Мұнай өндірудің негізгі түрлері


Slide 1

Мұнай өндірудің негізгі түрлері

Дайындаған:Сейтпеева А

Slide 2

Мұнай өндірудің негізгі 5 түрі бар:

Фонтанды әдіспен пайдалану

Газлифтілі немесе компрессорлы

Штангілі терең сораппен пайдалану әдісі

Батырмалы ортадан тепкіш электрлі сорап қондырғысы (БОТЭСҚ) ( УЭЦН)

Газды және газдыконденсатты

Slide 3

Жер астынан(қабаттан) мұнай мен сұйық (газ, су) өзінің табиғи энергиясымен, өз күштерімен жер бетіне шығуын фонтанды әдіспен пайдалану әдіс деп атайды.

Slide 4

Фонтанды әдіс

Slide 5

Газлифтілі пайдалану әдісі екі түрге бөлінеді: компрессорлы газлифт, сығылған газ компрессорлы станциялардан алынады; компрессорсыз газлифт, сығылған газ қабаттағы орналасқан газ есебінен алынады. Бірінші жағдайда, газ компрессорлық станцияларда сығылып (нығыздалып) дайындалады, ал екінші жағдайда, агент ретінде кен орнының газы табиғи қысыммен беріледі.

Газлифтілі немесе компрессорлы әдіс

Slide 6

Негізгі артықшылықтарға келсек:

жоғары дебитті ұңғыларды пайдалану мүмкіндігі;

ұңғыға түсірілетін жабдықтың қарапайымдылығы;

ұңғы жұмысын оңай реттеу.

Сонымен қатар компрессорлы газлифт біршама кемшіліктерге ие:

көтеру процесінің салыстырмалы түрдегі төмен ПӘК-і;

компрессорлы станцияны салу қажеттілігі, мұнайды өндіруді қымбатқа түсіреді;

өнімнің бірлігін көтеруге кететін энергияның көптігі.

Газлифтілі пайдалану әдісінің басқа механизацияланған әдістерден ерекшелігі келесіде:

құрал-жабдықтарының және оларды пайдаланудың қарапайымдылығы;

жөндеу аралық мерзімінің біраздылығы;

пайдалану коэффициентінің және сұйықты шығару шығымының молдығы;

көлбеу ұңғыларда пайдалану мүмкіндігі;

ұңғы өнімінде газдың немесе құмның болғанына қарамайтын әдісті қолдану мүмкіндігі.

Slide 7

6-сурет. Газлифтілі көтергіштің жұмыс сүлбесі:

а - газ жіберудегі ұңғымадағы сұйықтың деңгейі

б - құбырлар алаңындағы мұнайдың НКТ-ң ең төменгі шетіне жетуі

в - газ-мұнай қоспасының шығуы

1 - НКТ

2 - пайдалану коллонасы

3 - тұрақты деңгей

4 - газ-мұнай қоспасы

5 - тұрақсыз (динамический) деңгей

Slide 8

Штангілі терең сораппен пайдалану әдісі

Қабат энергиясының қысымы түсіп немесе ұңғыма өнімі суланып кетуіне байланысты пайдаланудың механизацияланған тәсілдеріне көшеді. Ол: газлифтілік немесе сораптық (насос)

Ұңғыманы сораптық пайдалану кезінде тереңге түсірілетін батырмалы ортадан тепкіш электрлі сорап қондырғысы (БОТЭСҚ) және штангілі ұңғымалық сораптарда ( ШҰС) қолданылады. Өндірілетін ұңғымалар көпшілігі (70-80) . ШҰС жабдықталған, олармен мұнайдың 62-65өндіріледі. Ұңғыма өнімінің орташа суланғандары 71, 3  құрайды, яғни мұнайдың 1 тоннасына 2 тонна қабат суы келеді.

Минералданған қабат суларын қоршаған ортаның ластануын болдырмау және қысымды ұстап тұру үшін қайтадан қабатқа 3 тоннадай су айдайды.

Slide 9

Жер бетінде орналасқандары:

8 - крестовин

9 - ұңғы бетіндегі шүмекше

10 - газды жіберетін кері клапон

11- тройник

12 - ұңғы бетідегі сальник

13- ұңғы бетіндегі шток

14 - арқанды асу

15 - тепе -теңдік басы (станок качалка ) (СК)

16 - тепе- теңдік (СК)

17 - тіреу

18 - тепе-теңдіктің жүгі (СК)

19 - шатун

20 - кривошипті жүк

21 - кривошиптің өзі

22 - редуктор

23 - қозғағыш шкив

24 - ойыс- ременді байланыс

25 - электрлі қозғалтқыш бұрыштық шанада

26 - қозғалтқыш шкив

27 - рама

28 - басқару блогы

Жер астында орналасқандары:

1 - пайдалану құбыры

2 - соратын клапон

3 - цилиндрлі сорап

4 - плунжер

5 - айдау клапоны

6 - соратын компрессорлы құбыр ( СКҚ)

7 - штангалі сор

7- сурет. Терең сорапты қондырғының құрылысы:

Slide 10

Батырмалы ортадан тепкіш электрлі сорап қондырғысы

Штангілі сораптың өнімділігінің аз болатындығына, және қондырғыға күрделі жабдықтарды қажет ететіндігіне байланысты. Сонымен бірге терең ұңғымаларға жіберілген штангілердің жиі-жиі үзілу қауіпінің болуы және т. б. осындай кемшіліктері штангілі сорапты қондырғыларды кең ауқымды пайдалануды тоқтатады. Соңғы жылдары 1955 жылдарынан бастап ТМД елдерінде бастап мұнай ұңғыларын пайдалануға арналған (сорапсыз) штангісіз сораптар пайдаланыла бастады. Оның ішінде кәсіпшілікте кең тараған, өте үлкен тереңдіктен мұнайды көтеру үшін жеткілікті жоғары арын тудыра алатын

БОТЭСҚ қолданылуда.

БОТЭСҚ : май толтырылған батырмалы үш фазалы токты электрлы қозғалтқыштан (БЭҚ), протектордан, ортадан тепкіш сораптан тұрады.

Slide 11

1-компенсатор

2-БЭҚ

3-протектор

4-сұйық қабылдау торы

5-сорап

6-СКҚ

7-үш желілі кабель

8-белдіктер

9-фонтандық түрдегі арматура

10-барабан

11-басқару станциясы


Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның мұнай саласы - Қазақстан экономикасының негізгі
Мұнай өндірудің экологиялық зардаптары
Ресей және ОПЕК
Газ және газ конденсатын өндіру әдістері
Қазақстан Республикасының отынэнергетика кешенінің қазіргі дамуы
Энергиялық ресурстарды тұтыну
Мұнай фракцияларының крекингі
Қабат қысымын ұстау
Күкірт жануға бейімді
ЖЫЛУ ӘСЕРЛЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz