АМЕРИКА ҚҰРАМА




Презентация қосу
АМЕРИКА ҚҰРАМА

ШТАТТАРЫ
Америка Құрама Штаттары, АҚШ (ағылш. The United States of America, USA) —
Батыс жарты шарындағы ірі ел. Оның барлық жері түгелдей дерлік Солт үстік
Америкада. Шығысында Атлант мұхитымен, батысында Тынық мұхитпен
шайылады. Солтүстікте Канадамен, оңтүстікте Мексикамен шектеседі.
Америка Құрама Штаттары (АҚШ), Америка
– Солтүстік Америкадағы мемлекет, федеративтік
республика. Аумағы 9363,2 мың км². Халқы 302
млн. Астанасы – Вашингтон қаласы. Тұрғын
халқының саны жағынан ірі қалалары:
Нью-Йорк, Чикаго, Лос-Анджелес, Сан-
Франциско, Филадельфия, Детройт, Бос-
тон, Хьюстон, Вашингтон, Даллас, Питс-
бург, Балтимор, Сиэтл, т.б. 50 штат пен
1 федералдық (астаналық) округке бөлі-
неді. Бірімен-бірі шектесіп жатқан 48
штаттан және құрлықтың солтүстік-
батысындағы Аляска, Тынық мұхиттың
орталығындағы Гавай аралдарынан құрыл
ған Гавай штаттарынан тұрады.
Мемлекеттік тілі – ағылшын тілі. Халықтың
66%-
ы – протестанттар, 26%-ға жуығы католиктер.
Жалпы, толығымен штаттың шекаралары
ішіндегі мәселелерді тек штат үкіметтері
қарайды. Оларға ішкі байланыстар, меншік,
өнеркәсіп, кәсіпкерлік және коммуналдық қызметтерге
қатысты мәселелерді реттеу, штаттың қылмыстық кодексі ж әне
штаттағы еңбек жағдайлары кіреді. Штаттық пен федералды қ
юрисдикциялар көп салаларда бір-біріне сәйкес келіп жатады. Со ңғы
жылдары федералдық үкімет денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік
қамсыздандыру, көлік, тұрғын үй құрылысы мен қаланы дамыту сияқты м әселелер
бойынша кеңірек ауқымды жауапкершілікті өз мойнына алды. Әртүрлі штаттарды ң
конституцияларының егжей-тегжейлері басқалардікіне ұқсамайды, біра қ жалпы
алғанда, федералдық Конституцияның, соның ішінде адамдардың құқықтары
туралы мәлімдеме және үкіметті ұйымдастыру туралы жоспар үлгісі бойынша
жасалады. Кәсіпорындарды, банктерді, коммуналдық кәсіпорындарды ж әне
қайырымдылық мекемелерін басқару сияқты мәселелер штат конституцияларында
федералдық Конституцияға қарағанда егжей-тегжейлі етіп беріледі.
АҚШ-ндағы
сайлау жүйесі
АҚШ жалпыұлттық деңгейде (штаттар және жергілікті) сайланбалы өкілдермен
федералды үкіметпен басқарылады. Сайлау және сайлау ға дайынды қ Америка
қоғамының саяси өмірінің өте өзекті оқиғасы. Сайланбалы 18 мы ң лауазым
болады, АҚШ президентінен бастап шағынауылдық қауымны ң шерифіне дейін.
Сайлаулар әр жұп санды жылдың қараша айында бір мезгілде өткізіледі.
Президент және вице-президент 4 жылда 1 рет өтетін сайлауда бірге сайланады.
Президент сайлауы жанама түрде өтеді: жеңімпазды әр штатта үміткер белгіленген
тізімдердің бірін таңдап дауыс беретін Сайлаушылар алқасы аны қтайды.
Сайлаушылар алқасының 270-тен кем емес дауысын жина ған үміткер же ңіске
жетеді.
Штаттардағы президент сайлауы «жеңімпаз барлығына ие болады» ұстанымы
бойынша өтеді. Әр штат сайлаушылар санына пропоционалды т үрде «электронды
дауыс» береді.
АҚШ Конгрессі екі палатадан тұрады: тікелей түрде сайланатын Өкілдер
палатасы және әр штаттан екі өеңл тікелей сайланатын Сенат. Өкілдер палатасы екі
жылға сайланады және штаттардағы халықтың санына тәуелді жіктейді. Сенат 6
жылға сайланады. Алғашында сенаторлады заң шығарушылық жиналыс өкілдері
сайлайтын, бірақ 1913 жылы Конституцияның 17-түзетуі енгізілгеннен со ң,
сенаторлар тікелей сайланатын болды. Сенаторлар мен өкілдер палатасы сайлауы бір
мезгілде өтеді және әр екі жыл сайын сенат құрамыны ң 1/3 қайта сайланады.
18 жасқа толған әрбір АҚШ-ның азаматы сайлау құқығына ие. АҚШ-нда
мажоритарлық сайлау жүйесі қолданылады. Мажоритарлық сайлау
жүйесі (majorіte — көпшілік) — сайлау кезінде дауыс беруді ң нәтижелерін
анықтау тәртібі. Мажоритарлық сайлау жүйесі кезінде үміткер немесе партия
сайлануы үшін сайлаушылардың көпшілік дауысын алуы қажет.
Әрбір округтегі депутаттық орындар белгіленген дауысты ң көпшілігіне ие
болған үміткерге тиесілі. Мажоритарлық сайлау жүйесі абсолютті ж әне
салыстырмалы аталатын екі түрге бөлінеді. Абсолютті ж үйеде басым
көпшілік дауысты (50%+1) алған үміткер сайланады. Үміткер к өпшілік дауыс
ала алмаған жағдайда сайлаудың екінші туры өткізіледі. Мұнда бірінші турда
көп дауыс алған 2 үміткердің қайсысы көп дауыс алса, сол сайланған болып
есептеледі. Салыстырмалы Мажоритарлық сайлау ж үйесі бойынша қай
үміткер көбірек дауыс жинаса, сол сайланады. Онда 50%-дан арты қ дауыс алу
шарт емес. Мажоритарлық сайлау жүйесінің екі түрінде де сайлау округтері
бір мандатты болып келеді, яғни әрбір округтен бір ғана депутат сайланады.
Америка Құрама
штаттарының
ПРЕЗДИЕНТІ
АҚШ президенті — АҚШ атқару
билігінің, сондай-ақ мемлекеттің
басшысы. АҚШ әскерінің және
флотының басқолбасшысы. Заң
жобалардағы (билли) вето құқыққа ие.
Лауазым 1781 жылы Конституциялық
конвентте (жиналыс) қабылданған,
АҚШ конституциясымен енгізілген.
Бірінші президент болып 1789 жылы
Джордж Вашингтон тағайындалды.
Оның бұл лауазымды иеленгеніне дейін
«президент» атауы «Құрлықтық
конгресстің президенті» деген
тіркеспен қолданылған.
Джордж Уошингтон (ағылш. George
Washington; 22 ақпан 1732, Бриджс-
Крик, Виргиния — 14 желтоқсан
1799, Маунт-Вернон, Виргиния) -
АҚШ-тың тұңғыш президенті
(1789-1797). Америка
Революциялық Соғысында
Континентальді Армияның
Ұлыбританияны жеңуіне
жетекшілік еткен. Құрама
Штаттардың негізін қалаушы
әкелердің бірі. Уошингтон 1788 ж.
бірауыздан АҚШ президенті болып
сайланды. Президент қызметін екі
мерзім атқарды.
Американдық конституция тұңғыш рет тарихта
АҚШ-тың сайланбалы президентінің бекетін
құрды.
Конституцияның 2-бабына сәйкес ол үкіметтің
басшысы, барлық атқарушы биліктің басшысы
болып табылады. Бұл ретте премьер-министрдің
лауазымы көзделмеген.
Конституциялық нормаларға сәйкес президент
өкілеттік мерзімі 4 жыл. АҚШ-ның тумасы, 35
жасқа толған, бір штатта тұрақты 14 жыл тұрған,
сайлау құқығы бар азамат президент болып
сайлана алады.
АҚШ президентінің құзыреті:
1) Жазбаша түрде жоғары лауазымға ие қызметкерден (атқарушы
департаменттердің) әр түрлі сұрақтардан өз міндеттері туралы
ойларын талап ете алады.
2) Сот шешімін орындау мерзімін кейінге қалдыра алады және
кешірім жасай алады (АҚШ-қа қарсы қылмыс пен импичменттан
басқа).
3) Сенатпен бірлесе халықаралық шарттар құрастырады (Сенаттың
2/3 дауысымен).
4) Төтенше жағдайда құрылтай шақырады (Конгресстің 2 палатасы).
5) Отырыстардың өту уақытына қатысты екі палата арасында
келіспеушілік болған кезде, президент өзі отырыстың өту уақытын
белгілей алады.
6) АҚШ кабинетін құрады, елшілерд, консулдарды, Жоғарғы сот
судьяларын сайлайды және басқа да лауазымды адамдарды
сайлайды (Сенаттың келісімімен).
7) Конгресске мемлекет жағдайы туралы баяндама, кейбір сұрақтар
бойынша ұсыныс береді.
8) Президент заңдардың орындалуын қадағалайды.
«Рашмор»ескерткіші
ӨКІЛЕТТІКТІ АЯҚТАУ
Өкілеттік мерзімнің аяқталуы
— жиі кездесетін жағдай..
Өлім; төрт президент — У.
Гаррисон, Тейлор, Гардинг
және Ф. Рузвельт өз өлімімен
лауазымында қайтыс болған,
төртеуі — Линкольн,
Гарфилд, Мак-Кинли және
Кеннеди — өлтірілген.

Өз еркімен лауазымнан кету. Бұл әрекетті тек Ричард Никсон қолданған
(Уотергейт).
Президент мемлекеттік опасыздық жасап, жемқорлы қ үстінде ұсталып ж әне
тағды да басқа қылмыс жасап сотталған жағдайда қызметінен аластатылады.
Қазрге әлі мұндай дағдай кездескен жоқ, бірақ 3 импичмен әрекеті болған: 1868
жылы Эндрю Джонсонның, 1974 жылы Ричард Никсонның және 1998 жылы
Билл Клинтонның.
22 қараша 1963 жыл, Даллас (Техас)
Барак Обама (ағылш. 'Barack Hussein Obama II', (4 тамыз 1961 жыл) - 2008 жылы өткен
Президенттік сайлауда Демократиялық партияның атынан кандидат атанып, сайлау
қорытындысы бойынша жеңіске жетті. Америка Құрама Штаттарыны ң 44-інші сайлан ған
президенті (2009 жылдың 20 қаңтарынан), Иллинойс штатынан сайлан ған сенатор.
2012 жылы 6 қарашада өткен президенттік сайлауда Республикалы қ партияны ң кандидаты
Мит Ромниден басым түсті. Сайлау қорытындысы бойынша сайлаушыларды ң 332
Обамаға, ал 206 Ромниге дауыс берген.
Обама Американың президенті болған тұңғыш афро-америка нәсілді адам. Барак Хуссейн
Обама 1961 жылы тамыздың 4-інде Гавайи аралында Гонолулу қаласында д үниеге келген.
АҚШ-ның КОНГРЕСІ
АҚШ КОНГРЕСІ
Палаталар

Өкілдер Сенат

Саны 435 100
Сайлау жүйесі мажоритарлық
Жас мөлшері 25-тен кем емес 30-дан кем емес
Өтілі 7 жылдан к.е. 9 жылдан к.е.
Мерзімі 2 жыл 6 жыл (жаңару)
Төрағасы Сайланбалы спикер Номиналды:
Вице-президент
Үкімет жоқ
қызметінде
күмәндану
вотумына құқығы
КОНГРЕСТІҢ МӘРТЕБЕСІ ЖӘНЕ ҚҰЗЫРЕТІ
Заң шығарушы биліктің жоғары органы

Заңдарды шығарады;
Конституциялық түзетулерді қабылдайды;
Ұлттық бюджеттің әзірлеуіне қатысып, бюджетті бекітеді;
Федералды салықты, баж салығын реттейді;
Штаттар арасындағы, шет елдермен сауда-саттықты реттейді;
Федералды соттардың жүйесін орнатады;
Әскер мен флотты басқаруға қатысады;
Әскери шендерді иеленуге рұқсат береді;
Кешірім жасау құқығына ие;
Тәуелсіз прокурорды тағайындау ға құқылы;
АҚШ-ның
ҮКІМЕТІ
АҚШ-ның мемлекеттік билігінің жоғары федералды органы – АҚШ-ның
мемлекеттік басқару жүйесі . Мемлекеттік басқару формасы – федеративті
республика (Конституцияда белгіленген құзыреттер).
Үкімет билігі үшке бөлінеді: заң шығарушы, атқарушы және сот билігі.
Заң шығарушы билік органы – Конгресс (Өкілдер және Сенат палатасы) ж әне
көмекші агенттіктер.
Атқарушы билік органдары – АҚШ президенті; вице-президент; Ат қарушы
Департамент (Кабинет); Тәуелсіз агенттіктер; АҚШ федералды билік
корпорациясы; кеңестер, комиссиялар, комитеттер; Федералды саба ғатты қ
комитеттер.
АҚШ-ның СОТ БИЛІГІ
Сот билігі, заң шығару және атқару биліктері бір-бірінен ажыратылады,
қоғамда туған шиеленістерді заң бойынша қарайды. Сот тек за ңға ғана
бағынады. Барлық сот ісі ашық өтуге тиісті, бұл жағдай болмаса халы қ сотты ң
тазалығына сенбейді. Сот тәуелсіз болу ға тиісті. Біра қ оны ң осы нышанына
кепілдік беру өте қиын, сондықтан ол үшін жағдай ту ғызу керек. Оны ң
юрисдикциясы жалпы және заңды болуға тиіс. Соттың ісі ашы қ өтеді. Сот
өзінің жеке ерсжелерін қабылдау ға құқығы бар. Сот қызметкерлеріні ң
иммунитетін мемлекет сақтайды және кепілдік береді. Сот қателескен жа ғдайда
сотталған адам шағым арыз беруге құқы қты.
Соттың тәуелсіздігіне кепілдік беретін институциялы қ кепілдіктер. Сот
қызметкерлерін сот билігі тағайындау тиісті емес. Қызмет істеп жат қан сот
қызметкері жоғарғы қызмет орнына ұсыныла алмайды. Оның жасына ж әне
қызмет орнына қарап дауысқа салады. Сот қызметкерлері өмір бойы қызметті
істейді, олардың тәуелсіздігіне бұл ең жақсы кепіл. Конституцияда (3-бап, 1-
тармақ ) жалақы туралы былай айтылған: «Олардың жала қысы қызмет істеген
мезгілде азаймау керек». Бұл норма сот қызметкерлерді ң жала қысын
инфляциядан қорғайды. Сот қызметкерді орнынан алу үшін мықты д әлелдеу,
негізі болуы керек. Сот қызметкерлерінің тәртібін өздеріні ң ұйымдары
Сот органдарындағы қаржы мәселелерін көбіне Парламентті ң өзі қарайды.
Олар атқару биліктері тәуелді болу үшін қабылданған норма. Сот халы қ үшін
ашық болуы тиіс. Сот қызметкерлері білімін жа ңартып о қу ға ж әне этикалы қ
нормаларын қолдануға тиісті. Орташа заңгер АҚШ-та кемінде 7 жыл о қиды.
АҚШ құқығы өте ауыр, материалдық және іс жүргізу нормалары бойынша
соттардың шешімдерінде, прецеденттеріеде жинал ған. Оларды ң сот процесі-
жарыспалы процесс. Сондықтан сотқа қатысатын екі жа қ керек д әлелдеу
әдістерді өздері тауып, сотқа әкелуі керек, сондықтан сотты ң өзі қашанда
бейтарап, әділ болуы шарт. Америка азаматтары үшін құқы қтың абыройы өте
жоғары. Олар үшін құқық ерекше дін, сондықтан олар ту ған проблемаларды ң
бөрін сотта шешкісі келеді. Осындай жағдайда адвокаттардың рөлі өте жо ғары,
олар дін қызметкерлеріне ұқсас.
АҚШ-та екі сот жүйесі бар: федеративтік және штаттық. Федеративтік сотгар
федеративтік заңдар бойынша пайда болған істерді, штаттар арасында ғы
таластарды, шетел өкіметтеріні ң қатысуымен қаралатын істерді ғана қарайды.
Федеративтік соттарға округтік соттар да жатады. Оларды ң саны 54.
Апелляциялық соттар. Олардың саны 12, қарайтындары алелляциялық істер.
Округтік соттың апелляциясын үш сот қызметкері қарайды. Е ң жо ғар ғы
инстанция — Жоғарғы Сот, ол 9 адамнан тұрады, істі бәрі бірге қарасады.
Федеративтік округтік соттың шешімдерін апелляция қарайды.
Штаттардың соттары. Әрбір штаттағы сот жүйесінің ерекшеліктері бар. Бірінші
инстанциясы-бір сот қызметкері, олар округтік сот деп аталады. Олар ма ңызды
азаматтық және қылмыстық соттарды қарайды. Апелляциялы қ сот, Жогар ғы сот.
Іске катысқан екі жақ бір апеляция беруге құқығы бар.
Федеративтік жүйесі 27 адамнан тұратын Сот кеңес, мәслихат қарайды. Ол Басшы
сот қызметкерінен, 26 жай сот қызметкерінен тұрады.
Жоғарғы Соттың мүшелерін Президент өзі тағайындайды. Импичмент ж үргізіп,
оларды тек орнынан алуға болады. Штаттардың сот қызметкерлері екі сатыдан
құрылады: тәуелсіз заңгерлер, заң шығарушылар, сот қызметкерлері, азаматтардан
тұратын тәуелсіз комиссияның ұсынысы бойынша берілген тізімді та ғайындайды
немесе халықтың өзі сайлайды. Орнынан губернатор тек импичментмен алынады.
Прокурорлар Заң министрлігіне бағынышты. Олар сот емес, ат қару билігіне
жатады. Бас Прокурорды Президент тағайындайды. Округтік федералды қ соттарды ң
прокурорлары бас прокурор дсп аталады, оларды да Президент тағайындайды. Зац
министрлігіне ФБР кіреді, ол АҚШ-қа қарсы істелген қылмыстарды қарайды.
Әрбір штатта бас прокурор бар, көбіне оны штаттың азаматтары сайлайды. Олар осы
штатта істелген қылмыстарды тексереді.
Адвокаттар. Сотқа қатысқан адамдар сотга өздерін өзі қорғауына болады немесе
адавокаттарды алады. Ақшасы жок адамдар жергілікті за ң к өмек қо ғамы ар қылы
адвокаттарды алады. Қылмыстық істерге қатыса-ын адвокаттарды кедей адамдар ға
Қоғамдық қорғаушылардың бюросы береді. Әрбір штат адвокаттарға лицензия
беріп, білімдерін тексергеннен кейін ғана қызмет істеуте келісімін береді.
Тақырыбы: «Америка Құрама штаттары»

Пәні: Шетел мемлекеттерінің конс. құқығы

Орындаған: ЮК-31 тобының студенті
Ешимбаев Н.С.

Тексерген: аға-оқытушы Наурызбаев Е.А.

Көкшетау - 2014

Ұқсас жұмыстар
АҚШ ПЕН МЕКСИКА АРАСЫНДАҒЫ СОҒЫС, СОҒЫСТЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ
Америка Құрама штаттарындағы ғылыми зерттеулер
Коммерциялық мақсаттағы жеделхат және байланыс бөлімі
Міндеттері - Жерді қашықтықтан зондтау
Вьетнам соғысы
Канада мен АҚШ шекараларының аралығында
АМЕРИКА ХАЛЫҚТАРЫНА ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ШОЛУ
АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫ
Солтүстік жарты шар материктерін қайталау сабағы
ЖАПОНИЯНЫҢ САҚТАНДЫРУ
Пәндер