Гетерозис пайда болу заңдылықтары



Гетерозис пайда болу заңдылықтары

Кіріспе
2. 1. Гетерозис құбылысы
2. 2. Гетерозис құбылысының заңдылықтары
2. 3. Гетерозисті будан алу селекциясы.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Жоспар

Кіріспе
Өсімдіктер селекциясы (лат. selectіo - таңдау, сұрыптау) - өсімдік сорттары мен гибридтерін шығару әдістері туралы ғылым саласы.
Өсімдік сорттары мен гибридтерін шығарудағы негізгі мақсат - өсімдіктің өнімділігін, аязға, қуаңшылыққа төзімділігін арттырып, аурулар мен зиянкестерге қарсы тұру қабілетін күшейту, т. б. Қазіргі кезде жеміс-жидектің, дәнді дақылдардың, картоптың, көкөніс-бақша дақылдарының, т. б. бірнеше сорттары.
Өнімді сұрыптау, іріктеуге байланысты төрт кезеңге бөлінеді:
Ерте заманғы селекция (қарапайым селекция) ; Халықтық селекция; Өнеркәсіптік селекция; Ғылыми зерттеу селекциясы.
Қарапайым селекция ең алғаш адамдар егіншілікпен айналыса бастап пайда бола бастады. Ол кезде өте қарапайым түрде будандастыру процесстері жүргізілді. Бірақ селекцияның нақ шырқау кезеңі жүзеге асырылмады.
Халықтық селекция жануарлар мен өсімдіктердің тұқымдарын жақсартумен қатар қолдан сұрыптау әдістері бірте-бірте дамыды. Бұл кезеңде ауа-райының жақсы жағдайына, бейімделген қолдан сұрыпталған жасанды түрлер ене бастады. Халықтық селекция селекцияның алтын кезеңі болып табылады.

2. 1. Гетерозис құбылысы
Гетерозис - күрделі генетикалық құбылыс, бірінші жылы ұрпақтардың тіршілік ету қабілеттілігін, дамуының күштілігін, өнімділігінің көптілігін білдіретін құбылыс. Ол будандардың түрлері мен пайда болуы тегіне (линия аралық, сорт аралық, жекеленген) байланысты түрлі екпінділігінен айқындалады. Гетерозистің жоғары түрде көрінуі F1 - байқалып, кейіннен төмендейді. И. Кельрейтердің будандық күштер туралы алғашқы мәліметтері, содан кейін Ч. Дарвиннің гетерозистің себептерін түчсіндіру туралы талпыныстары осы құбылыстың ғылыми зерттеулеріне жол ашты.
Гетерозис - белгілі бір белгілері мен қасиеттерінің көрініс дәрежесі бойынша будандардың бірінші ұрпағының ата - ана формасының әрқайсысынан ерекше басым болуы. Гетерозис түр аралық будандастыруда бір түрдің әр алуан гетерогенді популяцияларын будандастырғанда байқалады. Жүгеріде түрлі таза немесе инцухт - линияларды будандастырғанда гетерозис құбылысы күшті көрініс береді. Бұл кезде будандарыдың өнімділігі кейде (ең тәуір) ата - ана формасымен салыстырғанда
20-50 % - ға артады.

Айқас тозаңданатын ағзалардың популяцияларында гендердің зиянды рецессивті аллельдері аутбридинг нәттижесінде доминантты аллельдерімен қалқаланады, әрі сақталады.
Еріксіз инбридинг нәтижесінде айқаспалы ұрықтанатын ағазалар популяциясының генофондысына кіретін зиянды рецессивті гендер гомозиготалы түрде ауысады, феноиптік көрініс береді және инбридті азғындауды туғызады. Ұрапқ сайын көп қайтара еріксіз ингбридингті іске асырғанда жаңа зиянды мутацияларды барлығы гомозиготалы күйде ауысады да, соның нәтижесінде толық гомозиготалылық басталғанда барлығы зиянды гендер көрініс беріп, инбредті минимум пайда болады.
Джонс ұсынған доминаттық болжамды (1917, 1918, 1921 жылдар) . Ол Ғ1 бірінші жылғы буданды қолайлы доминантты гендердің жиналуынан, ал олардың Ғ2 - де немесе кейінгі ұрпақтарда өнімділіктің кемуі рецессивті аллельдің гомозиготтық жағдайда ауысуынан деп гетерозисті түсіндірді. Келешекте гетерозистің бекуі мүмкіншілігінің жоқтығын түсіндіру үшін осы гипотеза гендердің тіркесін тұқым қуалаумен толықтырған болатын. Осы болжамның қазіргі кездегі қалпы бойынша доминанттық гендер рецессивті гендерді басумен қатар гетерозисті аддитивтік және эпистаздық әсерлері арқылы дамытады.

Гетерозис туралы болжамдардың көпшілігі айқас тозаңданатын дақылдарға тексерілген. Бірақ сонымен қатар гетерозис құбылысы өздігінен тозаңданатын дақылдарға да тән. Аллельдер будандасу кезінде үйлесетін генетикалық баланстан неғұрлым жоғары болса, олар бірін - бірі гетерозиготты жағдайда толықтырып отырады. Егер Ғ1 - де гетерозиготтық тиімділік толығырақ жүзеге асырылса, одан кейінгі генерацияларда сақталады. Бастапқы материалдық гомозиготтың нәтижесі қандай болсада, тозаңданатын линиялардың арасында азғантай айырмашылықтың өзі жеткілікті болады.

Ғылым көрсеткендей өздігінен тозаңданатындарда гетерозистің көруінінің екі басты себебі бар:
қолайлы аллельдері немесе ата - аналардың қолайлы генетикалық факторлары бар будандардың комбинациялану;
2) аз доминанттық аллельдердің әсері. Осымен кей жағдайда аралық тұқым қуалаушылық пен автогамдық (өздігінен тозаңданатын) өсімдіктердің тобындағы жағдайлар түсіндіріледі.
Болашақ будандарда аналық формаларды жаппай ұрықсыздандыру үшін гаметоиттердің дамуын тежейтін хиимиялық қосылыстардың қатарлары - гиббереллиндер, этрел, т. б. басқа ұсынылды.

2. 2. Гетерозис құблысының заңдылықтары
Əр түрлі генотиптердің гетерозистік құбылыс қамтамасыз ету қабілеті əр түрлі болғандықтан, кез келген екі желіні будандастырудан гетерозисті гибрид алынбайды. Олардың ішінен тиімді желілерді анықтау үшін əрбір желіні басқа желілермен будандастыру арқылы диаллелді будандастыру жүргізеді. Селекционерлер жүздеген, тіпті мыңдаған желілермен жəне сорттармен жұмыс істейтіндіктен олардың əр қайсысын будандастыру іс жүзінде мүмкін емес. Сондықтан жұмыс ауқымын қысқарту мақсатында бір топқа 8-10 желіден топтастырылып, диаллелді будандастыру жүргізіледі. Барлығын қосқанда толық диалледі будандастыру болады. Алынған будандар өнімділігі жəне басқа маңызды қасиеттері бойынша сипатталады. Комбинациялық қабілеттілік екі: жалпы (ОКС) жəне спецификалық қомбинациялық қабілеттілік (СКС) болып бөлінеді.

Жалпы комбинациялық қабілеттілікті өнімділігі бойынша сұрып- тайды. Ол үшін əр желі бойынша будандардың ортақ өнімділігін анық- тайды. Жоғары өнімділік көрсеткен будандар, желілердің жоғары комбинациялық қабілеттілігін көрсетеді. Осылайша белгілі бір желіге қатысты жалпы комбинациялық қабілеттілік анықталады. Спецификалық қомбинациялық қабілеттілік белгілі бір екі желіден алынған будан (F1) өнімділігінің, жалпы комбинациялық қабілеттілік бойынша алынатын өнімділік деңгейінен асып түскен жағдайында белгіленеді де, жекеленген желілер емес, желілердің жұбына қатысты сипат береді.
Жалпы комбинациялық қабілеттілікті топкросс негізінде де анықтауға болады. Топкросс деп - желілердің сорт-тестермен будандасуын айтады. Сорт-тестер ретінде ауқымды генетикалық негізді, еркін тозаң- данатын популяция пайдаланылады. Сорт-тестердің жалпы комбинаци- ялық қабілеттілігі (ОКС) орташа болғаны дұрыс, сонда желілердің жалпы комбинациялық қабілеттілігі айқын көрінеді.

2. 3. Гетерозисті будан алу селекциясы
Өндірісте пайдаланылатын будандар:
1) желі аралық: қарапайым - екі өз тозаңымен ұрықтанған желілерді ұрықтандырудан; үш линиялық - қарапайым желі аралық буданды өз тозаңымен ұрықтанған желі тозаңымен ұрықтандырудан; қосарланған - екі қарапайым желі аралық будандарды ұрықтандырудан; күрделі линия аралық - төртеуден артық өз тозаңымен ұрықтанған желілер қатысуымен;
2) сорт-линиялық: қарапайым - сорттарды желі тозаңымен ұрық- тандырудан жəне күрделі - сорттарды қарапайым желі аралық будан тозаңымен ұрықтандырудан;
3) линия-сорттық - қарапайым буданды сорт тозаңымен ұрықтандырудан;
4) сорт аралық - екі сортты ұрықтандырудан;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz