Зар заман ағымы




Презентация қосу
Сабақтың
тақырыбы:
Зар заман ағымы
Сабақтың жоспары:

1. Зар заман ағымы туралы түсінік.
Зар заман ағымының мазмұндық ерекшелігі.

2. Ағымның қалыптасуы және негізгі арналары.

3. Зар заман ағымының зерттелуі.
Зар заман – қазақ әдебиеттану ғылымына алғаш рет
(1927 жылы) М.Әуезов енгізген термин. Зар заман кезе ңінде
ғұмыр кешіп, отарлық езгіге түскен қазақ халқының
тағдырын мұң-зармен жырлаған ақындар шоғыры.

Әуезов Зар заман ақындары дәуірін Абылай хан тұсынан
Абайға дейінгі жүз жылға
ұластырып, Нарманбетпен аяқтайды.

Зар заман ақындары тұсынан қазақ әдебиеті жазбаша сипат
алатынын атап көрсетеді.
Дәстүрлі қазақ қоғамындағы бұрынғы қалыптасқан
құндылықтардың өзгеруі, елді басқару жүйесінің басқа
сипатқа ауысуы, отаршылдықтың белең алуы, халықтың
қатты күйзелуі зар заман ақындарын тарих
сахнасына шығарған.

Зар заман ақындары халқының жай-күйін ойлаған ұлт
қайраткерлері ретінде танылды. Олардың шығармалары
халықтық салт-дәстүрлерді қаймағы бұзылмаған
қалпында сақтауға, ұлттық болмыс-бітімнен
ажырамауға үндейді.
Тарих ғылымының докторы М.Қойгелдиев отаршылдық
бұғауына мықтылап байлаған халықтың мың -мұхтажы
мен қайғы - қасыретін жырлаушыларды «Зар -заман »
мектебінің ойшылдары деп атады.

Еркіндікпен бостандықтың, дәстүр мен европалық
метрополиядан еңген жаңа тәртіптердің шегінен шиеленісуі
Шортанбай, Дулат және Мұрат сияқты « зар – заман »
ағымы ақындарының шығармалары арқылы қабылдады.
Зар заман ақындары шоғырының
белгілі өкілдері:

Дулат Бабатайұлы
Шортанбай Қанайұлы
Мұрат Мөңкеұлы
Әбубәкір Кердері
Албан Асан т.б.
Арғы түбі ақырзамандық сарындар мен болжал өлеңдерден бастау
алатын зар заман жырларының көп таралған кезі – отаршылдық
дәуірі. Қазақтың көптен күткен сұмдығының бірі осы еді, осы да іске
асуға айналды.

Бұрынғы хан, бұрынғы би, бұрынғы елдің қамын ойлайтын түзу
адамның бәрі шетке қағылып қалып, қыбыр еткен ісі болса барлығы
да орыс қуатымен, орыс қолымен істейтін болды.

Қазақ халқының шұрайлы жерлерін тартып алып, ұрпағын аздырып,
діннен аулақтату сықылды империялық пиғылдың жүзеге асуына
қарсыласу қозғалысы Зар заман ақындарының қайраткерлік
поэзиясын өмірге әкелді.
ХХ ғасыр басындағы Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы сияқты
ұлт зиялылары бастаған Алаш идеясының арғы тегі ХІХ
ғасырдағұмыр кешкен Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы,
Мұрат Мөңкеұлы, Әбубәкір Кердері, Албан Асан, Нарманбет
Орманбетұлы т.б. сияқты «Зар заман» ақындарының қазақтың
азаттығын аңсаған айшықты жырларында жатқандығы анық.

Тек ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында қазақ даласының әр
тұсында басталған поэзиядағы отаршылыққа наразылық идеясы мен
Кенесары Қасымұлы, Исатай-Махамбет бастаған ашық күрескерлік
ХХ ғасырдың басында пісіп жетіліп, үлкен ұлттық мәдени-саяси
қозғалысқа айналды.
Зар заман ағымының мазмұндық ерекшелігі
Бұрынғы жыраулар поэзиясымен үндесіп жататын өршіл рух,
әсіресе, Мұрат Мөңкеұлының жырларынан айқын байқалады.

Зар заман ақындары шығармаларындағы ұлттық болмысты, қазақы
қадыр-қасиетті сақтап қалуға үндеген ой-пікірлер жанайқаймен,
шарасыздықпен, соңғы төзімді сарқа айтылғандығымен
ерекшеленеді.

Мұндай өлеңдерден бодандықтың бұғауына бас игісі келмеген ұлт
қайраткерлерінің өршіл үні айқын аңғарылады.
Зар заман ақындарының шығармаларында сары уайымға салыну,
қайғы-мұңға берілу сарыны да байқалады. Бұл кезең ақындары
келер күннен үміт жоқтығына налиды, тығырықтан шығатын жол
таппай қиналады.

Олар елдің басына түскен нәубетті ақырзаманның келгені деп ұғады.
Бұл жердегі ақырзаман – ғаламдық апат, жарық дүниедегі көзге
ілінген нәрсенің тып-типыл болуы турасындағы емес,
отаршылдықтың шеңгеліне мықтап түскен ұлттың күйреуі
сипатындағы ақырзаман.

Халықты қан қақсатқан зобалаңның себебін Зар заман ақындарының
бір тобы адам қолымен жасалған зұлымдықтан, екіншілері діннің
бұзылғандығынан деп топшылайды. Әсіресе, Шортанбай ақын
Зар заман ақындарының өлең-жырларында елмен қоштасу,
туған жердің өткенін аңсау сарыны орын алған. Жалпы “ауа
көшу”, “қонысты тастау” ұғымы көптеген халықтардың
фольклорлық шығармаларына тән. Талауға түскен елден кетіп,
жайлы жер, ыңғайлы қоныс іздеу идеясы еркіндік, бостандыққа
ұмтылу мұраттарымен орайлас келеді.

Туған жердің табиғатына қарап тұрып, өткен күннің елесін
іздеу, жастық дәуренді еске алу үрдісі ата қоныстың
бүліншілікке түсіп, өзгенің ойранына айналған сәтте туындаған
мұң-шермен астасып жатады.
Ақындардың бірқатары жұтаған жер мен көшкен елге қайырылып сөз айтып
тұрып, басқыншылық пиғыл мен зорлықшыл әрекеттерді зарлана жырға
қосады. Зар заман ақындарының көпшілігіне тән ерекшелік – келешекті
көрегендікпен болжап, алдағы уақыттағы ел сипатының өзгерісін қолмен ұстап,
көзбен көргендей бейнелеп айтуы.

Мұндай болжам өлеңдер Зар заман ақындары шығармашылығының бастапқы
кезеңінде, яғни отарлаушылардың ойранынан бұрынырақ айтылғандығымен
құнды. Бүгінгі көзқарас тұрғысынан қарасақ, олардың ойлаған қаупі расқа
айналғанына куә боламыз. Бұл ақындардың ішінде өлең-жырдың бар қуатын
пайдаланып, ата-баба дәстүрімен астарлай айтып, батыс пен шығыстан келетін
кесапатты бірдей болжап бергені – Дулат Бабатайұлы.
Зар заман ақындарының қайраткерлік биікке көтерілуі отаршылдықтың
белең алуынан басталады. Жыр жүйріктерінің бар құдіреті, бар қабілеті ел-
жұртының санасын оятуға жұмсалды. Олар қауіп-қатерді, зорлық-зобалаңды
алдын-ала ескертті, зардаптарын күн ілгері тайға таңба басқандай етіп айтып
берді. Елдің берекетін кетірген отарлаушылардың құбыжық кейпіндегі
бейнесін жасады.

Солардың ойранына жол ашқан өз халқының кейбір жандайшаптарын
аяусыз сынға алды, кей тұста ел бірлігінің кемістігін де түйреп өтті. Зар
заманның бүкпесіз баяндалған оқиғаларын кейінгі ұрпаққа аманат етіп
қалдырды. Зар заман ақындары шоғырының белгілі өкілі – Дулат
Бабатайұлы қазақ халқының дәстүрлі жыр үлгісін түр жағынан өзгертіп,
өлеңді көркемдеп кестелеудің жаңа үлгісін жасады.
Кеңестік идеология үстемдік еткен кезеңде Зар заман ақындарының
шығармаларын насихаттауға тиым салынды. Олар барлық
оқулықтардан алынып тасталды. Соған қарамастан Зар заман
ақындары шығармаларын әр жылдарда зерттеу нысанасына
айналды. Қазақ әдебиетінің тарихын оқып-үйренуге арналған
ғылыми жинақтарда олардың кейбір өлең-толғаулары арагідік
жарық көрген тұстары да болды.

Мысалы, 1978 жылы Ленинградта басылып шыққан “Поэты
Казахстана” жинағында (құрастырған М.Мағауин) Зар заман
ақындарының отаршылыққа қарсы жазылған бірқатар өлеңдері
орыс тілінде жарық көрді.
Заманның бұзалғанына назары болған зар
заман ақындары «әуелгі заманның» енді
қайта келмейтіндігіне «құдасы жоқ
құлдың, қонысы жоқ байдың » озатынына
, «байдың тілін жарлы алмай, ханның тілі
қара алмай» өздері де жөнін біле
алмайтынына қынжылыс білдіреді.

«заман оңайлар еді, бірақ оған әуелден
бас білдірдің» деп осы жағдайға душар
еткендерді ренішін айтады.
С.Мұқановтың «Қазақтың XVІІІ-XІX
ғасырдағы әдебиетінің тарихынан очерктер»
атты еңбегінде
«Зар заманның жағдайы» деп айрықша назар
аударған ғылыми проблемасы кейін үлкен науқанға
айналып, кеңес үкіметі құлағанға шейін бет
қаратпайтын саяси мәселеге айналып, оның өкілдері
әдебиет тарихынан аласталған болатын.
1927 жылы кітап болып шыққаны болмаса, еш жерге
таратылмаған, оқытылмаған М.Әуезовтің «Әдебиет тарихына»
зер салсақ, «Зар заман деген XIX ғасырда өмір сүрген
Шортанбай ақынның заман халін айтқан бір өлеңінің аты.
Шортанбайдың өлеңі ілгергі, соңғы ірі ақындардың барлық
күй, сарынын бір арнаға тұтастырғандай жиынды өлең
болғандықтан, бүкіл бір дәуірде бір сарынмен өлең айтқан
ақындардың барлығына «Зар заман ақындары» деген ат
қойдық. Зар заман ақындарының алғашқы буыны Абылай
заманынан басталған, арты Абайға келіп тіреледі. Зар заман
дәуірі толық жүз жылға созылады» деген анықтаманың айтары
әбден анық.
Бірақ осы атау Сәбит Мұқановтың 1942 жылғы
«Очерктеріне» дейін айтылмай, жазыла қалса
бұқпантайлана айтылып келе жатқан үлкен де даулы мәселе
болатын.

Оны алғаш ауызға алған М.Әуезовтың өзі соттан үш
жылдық жаза алып, 1932 жылғы «Ашық хаты» шыққанша
байшыл-ұлтшыл аталып келді де бұған шапағатын тигізгені
бүгінде әбден аян. «Зар заманды» әдейі айтып, жазып отыр
мына кеңестік заманда» деп ойлағандар сол «Әдебиет
тарихын» кітаптар түрмесіне салып қойған-ды.
Көзі тірісінде М.Әуезов бұл еңбегіне қайтып оралудың жөнін
таппай, көңілі дауаламаған болатын. 80-жылдары М.Әуезов
шығармаларының 20 томдығын жариялағанда 16 томға енген
«Әдебиет тарихы туралы» түсініктеме берген ғалым
М.Мырзақыметов «Қазақ әдебиеті тарихының тұңғыш оқулығы
ретіндегі бұл еңбек тұтас қалпында жарияланбай, үштен бір бөлегі
қысқартылп тасталды.

Тіпті, кейде тұтас күйінде жіберілді деген тарауларының өзінен
көптеген сөйлемдер мен кейбір әлеуметтік астары өткір пікірлері
жұлмаланып» шықты дегенді оқығанда большевиктік шовинистік
идеологияның, оның қол шоқпары болған литоның жарамсақ
жағымпаздары әлемді аузына қаратқан М.Әуезовтың әдеби
мұрасына осыншама зорлық жасауларын тағылық, ғылымға,
мәдениетке жат қылық демеске шараң қалмайды.
1927 жылдан 1942 жылға дейін арнайы аталмағанмен, зар-заманның ірі өкілдері
мектеп оқулықтары мен хрестоматияларында даурықтыра аталмай, қатардағы
ақындар ретінде қаралып келгеніне С.Мұқанов ерекше екпін түсірмей, әуелі
орыс отаршылдығының екі түрін – жаулап алу мен жерді отарлау амалдарын
тарихи деректермен дәлелдей келіп, «бас бостандығынан жерден айрылған
кедейленген халық бұл зорлыққа қарсы басын көтере алмады, көтерем дегенге
үкімет көтертпей, қозғала бергенде тарп бас салып, орнында езіп тастап отырды.

Осылай қолдан күш, бастан ерік кеткен кезде, қайғыдан тұншыққан халықтың
зарынан туған көркем әдебиетті біз «Зар заман әдебиеті дейміз». «Зар заман»
әдебиетінің негізін қалаушы қазақ ақын Шортанбай» деп ой түйеді де,
Шортанбай Қанайұлының шығармашылығын білгірлікпен еркін талдайды.
С.Мұқанов Мұрат Мөңкеұлының поэзиясына тоқталғанда, ақынның «Үш
қиян», «Қарасай-Қазы», «Шалгез» поэмалары мен Жас келін, Ораз, Жылқышы,
Тыныштық, Жантолымен айтыстарын, басқа толғауларын талдай келіп,
«Шортабай мен Мұраттың екеуі де «Зар заманның» ақыны бола тұра арасында
айырма бар» деп алады да, Шортанбайды өз заманы тұрғысынан көріп,
«Мұрат – өз заманының мұңын мұңдаумен қатар, елінің тарихына үңіліп, өз
заманынан ғана емес, өткен тарихтың хал-жағдайын да жырлаған ақын.
«Бұл поэманы баяғы Шалгез ақын шығарды ма, әлде
Мұраттың өзі шығарды ма ол жағы мәлім емес» деп ағынан
жарылады да «Шалгез шығармасын, я өзі шығарсын бұл
поэманы шығаруға Мұраттың мақсаты: отанын қорғауға,
жауына айбынды болып, жауын үркітуге, бостандық алуға,
тәуелсіздікке шақыру деп табады да, «Шалгез» поэмасына
мол талдау жасайды.
Зар заман өкілдерінің бірі Шортанбай – орыс отаршылдығы
тұсында қазақ қоғамына кірген әлеуметтік өзгерістердің
сырын терең ашып бейнелеген суреткер.Қазақ даласына
сауда капитализмінің кіруі, қоғамның бай не кедей болып
жіктелуі, өкімдікке талас пен сайлау кезіндегі даулар ақын
өлеңдерінде әсерлі суреттеледі.

Асылық азған заманда,
Алуан- алуан жау шықты.
Арам, араз хан шықты.
Қайыры жоқ бай шықты,
Сауып ішер сүті жоқ,
Мініп көрер күші жоқ,
Ақша деген мал шықты,-

деп ол бірде қазақ даласына келген сауданы айыптаса, елдің
бас көтерер азаматтарының байлыққа құнығуын, қанаудың
күшейгенін сынға алады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1.Х.Сүйіншәлиев. 19 ғасыр әдебиеті. А., 1992
2.Мәдібай Қ., Зар заман ағымы, А., 1997
3. Әуезов М., Әдебиет тарихы, А., 1991
4. Кәкішев Т., Санадағы жаралар, А., 1992
5. Өмірәлиев Қ., Қазақ поэзиясының жанры мен стилі, А., 1983
6.Сүйіншәлиев Х., XҚX ғасыр әдебиеті, А., 1991
7. Омарұлы Б., Мұрат Мөңкеұлы, А., 1993
8.Мұқанов С., XVҚҚҚ – XҚX ғасырлардағы қазақ әдебиеті
тарихынан очерктер, А., 1942
9.Омаров Б. Зар заман поэзиясы. Алматы: Білім, 2000.

Ұқсас жұмыстар
Зар - заман ағартушылық философиясы
Зар заман философиясы
XIX ғасыр әдебиетін зерттеген ғалымдар
Оқушыларға жаңа тақырыпты өз бетінше меңгерту мақсатында өткізілген сабақ жоспары
Өлеңнің жоспары
Шортанбай Қанайұлы (1818-1881)
Қазақ философиясының өкілдері
Заман туралы шығармалары
Балалардағы пиелонефрит
КӨРСЕТКІШТЕР ҚУЫҚТЫ КАТЕТЕРЛЕУ
Пәндер