Мақаланың жазылуы және оған қойылатын талаптар


Slide 1

Мақаланың жазылуы

және оған

қойылатын талаптар

Slide 2

Мақаланың тақырыбы:

Ж. Аймауытовтың “Ақбілек” романы тіліндегі фразеологизмдердің қолданыс

ерекшелігі

Мақала авторы: Дүйсенбаева Г

Қазақ және орыс филологиясы факультеті, 3-курс

Ғылыми жетекші: Қанапина С. Ғ

Қостанай, 2016 ж

Slide 3

Жүсіпбек Аймауытовтың “Ақбілек” романы тіліндегі фразеологизмдердің қолданыс ерекшелігі

Slide 4

МАЗМҰНЫ

Кіріспе бөлім

Негізгі бөлім

І. Фразеологизмдердің зерттелу жайы

ІІ. Шығарма тіліндегі фразеологизмдердің қолданысы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Slide 5

Қазақ тілі фразеологизмдерінің эмоционалдық бояуы туралы профессор К. Аханов өз ойын: «Тіл - тілдегі сан алуан фразеологиялық единицалар астарлы, образды мағынада қолданылады да, олардың мәнерлеп бейнелеуші қызметі өте күшті болады. Олардың көпшілігінің эмоциялық бояуы басым болып, айрықша образды, экспрессивті қызмет атқарады» - деп түйіндейді.

Slide 6

І. Фразеологизмдердің зерттелу жайы

1. 1 Фразеологизмдердің қазақ тіл білімінде зерттелуі

Қазақ фразеологиясының бағыт -бағдарын саралаған, осы саланың дербес пәнге айналуының негізін қалаған ғалым академик І. Кеңесбаев болды. А. Ысқақов, М. Балақаев, Т. Қордабаев, Ә. Қайдаров, Р. Сыздықова тәрізді қазақ тіл білімінің көрнекті өкілдері қазақ фразеологиясының дербес пән болып қалыптасу, даму жолында көптеген мәселелерді ғылыми тұрғыдан шешуге ат салысты.

Slide 7

Қазақ фразеологиясын зерттеуде үш түрлі бағыт бар:

Slide 8

Тілдің лексикасында қаралатын лексикалық бірліктерден басқа тіл бірліктерінің тұрақты сөз тіркестері деп аталатын неғұрлым күрделі ерекше түрі қалыптасқан. Бұларды тіл білімінің фразеология саласы зерттейді. Фразеология термині (грекше Phasis-сөйлемше және logos-сөз, ілім деген сөздерінен шыққан) .

Фразеологизм деген термин негізінен екі түрлі мағынада қолданылады. Бірінші мағынасы тілдегі тиянақты тіркестерді тексеретін тіл білімінің саласы дегенді, екіншісі - бір тілдегі фразеологизм байлығының тұтас жиынтығы дегенді білдіреді. [Ә. Болғанбаев «Қазақ тілінің лексикологиясы» 99 бет]

Slide 9

Қазақ фразеологиясы өзінің бастауын С. Аманжолов еңбегінен алады. Ғалым 1940 жылы жазған «Қазақ әдеби тілінің қысқаша курсы» атты зерттеу еңбегінде сөйлем мүшелерін талдау барысында, баяндауыштардың құрамында келетін «идиомдық баяндауыштарды» қарастыра отырып, «жалпы тұрақты тіркестерді» (идиомдық форманы) былай бөлген [С. Аманжолов «Қазақ әдеби тілінің қысқаша курсы» ] :

Образды бейнелі құрама (идиомдық тіркес)

Бернесіз құрама (фразеологиялық тіркес)

Slide 10

І. Кеңесбаев пен Ғ. Мұсабаев 1962 жылы жазған «Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика» атты оқулығында фразеологиялық бірліктерді фразалық тіркестер деп, атап оларды: идиомдар мен фразаларға бөледі. Ал, осы жерде идиома және фраза терминдеріне түсінік беріп кетер болсақ:

Идиома-тіркес құрамындағы сөздерді бөлуге келмейтін, мағына тұтастығы тіркеспен бірге анықталатын сөздер тобы. Және де бір ғана лексикалық мағынаны білдіреді. Мысалы: Тайға таңба басқандай-анық деген мағынаны білдіріп тұр.

Фраза-тіркес құрамындағы сөздердің біреуі болса да, бастапқы лексикалық мағынасын сақтап тұратын сөз тіркесінің түрі. Мысалы: Тепсе темір үзу-мықты деген мағынада қолданылып тұр. [І. Кеңесбаев пен Ғ. Мұсабаев «Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика» ]

Slide 11

Қазақ фразеологизмдерін теориялық тұрғыдан зерттеу мен арнайы лексикографиялық еңбектерді басып шығару атақты ғалым Ісмет Кеңесбаев еңбектерінен бастау алады. Түркі тілдес халықтардың ішінде алғашқы фундаментальды еңбекті академик І. Кеңесбаев 1977 жылы «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» атты еңбегін басып шығарды.

1988 жылы ғалым Ә. Болғанбаев «Қазақ тілінің лексикологиясы» атты еңбегінде және 2003 жылы шыққан Ә. Болғанбаев пен Ғ. Қалиев «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы» атты еңбектерінде фразеологизмдердің төмендегідей белгілерін көрсетеді:

1) даяр қалпында жұмсалу белгісі;

2) мағына тұтастығы;

3) тіркес тиянақтылығы.

Slide 12

Фразеологиялық бірліктердің теориялық тұрғыдан жүйеленуіне негіз болған зерттеудің бірі К. Ахановтың 1993 жылы шыққан «Тіл білімінің негіздері» атты еңбегі. Аталған еңбегінде автор фраезологизмдердің негізгі белгілері ретінде төмендегідей бөледі:

даяр қалпында жұмсалуы;

мағына тұтастығы;

тұрақтылығы.

Ал, фразеологиялық оралым түрлерін орыс ғалымы И. М. Шанскийдің ізімен фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық тізбек, фразеологиялық бірлік, фразеологиялық сөйлемше деп бөліп, ғылыми талдау жасаған. [К. Аханов «Тіл білімінің негіздері» ]

Slide 13

Кейінгі жылдары фразеологизмдердің әр түрлі мәселелері жөнінде Р. Сыздықованың «Сөздер сөйлейді» (Алматы 1994 ж),

Сонымен қатар, С. К. Сәтенованың «Қазақ тіліндегі қос тағанды фразеологизмдердің тілдік және поэтикалық табиғаты» (Алматы 1997 ж)

Н. Уәлиевтің «Фразеология және тілдік норма» (Алматы 1998 ж) сияқты еңбектерінде көптеген фразеологизмдер мен этимологиялық тұрғыдан талданып, олардың құрамындағы мағынасы күңгірттенген тіптен мүлдем белгісізденіп кеткен сөздердің мән - мағынасы ашылады.

Slide 14

Г. Н. Смағұлова фразеологизмдерді стильдік қабаттарға бөлді, және де алғаш рет қазақ тілінде статистикалық әдісті енгізді. Сонымен қатар «Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері» (Алматы 1998ж) атты еңбегін басып шығарды. Ғалым Г. Смағұлова қазақ фазеологизмдерін төмендегідей стильдік қабаттарға бөледі˸

1. Кітаби фразеологизмдер;

2. Бейтарап ( стильаралық ) фразеологизмдер;

3. Ауызекі сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер;

4. Қарапайым-дөрекі сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер.

Slide 15

Тіл мәдениетінің бастауы - фразеологизмдер. Әрбір қазақ үшін - тіл мәдениетін меңгеру міндеттерінің бірі - дұрыс сөйлеу, образды сөйлеу дағдысын қалыптастырудағы тұрақты тіркестердің рөлі ерекше. Бұл ретте фразеологизмдер белгілі бір тілдік мұқтаждықты өтейді [Смағұлова Г. Н. «Қазақ фразеологиясы лингвистикалық парадигмаларда» монография 269 бет] .

Slide 16

Ғ. Сағидолланың «Поэтикалық фразеологизмдердің этномәдени мазмұны» ғылыми зерттеулері жарыққа шықты.

Р. Авакованың «Фразеологиялық семантика» (Алматы 2002ж)

Г. Н. Смағұлованың «Поэтикалық фразеологизмдердің этномәдени мазмұны» (Алматы 2003ж)

Slide 17

Қалиева Самал Ерболқызы «Көркем прозадағы фразеологизмдердің қолданылу ерекшеліктері» (Астана 2007ж) атты еңбегінде фразеологизмдерді шартты түрде төмендегідей бөледі:

фразеологизмдердің кейіпкерге мінездеме беруде қолданылуы;

фразеологизмдердің кейіпкердің ішкі психологиялық жағдайын беруде қолданылуы;

фразеологизмдердің кейіпкер портретін жасауда қолданылуы.

Slide 18

Ғалым Ш. Сейітова өзінің 2009 жылы қорғаған «Қазақ этнонимдерінің тарихи - лингвомәдени жүйесі» атты докторлық диссертациясында орта жүздегі алты арыс ел - арғын, керей, уақ, қыпшақ, қоңырат, найман, яғни Шығыс Қазақстан аймағында қоныстанған осы ру - тайпаға қатысты қалыптасқан атаулар мен тұрақты тіркестердің тарихи - тілдік табиғатын, уәждену ерекшелігін қарастырады. Ру - тайпа атауларынан, тарихи тұлға есімдерінен қалыптасқан тұрақты тіркестерді таксондық тұрғыдан жіктеп, лингвомәдени, этнолингвистикалық сипатын анықтайды.

Slide 19

Зерттеуші-ғалым Мамаева Мәкен Қасымбайқызының «Фразеологизмді сөз тіркестері» атты кандидаттық диссертациясында былай дейді: «Фразеологизмдер ХХ ғасырдың 40- жылдарынан бастап зерттеліп, оның өзіне ұқсас құбылыстардан ерекшеліктері нақтыланып, қазақ тіліндегі ғылыми айналымда оның әр түрлі варианттары жарыспалы қолданылып келеді. Бұл жөнінде Г. Сұмағұлова фразеологизм сөзінің атаулы төңірегінде: фразеологиялық оралым, тұрақты сөз орамдары, тұрақты тіркестер, тұрақты сөз тіркестері, фразеологиялық тіркестер, фразеологиялық бірліктер терминдерді атап көрсетіп, өз пікірін былайша білдіреді : «біздіңше қазақ тілінде осы аталғандардың ең жиі қолданылатын екі түрі ғана: фразеологизмдер және тұрақты тіркестер қалуы тиіс» деген.

Slide 20

Зерттеу жұмысының «Қиыса байланысқан фразеологизмдер» деп аталатын екінші тарауында бастауыш қызметіндегі фразеологизмдерді баяндауышпен қиысатын сөз табына қарай есім фразеологизмді баяндауыш және етістік фразеологизмді баяндауыш деп қатастырып, оларды төмендегіше топтастырған:

Есім фразеологизмді баяндауыш

Етістік фразеологизмді баяндауыштар деп бөліп.

Оның ішінде:

Екі компонентті етістікті фразеологизмді баяндауыштар

Үш компонентті етістікті фразеологизмді баяндауыштар

Басыңқы сыңардағы фразеологизмді бастауыш.

Атау тұлғасындағы бастауыш-фразеологизмдер деп топтастырады.

[М. Қ. Мамаева «Фразеологизмді сөз тіркестері» 13-бет]

Slide 21

Зерттеуші - ғалым Махметова Ақмарал Саркенқызының «М. Жұмабаев поэзиясындағы фразеологизмдер: дәстүр мен жаңашылдық» атты диссертациясында былай көрсетілген: «Фразеологизмдер - тіліміздің бір бөлінбес бөлшегі. Өзінің көнелену жағынан да, тұлға, мағына тұрақтылығы жағынан да, стиль жағынан да оларға тән ерекшеліктер бар.

Тілімізде көкейге қонымды, көркем, орамды алуан түрлі тұрақты сөз тіркестері кездеседі. Тіл қазынасына жататын қат - қабат тіркес, тізбектерді халық орынды пайдаланады».

Slide 22

Ғалым А. Смайылов «Фразеологиялық бірліктердегі «әйел» бейнесінің символдық мәні» атты мақаласында былай дейді: «Тілімізде сұлулықты, көркемдікті білдіретін тұрақты тіркестердің ішінде «әйел» лексемасына қатысты күндей көрік, күндей нұрлы, күндей көркем, күндей сәулелі, ай десе аузы бар, күн десе көзі бар, ай қабақ, ай мен күндей т. б. тұрақты теңеулердегі күн мен ай жылылықтың, көркемдік бейнесі түрінде алынғаны белгілі.

Тіл бейнелігінің бірден бір көрсеткіші - фразеологизмдер. Фразеологизмдер бойындағы ұлттық бояу әр халықтың әлем бейнесімен тығыз байланысты. Яғни, фразеологизм - бір жағынан, тіл көркемдігінің құралы болса, екіншіден, ой көркемдігінің сипаты. Мәселен, ақ сөзіне байланысты ақ жарқын, ақ жүрек, ақ иық т. б. сөздер белілі. Мұны қазақтың мақал - мәтелдеріндегі Ақ қалпақты көрінсе, Атекем менің демеймін бе тәрізді мысалдан байқауға болады.

Тіліміздің әйелдерге қатысты жерік болу тұрақты тіркесі жиі қолданылады. Жерік болу - ертедегі адамдар жыртқыш хайуандардан қатты үрейленетін. Сондықтан ендігі дүниеге келетін ұрпақтарының өздеріне тартпай, сол хайуандардай қайратты, жүректі болуын тілеген» [А. Смайылов Фразеологиялық бірліктердегі «әйел» бейнесінің символдық мәні. Автореферат. 24-бет] .

Slide 23

Р. Үрімова диалектілік фразеологизмдер жайында былай дейді: ‟Диалектілік фразеологизмдер пайда болу, жасалуы жағынан алғанда, тілдің тарихымен өзектес, сондықтан диалектілік фразеологизмдерді жинау, зерттеу, сипаттау аймақтық лексиканың құрамы мен көлемі мәселесін ғана шешпейді, біріншіден, диалектілік тұрақты тіркестер - тіл тарихына қатысты шешімі табылмай жүрген сұрақтардың жауабын табуға септігін тигізе алатын сенімді дереккөз, олардың бойында дыбыстық, грамматикалық құрылыстың көне элементтері тұнып қалған. Екіншіден, диалектілік фразеологизмдер бойынан аймаққа тән сөзжасам және сөздердің түрлену жүйесі айқын көрінеді, үшіншіден, диалектілік тұрақты тіркестер әдеби тілдің фразеологиялық құрамын байытуға азды - көпті үлес қосады, төртіншіден, фразеологиялық тіркестер семантикасы ауқымды, терең, олардың мазмұнында этностың рухани мәдениетінің айшықты мағлұматтары жинақталған” [Үрімова Р. К. Қазақ тілінің аймақтық мақал - мәтелдері мен фразеологизмдерінің этноқұрылымдық сипаты. 9 - 10 бет] .

Slide 24

Ғалым А. Нұржанова өзінің 2010 жылы қорғаған ‟Дүниенің қарабайыр бейнесі: фразеологиялық фрагменттің соматикалық коды” деп аталатын кандидаттық диссертациясында былай көрсетеді:

Фразеологиялық дүние бейнесі дүниенің қарабайыр тілдік бейнесінің фрагменті болып саналады. Басқаша айтқанда, дүниенің қарабайыр тілдік бейнесі ғылыми және кәсіби білімді қамтымайды, оларға дейінгі және олардың қордалануына негіз болған ұлттық сананың архаикалық қабатындағы прагматикалық білімді тілдің фразеологиялық деңгейіне жеткізеді. Тілдің семантикасын, мағыналық - мазмұндық өрісін зерделеу арқылы дүниенің қарабайыр бейнесінің когнитивтік - концептуалдық модельдерінің өзіндік ерекшеліктерін айқындауға, соның негізінде адамның ұғымдық әлемін және оның кейбір дерексіз фрагменттерінің құрылымын тануға мүмкіндік туындайды. [Нұржанова А. Б. Дүниенің қарабайыр бейнесі: фразеологиялық фрагменттің соматикалық коды. 10 бет] .

Slide 25

Ғалым Р. Авакова 2009 жылы шыққан «Фразеология теориясы» атты монографиялық еңбегінде фразеологизмдерді ішкі фраземаның туындау көздеріне байланысты шартты түрде төмендегідей топтастырады:

1. Адамның анатомилық атаулары мен қимыл қозғалыстарына байланысты

2. Жануарлар (зооморфтық фразеологизмдер) әлемі

3. Өсімдіктер (флора) әлемі

4. Табиғат құбылыстары

5. Өлшем бірлік (метерология)

6. Түр - түстік және сындық

7. Сандық (нумеративтік) фразеологизмдер

8. Алғыс және қарғыс мәнді

9. Мифтік және діни

10. Тарихи кезеңдермен және тұлғалармен байланысты туған фразеологизмдер.

Slide 26

Қорытынды Жазушы Ж. Аймауытовтың ұлттық тілдің бай қазынасы - сөздік құрамын шебер пайдаланып, әр сөзін, сөйлемін, тұтас мәтінін мәнерлі, өткір шебер тілмен өрнектеген және оларды белгілі бір стильдік мақсатпен ұтымды пайдаланған. Шығармаға ерекше реңк беріп тұрған - фразеологизмдер. Сонымен қатар шығарма тіліндегі пейзаждың, эпитеттің, теңеудің, метафора, метонимия, синекдоха, кейіптеу сияқты көркемдегіш тәсілдердің қолданылуы да молынан кездеседі.

Шығарманы талдау барысында:

183 фразеологизм табылып, 70 фразеологизм талдауға түсіп, мағынасы ашылды.

Slide 27

Балалы қатындарды көргенде іші жарылып кете жаздайды (“Ақбілек” романы, 146-бет) .

Іші жарылды - бұл жерде қатты қызғанды деген мағынада (585-бет І. Кеңесбаевтың ҚТФС) .


Ұқсас жұмыстар
Ғылыми мақалалардың түрлері
Курстық тақырып бойынша зерттеулер кезеңдері
Шешілмейтін алгоритмдер туралы түсінік. Алгоритм күрделілігі. Алгоритм түсінігінің функция түсінігімен байланысы. Алгоритмдік тіл және оны орындаушылардың сипаттамалары
Ойыншықтарға қойылатын гигиеналық талаптар
Ойыншықтарға қойылатын санитариялық - эпидемиологиялық талаптар
Балалардың жасына байланысты ойыншықтар
Шешілмейтін алгоритмдер туралы түсінік. Алгоритм күрделілігі
Жұмыртқа стандарты. Жұмыртқа классификациясы. Жұмырқаның сапалық көрсеткіштері. Жұмыртқаның микробиологиясы
Ойыншықтардың қауіпсіздігіне санитарлық бақылау
Зерттеуді сыни шолу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz