Өлеңді оқытудың тиімді жолдары




Презентация қосу
Жаркент гуманитарлық техникалық колледжі

Курстық жұмыстың тақырыбы:

Өлеңді оқытудың
тиімді жолдары

412 топ студенті: Болысбаева Диана
Зерттеудің
мақсаты:

Бүгінгі қорғайтын тақырыбым:
Өлеңді оқытудың тиімді
жолдары.
Мақсатым: мен болашақ ұстаз
ретінде Ана тіліміздің
құдіретін бала жүрегіне
жеткізіп,сезімін
оятып,жанжүрегіне әсер
етіп,сүйіспеншілігін
тудырып,оған тәнтті етуге
жетелегім келеді.
Адамгершілікке тәрбиелеу құралы —
еңбек пен ата-ана үлгісі
Ыбырай Алтынсарин
Ал адамгершілік дегеніміз
не?

Мұның жауабы,әрине,адам
бойындағы асыл қасиеттерді
айтамыз. Демек,асыл
қасиетіміз-еңбек сүйгіштік,
достық, әдептілік, көмек беру,
инабаттылық, имандылық,
кішіпейілділік. Яғни,адам
бойында осы қасиеттер жоғары
тұрса,ол адамның
адамгершілігі жоғары болмақ.
Адамгершілік тақырыбы-
мәңгілік.
Жас ұрпақтың бойына
адамгершілік қасиеттерді сіңіру
ата-ана мен ұстаздардың басты
міндеті. Адамгершілік әр адамға
тән асыл қасиеттер.
Адамгершіліктің қайнар бұлағы –
халқында,отбасында,олардың
өнерлерінде, әдет-ғұрпында.
Әр адам адамгершілікті
күнделікті тұрмыс-
тіршілігінен,өзін қоршаған
табиғаттан бойына сіңіреді.
Халықта «Ағаш түзу өсу үшін
оған көшет кезінде көмектесуге
болады, ал үлкен ағаш болғанда
оны түзете алмайсың» деп бекер
айтылмаған. Сондықтан
баланың бойына жастайынан
ізгілік, мейірімділік,
қайырымдылық,
яғни адамгершілік құнды
қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне
сенімділікті тәрбиелеуде отбасы
мен педагогтар шешуші роль
атқарады.
Студенттің жақсы адамгершілік
қасиеттерге, мәдениетке
тәрбиелеуде тәрбиелі адаммен
жолдас болудың әсері күшті екенін
халқымыз ежелден бағалай білген.
«Жақсымен жолдас болсаң-
жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас
болсаң- қаларсың ұятқа…»
«Жаман дос, жолдасын қалдырар
жауға» — деген мақалдардан көруге
болады. Мақал-мәтелдер, жұмбақ,
айтыс, өлеңдер адамгершілік
тәрбиенің арқауы. Үлкенді сыйлау
адамгершіліктің бір негізі.
Адамзаттық құндылықтар бала
бойына іс-әрекет барысында,
әр түрлі ойындар, хикаялар,
ертегілер, қойылымдар арқылы
беріледі.
Әдебиет – сөз өнері.
Барлық сөзді тізе берсең
әңгіме, жыр шықпайды.
Адам жүрегін тербетіп,
ақыл таразылап, тіл
кестелеп айтқан сөз
орнында тұрса ғана
әдебиет деген өнер пайда
болады.
Ғылыми тұжырымда
әдебиет «адамтану
құралы», ал әдебиет пәні
«адам тәрбиелеу құралы»,
Әдебиетті оқыту – ғылым саласымен
тығыз байланысқан. Себебі,
ғылымның қай саласын алсаңыз да
теориялық және қолданбалы
практикалық мәндес болады деп
білсек, әдебиетті оқыту арқылы
оқушыға көркем шығарманы
оқытуды қалыптастыру әрі
теориялық, әрі қолданбалы жүйесін
бірлікте қарастырумен қатар оның
өнер екендігін де ескерген жөн.
Өйткені игерілуге тиісті ұғым,
сөздің мәні, айтылмақ ой – түсінік
оқушыға әсер етерліктей болса, ол
тиісті деңгейде көңіл толқытып,
тереңірек ойланады. Сондай – ақ әсер
санаға ерекше ықпал етеді. Әсердің
нәтижесі бір жағынан тұлғаны
әрекетке итермелесе, екінші жағынан
пәнге деген қызығушылықты
арттырып, көркем шығарманы оқуға
талпындырады.
Оқушы әдебиет
сабағында поэзиялық
шығарманы қабылдау
керек. Бұл – оңай үрдіс
емес. Қабылдау деген сіз
бере салғанды ол ала
қоятын зат емес. Ол –
оқушының өзінің жан
қалауымен, жүрек
сезімімен, рухани
әрекетімен жүзеге
асатын дүние.
Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Мені сен сезесің бе,
Неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан
сені іздедім,
Қарауытқан таулардан
сені іздедім.
Поэзия-әлем
құбылыстарының
жиынтығы. Поэзияны
әр оқырман өзінің
жанының сүзгісінен
өткізуі керек.Ақынның
өз өлеңіндегі
әуезі,үні,барлық
поэзияға
құмартушылардың
әуезіне,үніне
айналмақ. Ақын мен
өлеңді мәнерлеп
орындаушының
үндестігі лирикаға
жан бітіреді.
Поэзиялық шығарманы
оқытудағы қажеттіліктер:
Өлеңді мұғалімнің мәнерлеп

оқуы;
Оқушылардың

шумақпен,сонан соң
түгелімен мәнерлеп оқуы;
Сөздікпен жұмыс,орысша

аудармасына көңіл аударту;
Әдебиет теориясымен жұмыс

істеу;
Сызба арқылы өлеңнің

мазмұнын ашу;
Өлең мазмұнын жазбаша

жаздырту;
Өлең мазмұнын ауызша

айтқызу.
Поэзиялық шығарманы оқытудың басты
мақсаттарының бірі - оқушыларды
поэзияны сүюге баулу болып табылады.
Мұндай жұмыс оқушыларды өз
беттерімен өлеңдерді талдауға да
дағдыландырады. Поэзиялық
шығарманы оқыту міндеттері:
оқушының:

- поэзиялық шығарманы
оқуға деген қызығушылығын,
ынтызарлығын ояту, жоғары
эстетикалық талғам мен
қажеттілікті қалыптастыру;

- сөз өнерінің ерекшеліктерін
түсініп, тануға, ой көзімен
зерделеуге негіз болатын
білім, білік, икем – дағдылар
қалыптастыру;

- ойын сауатты ауызша
(жазбаша) айта да, жаза да
білу, байланыстырып
сөйлеудегі тіл мәдениетін
қалыптастыру және дамыту,
өзіндік ой – пікірін дәйекті,
жүйелі айта білуге баулу.
Мен жастарға сенемін!
Арыстандай айбатты,
Жoлбарыстай қайратты,
Қырандай күшті
қанатты-
Мен жастарға сенемін!
М.Жұмабаев

Жастарға
Найзаменен түртсе де,
Жатырсың, қазақ
,оянбай.
Мұнша қалың ұйқыны
Бердің бізге, ой, Алла-ай!-
М.Дулатoв
Жастар туралы Мағжан
мен Міржақып
өлеңіндерінің ерекшелігі
Сәбит Мұқановтың
«... Мағжанның
ақындығын қозғауға
екінші себеп Міржақып
болуы керек» деген негізсіз
емес. Себебі Мағжан мен
Міржақыптың да ойы бір
жерден шығады. Мәселен,
Мағжан өз өлеңнін де
жастарға үміт артып,
жастардың болмысын
сипаттаса, Міржақып
«Жастарға» өлеңнін де
жастарды оянуға, халыққа
қамқоршы басшы болуға
шақырады.

Мен жастарға сенемін-деп
сипаттап, бойларын енді-енді
тіктеп, бойына қуат жинап
қолы жетпес аспанға
ұмтылғаның, сенімділігін
көрсетеді.Ақын ойы екі тарапта
тұрсада, бір-бірінің ойы бір
жерден шығып қалатын өлең
жолдары бар. Сөзім дәлелді болу
үшін Мағжан Жұмабаевтың
«Қасиетті тілектер-Мен
жастарға сенемін!» деген өлең
жолыннан үзінді жастарға сеніп
үміт артатынын айқын
көрсетіп тұр.

Ұқсас жұмыстар
Мәтінді мазмұндау
Саралау оқыту әдісі
Проблемалық ситуация негізінде оқушының көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру
КІШІ ЖАСТАҒЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ИНФОРМИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ МАҚСАТЫ
Қ.Жұмаділов «Қозыкүрең»
Сағира Рахметова Қазақ тілін оқыту методикасы
Орта мектепте лирикалық шығарманы оқыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың есте сақтау қабілеттерін зерттеу
Көрнекі құрал - таным құралы
Диалогтік оқыту жолдары
Пәндер