Шылау Жалғаулықтар Септеуліктер Демеуліктер


Slide 1

шылау

Slide 2

Балаға тең көрінер бай мен кедей (Торайғыров) .

Болар ма сондай қызық шақ (Абай) .

Біз үшін отқа, суға түсіп жүр деп (Торайғыров) .

Өзі де, баласы да үндемейді (Мүсірепов) .

Мына хабар шыққаннан бері, өзінен шоши бастады (Майлин) .

Ушаковтың отызға тарта қазақ зерттеушілері бар (Мүсірепов) .

Slide 3

Шылаудың өзіндік ерекшеліктері:

Контексте толық лексикалық мағыналы сөздердің жетегінде

қолданылып, оған әр түрлі грамматикалық мағына үстейді;

Шылаулар сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді сабақтастыра

не салаластыра байланыстырады;

Шылау сөздердің толық лексикалық мағынасы болмайды;

Жеке сөйлем мүшесі бола алмайды;

Шылаулар түрленбейді, басқа сөз таптарынан жұрнақ арқылы

жасалмайды. Олар лексикалық мағынасынан айырылу негізінде

қалыптасқан көмекші сөздер.

Slide 4 Slide 5

Жалғаулықтар

Лексикалық мағынасы жоқ, сөз бен

сөзді, сөйлем мен сөйлемді

байланыстыратын сөздер

Slide 6

Құлақтан кіріп бойды алар, Жақсы ән мен тәтті күй (Абай) .

Әй, ол жеңер сені, себебі келешек онікі ғой (Мұқанов) .

Slide 7

Ыңғайластық жалғаулықтар: мен (бен, пен),

және, да, де, та, те, әрі.

Талғаулықты жалғаулықтар: әлде, біресе,

не, немесе, болмаса, я, яки, кейде.

Салдарлық жалғаулықтар: сондықтан,

сол себепті,

Шарттық жалғаулықтар: егер, онда.

Қарсылықты жалғаулықтар: бірақ, алайда,

дегенмен, әйтпесе, сонда да, әйткенмен.

Себептік жалғаулықтар: себебі, өйткені,

неге десең.

Ж

А

Л

Ғ

А

У

Л

Ы

Қ

Т

А

Р

Slide 8

Ыңғайластық жалғаулықтар

Байлық қанағат пен еңбекте (Алтынсарин) .

Сені ойда орыс, қырда қазақ түгел біледі және сыйлайды (Әуезов) .

Бұл жиында Ызғұтты, Жақып сияқты үлкендер және баладан Құдайберді, Абай бар (Әуезов) .

Сіздің қолыңыз босай қоймас және босағанмен бұл жұмыс сізге ауыр тиер (Әбішев) .

Slide 9

Қазақ тілі әрі бай, әрі көркем тіл (Әуезов) .

Жатақтың бала-шағалары мен кәрі-құртаңдары әдемі ат мінген жігітке әрі таңданып, әрі жатсырап қарайды (Мүсірепов) .

Әбіштің сөздерінде әрі саясаттық шеберлік бар, әрі Семейдің үркек, қорқақ чиновниктерін сескендіру де бар (Әуезов) .

Slide 10

Өзі де, баласы да үндемейді.

Өмірдің ащысын да, тұщысын да көрген жан.

Жаза да алады, сөйлей де алады.

Жойқын жұрт ерінбейді де жалықпайды (Мүсірепов) .

Арбаға урядник пен Елизавета қатар отырыпты да, Быков көшірдің қасына орналасыпты (Мүсірепов) .

Одан арғыны Игілік айтқан да жоқ, қасындағылары сұраған да жоқ (Мүсірепов) .

Slide 11

Степан қанша түсіндірсе де, шанаға ешқайсысы мінген жоқ (Мүсірепов) .

Қайшылығы бола тұрса да, ол тамаша адам еді (Сәрсенбаев) .

Slide 12

Қарсылықты жалғаулықтар

Әрине, көп үй мәселесі оңай шешілген жоқ, бірақ оңай шешілмеуінің өзінде үлкен дұрыстық бар еді (Мұстафин) .

Бірақ осы соңғының саны көп емес, хабары да анық, толық дәл де емес (Әуезов) .

Аласа, тақыр, бірақ тығыз бетегемен жайнаған. Арқаның қоңыр желіндей жай жылжып, бірақ кең жайылып тарады (М. Ә. ) .

Slide 13

Талғау мәнді жалғаулықтар

Әлде көштен қалғандықтан ба, әлде Жабайға жаны ауыра ма, әйтеуір жүзінде едәір қуаңдық бар (Мүсірепов) .

Кейде бұзақылыққа, кейде дұрыстыққа еріп кететіндігі бар (Мүсірепов) .

Не билікті, не ауылнайлықты бермей отыр (Шәріпов) .

Біресе Ақжелкеге, біресе тілмашқа кезек-кезек, жалтақ-жалтақ қарайды (Әуезов) .

Slide 14

Себеп мәнді жалғаулықтар

Ешкім үндемейді, өйткені бұндағы кісілердің бәрі де қарт әйелдің дауысын білетін (Нұрпейісов) .

Slide 15

Салдар мәнді жалғаулықтар

Ал мынау өз бетімен тәрбиеленген, сондықтан ол қисық болып өскен (Алтынсарин) .

Slide 16

Шарт мәнді жалғаулықтар

Сонау бақша ішінен табылармын, Егер мені іздесең көңіліңе алып (Абай) .

Slide 17

Септеуліктер

Сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді

бірін екіншісіне бағындыра, яғни

сабақтастыра байланыстырып, өзінің

алдында тұрған толық мағыналы

сөздердің белгілі бір тұлғада тұруын

талап етіп, әр түрлі грамматикалық,

мезгілдік, мекендік, мақсаттық

қатынастарды білдіреді.

Slide 18

Екіншісі - септеулік

шылаудың біразы

бағыныңқы сөйлемнің

баяндауышы құрамында

келеді де, сабақтас құр-

маластың бағыныңқы

сыңары мен басыңқы

сөйлемді мезгілдік,

мақсаттық, септік қа-

тынаста байланыс-

тырып тұрады

Біріншісі - түбір я

белгілі септік тіркесіп

келіп, оларды екінші

сөзге сабактастыра

байланыстырады.

сөйтіп барып, мезгілдік

мекендік, амалдық,

себептік, мақсаттық

қатынастағы сөз тір-

кесін тудыруға

дәнекер болады

Септеулік шылаулар сөйлемде

екі түрлі қызмет атқарады

Slide 19

Түбір, я негіз тұлғалы сөзбен тіркесетін

септеуліктер

Шығыс септігіндегі сөзбен тіркесетін

септеуліктер

Барыс септікті сөзбен тіркесетін

септеуліктер

Көмектес септікті сөзбен тіркесетін

септеуліктер

С

Е

П

Т

Е

У

Л

І

К

Т

Е

Р

Slide 20

Түбір, я негіз тұлғалы сөзбен тіркесетін

септеуліктер:

үшін, сайын, сияқты, секілді, сықылды,

тәрізді, туралы, турасында, арқылы,

бойы, бойымен, бойынша, жайлы,

шамалы, шақты, қаралы.

Slide 21

Балалары айран-шалап үшін әлді ағайынға жалшыға кетіпті (Әуезов) .

Көтеріп көптің көңілін күнде шауып,

Жүлде алар жұма сайын туды күнім

(Жансүгіров) .

Біз бұл сияқты бұйрық жарияланатынын білгеніміз жоқ (Әуезов) .

Ежелгі салт, машық бойынша бұл өңірдегі ағайын Зере отырған үйді жатсынған жоқ (Әуезов) .

Slide 22

Барыс септіктегі сөзбен тіркесетін

септеуліктер:

Дейін, шейін, қарай, таман, салым,

тарта, жуық, таяу

Slide 23

Рақымбайға шейін, күн шартылдап жай түскеннің артындағыдай құп-қу болып, есеңгіреп қалған сияқты (Әуезов) .

Назыкеш ұзай берген соңғы бір көшке қарай шауып кетті (Мүсірепов) .

Ушаковтың отызға тарта қазақ зерттеушілері бар (Мүсірепов) .

Slide 24

Шығыс септіктегі сөзбен тіркесетін

септеуліктер:

гөрі, бері, кейін, соң, бұрын, бетер .

Slide 25

Желі бойындағы жылқылардың биелерінен гөрі жарау семіз, саяқ аттары көп (М. Әуезов) .


Ұқсас жұмыстар
ДЕМЕУЛІК ЩЫЛАУЛАР
Дос пейілді достық үйлері
Септеулік шылаулар
Шылаулар Шылау сөздер
Бердібек жазушылары
Нәтиже сабақ. Қазақ балалар әдебиетінің жазушылары
Дауыстыдан Дауыссыздан кейін
ОҚУШЫЛАРДЫ ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУГЕ ДАЙЫНДАУ ЖҮЙЕСІ
Сөз таптары туралы мәселенің тіл білімінде қойылысы
СӨЗ ТІРКЕСТЕРІНІҢ БАЙЛАНЫСУЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz