Қабыну процесстерінің биохимиясы


Slide 1

Қабылдаған: Шалхарова Ж. Н.

Орындаған: Әскербеков А.

Тобы: ЖМ - 520

Slide 2

Жұмыстың мақсаты:

Топтағы студенттерге қабынудың даму механизмін, биохимиясын, қабынуға қарсы препараттар туралы мәлімет беру.

Slide 3

Жұмыстың өзектілігі:

Қабыну кезінде жүретін негізгі процесстерді түсіндіріп, қабынудың құрам элементтерін білу, оған тиімді әсер ететін препараттарды анықтау.

Slide 4

Жоспары:

Кіріспе

Қабыну процессі туралы түсінік, сатылары

Негізгі бөлім

Қабынудың дамуы, жасушалық, гуморалдық медиаторлар

Әсер ету механизмдері

Қорытынды

Slide 5

Қабыну

Организмнің әртүрлі сыртқы немесе ішкі патогендік әсерлер нәтижесінде дамыған, жергілікті бүлінуге жауап ретінде дамитын, микроциркуляциялық арналардың, қан жүйесінің бұзылыстарымен және жасушалардың пролиферациясымен сипатталатын, стереотипті, қозғаушы-бейімдеуші реакциясы.

Slide 6

Қабынудың сатылары

Slide 7

Бастапқы альтерацияның нәтижесінде қан жасушалары (тромбоциттер, эозинофильдер, нейтрофильдер, базофильдер, моноциттер, лимфоциттер) және мес жасушалары іштеріндегі белсенді заттарын, түйіршіктерін сыртқа шығарады. Осыдан жасуша аралық кеңістікте биологиялық белсенді заттар көбейеді. Оны қабынудың медиаторы деп атаймыз. Олар айналасындағы сау жасушалардың бүліністеріне әкеледі.

Салдарлық альтерация тіндерге лизосомалық ферменттердің және биологиялық белсенді заттардың әсерінен дамиды

Slide 8

Қабыну процессіне қатысатын медиаторлар

Slide 9 Slide 10 Slide 11

Гистамин

Мес жасушаларда немесе лаброциттерде гепаринмен және химазамен байланысқан активсіз түрде болады.

Бос күйінде ол ұсақ тамырларға, қабырғаларының өткізгіштігін арттырып, кеңітетін әсер етеді.

Аз мөлшерде артериолдарды кеңітеді.

Көп мөлшерде венулаларды жиырады.

Гистамин мес жасушаларының, базофильдердің дегрануляциясы кезінде бөлінеді.

Slide 12

Серотонин

Ол тромбоциттерде, ішектің шырышты қабығының қою боялатын жасушаларында, мидың кейбір құрылымдарында болады.

Slide 13

Гепарин мес жасушалары мен базофильдерден босайды. Ол қылтамырлардың ішкі қабаттарында фибриннің құрылуына бөгет жасайды, қан ұюын тежеп, гистаминді байланыстырып, қабынуға қарсы ықпал етеді.

Фагоциттердің катиондық нәруыздары тамыр қабырғаларының өткізгіштігін көтереді, зат алмасуды күшейтеді және бактерияларды жоятын әсер етеді.

Slide 14

Цитокиндер

Макрофагтарда, лимфоциттерде өндірілетін пептидтер қабыну медиаторлары болып саналады.

Қабыну кезінде макрофагтардың миграциясын тежейтін фактор, макрофагтарды әсерлендіретін, хемотаксистік фактор, интерлейкиндер мен интерферондар, өсу факторлары өте маңызды.

Slide 15

Простагландиндер

Жасуша мембраналарының фосфолипидтерінен құрылады.

Қантамырларын кеңітеді, эксудацияға, хемотаксиске әкеледі, қан ұю үрдістерін кейде қарама қарсы бағыттарда өзгергертеді.

Slide 16

Простагландиндердің биологиялық әсері

Простагландиндер

Әсерлері

ПГЕ2, ПГД2, ПГJ2

Қан тамырларды, бронхтарды кеңітеді, қабынуға ұшыраған жасушалардың қызметін әлсіретеді

ПГF2

Қан тамырларды кеңітіп, бронхтарды жиырады

ТxА2

Қантамырлар мен бронхтарды жиырады, қабынуға ұшыраған жасушалардың қызметін арттырады

Slide 17

Лейкотриендер

Лейкотриендер

Әсерлері

ЛТВ4

Лейкоциттердің хемотаксисін туындатады, фагоцитозды күшейтеді, майда тамыр қабырғаларының өткізгіштігін көтереді.

ЛТС4, ЛТД4, ЛТЕ4

Тегіс ет жасушаларын жиырады, тыныс алу жолдарын тарылтады, майда тамырлардың өткізгіштігін көтереді.

Slide 18

Қабынуға ағзаның жалпы серпілістері

Қабыну әсерінен болған тін бұзылысына ең алдымен нейтрофильдердің эмиграциясы болады. Олар қабыну ошағында фагоцитоздық қызмет атқарады. Бұл кезде олардан босап шығатын протеазалар мен оттегінің бос радикалдары жасушалар мен жасушааралық құрылымдардың салдарлық алтерациясын туындатады.

Slide 19

Артынан 3-6сағаттан соң жара қабыну ошағына моноциттер мен Т және В лимфоциттері шоғырланады. Осыдан иммундық жауаптың басталуы болады. Бұл кезде бір ядролары фагоциттер мен иммундық қабілетті жасушалардың өзара әрекеттесуі олардан бөлініп шығатын цитокиндердің қатысуымен іске асады. Цитокиндер бұл жасушалардың сыртқы беттеріндегі оларға арнайыланған рецепторлармен байланысады. Қабынуға қатысатын жасушалардан бөлініп шыққан цитокиндер, жұқпаға қарсы иммунитет жүйесін біріктірумен бірге, организмның меншік тіндерін бүліндіреді немесе олардың қалыптыдан ауытқып кетуіне әкеледі. Осыдан организм гомеостазының елеулі бұзылыстарына әкелетін кез келген бүліндіргіш ықпал, жергілікті қабыну туындатумен қатар, өте маңызды қорғаныстық және реттеу жүйелерінің қатысуымен дамитын организмнің көптеген жүйелік процесстеріне әкеледі.

Бұндай серпілістер жедел кезеңдік жауап деп аталады.

Slide 20

Цитокиндер

ИЛ-1дің негізгі өндірушілері - моноциттер мен макрофагтар, сонымен қатар В-лимфоциттер, дендриттік жасушалар, нейтрофилдер, лангерганс жасушалары, глиалдық, эндотелиалдық және синовиалдық жасушалар, фибробласттар, тері мен тимус эпителий, дақылда - Т-лимфоциттердің кейбір клондары болып келеді. Моноциттер мен макрофагтардың ИЛ-1-ді өндірулерінің шарты-ИНТЕРЛЕЙКИН-1 (Адамның хромосомаларының 2-ші жұбы) .

Slide 21

ИЛ-1 1972 ж. Төменгі концентрациядағы митогендермен әсерлесіп тимоциттердің көбеюін қоздыруға қабілетті фактор ретінде табылған.

ИЛ-1дің тектерін клондауы біртекті белсенділігі бар екі түрлі белок бар екенін көрсетті:ИЛ-1а және ИЛ-1в. Олардың молекулалық салмақтары 15 000-17 000Д сапалық көрсеткіштері ұқсас және екеуі де иммундық жауап пен қабынудың эффекторлық фазасының негізгі цитокиндері болып келеді, бактериалдық және басқа өнімдермен қоздырылу

ИЛ-1-дің өнімінің ингибиторларына простагландин Е2, глюко-кортикоидтар, цАМФтың деңгейін жоғарылататын факторлар, GTF-b және retijoic acid жатады

Slide 22

Нысана жасушалары

Биологиялық әсерлер

Жетілген Т-лимфоциттер

Т-лимфоциттердің антигентану рецепторлары арқылы Тх2 пролиферациясын қоздыру

Жетілген В-лимфоциттер

Олардың плазматикалық жасушаларға айналуын, көбеюін және иммуноглобулиндерді өндіруін қоздырады.

Бастауыш В-лимфоциттер

Беткері IgM жетілуі мен экспрессиясын қоздырады

NK-жасушалары

Цитотоксикалық әсерін күшейтеді, ИЛ-2-ге арналған рецептордың экспрессиясын, ИЛ-2 және IFN-y өнімін қоздырады

Макрофагтар

Фагоцитозды, хемотаксисті, цитотоксикалықты белсендіреді; супероксиданттардың генерациясын шақырады, МНСІІ класс антигендерінің экспрессиясын жоғарылатады, ИЛ-1, ИЛ-6мен ІНФ өнімін қоздырады

ИЛ-1дің нысана жасушаларға көрсететін

биологиялық әсері

Slide 23

Нейтрофилдер

Хемотаксис пен дегрануляцияның күшеюі, супероксиданттардың қозуы

Фибробласттар

Коллагеназа, стромелизин, ИЛ-6және Г-КСФтын көбеюі мен секрециясын шақырады, циклооксигеназа синтезінің нәтижесінде

Кератиноциттер

Басқа цитокиндердің, мысал үшін -ИЛ-6, өнімі мен көбеюін қоздырады.

Эндотелиалдық

Жасушалар

Көбеюін қоздырады, беткері эндотелиалдық антигендердің экспрессиясын өзгертеді, TNF (ісік некроздаушы фактор) өнімін және адгезия молекулаларының экспрессиясын күшейтеді

Остеокласттар

Сүйек резорбциясына себеп болатын протондық помпаны күшейтеді

Хондроциттер

Шеміршектің бұзылуына және протеогликандардың бөлінуіне әкелетін металлпротеазалардың өнімін жоғарылатады.

Гепатоциттер

Жедел фаза белоктарының өнімін қоздырады, альбуминдердің синтезін төмендетеді, комплементтің С3-компонентінің өнімін жоғарлатады

Гемопоэтикалық бағаналы жасушалар

ГМ-КСФпен бірігіп көбею мен пісіп жетілуді қоздырады

Базофилдер мен мес жасушалары

Гистаминнің босатылып шығыуын қоздырады

Ұйқы безінің жасушалары

Лангерганс аралшалардың в-жасушаларының жойылуы

Ісік жасушалары

Жасушалардың жойылуы

Slide 24

Цитокині

Қабыну серпілісіне қатысуы

ИЛ-1

Прокоагуляттық активтілікті күшейту және тамырлардың өткізгіштігін жоғарылату (жергілікті гипермияға, тромбозға және стазға, ісіну мен клеткалық инфильтраттарға әкелетін қанның сұйқтығының және формалық элементтерінің сыртқа шығуына жағдай жасалады), тамырларды кеңейту, адгезия молекулаларының экспрессиясын, макрофагтардың, нейтрофилдердің және Т-лимфоциттердің хемотаксисін күшейту, және азот оксидінің, монокиндердің және простагландин Е2-нің қалыптасуын күшейту, Т-және В-лимфоциттерді костимуляциялау, сүйек пен шеміршектің резорбциясы. Миелопоэзді белсендіру (нейтрофилдік лейкоцитоз), дене температурасын жоғарылату, жедел фазасының ақуызының синтезін күшейту

ІНФ-а

Тамырлардың кеңеюі, адгезия молекулаларының экспрессиясының күшеюі, ангиогенезді белсендіру, липидтердің катаболизімінің күшеюі, макрофагтар мен нейтрофилдердің белсенуі, монокиндер мен Е2 простагландинінің өндірілуінің жоғарылауы, және азот оксидінің қалыптасыуы, жасушалардың жойылуы (апоптоз), Т-лимфоциттердің костимуляциясы, миелопоэздің реттелуі. Септикалық шоқты негіздейтін гуморалдық фактор.

Қабынудың дамуындағы цитокиндердің маңызы

Slide 25

ИЛ-6

Жедел фаза белоктарының өндірілуін күшейту, Т-және В-лимфоциттердің костимуляциясы, макрофагтарды қоздырады, өнімін және адгезия молекулаларының экспрессиясын күшейтеді. Қабынулық цитокиндер мен простагландаин Е2 секрециясын тежей отырып қабынуға қарсы әсер көрсетеді. Нейтроэндокриндік жүйеге әсер етеді, қызба мен АКТГ өніміне әкеледі. АКТГ өнімін жоғарылата түсіп, ИЛ-6стрестік серпілістердің, соның ішінде глюкокортикоидтердің тежегіш әсерімен байланысты, қалыптасуына қатысады.

ГМ-КСФ

Миелопоэзді белсендіру, нейтрофилдерді, макрофагтарды қоздыру, Т-лимфоциттердің костимуляциясы. Ангиогенезді, жедел фаза белоктарының өнімін, нейтрофилдер мен макрофагтардың хемотаксисын күшейтеді.

Г-КСФ

Гранулоцитозды белсендіру, нейтрофилдерді қоздырады, өнімін күшейтеді.

М-КСФ

Моноцитопоэзді белсендіру және макрофагтарды қоздыру.

ИЛ-12

Тх1 қалыптасуына және Т-БАС жасушаларының қалыптасуымен иммундық қабынудың дамуына ықпал етеді.

INF-y

Макрофагтарды белсенді түрде қоздыру, МНС молекулаларының экспрессиясын және адгезия молекулаларының экспрессиясын күшейту, және азот оксидінің қалыптасуын қоздыру (бас қоздырушысы) .

ИЛ-4

Адгезия және МНС молекулаларының экспрессиясын күшейту. Азот оксидінің қалыптасуын күшейтеді, аллергиялық қабынуды демейді, оның негізгі факторы, БАС-ты тежейді.

а-хемокиндері

Нейтрофилдердің хемотаксисі мен белсенуі, ангиогенез стимуляциясы, азот оксиді мен суперрадикалдардың өнімін күшейту, макрофаг/моноциттердің, эндотелиалды жасушаларының, фибробласттардың және мес жасушаларының хемотаксисі.

В-

Макрофагтардың, эозинофилдердің, мен

Slide 26

Спецификалық нәруыздар

Қабынудың жедел кезеңінде нәруыздар бөлінеді.

С реактивті белок

Сарысулық амилоид А

Фибриноген


Ұқсас жұмыстар
БЕДЕУЛІК ЖӘНЕ ҚЫСЫР ҚАЛУ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ
Балалардағы калькулезді холециститтердің клиникасы,диагностикасы және консервативті емі
Биохимия және органдар биохимиясы
Органдар биохимиясы ІІ
Қан плазмасының ақуыздары
СОЗЫЛМАЛЫ ПНЕВМОНИЯ
Жүйке тінінің биохимиясы
Бұлшықет тінінің биохимиясы
ҚАБЫНУҒА ҚАРСЫ ДӘРІЛІК ЗАТТАР
Микробиологияның шығу тегі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz