Жалпақ жапырақты ағаштардың жапырақ зиянкестері мен аурулары және олармен күресу шаралары




Презентация қосу
Жалпақ жапырақты
ағаштардың жапырақ
зиянкестері мен
аурулары және олармен
күресу шаралары.
Жоспары
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.Жалпақ жапырақтылардың жапырақ
зиянкестері
2.Жалпақ жапырақтылардың патогенді
аурулары
3.Жүйелі түрде күресу шаралары
III.Қорытынды
IV.Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Орман фитопатологиясы, орман энтомологиясы және орман
құстары мен аңдарының биологиялық негізгі орман қорғау комплексін
құрастырады.
Орман фитопатологиясымен орман энтомологиясының үзілмес
үлкен байланысын орманға керекті немесе зиянды жәндіктерді ғылыми
арқылы көрсетеді. Саңырауқұлақтармен берілетін аурулардың ішінде,
мысалы тамырдың шіруі, үнемі аурудың санының өсуіне және
зиянкестердің күрт өсуіне әкеп соғады. Өз кезегінде қылқандардың
жапырақкеміргіш жәндіктердің зақымдауынан өсімдіктердің әртүрлі
ауруларға қарсы тұруын төмендетеді. Көптеген жәндіктер
өсімдіктердің ауруларының қоздырғыштарын тасымалдаушылар
болып, оның көбеюіне табиғатта сақталуына ықпал етеді.
Фитопатология - өсімдіктердің ауруы және олармен күресу
жолдарын қарастыратын ғылым. Оның атауында гректің үш түрлі
сөзінен шыққан: phyton - өсімдік, phatos - ауру, logos – сөз, ілім.
Жалпы ауыл шаруашылық және орман фитопатологиясын айырып
алуға болады.
Емен бізтұмсығы-Curculio glandium
Marsh.
Қатты қанаттылар отрядының
бізтұмсықтылар тұқымдасына жатады.
Қоңыздардың ұшуы сәуірдің соңынан
бастап-мамыр айында және қыркүйекке дейін
созылады. Шілде айының орта кезінде
қоңыздар қосымша қоректенуі үшін түрлі
ағаштардың (емен, қайың, жөке және т.б.)
нәзік жапырақтарын, өркендерін және
гүлдерін зақымдайды. Жеміс салған емен
ағашына жиналып, жаңғаққа бас түтікшесін
енгізіп, тұқым жарнағын зақымдайды.
Шілденің екінші жартысында жаңғақ көлемі
дұрыс қалпына жартылай жеткенде
жұмыртқалау басталады да, қыркүйекке дейін
созылады.
Жұмыртқаны бір бірлеп немесе
бірнешеден жаңғақ қабығының
астына салады. Өнім аз жылдары
бір жаңғаққа 20 жұмыртқа дейін
жиірек 3-8 ден салуы мүмкін.
Жұмыртқаның даму кезеңдері 10-15
күнге созылады.
Бізтұмсықтармен зақымданған жаңғақтар пісіп жетілмей, түседі. Зақымданған
жаңғақтардың өте көп түсуі тамызда байқалады. Дернәсілдердің жаңғақ ішінде дамуы
23-30 күн, сонан соң олар қабықты кеміріп тесіп шығады да, топыраққа кетеді. Сол
жерде келесі жылға дейін қалып кояды да, шілде тамыз айларында қуыршақтанады.
Тамыздың соңында жас қоңыздар пайда болады да көктемге дейін топырақта қалады.
Дернәсілдердің кейбіреулері диапаузаға кетіп қайтадан қыстап қалады. жаңғақ
бізтұмсығының даму ұзақтыңы әр түрлі болады. Екі жылдық генерацияда
дернәсілдердің бірінші қыстауы және ересек бунақденелілердің екінші қыстауы жиі
кездеседі. Бір жылдық және үш жылдық генерация өте сирек кездеседі. Жаңғақ
бізтұмсығы үлкен зардап шектіреді. Оның салдарынан өнім 50-80% жойылады.
Сақиналы жібек
көбелегі- Molocosoma
Neustria
Піллә тоқушылар тұқымдасына жатады.
Жеміс ағаштары мен жапырақтары орман
ағашының зиянкесі.
Жылына бір ұрпақ беріп өсіп-өнеді.
Көбелектің қалыптасқан жас қуыршақтары
жұмыртқа қабығының ішінде қыстап шығады
да көктемде қоректенуге кіріседі. Ағаштың
жапырақтарын, гүлдерін түгелдей жеп қояды.
Қуыршақтар бұтақтардың айырына өрмек
жіптерінен тоқылған тығыз ұялар жасап,
топтанып жүреді. Тек ең соңғы жастағы
қуыршақтары ғана жеке жүріп тіршілік етеді.
Дамуы аяқталған соң олар өрмек жіптерімен
шырмалған жапырақтардың арасында сары
түсті пілләға оранып қуыршаққа айналады.
Көбелектер жаз ортасында жыныс бездері пісіп
жетілген күйінде шығады, олар қореқтенбейді.
Ұрғашылар барлық жұмыртқа қорын бірден
салады. Жұмыртқаларын ағаштың майда,
жіңішке бұтақтарына сақина тәрізді
айналдыра орналастырады.
Шілдеде ұшып, жіңішке бұтақшаларға жұмыртқаларын айналыра
орналастырады. Бұл көбелек қарағай жібек көбелегінің тұқымдасы
болғанымен одан айырмашылығы оның жұлдызқұрты қыстамай,
керісінше жұмыртқасы қыстап, алма ағаштың гүлдер алдында
жұлдызқұрттар жұмыртқадан шығып, алғаш бүршіктерді, ал кейін
жапырақтарды зақымдап, тек аралық жүйкесін қалдырады. Олар
түнде қоректеніп, күндіз бұтақ тарамдарында тор жасап
жасырынады. Жұлдызқұрттар өніп 4-5 рет түлеп, маусымда
ағаштың жарықтарында қуыршақтанады. 15 күннен соң
көбелектердің жаңа ұрпағы шығып, жұмыртқаларын бұтақшаларды
айналдыра салады.

Күресу шаралары.
Жапырақтары шықпай
тұрғанда ағаштарға
минералдық майлардың
эмульсиясын бүрку.
Гусеницалардың жаппай
шыққан кезінде 80
проценттік хлорофос
ерітіндісін бүрку.
Еменнің кебуі
Ресейдің оңтүстік шығыс
еуропалық бөлігінде негізгі орман
шаруашылығында кәдімгі немесе жазғы
еменнің кебуі пайда болады.
Құрғақшылық немесе тұзды аудандарда
оны басқа түрлерінен көзге
көрінбейтін және орман алқаптарында
кәдімгі орман ағаштарынада және
жасанды бөліктерінде байқалады. Емен
эстетикалық жоғарғы қасиеттерімен
ерекшеленеді.
Соңғы уақытта, әлемнің
түкпірлерінде және біздің елімізде бұл
табиғаттың үлкен көлемде кеуіп кетуі
бақылануда. Еменді кеуіп кетуден сақтау
және қорғау актуалды және маңызды
болып табылады.
Ресейден басқа Англияда, АҚШта,
Германияда, Голландияда, Данияда және
Польшада кездеседі.
Мамандар еменнің жағдайының нашарлауы мен кебуін к үрделі
кешенді абиотикалық, биолоигиялық және антропогенді факторлармен
байланыстырады. Әдебиеттерде әт түрлі кебудің себептері к өрсетіледі.
•Ауа райының қолайсыз жағдайлары
•Құрғақшылық
•Қатты суық
•Зиянкестердің қатысуымен ерте үсіктің болуы.
Отандық және шет елдің ғалымдары емен кебуіні ң негізгі белгісі
болып саңырауқұлақты жалпақ жапырақтылардың аурулары деп ой
тұжырымдауда.
Үйеңкінің қара
те
Үйеңкінің ңтебілі
қара ңбілді қоздырғышы Rhytisma acerinum (Pers) Fr., Acer туысыны ң
әртүрлі түрлерінде паразитті түрде өмір сүреді.
Өсімдіктер арасында бактериялық ауруларды туғызатын негізгі
қоздырғыштар екі жанұяға бөлінеді: Enterobacteriaceae және
Pseudomanadaceae. Бұндай бактериалар ағаш өсімдіктерінің көп
бөлігін сырттай бүлдіреді. Әсіресе қарағай, пихта, емен, бук, липа,
ясен, терек ағаштары ауруға шалдығады. Ағаштын сыртқы
қабатында жарық немесе ылғалды жара пайда болған жерден сұйық
зат-эксудат ағады. Осыдан бактерия ағашты бүлдіре бастайды.
Өсімдік аурулары қоздырғыштарының сақталу,
таралу немесе тасымалдану ерекшеліктеріне
байланысты негізінен 3 топқа бөлінеді: тұқым
немесе көшет арқылы, ауа толқыны және
жаңбыр арқылы таралатындар, топырақта немесе
өсімдік қалдықтарында сақталатындар. Вирустар
мен бактериялар қоздыратын ауруларды таратуда
олардың зиянкестерінің атқаратын рөлі зор. Ауру
қоздырғыштары ауа толқыны, жаңбыр бұлттары
арқылы жүздеген шақырым, кейде тіпті бір
құрлықтан екіншісіне таралуы мүмкін. Ауа райы
жағдайларына байланысты аурудың дамуы және
таралу ерекшеліктері, одан келетін шығын
құбылмалы болады.
Сонымен қатар,
отырғызылатын
көшеттер мен
тұқымды
инсектицидтер және
фунгицидтер
ерітіндісінде дәрілеген
жөн. Өсімдік
ауруларының таралуы
мен дамуын және
зияндылығын шектеу
үшін карантиндік
жәнефитосанитарлық,
агротехникалық, ал
қажет болса
химикалық шаралар
қолданылады. Осы
мақсат үшін селекция
және биотехнология
Барлық орман шаралары төмендегідей топтарға бөлінеді:
1) аурулармен зақымданушыларға бақылау жасау;
2) өсімдік карантині;
3) орманшаруашылығының шаралары;
4) биологиялық әдіс;
5) химиялық әдіс;
6) биофизикалық және механикалық әдістер.
Бір ғана әдісті қолдану барысында толықтай аурудан
немесе зақымданудан құтылу мүмкін емес. Бұл тек бірнеше
әдісті қолданып, барлық жағдайды қарастырғанда ғана
тиімді болады. Әдіс пен қолданатын құрал аурудың түріне
байланысты. Кейбір аурулар жаппай таралып, үлкен зиян
келтіреді (тұқым сепкенде гомланд ауруы). Қалғандары аз
кездеседі немесе соншама керемет зиян келтірмейді
(қарағайдың сұр шютте, мыстан кемпірдің сыпыртқысы,
кейбір теңбілдер).
Ауа қауіпті жұқпалы аурулармен күресу жолдары,
олардың болуын алдын ала болжау, қоршаған ортаның
қолайсыз жағдайларынан сақтау, аурулардың белсенді
дамуына жол бермеу. Ауа қауіпті емес, соншама шығын
келтірмейтін түрлерін алдын ала шаралар жасау. Бұлармен
белсенді күрес тек жаппай зиян келтіргенде ғана
жүргізіледі.
Химиялық әдіс. Әртүрлі индикаторларды
қолдануға, әртүрлі саңырауқұлақтармен
зақымдалған жапырақтар мен қылқандардың
түсінің өзгеруіне негізделген. Журавлевтің
оқулығында химиялық әдісті қолдану туралы
мәліметтер жан-жақты берілген. Ағаштектес
өсімдіктерінің ауруларын анықтауда физикалық
әдіс үнемі қолданады.
Физикалық әдіс тұқымдардың, сүректердің әртүрлі
физикалық құбылыстары мен қасиеттеріне негізделген
(резонанста, ультракүлгін сәулелер, клетка шырынының
түсі, электроөткізгіш тканьдер, тығыздық және т.б.).
Тұқымның сапасы ауру және сау тұқымдардың бірдей
еместігі тығыздық бойынша анықталады. Ауру
тұқымдардың тығыздығы аз, әртүрлі сұйықтықтармен әсер
еткенде шығады.
Ағаштардың көзге көрінбей шіруін, шығаратын дыбыс
арқылы анықтауға болады. Ауру ағаш пен сау ағашты
тыңдағанда, әртүрлі дыбыстар шығаруына байланысты
анықтайды.
Қорытынд
ы
Орман фитопатологиясымен орман энтомологиясының үзілмес
үлкен байланысын орманға керекті немесе зиянды жәндіктерді
ғылыми арқылы көрсетеді. Саңырауқұлақтармен берілетін
аурулардың ішінде, мысалы тамырдың шіруі, үнемі аурудың
санының өсуіне және зиянкестердің күрт өсуіне әкеп соғады. Өз
кезегінде қылқандардың жапырақ кеміргіш жәндіктердің
зақымдауынан өсімдіктердің әртүрлі ауруларға қарсы тұруын
төмендетеді. Көптеген жәндіктер өсімдіктердің ауруларының
қоздырғыштарын тасымалдаушылар болып, оның көбеюіне
табиғатта сақталуына ықпал етеді.
Орман фитопатологиясы, орман энтомологиясы және орман
құстары мен аңдарының биологиялық негізгі орман қорғау
комплексін құрастырады.
Орман фитопатологиясы ағаш және бұта
өсімдіктерінің ауруларын оқыту және олармен күрес
жолдарын жүргізу болып саналады.
Пайдаланған

әдебиеттер
1.«Определитель лесных растений», В.И. Саутин, Москва
издательство
«Лесная промышленность»1978
2.«Этюды о растениях», А.С. Удовицкий, Ю.П.Лаптев, Ю.Г.
Тринклер,
Алма-ата Қайнар
3.Дьяков Ю.Т., Семенкова И.Г., Успенская Г.Д. Общая
фитопатология с основами иммунитета. ─ М. : Колос
4.Соколова Э.С., Семенкова И.Г. Лесная фитопатология. ─ М. :
Лесная промышленность

Ұқсас жұмыстар
Жалпақ жапырақты ағаштардың аурулары
Жалпақ жапырақты ағаштардың дің зиянкестері мен аурулары және олармен күресу шаралары
Орман ағаштары жеміс және тұқым зиянкестері мен аурулары және олармен күресу шаралары
ҚР аумағында шағын көлемде таралған карантиндік зиянкестері
Каусар
Жеміс ағаштарының карантинді зиянкестері мен аурулары
Жұмыртқасының ұзындығы
Қарлығанның аурулары
Орман Зиянкестері және олармен күресу тәсілдері
Мақта, күнбағыс, қызылша аурулары
Пәндер