Ақ қауданды капутаны көшетсіз әдіспен өсіру



Ақ қауданды капутаны көшетсіз әдіспен өсіру.
Орындаған:
Қабылдаған:

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1 Капуста өсіру технологиясы
2. 2 Капустаны көшетті әдіспен өсіру
2. 3 Капуста дақылын қорғау шаралары
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Жоспары

Көкөніс шаруашылығы - көкөніс алу мақсатында оларды өсірумен айналысатын өсімдік шаруашылығының бір саласы. Көкөніс шаруашылығының басқа өсімдік шаруашылығынан ерекшелігі - мұнда көкөніс дақылдары ашық және қорғалған жерлерде өсіріледі. Көкөніс шаруашылығы өсіру тәсілдері бойынша: танаптық көкөніс шаруашылығы, ашық танаптағы көкөніс шаруашылығы және қорғалған жердегі көкөніс шаруашылығы болып бөлінеді.
Қорғалған жердегі көкөніс шаруашылығының ең жетілген түрінде (мысалы, осы заманғы жылыжайларда) өсімдіктің өсіп-дамуына қажетті барлық жағдайлар жасалады және жылдың кез-келген мезгілінде (қыста, ерте көктемде және қара күзде ) көкөніс алуға мүмкіндік береді. Ашық танаптағы көкөніс шаруашылығы - көкөністерді танаптық жағдайларда өсіреді. Көкөніс шаруашылығында өсімдікті ерте көктету, өсіріп жетілдіру (мысалы, түсті капусталар), көшеттерді тығыз мысалы, кеш пісетін капусталар аралықтарында ерте пісетін капусталар отырғызуға болады. Көкөніс өсірумен Ежелгі Қытайда, Мысырда. Ежелгі Грекияда және Ежелгі Римде айналысқан

2. 1 Капуста өсіру технологиясы
Қырыққабат, қатпаршақкөк (орыс тілінде қырыққабат) (Brassіca) - орамжапырақтар тұқымдасына жататын бір, екі және көп жылдық өсімдік туысы. қырыққабат туысына шалқам, тарна, қызылша сияқты өсімдік түрлері жатады. Еуразия және Cолтүстік Америкада, көбінесе Жерорта теңізі маңында кездесетін 35-ке жуық түрі белгілі. Қырыққабатның дақылдық түрлері қолдан өсіру, өзара будандастыру және сұрыптау нәтижесінде алуан түрлі өзгеріске ұшыраған. Қырыққабаттың бірнеше сорттары бар. Олардың ішінде түсті және Пекин қырыққабаттарынан басқалары түгелдей дерлік екі жылдық өсімдіктер. Қырыққабат бірінші жылы қаудан түзеді, ал екінші жылы гүлсидамдары өсіп, тұқым береді.

Жапырақтары ірі, кезектесіп орналасады, түсі көк, қанықтылығы әр түрлі. Қырыққабаттың: қауданды қырыққабат, савойя қырыққабаты, брюссельдік қырыққабат, кольраби қырыққабаты, жапырақты қырыққабаты, Қытай қырыққабаты, Пекин қырыққабаты, түсті қырыққабат, т. б. түрлері бар. Барлығына ортақ сипат - қырыққабаттар жарық сүйгіш және суыққа төзімді. Өсуіне қолайлы температура 15 - 18°С. Температураның төмендеуіне (-10°С-қа дейінгі суыққа) төзімді сорттары - жапырақты және брюссельдік қырыққабатлар, ыстыққа төзімділері - жапырақты қырыққабат және кольраби қырыққабатсы. қырыққабатның құрамында адам организміне қажетті көмірсулар, протеиндер, минералдық тұздар, С және В тобына жататын витаминдер мол.
Вегетац. кезеңінің ұзақтығы бойынша қырыққабат сорттары: өте ерте пісетін (65 - 100 күнде, «Куузику вараяне»), ерте пісетін (100 - 115 күнде, «Грибовский 147»), ертелеу пісетін (115 - 130 күнде, «Алтын гектар»), орташа мерзімде пісетін (130 - 145 күнде, «Даңқ 1305», «Надежда»), кештеу пісетін (145 - 160 күнде, «Сыйлық») және кеш пісетін (160 күннен артық, «Амагер 611», «Завадская») болып бөлінеді. Қауданды қырыққабат Қазақстандағы негізгі дақылдық көкөністердің бірі.

Оның диам. 10 - 45 см, салм. 16 кг-ға дейін жетеді. Ақ қауданды қырыққабатты жыл бойы жаңа піскен және қайта өңделген күйінде тағамға пайдалануға болады. Қауданын ашытады, бұқтырады немесе бұрыш, қияр, қызанақ, сәбіз, қызылша, алма, жасыл бұршақ, пияз және сарымсақ қосып тұздайды. Сонымен қатар диеталық тағам ретінде, ас қорыту бұзылғанға, т. б. ауруларды емдеуге қолданылады. Қырыққабат - құнарлы мал азығы. Оның түсімі мол, әр га-нан 200 - 900 ц. өнім түседі. Қырыққабат зиянкестері: қырыққабат шыбыны, қырыққабат қоңыр көбелегі, қырыққабат ақ көбелегі, қырыққабат бітесі, т. б. жиі кездеседі; аурулары: фомоз, түкті және шырышты бактериоз. Қырыққабат - қырыққабат (Brassica) туысына жататын екіжылдық бақша өсімдігі. Құнды дәрумендерімен, дәрілік қасиетімен және айрықша дәмімен ерекшеленетін қырыққабат жер шарының барлық аймақтарында кездеседі. Қырыққабаттың 8 түрі ең танымал болып саналады: кәдімгі қырыққабат, савой қырыққабаты, түсті қырыққабат (цветная қырыққабат), кольраби, қытай қырыққабаты, жапырақты қырыққабат, брюссель қырыққабаты және пекин қырыққабаты. Қырыққабаттың жапырақтары бір сабақтың түбінен шығып, кезектесіп орналасады.

Қырыққабаттың отаны анықталмаған. Дегенмен, А. Декандольдің айтуынша, Ұлыбритания, Ирландия, Дания және Францияның солтүстік-батысында бұл өсімдіктің табиғи түрлері кездесуі мүмкін. Орамжапырақ - шаршыгүлділер тұқымдас бір, екі және көпжылдық өте бағалы көкөністік дақыл. Орамжапырақтың 35-ке жуық түрі бар. Олар Еуразияда, Солтүстік Африкада, көбінесе Жерорта теңізі елдерінде өсіріледі. Оның түрлері: ақ қауданды орамжапырақ, жапырақты, брюсселъдік, кольраби, гүлді орамжапырақтар.

Гүлді орамжапырақ - шаршыгүлділер тұқымдас біржылдық жаздық және күздік көкөністік дақыл. Оның сабағының биіктігі 70 сантиметрге дейін жетеді. Жапырақтарының ұзындығы - 30-90 см. Гүлшоғыры - тығыз шоқпарбас. Гүлсағақтың және бітеугүлдің тармақтары қысқарып, жуандауынан гүлшоғыр пайда болады. Гүлшоғырдың тармақтары өсе келе ұзарып, қалыпты гүл орналасатын өркен түзеді. Гүлдерінің ені 1, 5-2, 5 см. Күлте жапырақшалары ақ немесе сары түсті болып келеді. Жемісі -бұршаққын. Тағамға өзгерген гүлшоғыр пайдаланылады. Гүлшоғырдың құрамында 1, 2-4, 4% қант, 1, 5- 3, 7% нәруыз және 180 мг-ға дейін С витамині болады.

Қолданылуы.
Қырыққабаттың құрамында қант, минералды тұздар (кальций, калий, фосфор), майлар, лактоза, липаза, протеаза, А, В1, С, P, К, В6 және тағы басқа дәрумендер бар. Қырыққабат жеуге жарамды, оны пісіріп, қуырып, ашытып, тағамдарға қосып және табиғи күйінде жейді. Қырыққабаттың шырыны асқазан, бауыр ауруларына жылдам әсер ететін дәрі ретінде қолданылады. Табиғи қалпында (қуырылмаған, қайнатылмаған) жиі қабылданған жағдайда қырыққабат ағзаның зат алмасуын реттеп, денеде май жиналуын болдырмайды. Бұған қоса дем алу жүйесі, анемия, демікпе ауруларын емдейді.

Капустаны көшетті әдіспен өсіру.
Көшеттік әдіс - көкөніс шаруашылығының негізі. Көкөніс дақылдары алып жатқан ашық танаптағы шамамен алғандағы жарты ауданында және қорғалған топырақ ауданында өсірілетін көкөнәстердің 90% көшеттік әдіспен өсіріледі.
Көшет өсіру - көкөніс шаруашылығындағы еңбекті ең көп талап ететін және қымбатқа түсетін үрдістердің бірі: көкөністердің өзіндік құнындағы көшетке жұмсалатын шығынның улес салмағы 35-40% -ға жетеді.
Ерте пісетін капуста, ерте отырғызылатын қызанақ көшеттерін өсіру үшін жылыжайлардың 25%-да топырақ пен ауаның жылытылуы, ал 75% 1ауалық апталық жылытуы болуы қажет.

Nunhems ақбас орамжапырағын өсіру технологиясы. Жақсы топырақ - саздық ылғал сиымдылықты немесе суармаланатын далалық, дегенмен органикалық заттарға бай кез келгені жарамды. Қышқылы жарамсыз, себебі кез келген орамжапырақтың өсімдігі жарық ауруымен ауырады. Жердің бактериозбен зарарланбаған болуы өте маңызды - бір рет топыраққа түсіп, бұл аурудың қоздырғыштары оны кез келген орамжапырақты өсіруге 7-8 жылға жарамсыз қылады. Егіс айналымы. Ең жақсы ізашарлары болып көп жылдық шөптер, бұршақ тұқымдастар, қияр, пияз, тамыр жемістері, сонымен қатар қызанақтар (егер бірінші дақыл маусымға дейін алынатын ақтүйнек болмаса) . Ақтүйнек - қияр, қызанақ, пияздардың жақсы ізашары, себебі одан соң арам-шөп қалмайды.

Топырақты дайындау және тыңайту. Бірінші дақылды алып тастағаннан соң егісті қалдықтардан тазалайды және жыртады, немесе терең емес тырнау жүргізеді(15-18 см) . Органикалық және минералды тыңайтқыштарды алдыңғы дақыл астына күзден бастап енгізеді, дегенмен пайдаланылған қоректік элементтердің орнын толтыру үшін, жақсы өнім алу үшін, жыртар астына га-ға 100-200 кг аммиактық селитра, 200-300 кг суперфосфат, 150-250 кг калийлық тыңайтқыш енгізген жақсы.

Қоректендірулер. Жақсы өнім алу үшін екі қоректендіру маңызды: біріншісі, болашақ егіннің өсуі тәуелді розеткаларының қарқынды өсуі үшін, көшетті еккен соң, 2-3 апта (40-80 кг аммиактық селитра немесе 50 кг несепнәр, 100 кг суперфосфат, га-ға 50-100 кг калийлық тұз), екіншісі - бастардың қалыптасып келе жатқанында (тиісінше 100-150 кг аммиактық селитра, 50-100 кг калийлық тұз) . Бастарының пісуі мерзімінде калийлық қоректендіру жасауға болады. Қоректі енгізгеннен соң, олардың еруі және өсімдіктермен сіңірілуі үшін, міндетті түрде суару қажет. Егер тыңайтқыштарды сумен бірге енгізу мүмкіндігі болса, оны жиірек және молырақ тиімділікпен жасауға болады. Осы ретте, қоректендіру кезінде (әсіресе егер бұл тамыр қабатын суды тікелей қамтитын түпқоймасы бар тамшылық болмай, жаңбырлаумен суару болса), ерітінді концентрациясы мысалы, (көшетті отырғызғаннан соң 2-3 аптадан кейін: 10 литр суға 36-57 г аммиактық селитра, 69-74 г суперфосфат, 31-50 г калийлық тұз) 1-1, 5% м²-ге 10 л шығын шамасында құрау керек.

Көшетті көшіріп егу.
Көшетті бұлтты күндер, немесе күннің екінші жартысында еккен жөн. Отырғызу кестесі өсімдікке келесі күтім жасау мүмкіндігіне байланысты (60х50-60 см, 90+50х35-40 см және т. т. ) . Жіберілетін нүкте болып, га-ға 30-45 мың тұрудың қажетті қалыңдығына қол жеткізу саналады (бұған басының үлкен болуы тәуелді - 4-6 немесе 2-3 кг) . Көшіріп егу кезінде көшетке 30-45 күнге дейін болу керек.
Екінші метроайналымға көшеттерді отырғызу маусымның аяғынан шілденің 15-не дейін жүргізіледі. Отырғызар алдында жарық ауруының алдын алу үшін уатылған күкірт ерітіндісімен суаруға болады (га-ға 30-45 кг) . Көшіріп отырғызғаннан соң орамжапырақты, өсімдік үйренісіп кеткенге дейін молынан суарады.

Егулерді күту .
Өсімдіктерді күту - қатар арасын қобысытудан, түптеуден (жауындар мен құюлардың жеткілікті мөлшері кезінде), арам-шөптерді жоюдан, тыңайтудан, аурулармен және зиянкестермен күресуден тұрады. Негізгі зиянкестермен (шіркей, ақкөбелек, орамжапырақтық көбелек) күресу Золон(га-ға1, 6-2 л), Децис немесе оның қосындыларымен жүзеге асырылады. Орамжапырақты 1 га-ға 500-600 м³ су мөлшерінде 4-6 реттен кем емес суарады (суару мөлшері мен саны жер-климаттық және ауа райлық жағдаймен байланысты) . Жиі, бірақ аз құюлар пайда әкелмеуімен қатар, тіпті зиян - ылғалдың жетіспеуі жандарынан және беткейінен тамырдың шығуына алып келеді, және тамырлық жүйе суы және минералдық заттары мол, терең жерге өсуін тоқтатады. Жердің ылғалдығын анықтау үшін 20-30 см қуыс қазады. Суарудың қажеттілігін анықтаудың басқа бір жолы: топырақтың тамыр тұратын жерінен шар қалыптайды, егер топырақтық жерден шар шықпаса, құмайт топырақ - сынса, ауыр топырақ - мығым болса, егіске су қажет. Жоғары өнімділік алу үшін, басының пайда болу кезін жіберіп алмау керек. Жинар алдында 2-3 апта бұрын суаруды тоқтатады.

Капуста дақылын қорғау шаралары.
Қырыққабаттың (капуста) жинау мерзіміне байланысты көптеген түрлері бар. Ерте көктемдік, жаздық және қыстық. Ерте пысатындардың жапырақтары тығыз емес бос, ал күздік пен қыстықтардың жапырақтары тығыз болады. Тамаққа осы жапырақтарды қолданады. Ауылды жерлерде қыстағы тамақ мәзірінің негізін осы көкөніс құрайды. Қырыққакбатқа күн шуағы мол түсетін және су жақсы сіңетін тыңайтылған жер қажет, ащы жерге өспейді, рН 6, 5 - 7 (топырақтың қышқылдылығы) болу керек. Бұл өсімдікті негізінен өскінмен өсіреді. Тұқымды 1 см тереңдікке сирек себеді. Жиі болса өскін ұзарып кетеді. Бес аптадан (35 күн) кейін өскінде 4 - 5 жапырақ пайда болғаннан соң, оны тұрақты жеріне апарып қондырады. Өскінді таяқшаның не қалақшаның көмегімен отырғызады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz