Зерттеу мақсаты


Slide 1

Мәтін түрлерін ажырата білуге дағдыландыру, мәтінді әңгімелегенде сөйлемдердің мағыналық байланысына қарай ретімен әңгімелеу дағдыларын қалыптастыру. Оқушылардың сөйлеу, әңгімелесу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге баулу.

Зерттеу мақсаты

Slide 2

Оқу

іштен оқу

дауыстап оқу

2-сынып

30-35 сөз

2-сынып

40-45 сөз

Slide 3

Сауат ашу кезеңінде дауыстап оқу жүзеге асырылады, өйткені балаларға іштен оқытсақ, оның оқу деңгейін тексере алмаймыз. Дауыстап оқыту арқылы оқуға енді тәсіліп отырған оқушылардың оқу сапасын дұрыс, яғни түсініп, мәнерлеп оқуын, оқуға шапшандығын байқауға болады.

Slide 4

Әліппеден кейінгі кезең материалдарын оқыту кезеңінде іштен оқуға дағдыландыра бастаймыз. Іштен оқуға үйретудің маңызы зор. Тек дауыстап оқуға үйренген бала мектептің негізгі білім жүйесіне көшкен кезде көп қиыншылыққа кездеседі. Біріншіден, оқушы сабаққа дайындалу үшін жеке өзі ғана болуы керек. Дауыстап оқып отырса, қалған оқушыларға зияны тиеді. Оқу залдарында сабаққа дайындалу қиынға түседі. Екіншіден, оқу шапшаңдығы дамымайды. Дауыстап оқығаннан гөрі іштей оқу жылдамдығы артады.

Slide 5

оқу сапалары

оқу сапасының дұрыстығын

түсініп оқуын

мәнерлеп оқуын

оқу шапшаңдығын

Slide 6

Мәтінді дұрыс оқудың 5 түрі

Оған қойылатын талаптар:

1. Сөзді оқығанда әріптеп оқымай, буындап, буындарды жалғастырып оқу;

2. Оқып тұрған сөздің алдынан не артынан, не ортасына артық дыбыс қоспай, не түсірмей оқу, ұқсас дыбыспен ауыстырмай оқу.

3. Бір дыбысты не буынды ұзақ созып, не екі рет айтпау .

4. Бір сөз орнына екінші сөзді, мағынасына сәйкес келетін айтпау, сөйлем соңындағы сөзді, буынды жұтып қоймау.

5. Ұсақ дыбыстарды, тілі келмейтін дыбыстарды ауыстырмау.

Slide 7

ТҮСІНІП ОҚУ

Түсініп оқу дегеніміз - оқушыға оқыған сөз не сөйлемнің мағынасын, ондағы айтылған ойды дұрыс түсініп, оны екінші бөлімдегі айтылған оймен байланыстыруы. Сондай-ақ, тұтас мәтіндегі негізгі ойды айырып, оған өзінің көзқарасын білдіру.

Түсініп оқу дұрыс оқу сапасы арқылы іске асады. Егер бала оқыған материалын дұрыс оқымаса, онда айтылғалы тұрған ойды аңғармай, сөйлемдер арасындағы логикалық, психологиялық байланысты дұрыс қабылдай алмайды.

Оқушы оқығанын саналы түрде түсініп, толық қабылдауы үшін мұғалімге көптеген жұмыс түрлерін ойластырып, әдіс-тәсілдерді іріктеуіне тура келеді. Мұндай жұмыс түрлерін шамамен төмендегідей бағытта топтап көрсетуге болады:

Slide 8

I. Оқытылатын мәтінге байланысты мұғалімнің өз дайындығы.

1. Оқушыға оқытылатын мөтіннің қашан оқытыл-тынын, оның мазмұнын, ондағы айтылатын негізгі идеялық ойды мұғалімнің күні бұрын толық білуі.

2. Оқу материалының көлемін, ауыр-жеңілдігін, өткен материалмен байланыстылығын ескеріп, саналы түрде түсініп оқуға итермелейтін әдіс-тәсілдерді іріктеуі.

3. Мәтінде кездесетін түсініксіз сөздер мен образды ой оралымдарын бала лексиконына ендіру, мағынасын түсіндіру жұмыстарын ойластыруы.

44. 4. Ұзақ мәтіндерді бөлімдерге бөліп, ат қоюы. Шығарманық идеялық мазмұнына сәйкес қорытынды ой дайындауы.

Slide 9

II. Мәтінді түсініп қабылдауы үшін оқушылармен жүргізілетін жұмыстар:

1. Оқытылатын мәтінге дайындық ретінде алдын ала экскурсияға шығару, әр түрлі тәжірибе жасату.

2. Өтілетін тақырып мазмұнын толықтыратындай қосымша сыныптан тыс оқу материалдарын беру, оқыту.

3. Жұмбақтар, мақал-мәтелдер, тақырыптың суреттер іздету.

4. Ән, табиғаттану, бейнелеу өнері сабақтарында өті-летін мөтіндерге сәйкес жұмыстар жасату.

Slide 10

Мәнерлеп оқу

Дауыс интонациясын сақтап оқығанда ғана бала дұрыс оқиды әрі оқығанын түсінеді. Бұдан шығатын қорытынды: оқудың сапалары бірімен-бірі тығыз байланысты, бірін-бірі толықтырып отырады. Түсініп оқу үшін дұрыс оқу керек. Мәнерлеп оқу үшін оқып отырғанын түсіну керек.

Slide 11

Мәнерлеп оқу дегеніміз - дұрыс оқу, сонымен бірге дауыс интонациясы арқылы сөйлем не мәтіндегі негізгі ойды жеткізу, мазмұндық ой екпінін қоя білу, кейіпкер көңіл-күйін сезіне оқу. Екінші сөзбен айтқанда, қарапайым сөйлеу тіліне жақын, еркін оқу, дауысты құбылтып, тындаушысына әсерлі етіп жеткізу.

Баланы мәнерлеп оқуға үйрету үшін мұғалімнің өзі мәнерлеп оқу техникасын жетік біліп, оның оқушыларына меңгерте алатындай дәрежеде болуы керек.

Көркем шығарманы мәнеріне келтіріп, әсерлі оқу үшін ең алдымен дыбыстау мүшелерінің қызметіне, әр дыбыстың жасалуына, естілуіне, оқылуына баса назар аударып, түрлі жаттығулар жасатып отырған жөн. Оқудың, сөйлеудің мәнерлі болуы дұрыс, еркін дем алуға байланысты. Оқу процесінде ауаны керегінше жұтып, сыртқа бірден сарқып шығармай, ерікті түрде дем алып, орынды пайдалана білсек, бұл мәнерлі оқудың негізгі құралы болмақ.

Slide 12

Шапшаң оқу

Шапшаң оқуға үйрету сауат ашудың әліппе сатысының соңына таман жүргізіле бастайды. Дұрыс оқуға тәсілген бала біртіндеп шапшаңдықты қосып отыруы керек. Шапшаң оқу - қалай болса, солай тез оқу деген сөз емес. Түсініп, мәнерлеп оқуды жүзеге асыра отырып оқу деген сөз. Сондықтан да оқу бағдарламасында оқушылардың, оқу шапшандығына, икемділігіне қойылатын талаптың бірі оқушылардың 1 минутта оқу жылдамдығының сөз санымен берілуі. Мысалы: 1-сыныпта 15-20 сөз, 2-сыныпта 25-30 сөз, 3-сыныпта 60-75 сөз, 4-сыныпта 80-90 сөз.

Slide 13

Мәтінді қабылдаттыру үшін істелетін жұмыстар

Бастауыш сыныпта оқушыларға мәтінді қабылдаттыру үшін істелетін жұмыстардың негізгі мәселелері

Қазіргі заманда оқыту технологияларын меңгерту өте күрделі де ұзақ үрдіс.

Оқу ағарту ісін қайта құру жаңаша ойлау қабілетіміз бен ізденістерімізге байланысты. Ахмет Байтұрсынов: "Ең әуелі мектепке керегі - білімді, педагогика мен әдістемеден хабардар, оқыта білетін мұғалім" деген.

"Ана тілі" оқулықтарындағы түрлі тақырыптың мәтіидерді қабылдату үшін көптеген жұмыстар істеледі. 0л - жаңа әдістерді іздестіру, оларды дәлелдеу міндеті.

Slide 14

Оқу - адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады. «Даму» ұғымы сөздікте «. . . мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы, »-деп түсіндіріледі. «Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы-жаңарту процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады. Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылыми жеткілікті дәрежеде дәләлдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л. С. Выготский. Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек процесс деген көзқарастарды қатты сынға алды.

Slide 15
Ұқсас жұмыстар
ЖМҚ химиясы пәні бойынша зерттеу әдістерімен үйлестірілген курстық және дипломдық жұмыстар
Ғылыми дүниетаным оқушының интеллектуалды дамуының негізі ретінде
МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕ PISA ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
ТАҒАМ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ФАКУЛЬТЕТІ
Әлеуметтік зерттеудің тәсілдері
ҰЙЫМДАСТЫРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
Қорықтың аты
Қолданбалы зерттеулер
Клиникалық зерттеу фазалары
Зерттеудің ұзақтылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz