Абайдың көркем аудармалары
Презентация қосу
Абайдың көркем
аудармалары
Жоспар:
1. Абай аудармаларының көркемдік ерекшелігі және төл
әдебиетімізге тән сипаттары
2. Абайдың Пушкиннен аудармасы туралы. Аударылу
ерекшелігі
3. Абай және Лермонтов. «Қараңғы түнде тау қалғып»,
«Сұрғылт тұман дым бүркіп», «Қорқытпа мені дауылдан»,
«Жалау», «Жартас», «Көңілім менің қараңғы», «Шайтан»,
«Күнді уақыт итеріп» т.б. өлеңдерін түпнұсқамен салыстыра
талдау
4. Абайдың Крыловтан аудармалары
5. Абайдың аудармашылық жаңалығы
А.Пушкиннен аударған аудармалары: «Евгений
Онегин» үзінділер (1889ж)
Лермонтовтан аударған аудармалары: «Бородино»,
«Теректің сыйы», «Демон», «Жалау», «Жартас»,
«Қараңғы түнде тау қалғып» (Гете)
И.Крыловтан аударған аудармалары: «Қазаға
ұшыраған қара шекпен», «Шегіртке мен құмырсқа»,
«Бақа мен өгіз», «Піл мен қанден», «Есек пен бұлбұл»
т.б
Абайдың аударма саласына
арналған 15 жыл уақытында 50-ден
астам шығармаларды қазақ тіліне
аударған.
А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин»
атты әйгілі романынан 7 үзінді
аударған.
М.Ю.Лермонтовтан 30-ға таяу
шығарма, И.А.Крыловтан 12 мысал,
басқа авторлардан 7 өлең аударған.
Абай орыс әдебиетін 1882 жылдан бастап
аударған. Ең бірінші аудармасы - орыстың
атақты ақыны Лермонтовтың «Бородино» атты
патриоттық өлеңінен үзінді.
Ең соңғысы - «Вадим» атты Лермонтовтың
ұзақ әңгімесінің желісін, оқиғасын алып,
өзінше қысқартып жазған поэма.
Абай аудармаларын негізінде екі түрлі деуге болады.
Біріншісі — дәл аударма,
екіншісі — ерікті аударма.
Дәл аудармалары шумақ, бунақ, буын ұйқастарына қарай өзара
және екіге бөлінеді. Кейбір өлеңдерді аударғанда Абай шумағын
да, ұйқас түрлерін де берік сақтайды. Орыс өлеңдерінің ырғақ,
буындары қазақ өлең буындарына дәл келе бермейді. Өйткені
орыс өлеңі — тоникалық не силлабо-тоникалық өлең
құрылысына жатады да, қазақтікі — силлобикалық өлең
құрылысына жатады.
Абай аудармаларының жоғарыдағыдай үздік
болуының үш түрлі себебі бар:
1) өзінің үлкен таланттығы;
2) орыс тіліндегі өлеңдерде қолданылатын
сөздердің тек жай мәнін ғана емес, көркемдік
қасиеттерін терең ұғынуы;
3) қазақтың өз тіліне ақынның мейлінше
байлығы.
Түпнұсқада:
Душа моя мрачна! Скорей, певец, скорей!
Вот арфа золотая:
Пускай персты твой, промчавчейся по ней,
Пробудят в струнах звуки рая.
И если не навек надежды рок унес,
Они в груди моей проснутся,
И если есть в очках застывших капля слез —
Они растают и прольются.
Аудармада:
Көңілім менің қараңғы. Бол, бол, ақын!
Алтынды домбыраңмен келші жақын.
Ішек бойлап он саусақ жорғаласа,
Бейіштің үні шығар қоңыр салқын.
Егер сорым түбімен әкетпесе,
Керек қой көңілді үміт тебірентсе.
Қатып қалған көзімде бір тамшы жас
Төгілмей ме, бой жылып, ол да ерсе?!
Абай осы өлеңнің алғашқы сегіз жолын ғана аударған.
1933 жылға дейінгі жинақтарда «бол,бол ақын» «бұлбұл
ақын» болып басылып келген екен. Алғашқы
басылымдарда «Еврей күйі» деп берілсе, кейінгі
басылымдардың барлығында Лермонтовтан
деп қана беріліп жүр.
«Қараңғы түнде тау қалып» өлеңіндегі Абай дәл бере білген
тұстардан үзінді келтірсек:
Выхожу один я на дорогу:
Сквозь туман кремнистый путь блестит
Ночь тиха. Пустыня внемлет богу
И звезда со звездою говорит —
дегенді Абай былай аударған:
Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз,
Тасты жол жарқырайды бұға амалсыз
Елсіз жер тұрғандай боп хаққа мүлгіп,
Сөйлесіп, ымдасқандай көкте жұлдыз.
Абай өзінің аудармасында ақынның ойын, жан-сезімінің сәулесін,
құбылысын еркін түсініп жеткізіп бере алған. Мұнда «пустыня»
сөзін «елсіз жер» деп сәтті қолданған.
Абайдың ақындық толғамдарын саралап қарасақ, идеялық
мазмұн мен лирикалық тебіренісі тарапынан:
бірінші бағытта — халықтың тағдырын, заманның бет-
бейнесі өзекті орын алса,
екінші тарапта — халықтың мінез-құлқын түзету үшін ақыл
айту, яғни дидактикалық сарын және салт сипатындағы
тоғышарлықты мінеу, сатира әуені жатады.
Әуезов Абайдың Крыловтан аударған «Есек пен бұлбұл»,
«Қарға мен бүркіт», «Шегіртке мен кұмырсқа», «Піл мен
канден», «Түлкі мен қарға» атты 5 мысалын ерекше жоғары
бағалаған. Ал қалған 8 мысалды қатты сынап, оларды Абай
аудармасы болмауы мүмкін деген күдік айтқан. Бірақ, сөйте
тұра, Крыловтың 13 мысалын Абай аударған мысал-өлеңдер
ретінде өзі дайындап бастырған 1933 жылғы жинаққа, ақын
шығармаларының 1957 жылғы екітомдық толық жинағына
енгізген. Оның үстіне бұл мысалдар Абайдың 1909 жылы
Санкт-Петербургте жарық көрген тұңғыш жинағы мен
Мүрсейіт қолжазбаларында Абай аудармасы деп көрсетілген.
Назарларыңызға
рахмет!
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Абай және қазіргі заман: зерттеулер жинағы. – Алматы: Ғылым, 1994
2. М.Мырзахметов «Абай және Шығыс», Аламты «Қазақстан», 1994
3. Мұхтар Әуезов «Абайтану дәрістерінің дерек көздері», Алматы
«Санат» баспасы, 1997
4. Р.Н. Нұрғалиев, З.Ахметов, Л.М.Әуезов, Б.Г.Ерзакович Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атам ұра» баспасы, 1995
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz