Орман ағаштары жеміс және тұқым зиянкестері мен аурулары және олармен күресу шаралары
Презентация қосу
Орман ағаштары жеміс және
тұқым зиянкестері мен
аурулары және олармен күресу
шаралары
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1. Орман ағаштарының түр құрамы
2.2.Орман ағаштарының жеміс және тұқым
зиянкестері
2.3. Жеміс және тұқым аурулары
ІІІ. Қорғау шаралары
3.1. Орман ағаштарын жеміс және тұқым
зиянкестерінен қорғау шаралары
3.2. Жеміс және тұқым ауруларынан қорғау
шаралары
IV. Қорытынды
V. Пайдаланылған әдебиеттер
I. Кіріспе
Орман фитопатологиясы ағаш және бұта өсімдіктерінің
ауруларын оқыту және олармен күрес жолдарын жүргізу
болып саналады. Көбіне өте кең таралған өсімдіктердің
ауруларына саңырауқұлақтармен, бактериямен, вируспен
және тағы басқа микроорганизмдермен берілетін ауру
қоздырғыштарын айтуға болады.
Орман фитопатологиясымен орман энтомологиясының
үзілмес үлкен байланысын орманға керекті немесе зиянды
жәндіктерді ғылыми көрсетеді.
Өз кезегінде қылқандардың жапырақ кеміргіш
жәндіктердің зақымдауынан өсімдіктердің әртүрлі
ауруларға қарсы тұруын төмендетеді. Көптеген жәндіктер
өсімдіктердің ауруларының қоздырғыштарын
тасымалдаушылар болып, оның көбеюіне табиғатта
сақталуына ықпал етеді.
II. Негізгі бөлім
2.1. Орман ағаштарының түр құрамы
Орман – жер бетіндегі табиғи қорлардың, оның ішінде өсімдіктер
жамылғысының басты бір типі. Құрамында бір-біріне жақын өскен а ғашты ң
бір немесе бірнеше түрлері бар табиғи кешен. Құрамы мен өсуіне қарай мәңгі
жасыл, қылқанды, ақшыл қылқанды, күңгірт қылқанды, жапырақты, ұсақ
жапырақты, жалпақ жапырақты, тропиктік, муссондық, мангрлық және т.б.
ормандар деп бөледі. Қазіргі кезде дүние жүзінде орман аумағы 3 млрд. га-дан
астам, яғни дүние жүзінің 27 – 28%-н орман алып жатыр
Орман белдеулері:
Экваторлық
Субэкваторлық
Тропиктік
Субтропиктік
Қоңыржай
Қылқан жапырақтылар — сүректі ағаш және бұта
түрінде өсетін ашық тұқымды өсімдіктер класы.
Қазақстанда 2 тұқымдасы бар:
Қарағай тұқымдасы— қарағай , балқарағай, шырша.
Майқарағай және кипарис тұқымдасы — арша ,
кипарис; мәңгі жасыл (қыста қылқаны түсіп қалатын
балқарағайдан басқасы) өсімдіктер.
Тұқымы арқылы, кейде вегетативтік жолмен өніп-өседі.
Жапырағы қылқанды, жіңішке, түкті не қабыршақты
болып біткен, сағақсыз, өркендері қысқа, шоқтанып
орналасқан. Қылқан жапырақтардың сүрегінен құрылыс
материалдары жасалады, қағаз жасайтын үгінді,
канифоль.
Қарағай – еліміздің таулы
аймақтарында бірнеше
түрі кездесетін қылқан
жапырақты мәңгі жасыл
өсімдік. 500-600 жылға
дейін өмір сүреді.
Ең биік түрлері 50-60
метрге жетеді. Қылқаны
ұзын, жуандау.
Қылқанының түсі түріне
қарай сары, көкшілдеу,
жасыл және қою жасыл
болады.
Жалпақ жапырақтылар
Үйеңкі (Acer) — өзі аттас тұқымдасқа жататын
жапырақ тастайтын ағаш не бұта. Қазақстанда таулы
жерлерде, өзен бойларында, сай-салаларда, орманды жерлер
мен бұталар арасында жабайы өсетін 2 түрі: қара үйеңкі
(А. tatarіcum) және Семенов үйеңкісі (А. semenovіі) бар.
Бұдан басқа 5 түрі (дала үйеңкісі, жалғаншар үйеңкісі,
өзендік үйеңкі, шағанжапырақ үйеңкі, шынартүс үйеңкі)
қолдан өсіріледі.
Биіктігі 5 — 40 м, қабығы жылтыр, сұр не сұрғылт
тартқан. Жапырағы қарама-қарсы орналасқан, оның
жиегі бүтін, кейде ойық, жыл сайын түседі. Сарғыш,
жасыл түсті гүлдері ұсақ, 4 — 5 мүшелі, қос не дара
жынысты, қалқанша не шашақ тәрізді гүлшоғырына
топталған. Жәндіктермен немесе желмен тозаңданады.
Үйеңкі ағашы бағалы үй жиһаздарын, музыка аспаптарын
жасауға пайдаланылады.
Үйеңкі (Acer)
2.2. Орман ағаштарының жеміс және
тұқым зиянкестері
Орман зиянкестері – өсімдік қоректі
жәндіктер түрлері, ағаш текті өсімдіктер
және бұталар зиянкестерден толықтай
құрып кетуі немесе белгілі бір маңызды
бөліктерінің зақымдануы, өсуінін
тоқтауы,әлсізденуі ,өнімділігінің азаюына
себепші болады.
Емен бізтұмсығы - Curculio glandium Marsh.
Қатты қанаттылар отрядының (Coleoptera)
бізтұмсықтылар тұқымдасына жатады.
Шілде айының орта кезінде қоңыздар
қосымша қоректенуі үшін түрлі ағаштардың
(емен, қайың, жөке және т.б.) нәзік
жапырақтарын, өркендерін және гүлдерін
зақымдайды. Жеміс салған емен ағашына
жиналып, жаңғаққа бас түтікшесін енгізіп,
тұқым жарнағын зақымдайды. Шілденің
жартысында жаңғақ көлемі дұрыс қалпына
жартылай жеткенде жұмыртқалау басталады
да, қыркүйекке дейін созылады.
.
Бізтұмсықтармен
зақымданған жаңғақтар
пісіп жетілмей, түседі.
Зақымданған
жаңғақтардың өте көп
түсуі тамызда байқалады.
Жаңғақ бізтұмсығы үлкен
зардап шектіреді.
Оның салдарынан өнім 50-
80% жойылады.
Бүр шайыршасы - Pissodes validirostris Gyll
Бүр шайыршасы қатты қанаттылар отрядының (Coleoptera)
бізтұмсықтылар (Curculionidae) тұқымдасына жатады. Ұшуы мамыр
айында басталады.
Қоңыздың ұзындығы 6,0-7,5 мм, қоңыр қызыл түсті, қанатының
астыңғы бөліктерінде дақтар, сонымен қатар жолақты сызықтар
болады. Аяқ тары қою қызыл түсті. Жұмыртқалары сары түсті,
жартылай мөлдір. Дернәсілдері ақ түсті , аяқсыз, басы қара түсті.
Қуыршақтары ақ түсті.
Қарағай өсетін барлық жерлерде таралған. Дернәсілдері
бүрлердің ішіне жол салады, сол жолдары сары қоңыр түсті зат қа
толы болады. Залалданған бүрлер өспейді, бүр үстіне қара қо ңыр
түсті дақтар болады. Залалданған бүрлер ашылмайды, тұқым
бермейді.
Алғаш олар қосымша қорек алу үшін біржылдық б үрлерді
ауыз апараттарының инесімен тесіп, шайырын оң жұмыртқаларын
бір бірлеп шығарады. Сонан соң (1-4данадан) бүрдің бетіне салып,
оларды бүр қабығын тесіп дұрыстап орналастырады. Жылына 1
генерация береді. Бүр шайыршасы - қарағай бүріне зиянды
зиянкес, өнімді 50-75% жояды.
Бүр шайыршасы залалдаған қарағай бүрі
Бүр қан көбелегі – Dioryctria abietella Schiff.
Бүр қан көбелегі қабыршақ қанаттылар отрядының
қан көбелектер тұқымдасына жатады. Ересектерінінң
қанаттарының өрісі 25-30мм. Дернәсілдеріның ұзындығы
2,0-2,5 мм, қызыл түсті. Арқа бөлігінде қара
сызықтары бар. Қуыршақтарының ұзындығы 10 мм,
ақшыл ұоңыр түсті.
Маусым – шілде айларында ұшады(8-сурет).
Жұмыртұаларын бүр ұшына 1-8 данадан әрқайсысына
салады.
Жұлдызқұрттары бүрді кеміріп, қабыршақтарымен
тұқымын жеп, өзегін қалдырады. Күзде бүр
қоңырланып түседі, ал жұлдызқұрттары топырақ астында
піллә ішінде қыстайды. Көктемде дернәсілдері
қуыршақтанады. Жылына 1 генерация береді. Өнімнің 35-
65% дейін жояды.
2.3. Жеміс және тұқым аурулары
Орман ауруы – бұл патологиялық үрдіс,
фитопатогенді ағзалар ықпалы арқылы пайда болуы
және дамуы (жұқпалы аурулар) немесе қолайсыз
абиотикалық факторлар (жұқпалы емес
аурулар),ағаш текті өсімдіктер мен бұталарға
физиологилық функцияларына бұрмалаушылықтар
алып келеді, өсімдіктің босансуы немесе әлсіреуі,
олардың белгілі бір мүшесінің зақымдануы немесе
толықтай құруы, өнімділігің төмендеуі.
Шырша бүрінің тат ауруы (Chrysomyxa pirolae Rostr.)
Залалдану белгісі: шырша бүрінде қызыл немесе қою қызыл
төмпешік дақтар.
Қоздырғышы Pucciniastrum radi және Chrysomya pirolae.
Pucciniastrum radi саңырауқұлағының эцидиалды стадиясы кезінде
шырша бүрлерінде дөңгелек шар тәрізіді , диаметрі 2-3 мм
буылтықтар түзіледі.
Chrysomya pirolae саңырауқұлағы әсерінен шырша бүрінде
диаметрі 3-4 мм, қызғылт түсті төмпешіктер түзіледі.
Тұқым залалданбайды немесе аздап залалданады . Тұқымды
залалдайтын саңырауқұлақ P.radi . Орман шаруашылығында үлкен
зиян келтіреді.
Бүр залалдайтын тат ауруының тағы бір қоздыр ғышы Siri
diplospor strobilina. Жерге түскен бүрлерді залаллайды. Пикнидасы 1-
3мм, қара түсті. Кониядия тасушылары цилиндр тәрізді. Споралары
түссіз, бірдей формалы , ұз 11-13 мкм, ені 2,75мкм.іресе шыршыны
залалдайды.
Залалдау белгісі бүрдегі қызғылт түсті дақ немесе таттар .
Орман ағаштарының бәрін дерлік зақымдайды. Әсіресе шыршаны
залалдайды.
Шырша бүрінің тат ауруы
Емен жаңғағының мумиялануы – Sclerotinia
pseudotuberosa саңырауқұлағы қоздырады.
Ең алдымен жаңғақ бетінде ұсақ майда қызғылт
дақ пайда болады. Дақ шетінде анық көрінетін
сақиналы дақша болады. Дақтар үлкейіп бір –
бірімен қосылады, дән жарнағы қоңыр-сарғыш
болып, бетінде сұр жіпшумақ пен конидиялардан
тұратын өңез пайда болады. Ақырында жаңғақ
қарайып, кеуекті бос склероцийға айналады.
Мумияланған жаңғақ қыстап шығып, келесі жылы
ұзын сабақты апотеций шығарады. Оның ішінде
қалта мен қалтаспоралары орналасады.
Қалтаспоралар жаңадан пайда болған емен
жаңғағын зақымдайды.
Емен жаңғағының мумиялануы
Қара өрік деформациясы (Taphrina prunt).
Зақымданған жеміс көлемі, сырт пішіні
өзгереді. Жеміс ұлғайып, іші қуыстанып,
қалта тәріздес болады. Жіпшелері клетка
арасымен тарап, үстіне шыққан
қалтаспоралар сұр өңез құрады. Ауру
қалтаспоралармен тарайды. Көктемде одан
жіпшумақ дамып, қалтаспоралар пайда
болады.
ІІІ. Қорғау шаралары
3.1. Орман ағаштарын жеміс және тұқым
зиянкестерінен қорғау шаралары
1. Зиянкестер ұялай бастаған ағаштарды iрiктеп алу
өзiндiк дербес шара, ол жеміс зиянкестер тобы бөлiгiн
құртуға және жұқпалы аурулар деңгейiн кемiтуге, сол
арқылы екпелерге зиянды әрекетiн шектеуге және зиянды
организмдердiң жаппай көбею шағының пайда болуына
жол бермеуге бағытталған қауiптi зиянкестер мен
аурулардың көбею қаупi бар барлық екпелерде iрiктеп алу
жүйелi түрде жүргiзiледi.
2. Бiрiншi кезекте зиянкестер ұялаған ағаштарды
iрiктеп алу орман өртiнен, жел сұлатудан, дауыл омырудан,
қуаңшылықтан, жәндiктердiң қылқан жапырақты
жүйесi обырынан, сол сияқты түбiр шiрiгiнен және басқа
қауiптi аурулардан зақымданған екпелерде жүргiзiледi.
3. Зиянкестер ұялай бастаған ағаштарды iрiктеп алу
кезiнде кесiлген сүрек қабығынан аршылуы әйтпесе
инсектицидпен өңделуi керек. Сүректi өңдеу мерзiмi
ағаш қабығы астынан бiрiншi көбелектердiң
байқалуынан кешiктiрiлмеуi, ағашты күзгi- қысқы кесу
кезiнде 1 мамырға дейiн болмақ.
4. Қылқан жапырақты екпелерде қабықтар мен
бұтақшалар өртеледi немесе жерге көмiледi.
5. Бүрлерді жинау және жою шаралары
залалданған бүрлердан қоңыздар шықпай тұрып
жасалу керек.
6. Гүлдеу алдында Лепидоцидом П (1-1,5л /га)
препаратымен, Лепидоцидом СК препаратымен
бүрку. Әрбір 1-10күн сайын.
3.2. Жеміс және тұқым ауруларынан қорғау
шаралары
Орман ағаштары ауруларымен күрес жолдары
Барлық орман шаралары төмендегідей топтарға
бөлінеді:
1) аурулармен зақымданушыларға бақылау жасау;
2) өсімдік карантині;
3) орманшаруашылығының шаралары;
4) биологиялық әдіс;
5) химиялық әдіс;
6) биофизикалық және механикалық әдістер.
Ағаштардың көзге көрінбей шіруін,
шығаратын дыбыс арқылы анықтауға
болады. Ауру ағаш пен сау ағашты
тыңдағанда, әртүрлі дыбыстар шығаруына
байланысты анықтайды. Бірақ бұл нақты
дәлелдеулерді бермейді.
Орман ауруларының қауiптi аралық иелерi
болып табылатын қажетсiз ағаш
тұқымдықтарын, бұталарды және басқа
өсiмдiктердi кесiп тастау;
Ауруларға қарсы фунгицидтер бүрку .
Назар аударғандарыңызға
рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz