Қазақстанда кеңес өкіметі орнауының ерекшелігі



Қазақстанда кеңес өкіметі орнауының ерекшелігі.
Азаматтық қарсы тұру
1. 1917 жылғы қазан революциясы кезеңіндегі Қазақстан. Екінші бүкілқазақ съезі және Алашорданың құрылуы

Орындаған:
Бақтыбаева Назерке
Дефектология 2-курс

МАҚСАТЫ: Қазақстанда Кеңес
Өкіметінің орнауы мен
Алашорданың құрылуы және
азаматтық қарсы тұру жайлы
толық ақпарат беру.
ӨЗЕКТІЛІГІ: Қазақ зиялыларының бірігіп, Алашорданы құруы мен Алаш партиясының бағдарламасын жасауы мен қазақ халқының азаматтық қарсы тұруының өзіндік ерекшеліктері.

1917 жылғы 26 қазанда Петроградта өткен Кеңестердің Бүкілресейлік ІІ съезінде большевиктер барлық делегаттың үштен екі бөлігіне жетпейтініне, яғни -390 адам болғанына қарамастан, 690 делегаттың төрттен үш бөлігіне жуығы билік Кеңестердің қолына берілсін деушілер жағында болды: «Бүкіл билік демократияға берілсін» деген эсер-меньшевиктерге дауыстың 15 %-ы тиді, 7 %-ы «Коалиция»
ұранын қолдады.



Қазан революциясынан көп бұрын-ақ қазақтың ұлттық-демократиялық қозғалысының көсемдері өз бағдарламалық көзқарастарын Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы жайлы өз бағдарламалық көзқарастарын кеңінен насихаттаған болатын, ал қарулы күрес Петрогратта жеңіске жеткеннен кейін-ақ 1917 жылы 21 қарашада «Қазақ» газетінде Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Елдос Ғұмаров, Есенғали Тұрмұхамедов, Ғабдулхамид Жүндібаев және Ғазымбек Бірімжановтар құрастырған «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы жарияланды. Бағдарлама жобасында он тарау бар. Олардың әрқайсысына тақырыпша қойылған.

«Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы
Кейбір түсініктермен қазіргі қазақ орфографиясы бойынша берілген М. Құл-Мұхаммед нұсқасы

І Мемлекет қалпы
Россия демократиялық, федеративтік республика болу. (Демократия мағынасы-мемлекетті жұрт билеу. Федерация мағынасы-құрдас мемлекеттер бірлесуі. Федератиытік республикада әр мемлекеттің іргессі бөлек, ынтымағы бір болады. Әрқайсысы өз тізгінін өзі алып жүреді. )
Үкімет басында Учредительное собрание мен Г. Дума қалауынша кесімді жылға сайланатын президент болу. Президент халықты министрлер арқылы бағу, ол министрлер Учредительное собрание мен Г. Дума алдында жауапты болу.
Депутаттар тегіс, тең, төте һәм құпия сайлаумен болады. Сайлау хұқында қан, дін, еркек-әйел талғаусыз болу.
Законды жалғыз ғана Г. Дума шығару һәм Г. Дума үкімет үстінен қарап, ісін тексеру, запрос (сұрау) жасау хұқы да Г. Думада болу. Мемлекет салығы Г. Думасыз салынбау.

ІІ Жергілікті бостандық
Қазақ жүрген облыстардың бәрі бір байланып, өз тізгіні өзінде болып, Россия Республикасының федерациялық бір ағзасы болу, реті келмесе, бірден-ақ өз алдына жеке болу. Қайткенде де осы күнгі земстволықты қабыл алу.
«Алаш» партиясы қазақтың би, болыс, ауылнайлары сияқты орындарында қызмет ететін адамдар жқртқа пайдалы, жұрт үшін қызмет етерге көңілді адамдар болуына жаһид қылады. Земстволардың управаларында, милицияларында таза қызметші боларлық адамдардың атын халық қалауына салады.
«Алаш» партиясы әділдікке жақ, нашарларға жолдас, жәбірлерге жау болады. Күш-қуатын игілік жолына жұмсап, жұрт тараки ету жағына бастайды.

ІІІ Негізгі хұқық
Россия республикасында дінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей адам баласы тең болу.
Жиылыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлеуге, газет шығаруға, кітап бастыруға-еркіншілік:үкімет қызметшілері иесінен рұқсатсыз ешкім табалдырығын аттамаушылық; законсыз жолмен ешкімді үкімет адамдары ұстамаушылық; сот сұрамай, билік айтылмай тұтқын қылмаушылық; қылмысты болған адам судья бар жерде 24 сағат ішінде, судьясыз жерде бір жетіден қалмай судьяға тапсырылып, жабылса, судья үкімімен жабылу.
Кісі хатын ашқанға-айып, оқығанға жаза болу.

ІV Дін ісі
Дін ісі мемлекет ісінен айырулы болу. Дін біткенге тең құқық. Дін жаюға ерік. Кіру шығу жағына бостандық.
Муфтилік қазақта өз алдына болу. Неке, талақ, жаназа, балаға ат қою сияқты істер моллада болу, жесір дауы сотта қаралу.
V Билік һәм сот
Әр жұрттың билік пен соты тұрмыс ыңғайына қарау болу. Би һәм судья жергілікті жұрттың тілін білу. Аралас жерде соттың тергеу тексеруі һәм үкімі жергілікті жұрттың қай көбінің тілінде айтылу. Би һәм судья орнынан тергеусіз түспеу. Билік һәм сот жүзінде жұрт біткен тең болу; Құдайдан соңғы күшті би һәм судья болып, кім де болса, олардың үкііміне мойынсұну.
Айтылған үкім тез орнынан келу. Зор жазалы қылмыстар присяжный сотпен қаралу. Қазақ көп жерде сот тілі қазақ тілі болу. Присяжныйлар қазақтан алыну. Қырдағы ауыл, болыс ішіндегі билік пен сот жұрт ұйғарған ереже жолымен атқарылу.

VI Ел қорғау
Ел қорғау үшін әскер осы күнгі түрде ұсталмау. Әскерлік асына жеткен жастар жерінде үйретіліп, жерінде қызмет ету:әскер табына бөлгенде туысқан табына қарай бөлу. Әскерлік міндетін қазақ атты милиция түрінде атқару.
VII Салық
Салық әл-ауқат, табысқа қарай байға-ббайша, кедейге кедейше әділ жолмен таратылу.
VIII Жұмысшылар
Жұмысшылар закон панасында болу. (Қазақ жерінде завод-фабрика аз, сондықтан қазақтың жұмысшылары да аз. «Алаш» партиясы жұмысшылар турасында социал-демократтардың меньшевик табының программасын жақтайды. )

ІХ. Ғылым-білім үйрету
Оқу ордаларының есігі кімге де болса ашық һәм ақысыз болу:жұртқа жалпы оқу жайылу. Бастауыш мектептерде ана тілінде оқу; қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашу; оқу жолы өз алды автономия түрінде болу; үкімет оқу ісіне кіріспеу, мұғалімдер-профессорлар өзара сайлаумен қойылу, ел ішінде кітапханалар ашылу.
Х. Жер мәселесі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz