Нәрестенің туа біткен патологиясын ерте анықтап алдын алу
Презентация қосу
Нәрестенің туа біткен
Тақырыбы:
патологиясын ерте анықтап алдын алу
Тексерген:
Орындаған
Факультет:Жалпы медицина
Курс: 5
Топ:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
а)Тексеру әдістері
1. Қорытынды
2. Пайдаланылған әдебиеттер
УДЗ – жүктіліктің барлық мерзімінде анықтауға
болатын және жоғары дәрежеде мәлімет беретін
зерттеу әдісі. УДЗ арқылы жүктілік мерзімін,
ұрықтың өсуін, жағдайын, ұрықтың жатырдағы
орналасуын, жатуын, даму ақауларын анықтайды.
12-14 аптада
22-24 аптада
32-34 аптада
1-тексеруде - жүктілердің қауіп-қатер
факторларын, тұқым қуалайтын ақауларын,
хромосомдық синромдарды және басқа да
тұқым қуалайтын ауруларды анықтау. Жүрек
соғысын, жүктілік мерзімін, болжама
салмағын тексеру.
2- тексеруде – ұрықтың анатомиялық нақты
баға беретін мерзімі 22-24 апта, тұқым
қуалайтын ақауларды, жүрек соғысын,
жүктілік мерзімін, болжама салмағын
3- тексеруде 32-34 апта. Жүктіліктің соңғы
мерзімінде пайда болатын ақауларды анықтау.
Жүктіліктің I триместрінде хромосома
құрылымын анықтайтын хорион биопсиясында
түсік тастау қаупі жоғары.Сондықтан жүктіліктің
II триместрінде плацентацентез және
амниоцентез қолданылады. Бұл әдіс тұқым
қуалаудың болжама патологиясын 3-4 күнде
анықтап береді.
Плацентацентез – плацента жасушасын алу
арқылы ұрықтың хромосомдық және генетикалық
құрылымын анықтау. Плацента негізі ұрық
жасушасынан түзілгендіктен өте көп ақпаратқа ие.
Бұл процедура жүктіліктің 16-20 аптасында
жүргізіледі. Плацентацентез ультрадыбыс арқылы
тек қана стационар жағдайында жасалады. Жіңішке
инені іш қуысына енгізіп, плацентаның аз бөлігін
алады, содан кейн 3-4 күн әйелдің және баланың
жағдайын бақылайды. Егер әйелде резус теріс, ал
жолдасында оң болса профилактика ретінде резус
сенсибилизацияның алдын алу үшін анти-резус
иммуноглобулин тағайындайды.
Көрсеткіштері:
- Жүкті әйел 35 жастан жоғары болса, жолдасының
45 жастан жоғары болуы.
- УДЗ-да тұқым қуалау белгілері анықталса
- Ата-анасының біреуінде хромосамалық аурулар
болғанда
- Туыстарында тұқым қуалайтын моногенді аурулар
болғанда (фенилкетонурия, муковисцидоз)
-Алдыңғы бала тұқым қуалайтын ақаумен ауырған
болса
- Анамнезінде түсік болған жағдайда, өлі
туылғанда, біріншілік аменорея, біріншілік бедеулік
-Жүктілікке қауіпті қоршаған ортада (радиоактивті
сәулелену, улану)
Қарсы көрсеткіштері:
- түсік қаупі болғанда
- іш терісінің қабыну ауруларында
- жатырдың алдыңғы қабырғасының миомасында
- созылмалы аурулар кезінде
- АҚТҚ ауырғандар
Асқынулары:
- Өздігінен түсік тастау
- Плацентаның бөлінуіне алып келетін қабырғалық
гематома пайда болуы
- жатырішілік инфекция
Амниоцентез – жүкті әйелдің құрсақ қуысына
жіңішке инені енгізу арқылы амниотикалық
сұйықтықты зерттеу. Бұл әдіс бала жайлы толық
ақпарат алуға мүмкіндік беретін кіші хирургиялық
операция.
Орындалуы: Манипуляция жайлы түсіндіру.Әйелге ауру
сезімін басатын дәрі енгізеді. Дәрігер әйелдің
құрсағына инені қиғашынан нәресте мен кіндік бауына
тигізбей, қағанақ суының көп мөлшерде жиналған
жеріне енгізеді. Процедура УДЗ бақылауымен
жүргізіледі. Амниоцентез жүктіліктің 16-18 аптасында
жүргізіледі. Яғни бұл уақытқа дейін қағанақ суы
зерттеуге жеткіліксіз мөлшерде болады. 15-16 апталық
жүктілікте баланың хромосомалық аномалияларын,
соның ішінде көбіне Даун синдромын анықтауда өте
маңызды.
Әйел жасы 35 жастан жоғары болғанда
Жанұялық анамнезінде нерв түтігінің
аурулары болғанда (миеломенингоцеле,
энцефалоцеле)
Туа пайда болған метаболизм бұзылыстары
(бұлшықеттік Дюшен дистрофиясы, Гоше
ауруы)
Анамнезде түсік тастау болғанда (3 ден
артық)
Амниоредукция (көп сулылық)
Анамнезінде-лапоратомия жасалған болса
Жатыр ісігі болғанда
Созылмалы аурулардың өршуі кезінде
Жүктіліктің үзілу қаупінде
Амниопункциядан ерекшелігі – хорион биопсиясы
ұрықтың туа пайда болатын ауруын жүктіліктің ерте
кезеңінде анықтайды. Гендік және хромосомалық
ақаулықтардан дамитын бұзылыстардың барлығы
хорион биопсиясы арқылы анықталады деп
есептеледі. Бұл әдіс ары қарай осы бұзылыстар мен
жатырдағы бұзылыстардың да емін және
коррекциясын жүргізуге мүмкіндік береді.
Хорион биопсиясы арқылы Тай-Сакс синдромын,
муковисцидоздың кейбір түрлерін, талассемия және
Даун синдромын анықтайы. Зерттеу көрсеткіштері
тура амниопункция тәрізді, тек хорион
биопсиясында ұрық өкпесінің дамуын
анықтамайды. Бастапқыда хорион биопсиясын
қынап арқылы және жатыр мойыны арқылы
алынған болса, қазіргі кезде құрсақ қуысының
қабырғасы арқылы да алынады. Мойын
биопсиясында жүкті әйел операция үстеліне
жатады, жатырға қынап арқылы жіңішке ұзын
инені енгізеді. Удз арқылы бақылайды. Құрсақ
биопсиясы да дәл осындай. Инені енгізу орны
антисептикпен өңделеді, ауру сезімін басатын дәрі
енгізеді .
Доплерография – ұрықтың қанайналым
жүйесін, кіндік тамырын және жатыр
қантамырларының жағдайын анықтайды.
Нақтты мәліметті 20-24 аптада аламыз.
Доплерографияға міндетті көрсеткіш:
Жүктілік мерзімі мен ұрық өлшемдерінің
сәйкес келмеуін, ультрадыбысты өзгерістер
болғанда, қағанақ суының аномальды
мөлшері, плацентаның патологиялық және
ерте жетілуі, анасының фондық ауруы (АҚ
өзгеруі, қант диабеті, анемия,бүйрек ауруы)
КТГ – Жатырдың тонусы мен ұрықтың
жүрек соғуының жиырылуын анықтайтын
аспап.
Қазіргі таңда перинаталды және ерте
балалар өлімінің, мүгедектіктің
көрсеткішінің де өсуі байқалады. Осындай
жайттар орын алмас үшін диагностикадан
емге дейінгі әр кезең аса маңызды боліп
табылады.Балалар өлімінің алдын алу үшін
өз кезегінде алдын алу шараларын жүргізу
керек.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz