Моноклонды антиденелер. Гибридонды технология


Slide 1

Моноклонды антиденелер. Гибридонды технология

Орындаған:

Slide 2

Жоспар:

Моноклонды антиденелер

Моноклонды антиденелерді алудың мақсаты

Гибридом алу

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Моноклонды антиденелер дегеніміз - бір жасушалық клонға жататын, иммунды жасушаларды өндіретін антидене. Моноклонды антиденелер кез - келген затта өндіріле алады. Негізінен ақуыздар мен полисахаритерде. Себебі оларда антиденелер спецификалық байланысқан. Моноклонды антиленелер сол заттың детекциясына жіне тазаруына қатысады. Моноклонды антиденелер биохимияда, молекулалық биологияда, медицинада кеңінен қолданылады. Егер МК антиденелерді дәрілік препарат ретінде қолданса, оның аты mab - қа аяқталады.

Slide 4

Моноклонды антиденелерді өткен ғасырдың 50 жылдарындағы иммунохимиктр иммуноглобулин құрылысын зерттегенде қолдана бастады. Яғни олар лимфоидты ісік жасушаларының - миеломаның өнімдері. Миелома - ол сүйек кемігінің жасушасынан дамитын ісік. Ол антидене түзетін шектеусіз көбейетін лимфоидты жасушалар клондары болып табылады.

Slide 5

Моноклонды антиденелерді алудың мақсаты - берілген арнайы антиденелерді түзетін шектеусіз көбеюші жасушалар клонын алу болды. Бұл мақсатты 1975 жылы Жорж Кёлер және Сезар Мильштейн қалыпты лифоциттер мен миелоидты жасушаларды қоректі орталарда қосып, гибрид алған.

Slide 6

Гибридома алу бірнеше кезеңнен тұрады: миелоидты линиясын алу; көкбауыр жасушаларын организмнен алу; дақыл алу үшін екі жасушаларды бір - бірімен қосу; жасушалар қосылғаннан кейін, клондарды алу. Осы кезеңдерді азоттық сулықта консервациялап, дайындайды.

Slide 7

Селекция арқылы Жорж Кёлер және Сезар Мильштейн, керекті арнайылығы бар антиденелер синтездеуге (алғашқы антидене өндіруші жасуша ретінде) және жасанды ортада шексіз өсуге (миелома жасушалары ретінде) қабілетті гибрид жасушаларын бөліп алған. Осылай, гибридтік жасушаларға өзгеше мәңгілік қасиеті пайда болған. Дәл осы жасушалық гибридтер түрін гибридома деп атаған. Индивидуальды гибридтік жасушаны бөліп алып, дақылдандырып клон алуға болады. Бұндай клон in vitro бір антигендік детерминантасына арнайы антиделерді көп мөлшерде өндіреді.

Slide 8

Егер гибридома антиденелер синтездесе, оларды моноклонды антиденелер деп атаймыз. Тәжірибелерің көрсетуіне қарай, гибридомалар мен қолданған барлық жасушалар біркелкі антиденелер синтездеуін барлық параметрлер бойыншатбұл антиденелер абсолютті ұқсас, яғни моноклонды антиденелерді тек қана моноклонның өнімі ғана емес, сонымен бірге бұл біркелкі иммуноглобулиндердің таза препараты.

Моноклонды антиденелер бір изотипке, бір аллотипке жатады және оларда бірдей өзгермелі аймақтары, құрамы және идиотипі болады. 1984 жылыдың ақпан айында Жорж Кёлер және Сезар Мильштейн «in vitro» моноклонды антиденелер алудың гибридомдық технологиясын ашқаны үшін Нобель сыйлығына ие болған.

Slide 9

Клиникада моноклонды антиденелер адамның иммундық статусын бағалауында, лимфоциттердің субпопуляцияларын іріктеуінде кең қолданылады. Белгілі бір антигендерге моноклонды антиденелер адамдағы жедел лейкоздың түрін дифференциялауында қолданылады. Ісік метастаздарын анықтауда, жасушалық улармен конъюгацияланған иммунотоксин ретінде қатерлі ісіктердің бірнеше түрінде арнайы емдеуде қолданылады. Қазіргі кезде гендік инженерия жетістіктері жаңа, гуманизацияланған моноклонды антиденелер дайындауға мүмкіндік береді. Олар адамның әртүрлі патологиялық жағдайларында иммунды емде қолданатын жаңа арнайы дәрілік препараттарды дайындауда өте перспективті.

Slide 10

Моноклонды антиденлер қазіргі кезде зерттеу, диагностикалау және емдеу мақсаттармен кең пайдалануда және оларды экспериментльды жіне клиникалық медицинада қолдану аймақтары үнемі әлде де кеңейеді.

Slide 11

Пайдаланылған әдебиеттер

Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. - Алматы, «Ана тілі» баспасы, 2003 жыл.

“Жалпы иммунология”, Ә. Ә. Шортанбаев, С. В. Қожанова. Алматы 2008жыл.

https://www. google. kz

https://kk. wikipedia. org


Ұқсас жұмыстар
МОНОКЛОНДЫ АНТИДЕНЕЛЕРДІҢ ИММУНОЛОГИЯДАҒЫ
Гибридомды клеткаларды клондау
Гибридомды технология
МОНОКЛОНДЫ АНТИДЕНЕЛЕРДІ АЛУ
Антигендер. Антиденелер. Организмнің иммунитеттің қорғаныс факторларының арнайы механизмі. Жасшамалық ерекшеліктері
Антигендер мен антиденелер
Диагностикалық антигендер
МОНОКЛОНАЛЬДЫ АНТИДЕНЕЛЕР
Трансплантациялық антигендер
Биотехнология – XXI ғасыр ғылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz