Ауыл шаруашылығында қолданылатын бактериалды препараттар


Бұл презентацияның бағасы: 500 теңге
Скачать: бот арқылы


Презентация қосу
Ауыл шаруашылығында
қолданылатын бактериалды
препараттар
Орындаған:
Жоспар

Кіріспе. Биопрепараттар
Ауыл шаруашылығындағы бактериалды препараттар
Биологиялық препарат түрлері
Бактериалды тыңайтқыштар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Биологиялық препараттар, биопрепараттар — адамдар, жануарлар ж әне өсімдіктерді ң
түрлі ауруларын анықтауда, оларды емдеу және алдын ала са қтандыру ма қсатында
қолданылатын ерекше биологиялық қосылыстар. Биологиялы қ препараттар тірі
ағзалардың тіршілік жағдайын жақсартып, олардан алынатын өнімдерді молайтуда
маңызы зор. Биологиялық препараттарға вакциналар, сарысулар, микроа ғзалардан
өндірілетін антибиотиктер, ферменттер, т.б. биологиялы қ активті заттар жатады.
Мысалы, вакциналар түрлі аурулардан сақтандыру үшін де ке ңінен пайдаланылады.
Оның сарысуға қарағанда ағзадағы иммунды қ қасиеттерді ұза қ уа қыт са қтап
қалатын қасиеті бар. Биологиялық препараттар егіншілікте егіс да қылдарын аурудан
қорғап, олардың өнімділігін арттыруға едәуір көмегін тигізеді. Мысалы,
микробтардан даярланатын азотобактерин, нитрагин препараттары атмосферада ғы
өсімдіктерге қажетті азотты сіңіреді. Бұл азот тыңайтқыштарын үнемдеуге
көмектеседі.
Ауыл шаруашылығындағы
бактериалды препараттар
Ал құрамында фосфор бактериялары бар —
фосфоробактерин биологиялық препараттары
топырақтағы күрделі фосфор қосылыстарын
ерітіп, оны өсімдіктердің сіңіруіне жағдай
жасайды. Биологиялық препараттардың ішінде ең
құ ферменттер. Мысалы, амилаза, протеаза, пектиназа, целлюлоза және липаза
— ндысы
ферменттерінен жасалған биологиялық препараттар мал ағзасындағы зат алмасуда
ферменттер қатысуымен жүретін процестерге тікелей қатысып, азықтың
жұғымдылығын арттырып, өнімділікті молайтады. Ал микроорганизмдерден
алынатын амилоризин, амилосубтилин, протосубтилин, калдерин, пектиноворум
биологиялық препараттары малдың ас қорыту жүйесінде азықпен бірге түскен
күрделі көмірсулар қосылысын (крахмал, клетчатка, пектин заттар) ыдыратып,
ағзаға оңай сіңетін көмірсулардың мөлшерін молайтады.
Бактериалды биопрепарат
түрлері
Биологиялық препараттардың өндірістік жағдайда алынатын түрі — мал
азықтық ашытқылар басқа микробтар пайдалана алмайтын көмірсутектердің
(мұнай өнімдері) күрделі қосылыстарымен қоректеніп, қоршаған ортада
белоктың жиналуына көмектеседі, яғни олар ағза үшін жетіспейтін азот
қосылыстарының (амин қышқылдары) көбеюін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ,
микроорганизмдерден алынатын фитобактериомицин биологиялық препараттары
өсімдіктердің бактериялық ауруларына қарсы қолданылады. Гризин препараты
өсімдіктердегі ауру қоздырғыш саңырауқұлақтарға қарсы қолданылады. Ал
триходермин биологиялық препараттарын Қазақстан ғалымдары алды. Ол
өсімдіктердің тамыр жүйесіндегі шірітуші микроағзаларды жою үшін
пайдаланылады.
Бактериалды биопрепарат
түрлері
Гризин препараты өсімдіктердегі ауру қоздырғыш саңырау құлақтарға
қарсы қолданылады. Ал триходермин биологиялық препараттарын
Қазақстан ғалымдары алды. Ол өсімдіктердің тамыр жүйесіндегі шірітуші
микроағзаларды жою үшін пайдаланылады. Микробтардан алынатын
көптеген биологиялық препараттар (биовит, кормогризин, бацитрацин,
витамицин, комарин, т.б.) малдың салмағын арттырып, алынатын
өнімдердің (сүт, ет, т.б.) сапасын жақсартады. Осымен қатар сібір жібек
құртын, бау-бақша өсімдіктерін, жүзімді бүлдіретін зиянкес ж әндіктерге
індет туғызушы микроағзалардан де биологиялық препараттар
(энтобактерин, дендробациллин, битоксибациллин, инсектин,боверин)
алынады. Биологиялық препараттардың құндылығы — олар химиялық
препараттармен салыстырғанда, қоршаған ортаға ешбір зиянын тигізбейді.
Бактериалды тыңайтқыштар
Ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруге қажетті
агротехникалық шаралардың бірі - бактериялы
тыңайтқыштарды қолдану.Бұл тамыр
айналасындағы топыракты микроорганизмдердің
пайдалы топтарымен байытып, өсімдіктердің
қоректенуін жақсартады. Сөйтіп дақылдар
өнімділігін арттырады.
Осыған байланысты біздің елімізде ұза қ жылдар бойына
зерттеулер жүргізілді. Соның нәтижесінде,
микроорганизмдердің пайдалы топтары табылды, олар жеке
бөлініп алынып ұқыптап зерттелді. Н әтижесінде, олардан
практикаға қажетті бактериялы ты ңайт қыштар даярланды.
Мұндай тыңайтқыштарға нитрагин, азотобактерин,
фосфоробактерин, торфты - ізбесті қоспада өсірілген
бактериялардан даярланған «АМБ» ты ңайт қыштары ж әне
силикат бактерияларынан әзірленген препараттар жатады.
Нитрагин
Нитрагинді қолданғанда астык өнімі гектарына 2-3-ге дейін,
ал шөп 50-60-ге дейін артатыны анықталды. Сонымен қатар,
бұршақ тұқымдастардың түріне байланысты к үзде егістің
әрбір гектарында шамамен 20-дан - 2000 /сг- ға дейін азот
жиналады. Бұл осы дақылдардан кейін егілген өсімдіктерді ң
өнімділігін арттырады. Практикада жаңа жерлерге егілген
бұршақ тұіқымдас өсімдіктер бірден өніп-өсіп, өнім бере
алмайтыны байқалады. Бұл жерде оларға қажетті түйнек
бактерияларының болмауынан деп түсіндіріледі. Сонды қтан
бұршақ тұқымдастар жаңадан егілетін аудандарда
нитрагинді қолдану кажетті агротехникалық шараларды ң
бірінен саналады. Бұл қосымша өнімді 50%-ке дейін
арттырады. Сонымен қатар, бұршақ тұқымдастар к өп
жылдан бері өсіріліп келе жатқан аудандарда да, т ұқым ға
әлсін-әлін нитрагинді жұқтыру, қосымша өнімді 15-тен
Азотобактерин
Ауыл шаруашылығында мұны кеңінен қолдану мақсатымен
Бүкіл одақтық ауыл шаруашылық микробиология институты
азотабактерден тыңайтқыш жасап шығарды және оны
азотобактерин деп атады. Жалпы азотобактеринді даярлау
1937 жылдан басталды. Қазіргі кезде оны бактериялы
тыңайтқыштар даярлайтын заводтар әзірлеп, шаруашылы қта
кеңінен лайдаланып келеді.
Азотобактеринді даярлаудың бірнеше тәсілдері бар. Әдетте
лабораторияда және заводтарда агарлы азотобактерин
даярланады.
Фосфоробактерин
Топырақтағы күрделі фосфороорганикалы қ
қосылыстарды және минерал фосфаттарды өсімдіктерге
онай сіңетін түрге айналдыруда микроорганизмдерді ң ролі
зор. 1935 жылы Р. А. Мекина топыра қтан осындай
микроорганизмнің бір түрін тапты. Оны бациллус
мегатериум фосфатикум деп атады. Бұл бактерияда ң
фосфоробактерин деп аталатын ты ңайт қыш даярлана-ды.
Бұл бактериялар тамыр айналасында тіршілік етіп,
топырақ-тағы нуклеин қышқылының іқүрамындағы
фосфордың 86%-тін өсімдіктерге о ңай сі ңетін к үйге
айналдырады.
Қорытынды
Микробтардан алынатын көптеген биологиялық препараттар (биовит,
кормогризин, бацитрацин, витамицин, комарин, т.б.) малды ң
салмағын арттырып, алынатын өнімдердің (сүт, ет, т.б.) сапасын
жақсартады. Осымен қатар сібір жібек құртын, бау-бақша
өсімдіктерін, жүзімді бүлдіретін зиянкес жәндіктерге індет
туғызушы микроағзалардан де биологиялық препараттар
(энтобактерин, дендробациллин, битоксибациллин,
инсектин,боверин) алынады. Биологиялық препараттардың
құндылығы — олар химиялық препараттармен салыстырғанда,
қоршаған ортаға ешбір зиянын тигізбейді.
Пайдаланылған әдебиеттер:

Қ.Х. Әлмағамбетов, Ә .Ө . Байдүйсенова, Қ.M.Мұхаметжанов
Микроорганизмдер биотехнологиясы. - Астана, 2008. - 240 б.

Шоқанов.Н. Микробиология: оқулық.- Алматы, 1997.- 318б

Әлмагамбетов, Қ. Х. Биотехнология негіздері.- Астана. 2007. - 204 б.

Интернет желісі

Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылығында қолданылатын бактериалды препараттар жайлы
Биологиялық препарат түрлері
Ауыл шаруашылығында колданатың бактериалды препараттар
Бактериалды биопрепараттар. Сипаттамасы
Ауыл шаруашылығында қолданатын бактериалды препараттар туралы ақпарат
Ауыл шаруашылығындағы биотехнология
Ауыл шаруашылығында қолданатын бактериалды препараттар жайлы ақпарат
Микроорганизмдер биотехнологиясы
лануды емдеу және алдын алу жалпы принциптері. Зооцидтер
Жануарлар ағзасына удың түсуін тоқтату
Пәндер