Диалектология ғылымының зерттелу тарихы



Диалектология
ғылымының
зерттелу тарихы

Тіл білімінің диалектілер мен сөйленістерді зерттейтін саласы - диалектология (диалектос- сөйлеу, сөйленіс,
логос - ілім деген грек сөздерінен құралған) деп аталады.
Диалектологияның міндеті - жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттеу, Қазақ диалектологиясы қазақ тіліндегі сөйленістер мен диалектілерді зерттейді. Диалект сөйленіс пен халықтық я ұлттық тілдің өзіндік ерекшеліктері бар жергілікті тармақтарын, бөліктерін айтамыз. Олар жалпы тілге тән ортақ белгілерден өзгеше ерекшеліктерді қамтиды.

Қазақ диалектологиясы ғылымын сөз еткенде осы саланың бастау-көзінде тұрған профессор Сәрсен Аманжолов пен Жұмат Досқараевтың, акад. Нығмет Сауранбаевтың есімдері ерекше аталады. С. Аманжоловтың іргелі зерттеу еңбегі (1959), Ж. Досқараевтың монографиясы мен сөздігі (1955) тіл тарихы мен қазақ диалектологиясы саласында ашылмаған аралдардың көптігін көрсетіп берді. Сол жылдарда ғылым жолына түскен жас зерттеушілер Шора Сарыбаев, Ғабдолла Қалиев, Сапарғали Омарбеков, Әбілбек Нұрмағамбетов, Жамалбек Болатов, Оқас Нақысбеков, Тұрап Айдаровтар осы салаға бар ғұмырларын арнап, іргелі еңбектер жазды, докторлық диссертацияларын қорғады,
жаңа буын шәкірт дайындады.

Қазақ диалектологиясының алғаш зерттелу және қалыптасу тарихы профессор С. Аманжоловтың есімімен байланысты. С. Аманжоловтың ғылыми мұрасында қазақ тілінің диалектологиясы туралы еңбектері басты орын алады. Оның 1959 жылы шыққан «Вапросы диалектологии и истории казахского языка» атты күрделі еңбегі автордың диалектология мен тіл тарихы саласында көп жылдар бойы жүргізген зерттеу жұмысының нәтижесі еді.

С. Аманжолов қазақ тілінде 3 диалектіні атап көрсеткен:
1. Оңтүстік диалектісі - Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарын және Талдықорған мен Қызылорданың кейбір оңтүстік аудандарын қамтиды.
3. Солтүстік-шығыс диалектісі - Ақмола, Павлодар, Семей, Шығыс Қазақстан, Көкшетау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарын және Қостанай мен Талдықорған облыстарының кейбір аудандарын қамтиды.
2. Батыс диалектісі - Батыс Қазақстан, Гурьев, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарын және Қызылорданың солтүстік аудандарын, Қостанайдың кейбір батыс аудандарын қамтиды.

Профессор Н. Т. Сауранбаев қазақ тіліндегі диалектілерді фонетикалық өзгешелікке - ш орнына ч, д орнына л айтылуына қарап 2 үлкен
топқа бөлген:
а) Қазақстанның солтүстігі мен батыс облыстарындағы
ш, д диалектілер тобы;
ә) Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік - шығыс облыстарындағы ч, л диалектілер тобы. Соңғы топ Сырдариядан бастап Батыс Алтай мен Тарбағатайға дейінгі жерді қамтиды.
Мысалы: бірінші топта - шикі, көпшілік, шүберек, шақпақ, қамшы; маңдай, таңдай, тыңда, тірідей, түндік, теңдік болып айтылса, екінші топта чикі, көпчілік, чақпақ, қамчы; маңлай, таңлай, тыңла, тірілей, түңлік, теңлік болып айтылады.




Жымпиты, Чапаев жағы
Орал, Жәнібек жағы
Дөңгелек // доңғалақ
Тегершік дөңгелек
Кләд
Бұрыс
Мәс
Ату
Жез таба
Ләгөн
Таба нан
Өтпек

Н. А. Баскаковтың «Ногайский язык и его диалетык» (М., 1949) деген еңбегінен алынған сөздер
Жәнібек, Орда жағы
Чапаев, Жымпиты аудандары
Аданас (туған ағасын айтады)
Аданас (туысқан)
Тума
Ақа (аға)
Ақа (аға)
Аға - ақаның орнына көбңрек тәте сөзі айтылады
Инкал (еттің наны)
Іңкәл
Нан
Шекке//шекки (таразы)
Шеккі (таразы)
Таразы
Тегершік (дөңгелек)
Тегершік (дөңгелек)
Дөңгелек

«Қазақ тілінің оңтүстік
говорлар тобы»
Нақысбеков Оқас
Алматы, 1994 жыл.

Оңтүстік облыстарда
Орталық- солтүстік облыстарда
Әдеби тілде айтылуы немесе беретін мағынасы
Қамыр, күлше
Құлақ нан
Етке салатын нан
Ашық- машық
топша
Топса, баспа темір топса
шошала
Еттік, шорам
Ас қоятын үй
қақпатас
Қақпақыл, қаржымақыл
Қақпатас (ойын аты)
пияз
Жуа, сарымсақ
пияз
Шөп суырғыш
Жұтпа, сүңгуір, шотаяқ
Шөп суыратын құрал
Бақыр, шелек
Бедре, қылдыбақыр
Шелек т. б.


Есімболова Майра
«Жетісу
сөйленісінің лексикалық
ерекшеліктері»
Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін
дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ
Алматы, 2001 жыл.

1 тарау: Лексикалық диалектизмдер және оның түрлі лексикалық топтарға қатысы
Құрылымы жағынан ЖС-дегі ерекшеліктер:
Түбір тұлғалы: (зай-ылғал, далан - кіреберіс)
Туынды түбірлі: (кірші-шылапшын, көкше-ауру аты)
Тіркесті: (ошақ қазар, қоржын той - кәде түрлері)
Семантикалық: (әке - қарағым, шырағым мағынасында қолд. )
Лексика-фонетикалық: (ашты - ащы, ақа - ақша)
Жиілік: (шәйнек - аққұман, шыны - шай кесе)

2 - тарау. Жетісу тұрғындары тілінде кездесетін сөз тіркестерін мағыналық жағын ескеріп, екі топқа бөліп қарастырған:

3 тарау: Лексикалық диалектизмдерді салыстырулар мен лексикалық айырмалар көрсетілген
Жетісу
Шығыс Қазақстан, Семей.
Әдеби тілдегі баламасы, мағынасы.
Ақсорпа
қойыртпақ
Сорпаға қосылған айран
Әкпе
әпеке
Бірге туған қыздардың жасы үлкені
Шанжа
Сырғауыл, уық
Арқалық үстіне салынатын ағаш
Шабақ
бақай
Дөңгелектің күпшегі мен қимасы арасындағы ағаштар.
Тақия
Кепеш, қатырма
Тақия
Тапа\көмбеш
табадан
Таба
Шоқай
шарқай
Көн теріден істелген аяқ киім.

Жүсіпова Бибихадиша
«Түркістан тұрғындары
тілінің ерекшеліктері»
Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін
дайындалған диссертацияның авторефераты
Алматы, 2003 жыл.

Мүмкіндігінше Жетісу өңіріне тән сөздер қазақ тілінің басқа аймағынан жиналған материалдармен салыстырылып, оның өзіндік өзгешеліктерін анықтаған. Олар мыналар:
1. Үй жай, қора-қопсы, бау-шарбаққа байланысты сөздер:
Там үй, тоқал там-шатырсыз үй.
Далан-кіреберіс
Муалы-азық-түлік, тамақ қоятын жер.
Ақыр-малға шөп салатын жер т. б тіл ерекшеліктерін атап көрсеткен.
2. Киім-кешек, көрпе-жастыққа байланысты сөздер қатарына
Жейде-еркек көйлек.
Сарпай-шекпен
Сыпырмай-аласа жиекті бөрік.
3. Ыдыс-аяқ атауларына байланысты сөздер.
Кірқалта-жуған кір салатын қалта.
Қолбақыр-үлкен темір ожау сөздерін атап өткен. Сонымен қатар, Жетісу сөйл енісінің ерекшеліктерін зерттеу барысында
4. Тағам атауларына байланысты сөздер қатары көптеп кездеседі.
Атала-ұннан жасалған көже.
Ашымал-бидай, тарыдан ашытып жасалған сусын тағам.
Тапа нан//көмбеқазан-табаға пісірген нан
Тоқаш-бауырсақ.
Нан көже-қамырды жайып, үлкендеу етіп, кесіп пісірген нан.

1-тарау. Фонетикалық ерекшеліктер
Е мен А, Ә әрпі
Дәрәу-дереу, кәсәл-кесел, айламан-айламен, бекар-бекер, т. б.
Ұ мен О әрпі
Оқсау-ұқсау, ұяну-ояну, дұмалту-домалту, тоспалдау-тұспалдау, т. б.
Ұ мен Ы әрпі
Бызау-бұзау, жылу-жұлу, тымақ-тұмақ, ыста-ұста, былақ-бұлақ, т. б.

Дауыссыз дыбыстарға байланысты ерекшеліктер
Ұяң б орнына қатаң п-дауыссызымен айтылуы;
Пайпақ-байпақ, пал-бал, пата-бата, т. б.
Д мен Л әрпі
Алал-адал, таңлай-таңдай, оңлау-оңдау, теңлік-теңдік, т. б.
Қ мен Ғ әрпі
Ғұю-құю, ғыш-қыш, ғай жыл- қай жыл, т. б.

2-тарау.
Лексикалық ерекшеліктер - диалектологияық еңбектерде қалыптасқан үлгі бойынша олар түрлі лексика-семантикалық топтарға бөлініп талданады. Түркістан өңіріне тән сөздер қазақ тілінің басқа сөйленістерімен
салыстырылып берілген.
Туыстық атауларға, адам аурларына байланысты сөздер;
Ая-шеше, апа өзінің туған анасы, кәнная-жеңеше, жеңга, бұрма-іш ауруы, т. б.
Әдет-ғұрып, ойын, ем-домға байланысты сөздер;
Аузаш-ауыз ашар, әш арауақ-түске кіретін әруақ, шекемтас-қақпатас ойыны, т. б.
Табиғат құбылыстарына байланысты сөздер;
Алтын күрек- қарды ерітетін жел, жасыл-найзағай, наша-бұршақ, керімсал-жазда соғатын ыстық жел, анызақ, т. б.

Түркістанның басқа сөйленістерден айырмашылығын көрсету үшін диссертацияда Жетісу, Шу, Қызылорда сөйленістерімен, Шығыс, Орталық-Солтүстік және Батыс сөйленістер тобымен салыстырулар берілген.
Түркістан
Жетісу
Шу
Әдеби тілдегі баламасы немесе мағынасы
Қара үй
Қазақ үй
Боз үй, киіз үй
Киіз үй
Қоржын там
Қоржын дорба үй
Қоржын үй
Ауыз үйден екі жаққа есік шыққан үш бөлмелі үй
Бастырма
Лапас
Түпкі үй
Төбесі жабық жан-жағы ашық жай
Қума там, түпкір там, түпкі там
Түп үй
Түпкі үй
Түпкі бөлме
Дәліз, айуан
Далан үй
Айуанхана
Ауыз үй, кіребес

3-тарау. Грамматикалық ерекшіліктер - негізінен жұрнақтар мен жалғаулардың қолданылуына байланысты
Жұрнақтарға байланысты өзгешіліктер (-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе; -сай, -сей, -қын, -ғын; -ла, -ле) ;
Әлім уақтылы кетті; Олар: қаттама айтылуында, т. б.
-нікі, -дікі, -тікі жұрнағы арқылы тәуелдеу категориясы:
Меңікі-менікі. Меңікі ондай емес; Сіздеріңкі-сіздердікі. Оңкі дұрыс емес, т. б.
-ы, -і, -сы, -сі жалғаулары арқылы;
Бәрісі-бәрі, бірісі-бірі, достысы-досы, көбісі-көбі, т. б.
Кейде бұл өңірде ілік септік -дың-дің орнына -дын-дін болып соңғы үнді ң дыбысының орнына н айтылады

«Көркем мәтіндердегі
диалектизмдердің
этномәдени мәні»
Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін
дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ
Алматы, 2007 ж
Мұхамбетов Жомарт Ибатоллаұлы

ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ
І тарау
«Диалектизмдерді тұрғыдан зерттеудің теориялық негіздері»
ІІІ тарау
“Батыс Қазақстан өңіріне тән рухани мәдениетке қатысты диалектизмдер”
ІІ тарау
“Батыс Қазақстан өңіріне тән материалдық мәдениетке қатысты этнодиалектизмдер”

Батыс Қазақстан өңіріне тән материалдық мәдениетке қатысты этнодиалектизмдер былайша топтастырған:
- үй-жай атауларындағы диалектизмдер;
- ыдыс-аяқ атауларындағы диалектизмдер;
- киім-кешек атауларындағы диалектизмдер;
- дене мүшелерінің атауларындағы диалектизмдер;
- тағам атауларындағы диалектизмдер;
- құрал-жабдық атауларындағы диалектизмдер;
- жануарлар атауындағы диалектизмдер;
жер бедері атауларындағы диалектизмдер;
- өсімдік атауларындағы диалектизмдер.

Есенбай Анар Заманбекқызы
«Сыр өңірі жазушыларының тіліндегі жергілікті қолданыстар» Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның АВТОРЕФЕРАТЫ
Алматы, 2008 ж

Бірінші тараудың “Көркем шығармадағы эмоционалды-экспрессивті лексика” деп аталатын тараушада жазушылардың қолданыстағы жергілікті тіл ерекшеліктерінің бағалауыштық мәні туралы сөз болады. Коннотация табиғаты, нақты айтқанда, экспрессивті-эмоционалдық және бағалауыштық микрокомпоненттер негізінде сипатталады.

Диалектологтардың зерттеулерінде синонимдер екі сыңарлы, үш сыңарлы, төрт сыңарлы, бес, алта, жеті, сегіз сыңарлы синонимдік қатардан құралатыны айтылады.
Мысалы, екі сыңарлы қолғап - биялай;
үш сыңарлы серне -деңгене - жора;
төрт сыңарлы бәкі - бекі - мұштар - шаппа;
бес сыңарлы ырғақ - шотеке - сүңгуір - шотаяқ - жұтпа
(маядан шөп суырып алатын басы имек құрал) ;
алты сыңарлы иінағаш - суағаш - мойынағаш - әпкіш - күйенте - құрамыс;
жеті сыңарлы сіріңке - кәуірт - кеуірт - оттық - спешке -шпешке - шырпы;
сегіз сыңарлы күнбағар - күләйлән - пісет - айбағар - шемішке - шекілдеуік - шемекі - күбағыс.


Мысалы,
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz