Христиандық философия:



Христиандық философия: Православие философиясы
Тарихшылар орта ғасырларға көне рим империясының құлауынан бастап қайта өрлеу (ренессанс) заманына дейінгі уақытты жатқызады (v ғасырдан xiv ғасырға дейін) . яғни, бұл заман құл иеленушілік қоғамның дүниеден кетіп, оның орнына феодалдық қоғамның келіп өмір сүрген уақыты. демек, оның негізі - белгілі өндіріс тәсілінің орнауында.
философтар бұл мәселеге біршама басқаша қарайды. олардың ойынша, орта ғасырлар европа топырағына христиан дінінің пайда болуымен бірге келіп, қайта өрлеу заманына дейін созылды. ал мұның өзі бірқұдайлыққа көшуменен (монотеизм), философияда адам және құдай мәселерінінің бірінші орынға көтерілуімен байланысты.
сонымен тарихшылар орта ғасырларды 1 миллениумға (мың жылдық) теңесе, философтар оны 1. 5 мың жылғы уақытқа дейін созады.
орта ғасырлар тарихтағы бір кері тартпалық, діни түнек, бір орында тұрып қалу, алға жылжымау, ғылым мен техниканың алға баспауы, адамдардың рухани езіліске түсүі, ерікті ойдын қудалануы, өндіргіш күштердің тұрақтап қалуы ретінде суреттелген болатын.
мұның негізгі себебі - кеңес заманындағы орта ғасырларды атеистік (құдайсыздық) идеологиясының тұрғысынан сынау, бағалау болды.
Мусабаев Айдар
Ф-11

Христиан философиясының пайда болуы
Христиан ілімінің немесе догмаларының кұрылуына тікелей Филон Александрийский (Иудейский) философиясының көзкарасы үлкен жәрдем берді. Ол иудей догмасын грек философиясымен (Платон, Стоицизм, Пифагор) қосты. Оның негізгі философиялык категориясы «логос» деген ұғымнан кұрастырылды. Логос (ақыл-ой) -жоғары идея және де офл жоғарғы Періште (касиетті pyx), иудей заңы мен табиғат заңы бірдей адамзатка үлкен мағынасы бар.
Екінші бір Христиан философиясынын шығуына үлкен үлес косқан Рим стоиктері, әсіресе, Сенеканың (б. д. д. 4 ж. - б. д. д. 65 ж. ) ілімі үлкен орын алды. Стоиктердің пікірінше, дүниенің екі бастамасы бар: енжарлық және белсенділік. Енжар нәрсеге материя жатады да, ол өздігінен дами алмайды. Стоиктер логосты белсенді бастама, рух, Қүдай деп түсіндіреді. Адамның ақыл-ойы Құдайдан, ол әлемге күш беруші оттегі деп таниды. Сенеканың Қүдайы табиғатқа да ұксап кетеді. Осы жерде стоиктер, әсіресе, Сенеканың ілімі Христиан дінінің этикасының құрылуына ыкпал етеді. Сондыктан болар Сенеканы классиктер Христиан дінінің ағасы десек те болады деп көрсетті

Православие философиясының қалыптасуы
Православиеның діни-философиясының алғашқы кезде қалыптасуына Византия философиясы үлкен әсерін тигізді. Византия философиясының өзі гректердің әкей шіркеулерінен (Отцы церкви) : Прокопий Газыдан (465-525), Леонтий Византийский (475-543), Иоанн Дамаскин (675-753), патриарх Фотий (820-891) және т. б. өкілдердің шығармаларынан күрастырылды. Олар Христиан дініне Аристотель логикасын қолдана отырып, Христиан философиясын күрастыруға ұмтылды. Әсіресе, Иоанн Дамаскиннің негізгі еңбегінде «Источник знаний» білімнің кайнар көзі қандай да бір білім болмасын, оның бастамасы «откровениеден» (аян беруден) алынады деді. Оның аркасында Христиан дінінің ілімі бірінші рет бір жүйеге келтірілді, дербес христиандык догмасын калыптастырды десек те болады.

Православие философиясы
ІV-ХVІ ғғ. Русь жерінде каппадокиялықтардың - ұлы Василийдің (330-379 ж. шамасы), оның інісі - Григорий Нисскийдің (330-390 ж. шамасы) және де исихастардың шығармалары аса танымал болған. Әйтсе де, бұл діни-философиялық көзқарастар бірыңғай екен дегенді білдірмесе керек. Сергей Радонежский (1314-1396) мен Нил Сорскийдің (1433-1508 ж. шамасы) тым аңдаушы-мистикалық бағытына Иосиф Волоцкийдің (1439-1515 ж. шамасы), Зиновий Отенскийдің (?-1568 ж. шамасы) рационалды-схоластикалық ілімі қарсы тұрды. Рационалды-схоластикалық үрдіс орыс православиесінде мардымды ықпалға ие болмағанмен де ізсіз кете қойған жоқ, сөйтіп, түрлі кезеңдерде түрлі кейіпте аз-маз уақытқа алдыңғы шептен де көрініп қалып жүрді.
Кейінірек исихазм орыс православие философиясының барлық жүйелеріне нық енді. ХVІІ ғ. соңындағы оның батысеуропалық схоластикаға бағыт алуы, “христиандық аристотелизм” мен метафизикалық телеологизмге бағыт алуы, мысалы, Х. Вольф еңбектерінде (1679-1754 жж. ) ұзаққа созылмады әрі орнығып та үлгерген жоқ. Вольфтың догматикалық рационализмнің орталығы Киев-Могиляндық және Москвалық славяндық грек-латын діни академиясы болды.

Академиялық философия
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz