салады.
Дернәсіл іздері сүгендер мен
қабық жегілермен
салыстырғанда қатты
шатастырылған, сонымен
қатар үгітілген ұнтаққа
Көптеген
тығыз түрлерінің
толтырылған.
генерациясы 1 жылдық. Ал
қылқан ағаштарда және
тамырға жақын бөлікте
мекендейтіндердің даму
циклі 2 жылға дейін немесе
оданда жоғары болады.
Мүйізқұйрықтар –өз өмірін
ағаш сурегінің ішінде өткізеді.
Денесі ұзын, аналықтырының
ұзынша жұмыртқа салғышы болады.
Ірі ағаштардың қабық астында
жұмыртқаларын тереңдетіп салады.
Олардың ірі дернәсілдері сүректі
дөңгелектеп ойып теседі. Басқа дің
зиянкестеріне қарағанда олардың
ерекшелігі – қабыққа ешқандай
зақым келтірмейді. Себебі, олар тек
діңнің қабығы жоқ бөлігінде, сау
сүректе дами алады.
Мүйізқұйрықтың барлық түрлері
техниқалық зиянкестердің айқын
өкілдері. Көптеген түрлердің даму
фенологиясы 2 жылдық. Бізде 6 түрі
қылқан ағаштары мен жалпақ
жапырақтылардың кейбір түрлерінде
мекендейді.
Олардың ішінен сан мөлшері жағынан көбі: ірі, көк, сиякөк, қара
қылқан және қайыңды мүйізқұйрықтар. Бұлар сүрек ішінде дамиды.
Дернәсіл алғаш шетінен ортасына қарай із салып, кейін керісінше қайтып
қуыршақтанады. Ересек бунақдене өзі кеміріп сыртқа шығады. Сыртқа
шығаратын тесігі дөп –дңгелек болып тұрады. Сонды.тан да сүгендер мен
зер қоңыздарының осы белгісі арқылы оңай ажыратып алады
Қайың бізтұмсығы — Scolytus ratzeburgi Jans. Жылтыр
қара қабық жегіш, ұзындығы 4,5-6,5 мм. Аталықтарының
маңдайы ұзын, қалың түкті, көздерінің жоғарғы бөлігінің
ортасында ұсақ ойықтар бар. Аналықтарының маңдайы
күмбез тәрізді. Қалқандарында біркелкі майда дақтар бар.
Қанат үстінде дөрекі жіңішке сызықтар бар, ал сызықтар
арасы ұсақ дақтармен қапталған. Қанаттың артқы ұшы тегіс.
Құрсақ сегменттері жоғары қарай көлбеу орналасқан.
Аталықтарының құрсағының үшінші сегментінің ортасы
түйме тәрізді. Аяқтар мен мұртшалары қоңыр түсті.
Қайың бізтұмсығы әлсіз және
ескірген қайыңдарды зақымдайды. Тек
шамадан тыс көбейгенде сау ағаштарға
көшеді. Ағаштың зақымдану белгісі ағаш
бөркінің кебуі және тоқтаусыз бірнеше
жыл зақымдану нәтижесінде ағаштың
жансыздануы.
Қайыңның зақымдануы діңінде
диаметрі 2,5 мм болып келетін қуыстардың
айқын байқалады. Бұл қуыстарда
аналықтары екінші ұрпағын салады.
Алғашында қуыстар дөңгелек пішінді
болып, кейіннен сопақ пішінге ие болады.
Ересектері ескі қайың ағаштарының
бөрік басындағы жіңішке бұтақтарындағы
бүршік жанындағы қабықтарын қосымша
қорек етеді. Дернәсілдері қыстап шығады.
Қуыршақтарын қабық астына салады.
Генерация бір жылдық.
Зиянкес бүкіл Европада, Ресейде,
Кавказ елдерінде таралған.
Емен бізтұмсығы –бізтұмсықтар тұқымдасының тінжегіштер түріне жатады. Олар
бүкіл Европа елдерінде, Ресей, Кавказ және Крым елдерінде тарал ған. Қо ңыздар
емен ағашы көп жерлерде шоғырланады. Олар еменді орманда тіршілік етеді.
Сонымен қатар, еменсңз ормандарда да тіршілік ете береді. Қо ңыздарды диаметрі 20
см –ден аспайтын ағаштарда кездестіруге болады. Көбіне олар ескірген, әлсіз
емендерде қоныстанады, ал жас ағаштарда сирек қоныстанады. Дерн әсілінде ая қтар
бар, ұзындығы 2-2,5 мм - ге дейін.

Ересектерінің денесі жалпақ және қысқа,
ұзындығы 2,5-4 мм. Түсі қара-қоңыр, ал
қанаттары қызғыш түсті.Қанаттарында
симметриялық емесдақтар бар, ал
олардың арасы әжімделген болып келеді.
Мұртшалары мен аяқтары жасыл түсті.
Аталықтарының маңдайы тегіс және
түкті келеді. Аналықтарында маңдайы
дөңестеу, түксіз. Қоңыздардың осы
белгілері арқылы басқа түрлеріне
ажыратуға болады.Қоңыздардың жаппай
ұшуы мамыр айында басталып жаздың
аяғына дейін болады. Маусым айында
аналықтары еменнің қабығын егеп,
кішігірім жолдар салып, сол жерге
жұмыртқаларын қояды. Жұмыртқалар
10 күннен кейін жұмыртқадан дернәсілдер шығады. Дернісілдері ағаш
діңінде ұзын жолдар салып күздің соңына дейңн қоректенеді және сонда
қыстайды. Ал сәуір айында дернәсілдерде қуыршақтану фазасы жүреді де 10
күннен кейін ересек қоңызға айналады.Генерацясы 1 жылдық. Қолайлы
жағдайда 2 генерацияға дейін береді.Еменнен басқа қайың ағаштарында
зақымдайды. Сирек жағдайда басқа жалпақ жапырақты ағаштарды да
зақымдайды.Қоңыздар қоректену барысында ағаштарды споралы
инфекциямен зақымдайды, нәтижесінде ағаштар тамыр микозына
шалдығады. Зиянкестер камбий және тіңін зақымдауы әсерінен ағашты ң
бұтақтары мен діңдері жансызданады.
Жалпақ жапырақты
ағаштардың дің аурулары
Орман ауруы – бұл патологиялық үрдіс, фитопатогенді
ағзалар ықпалы арқылы пайда болуы және дамуы (жұқпалы
аурулар) немесе қолайсыз абиотикалық факторлар (жұқпалы
емес аурулар),ағаш текті өсімдіктер мен бұталарға
физиологилық функцияларына бұрмалаушылықтар алып
келеді, өсімдіктің босансуы немесе әлсіреуі, олардың белгілі
бір мүшесінің зақымдануы немесе толықтай құруы,
өнімділігің төмендеуі.
Қылқанды және жалпақ жапырақты тұқымдардағы
діңдік және жараланған шіріктер, олардың қоздырғыштар:
қарағайқұлақ, шыршақұлақ, жапырақты құлақ, көктерек
саңырауқұлағы, еменқұлақ, нағыз ағаш саңырауқұлағы,
қайыңқұлақ т.б. аурула кездеседі.
Ағаштың шірік ауруы. Ағашты шірітетін көбіне гименомицетке жататын базидиялық
саңырауқұлақтар. Бұл саңырауқұлақтар зақымдаған ағаштар өзіне тән физикалық және
химиялық қасиеттерін және түсін өзгертеді. Зақымдалған ерекшеліктері саңырауқұлақтарды ң
түрлеріне байланысты. Олардың біреуі көбінесе целлюлозаны бұзса, екіншісі- к өбінесе лигнинді
бұзады, сондықтан ағаш шірігін коррозиялық және деструктивтік (құрылымның иүлдем б ұзылуы) деп
екі түрге бөледі. Деструктивтік типте ағаштардың целлюлозасы, гемицеллюлозасы бұзылады. Бүкіл
клеткалар ішкі жағынан шіріп, қабығы үзіліп, шірік ағашта сансыз жарықтр пайда болады, осы
жарықтрдың әсерінен ағаш бөлініп-бөлініп қалады, алақанға салып уқалағанда ұнтаққа
айналады.
Шіріктің коррозия типінде саңырауқұлақтар көбінесе лигнинді б ұзады. Са ңырау құлақ
ферменттері әр жерде клетка тобын бұзады, сондықтан ағаш арасында тесік пайда болады, оны ң
ішкі жағында целлюлоза ақ дақ болып көрінеді. Ағаш жұмсақ, жеңіл талшықты болып келеді,
жалпы көлемі өзгермейді, ағаштың структурасы ( құрылымы) елеуіш тәрізді болады.

Ағаш шірігінің залалдау
Ағашқа шірік түскенде оның беріктігі бұзыла
бастайды, осы шірік процесі 3 стадияға бөлінеді:

1-ші стадия-залалданған ағаштың тек түсі
ғана өзгереді, беріктігі сақталады.

2-ші стадия-ағаштың беріктігі бұзыла
бастайды, залалданған қара жолақтар немесе
тесіктер т.б. белгілер пайда болады.

3-ші стадия-ағаш беріктігі түгелдей
бұзылады, ұнтақталып немесе жарықтармен
бөлектенеді, талшықтанады, түсі өзгереді.
Шегіршіннің Голланд ауруы. Голанд
ауруы немесе шегіршіннің графиозы (Ulmus
pinnato ramose diesk) қоздырғышы Graphium
ulmi schw. (Coremiales), конидиалды
саңырауқұлағы және оның қалталы сатысы
Ceratocystis ulmi. Осы ауру шегіршінді барлық
жастарында зақымдайды, аса қауіптісі 10-40
жас кезінде. Саңырауқұлақ қыртыста және шел
кабаттың түтіктерінде ұзындығы 1мм- ге дейін
жететін түйреуішке ұқсас, ақ түсті және
шырышты консистенциялы коремийлар түрінде
дамиды. Осы ауру түтікті микроздар типіне
жатады, түтіктердің тығындалуына және
ұлпалардың микротоксиндермен улануына
әкеледі. Мүшелердің барлығын зақымдайды.
Алдымен жас, содан кейін неғұрлым ескі
бұтақтар қурап қалады. Осы кезде жапырақтар
жасыл түсін жоғалтпай солып, оралып қалады.
Ауруға тән белгісі: қурап қалған бұтақтардың
көлденең кесіндісінде жіңішке 1 мм күнгірт-
коңыр нүктелер және сызықтар қосылып,
біріккен сақина құрайды. Аурудың бірнеше
апта немесе жылдар бойы созылатын
стадиялары бар. Инфекция жәндіктермен жел
және жаңбырмен жас жаралар арқылы берілуі
мүмкін.
Еменқұлақ - Daedalea guercina. Жеміс дене тозаңды- көң тәрізді,
көбіне черепица тобын құрады. Үстінде барқыт сияқты қылы бар, күлгін
сұр түсі қоңыр сұрға дейін өзгереді, кейде сарғыштауорталық айма қтары
бар, шеті өкір қырлы. Тікані ақ немесе сар ғылт келеді, тоз т әрізді.
Гименофоры ақшыл, сұршыл, платинкалары өте ты ғыз орналасқан, биіктігі
2-8 мм, түсі қызғылт сарыдан қызыл- сарыға дейін болады.
Жалпақ жапырақты ағаштардың зиянкестері
мен ауруларымен күресу шаралары
Орман қорғау шаралары –орман қорғау шаралары қоршаған ортаға
зиянын тигізетін және зиянын зияндану мөлшерін кеміту мақсатындағы іс-
шаралар. Орман патологисы - шұғыл және түпкілікті жүйе. Орманды
тексерудің 2 тәсілі бар:

Арақашықты Критикалық саны–
қ тәсілдер–бұл қылқанды және
тәсіл орманның жапырақ жегіш
жалпы зиянкестердің
жағдайын, саны,жапырақты және
аурулары мен қылқанды зиянкестер 1
зиянкестерін кв 2 немесе 1 ағашқа
ұшақ, сай шектеп және
тікұшақ ,жер топырақ
Орман зиянкестермен күресу
шаралры:
•Зиянкестер ұялай бастаған ағаштарды iрiктеп алу өзiндiк дербес шара, ол
жеміс зиянкестер тобы бөлiгiн құртуға және жұқпалы аурулар деңгейiн
кемiтуге, сол арқылы екпелерге зиянды әрекетiн шектеуге ж әне зиянды
организмдердiң жаппай көбею шағының пайда болуына жол бермеуге
бағытталған қауiптi зиянкестер мен аурулардың көбею қаупi бар барлы қ
екпелерде iрiктеп алу жүйелi түрде жүргiзiледi.

•Бiрiншi кезекте зиянкестер ұялаған ағаштарды iрiктеп алу орман
өртiнен, жел сұлатудан, дауыл омырудан, қуаңшылықтан, жәндiктердi ң
қылқан жапырақты жүйесi обырынан, сол сияқты түбiр шiрiгiнен ж әне
басқа қауiптi аурулардан зақымданған екпелерде жүргiзiледi.

•Зиянкестер ұялай бастаған ағаштарды iрiктеп алу кезiнде кесiлген
сүрек қабығынан аршылуы әйтпесе инсектицидпен өңделуi керек.
Сүректi өңдеу мерзiмi ағаш қабығы астынан бiрiншi к өбелектердi ң
байқалуынан кешiктiрiлмеуi, ағашты күзгi-қысқы кесу кезiнде 1
мамырға дейiн болмақ.

•Гүлдеу алдында Лепидоцидом П (1-1,5л /га) препаратымен,
Лепидоцидом СК препаратымен бүрку. Әрбір 1-10күн сайын.
Орманды потологиялық тексеру және аурурдың
алдын алу.

Бір ғана әдісті қолдану барысында толықтай аурудан немесе за қымданудан
құтылу мүмкін емес. Бұл тек бірнеше әдісті қолданып, барлы қ жа ғдайды
қарастырғанда ғана тиімді болады. Әдіс пен қолданатын құрал ауруды ң т үріне
байланысты. Кейбір аурулар жаппай таралып, үлкен зиян келтіреді (т ұқым
сепкенде гомланд ауруы). Қалғандары аз кездеседі немесе соншама керемет зиян
келтірмейді (қарағайдың сұр шютте, мыстан кемпірді ң сыпырт қысы, кейбір
теңбілдер).
Ауа қауіпті жұқпалы аурулармен күресу жолдары, олардың болуын алдын
ала болжау, қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларынан са қтау, ауруларды ң
белсенді дамуына жол бермеу. Ауа қауіпті емес, соншама шы ғын келтірмейтін
түрлерін алдын ала шаралар жасау. Бұлармен белсенді күрес тек жаппай зиян
келтіргенде ғана жүргізіледі.
Әдістермен қолданылатын заттар объектіге байланысты та ңдалынып
алынады. Химиялық әдіске заттарды қолдану шектеулі. Отыр ғызылатын
көшеттерге белсенді шаралар жүргізілмейді. Оларды ң ауруларын аны қтау
барысында алдын ала шаралар жасалу қажет. Әртүрлі географиялы қ айма қтарда
орман өсімдіктерінің типіне қарай аурудың қоздырғыштарының түрлік құрамы,
зақымдай дәрежесі анықталады.
тұқымдардың, сүректердің
әртүрлі физикалық
Химиялық әдіс. Әртүрлі
индикаторларды қолдануға, әртүрлі құбылыстары мен
саңырауқұлақтармен зақымдалған қасиеттеріне негізделген
жапырақтар мен қылқандардың (резонанста, ультракүлгін
түсінің өзгеруіне негізделген.
сәулелер, клетка шырынының
Журавлевтің оқулығында химиялық
әдісті қолдану туралы мәліметтер түсі, электроөткізгіш
жан-жақты берілген. Ағаштектес тканьдер, тығыздық және
өсімдіктерінің ауруларын анықтауда т.б.). Тұқымның сапасы ауру
физикалық әдіс үнемі қолданады.
және сау тұқымдардың бірдей
еместігі тығыздық бойынша
анықталады. Ауру
тұқымдардың тығыздығы аз,
әртүрлі сұйықтықтармен әсер
еткенде шығады.
Ағаштардың көзге
көрінбей шіруін, шығаратын
дыбыс арқылы анықтауға
болады. Ауру ағаш пен сау
ағашты тыңдағанда, әртүрлі
дыбыстар шығаруына
байланысты анықтайды.
Пайдаланған
әдебиеттер
•Лесная энциклопедия: В 2-х т./Гл.ред. Воробьев
Г.И.; Ред.кол.: Анучин Н.А., Атрохин В.Г., Виноградов
В.Н. и др. - М.: Сов. энциклопедия, 1985.-563 с., ил.
•Минкевич И. И., Дорофеева Т. Б., Ковязин В. Ф.М 61
Фитопатология. Болезни древесных и
кустарниковыхпород: Учебное пособие / Под общ.
ред. И. И. Мин-кевича. — СПб.: Издательство «Лань»,
2011. — 160 с.(+ вклейка, 32 с.). — (Учебники для
вузов.Специальнаялитература).
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ

Ұқсас жұмыстар
Жалпақ жапырақты ағаштардың аурулары
Жалпақ жапырақты ағаштардың жапырақ зиянкестері мен аурулары және олармен күресу шаралары
Орман ағаштары жеміс және тұқым зиянкестері мен аурулары және олармен күресу шаралары
ҚР аумағында шағын көлемде таралған карантиндік зиянкестері
Каусар
Жеміс ағаштарының карантинді зиянкестері мен аурулары
Қарлығанның аурулары
Орман Зиянкестері және олармен күресу тәсілдері
Артқы жағындағы дене кеңейген
Орман зиянкестері, олармен күресу тәсілдері
Пәндер