Етістіктің лексика - грамматикалық категориялары



Дәріс сабағының тақырыбы:
Етістіктің
лексика - грамматикалық категориялары

Сабақтың мақсаты:
Етістік категорияларының / тек білдіретін мағыналарына қарай ғана емес, түрлену ерекшеліктеріне де қарай / ерекшеліктерін меңгере отырып, оның лексика-грамматикалық категориялары мен түрлерін / салт-сабақты, етіс, болымды, болымсыз етістік, қимылдың өту сипаты /, әрқайсысының өзіне тән грамматикалық сипатын талдап, ажырата білу.

Сабақтың мақсаты:
Етістік категорияларының / тек білдіретін мағыналарына қарай ғана емес, түрлену ерекшеліктеріне де қарай / ерекшеліктерін меңгере отырып, оның лексика-грамматикалық категориялары мен түрлерін / салт-сабақты, етіс, болымды, болымсыз етістік, қимылдың өту сипаты /, әрқайсысының өзіне тән грамматикалық сипатын талдап, ажырата білу.


Қарастырылатын мәселелер:
Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары
2. Сабақтылық-салттылық категориясы
3. Етіс категориясы, мағыналық және тұлғалық сипаты
4. Болымдылық және болымсыздық категориясы
5. Қимылдың өту сипаты категориясы
а) Қимылдың жасалу тәсілдері мен берілу жолдары
ә) Қимылдың даму сатысы

Қимылдың өту сипаты категориясы
Өмірде қимыл түрлі тәсілмен жасалады, тілде қимылдың түрліше жасалуы түрлі тәсілдер арқылы білдіріледі.
Мысалы, Жалт қарап еді, есінен тана жаздады (Б. А. ) . Дегенмен, Нүрке шыдап бақты (Ғ . Е. ) . Хадиша бұл сезімді мақұл көріп, жабыса кетті (З. Ш. ) . Мен де шықшыттан періп кеп жібердім (С. Е) . Маржанның ойлы бейнесі көз алдына қайта-қайта келе берді (Ж. Ж) .

Қимылдың жасалуындағы осындай алуан түрлі ерекшеліктерді дәлме- дәл көрсететін қазақ тілінің грамматикалық құрылысындағы арнайы категория қимылдың өту сипаты категориясы деп аталады. Оның қалыптасқан көрсеткіштері бар.


Қимылдың өту сипатын жасайтын жұрнақтар:
1) -ла, -ле, -да, -де, -та, -те жұрнағы түбір етістікке жалғанып, оған қайталану мәнін қосады. Мысалы: бүркеле, сипала, қажала, сүйреле, сабала.
Оны мына мысалдардан анық көруге болады: Жан-жағын сипалап, бірдеме іздегендей көрінді (Т. Ә. ) .

2) -қыла, -кіле (-ғыла, -гіле) жұрнағы да қимылдың қайталануын білдіреді: атқыла, жұлқыла, шапқыла, тепкіле, кескіле, түрткіле, соққыла, сілкіле, езгіле, созғыла т. б.
Мысалы:Темірді киізден оңай тілгілеген көп станок (Ғ. Мұст. ) . Жүруші еді шапқыласып ойнап-күліп (Т. Ж. ) . Баланы алып, бізді баққан екен-ау!-деп, көк атты тепкілей берді (М. Ә) .

3) -мала, -меле (-бала, -беле,
-пала, -пеле) жұрнағы да қимылдың қайталана созылуын білдіреді: қазбала, қақпала, итермеле, көтермеле, тізбеле т. б.
Мысалы: Біріне-бірі сөз қосып, бірінен-бірі сөзді жұлып алып, бірін-бірі күймелеп, бірін-бірі итермелеп, үй толы жан бәрі сөйледі (Ғ. М. ) .

4. -ғышта, -гіште (-қышта, -кіште) жұрнағы да қимылдың қайталануын білдіреді, бірақ қимылдың сәл бәсеңдігі байқалады: барғышта, келгіште, түйгіште, қойғышта т. б.
Мысалы, Баланы түйгіштеп, сүйрей жөнелді (Ж. Т. ) . Біздің үйге тым келгіштеп кетіп еді, ниеті енді белгілі болды (С. М. )

5. -ыңқыра, -іңкіре(ңқыра, -ңкіре) қимылдың жалғаса түсуін білдіреді:сұраңқыра, алыңқыра т. б.
Мысалы: Уақытты созыңқырай түс, бәрі орнына келеді (С. Е) . Мұның үстіне қосыңқырасаңшы, тым аз ғой (С. Ж) .

6. -сы, -сі (-сын, -сін) жұрнағы жасалған қимылды жасаған боп көрінуді білдіреді: білгенсі, жазғансы, ұялғансып отыр. білгенсініп, жымиғансынып қарады. Бұл жұрнақ есім сөзден туынды етістік жасағанда да осы мағынаны көрінгісі келеді т. б.

7. -ымсыра, -імсіре(-мсыра, -мсіре) қимылдың жетімсіз, әлсіз екенін білдіреді:жыламсыра, күлімсіре, өлімсіре. Мысалы, -Мені ала кетші, -деді ол жыламсырап (С. М) . Күлімсіреп келе жатқан қыз менің курстас досым болып шықты (Ж. Ж) .


Қимылдың жасалу тәсілдері мен берілу жолдары
-а жазда
-а жаздап
барып
қалды
Жетімсіз
қимыл
тәсілі
Жетімсіз
қимылды
білдіретін
аналитикалық
форманттар

Бұл форманттар қимылдың жартылай жасалып, аяғына жетпей тоқталуын білдіреді.
Мысалы, Қайық бұлталаңдағанда ауып қала жаздайды(Ғ. М) .
Қыз отқа құлай жаздап, әрі шошып, әрі ашуланып булыға жаздады (М. Ә) .

2. Қимылдың немқұрайды жасалу тәсілі
Мысалы, Басына қап сияқты бірдемені жаба салды (М. Ә) . Менікі әншейін жол қысқарту үшін айта салған қалжың ғой (Ғ. М) . Әуелде тек баспана етіп кіре салған шым қоралардың арасынан кірпіш үйлер көтерілген (Ғ. М) .

3. Қимылдың кенеттен, күтпеген жерден жасалу тәсілі
Мысалы, Әлгі ілмиген сары жігіт тағы ұшыраса кетті (С. Сейфуллин) .
Коридор бойымен бұрыштағы өз бөлмесіне өтіп бара жатқанда, қарсы алдынан кенет Нұрғайша жолыға кетті (Р. Тоқтаров) .

4. Қимылдың тездік тәсілі
Мысалы, Анар жаны шығып кеткендей дауыстап жіберді(З. Ш. ) . Қалдыбек арсалаңдап үйге жүгіріп келіп, Қаншайымның қасына отыра қалды (С. Мұр. ) . Қалған уақытта бағың ашылсын, балам!-деді де, жанындағы жастыққа қисая кетті (А. М. ) .

5. Созылыңқы қимыл тәсілі

Мысалы, Әкесін жиі мазалай берді(С. М. ) . Тәңірберген ширыға түсті (Ә. Н. ) .
Не үшін өлгендеріңді еңбекші тап айта жүрер (СС. ) .

6. Қимылдың жасандылық тәсілі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz