қатты әсер ететін улы заттар
Презентация қосу
Қ.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ
ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ
ТАҚЫРЫБЫ: ҚАТТЫ ӘСЕР ЕТЕТІН
УЛЫ ЗАТТАР
Өндірістегі авария- ҚӘУЗ атмосфераға бөлінеді- адамды жаппай зақымдайды .-улану, өлім.
ҚӘУЗ- хлор, аммиак, күкіртті ангидрид, күкіртті көміртек, көміртегі тотығы, синиль қышқылы, сынап,
т.б.
ҚӘУЗ көзі және тұтынушысы: химия саласы, мұнай өңдеу өнеркәсібі. Целлюлозды- қағаз өнеркәсібі,
тағам кәсіп орны, су құбыры және тазарту ғимаратты.
Әдетте ҚӘУЗ жабық ыдыста өз буының қысымда сақталады. Ал егер ыдыс қираса ішіндегі заттың
қысымы атмосфералық қысымға дейін төмендейді және қайнай бастайды, газ немесе бу түрінде
айналаға тарайды. (бөлініп шыққан концентрацияға және желдің жылдамдығына қарай)
1. Қатты жел соқса зақымдау бұлты тез тарайды
2. Ауа t0 жоғарласа
3. жаңбыр жауса- ҚӘУЗ топыраққа сіңіп, ыдырайды.
ҚӘУЗ әсерінен қорғау шаралары: халықты көшіру, алғашқы медициналық көмек көрсету, антидот
беру, газқағар кигізу, авариялық құтқарғыш жұмысын жүргізу, өртті сөндіру, аймақты санитарлық
өңдеу ( дегазация);
ҚӘУЗ сақталатын ыдыстың беріктігін күшейту; ыдыстың астында суға толы резервуарлар дайындау.
Жұмыс бөлмесін заман талабына сай техникамен ( авариялық дабылмен) жабдықтау.
Улағыш заттар (УЗ) химиялық қарудың негізін қүрайды. Химиялық қарудың әсерінен адамдар мен
малдардың жаппай зақымдануы болған аумақ химиялық зақымдану ошағыдеп аталады.
УЗ зақымдау әсерінің белгілі ерекшеліктері бар. Олар қысқа мерзімде адамдар мен малдарды жаппай
зақымдандыруы мүмкін. УЗ тек аумақты ғана емес, сондай-ақ жер үстіндегі ауа қабатын да
зақымдайды. Бу (газ) тәріздес күйде, түман түрінде УЗ ғимараттарға, қымталмаған қорғаныс
панаханаларына еніп, адамдарды зақымдайды. УЗ зақымдағыш әсерін бірнеше сағат, тәулік, апта
бойында сақтайды.
УЗ тыныс алу органдары арқылы, тері ұлпалары мен кілегейлі қабықтар арқылы, сондай-ақ УЗ-мен
зақымданған тамақ пен су арқылы асқазан-ішек жолдарымен организмге өткен кезде адамдарды
зақымдайды.
Осы заманғы УЗ организмге тек терінің зақымдалған бөліктері арқылы ғана емес, сондай-ақ киім
арқылы да зақымдауға қабілетті. Зақымдау әсерінің өткірлігі, уланудың жылдам және ауырлануы
организмге түскен УЗ-ның улағыш қасиеттері мөн санына, УЗ-ның түсу жолдарына, оны қолдану
әдістері мен құралдарына, метеорологиялық жағдайларға, сондай-ақ организмнің жәй-күйіне
байланысты.
Зілзала, өндірістік авариялар болған уақытта, осы заманғы зақымдау қүралдары қолданылған кезде
химиялық зақымдау ошақтары қатты әсер ететін улы заттардың (УЗ) ыдыстарының қирауы
нәтижесінде пайда болуы мүмкін.
Улағыш заттардың жіктелісі
Барлық УЗ организмге улылық әсерінің сипаты бойынша мынадай топтарға бөлінеді:
♦ жүйкені жансыздандыратын УЗ — фосфорорганикалық заттар
(ФОЗ) тобы — зарин, зоман, V — газдар;
♦ жалпы улағыш әсері бар УЗ — көгілдір қышқылы, хлорциан;
♦ терінің қүрысуына әсер ететін УЗ — иприт, люизит;
УЗ төзімділігі бойынша төзімді және төзімді емес болып бөлінеді. Төзімді УЗ-ға иприт, заман, V — газдар
жатады, олар жерді бірнеше сағаттан бастап бірнеше тәуліктерге дейін, кейде тіпті айлар бойы
зақымдайды. Төзімді емес УЗ-ға зақымдағыш әсері бірнеше минуттан бір сағаттқа дейін созылатын заттар
жатады (көгілдір қышқылы, фосген).
Халықтырадиацияданқорғаурадиациялыққауіптуралыхабарды, ұжымдықжәнежекеқорғанысқұралдарын,
радиоактивтізаттарменластанғанаумақтаөзін-өзіүстаутәртібін, азық-
түлікпенсудырадиоактивтіластануданқорғауды, медициналықжекеқорғанысқүралдарынпайдалануды,
аумақтынластанудеңгейінанықтауды,
халықтыңсәулеленуіндозиметрлікбақылаудыжәнерадиоактивтіластанғаназық-
түлікпенсуғасараптамажүргізудіқамтиды.
ХабарлаудабылыбойыншаТЖжәнеАҚоргандарыныңақпаратынтындағаннанкейінхалықпанаханағажасырынуғ
атиіс.
Радиациялықзақымданудансақтанужекедәрі-
дәрмекқобдишасындағырадиацияданқорғауқүралдарыменжүргізіледі.
Жекедәрі-дәрмекқобдишасыөз-өзінежәнедаракөмеккөр-сетугежәнеөткішрадиациямен,
улағышзаттарменжәнебактериал-дыққүралдармензақымданудыңалдыналуғаарналған. Олмеди-
циналыққүралдартүратынмассалықпеналдардыорналастыруғаарналғанжетіүясыбарқорапшадантүрады.
8 жасқа дейінгі балаларға толық дозада беретін № 1 радиа-циядан қорғау қүралын қоспағанда АИ-2-дегі
медициналық қүрал-дарды бір рет қабылдауға ересектерге 1/4, 8-15 жастағы балаларға 1/4 дозасын береді.
Радиациялық зақымдану қауіпін алу қауіпіне байланысты жергілікті жердөгі радиация деңгейінің
жоғарлығына орай халыққа медициналық көмек көрсетуге болмайды. Бүл жағдайда зардап шегуші
халықтың өз-өзіне және өзара көмек көрсетуінің, зақымданған аумақта өзін-өзі ұстау тәртібін сақтаудың
маңызы зор.
Радиациялық заттармен уланған аумақта тамақ ішуге, ластанған су көздерінен су ішуге, жерге жатуға
болмайды. Халықтың азық-түлік пен тамақ даярлау тәртібін Азаматтық қорғаныс органдары жердің
радиоактивті ластану деңгейін ескере отырып анықтайды.
Иондағыш сәулеленумен зақымданған кезде алғашқы көмек жылдам көрсетілуге тиіс. Бірінші көзекте одан
әрі сәулеленуді жояды немесе барынша азайтады. Бұл үшін радиациялық затпен зақымдалған аумаққа,
киімге ішінара дезактивация және терінің ашық жеріне ішінара санитарлық тазалау жүргізеді, бүдан кейін
зақымдау-шыны радиациялық зат өтпеген панаханаға (радиацияға қарсы нөме-се жай панахана) жеткізеді.
Зақымданған жерде болған кезде зардап шегуші жеке қорғаныс қүралдарын киюге тиіс.
Радиоактивті заттар зақымданушыға тамақпен немесе су арқы-лы өткендігі туралы күмән болса, оны шығару
үшін шаралар қабылдау қажет. Бүл үшін зақымданушыға ацорбент береді (25-30г. активтелген көмір, күкірт
қышқылды барий — 50г.) береді; ацорбөнт радиациялық заттың маталуына ықпал етеді және мүның қанға
өтуіне кедергі келтіреді. 15-20 минуттан соң су беріп, асқазанды шаяды және қүстырады. Бүдан кейін
ацорбентті қайта ішкізіп, оған тыныштан-дырушы дәрі-дәрмек беру қажет.
ЛАСТАУШЫ — ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕР ЕТУ МӨЛШЕРІ ТАБИҒИ ДЕҢГЕЙДЕН ЖОҒАРЫ СУБЬЕКТІЛЕР
(ФИЗИКАЛЫҚ АГЕНТ, ХИМИЯЛЫҚ ЗАТ, БИОЛОГИЯЛЫҚ ТҮР). ЛАСТАНУ КЕЗ-КЕЛГЕН АГЕНТПЕН БОЛУЫ
МҮМКІН. ТІПТІ ЕҢ ТАЗА АГЕНТ ТЕ ЛАСТАУШЫ БОЛУЫ МҮМКІН, ЯҒНИ, ЛАСТАУШЫ ДЕГЕНІМІЗ
ТАБИҒАТТЫҢ ӨЗ ТЕПЕ-ТЕҢДІГІНЕН ШЫҒУЫНА АЛЫП КЕЛЕТІН ФАКТОР.
ЖОҒАРЫДА АЙТЫЛҒАНДАЙ, ШЫҒУ ТЕГІ БОЙЫНША ЛАСТАНУ ТАБИҒИ ЖӘНЕ АНТРОПОГЕНДІ
(АДАМНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН) БОЛЫП КЕЛЕДІ. ТАБИҒИ ЛАСТАНУ — ТАБИҒИ, ӘДЕТТЕ ҮЛКЕН АПАТТАР,
ЗІЛЗАЛАЛАР (ЖАНАРТАУ АТҚЫЛАУЫ, ЖЕР СІЛКІНУ) НӘТИЖЕСІНДЕ ПАЙДА БОЛАДЫ.
ӨКІНІШКЕ ОРАЙ, ӨНЕРКӘСІПТІҢ ДАМУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ЛАСТАНУЫ
АНТРОПОГЕНДІК ЛАСТАНУ БОЛЫП ОТЫР. ОЛАРДЫ ӨЗ КЕЗЕҒІНДЕ ЖЕРГІЛІКТІ ЖӘНЕ ҒАЛАМДЫҚ ДЕП
БӨЛУГЕ БОЛАДЫ. ЖЕРГІЛІКТІ ЛАСТАНУ ӨНЕРКӘСІП АЙМАҚТАРЫНДА НЕМЕСЕ ҚАЛА ТӨҢІРЕГІНДЕ
БОЛУЫ МҮМКІН. ҒАЛАМДЫҚ ЛАСТАНУ ҮЛКЕН ҚАШЫҚТЫҚТАРҒА ТАРАП БИОСФЕРАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРГЕ,
ЖЕРГЕ ӘСЕР ЕТЕДІ. АНТРОПОГЕНДІК ЛАСТАНУ АДАМ ҚАТЫСУЫМЕН, ОЛАРДЫН ТІКЕЛЕЙ НЕМЕСЕ
ЖАНАМА ӘСЕР ЕТУІНЕН ПАЙДА БОЛАДЫ.
АТМОСФЕРАЛЫҚ АУАНЫ ЛАСТАУШЫЛАР — МЕХАНИКАЛЫҚ, ХИМИЯЛЫҚ, ФИЗИКАЛЫҚ,
ЖӘНЕБИОЛОГИЯЛЫҚ БОЛЫП БӨЛІНЕДІ.
МЕХАНИКАЛЫҚ ЛАСТАУШЫЛАР — ШАҢ, ҚОҚЫС. ОЛАР ОРГАНИКАЛЫҚ ОТЫНДЫ ЖАҚ ҚАНДА
ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫН ДАЙЫНДАУ ПРОЦЕСТЕРІ КЕЗІНДЕ ПАЙДА БОЛАДЫ. МҰНДАЙ
ЛАСТАНУ КЕЗІНДЕГІ ЕҢ ҚАУІПТІСІ ДИАМЕТРІ 0,005 ММ-ГЕ ДЕЙІНГІ БӨЛШЕКТЕР. КӨПТЕГЕН АУРУЛАР
АУАНЫҢ ШАҢ БОЛУЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ: ӨКПЕ ҚҰРТ АУРУЫ (ТУБЕРКУЛЕЗ), КЕҢІРДЕКТІҢ
АЛЛЕРГИЯЛЫҚ АУРУЛАРЫ ЖӘНЕ Т.Б. АУАДАҒЫ ШАҢНЫҢ ЖОҒАРЫ КОНҢЕНТРАЦИЯСЫ МҰРЫННЫҢ
ШЫРЫШТЫ ҚАБЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН НАШАРЛАТАДЫ, МҰРЫННАН ҚАН КЕТЕДІ.
АМЕРИКАНДЫҚ ҒАЛЫМДАР ХАЛҚЫНЫҢ САНЫ 1 МЛН-НАН АСАТЫН ҚАЛАЛАРДАҒЫ ТҰРҒЫНДАРДА
АУАНЫҢ ЛАСТАНУЫ МЕН ТЫНЫС АЛУ ЖОЛДАРЫНЫҢ ҚАТЕРЛІ ІСІК (РАК) АУРУЫНЫҢ ЖИІЛІГІ
АРАСЫНДА ТІКЕЛЕЙ БАЙЛАНЫС БАР ЕКЕНІН АНЫҚТАДЫ. КӨЗ АУРУЫ, СОЗЫЛМАЛЫ КОНЬЮНКТИВИТ
КӨБІНЕ АУАНЫҢ ЛАСТАНУЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ. СОНДАЙ- АҚ АТМОСФЕРАЛЫҚ АУАДАҒЫ ШАҢ ЖЕР
БЕТІНЕ ТҮСЕТІН УЛЬТРАКҮЛГІН СӘУЛЕЛЕРДІН МӨЛШЕРІН ДЕ АЗАЙТАДЫ.
ЖАСЫЛ ӨСІМДІКТЕР АУАДАҒЫ ШАҢДЫ ТАЗАРТЫП БАСҚА ҚОСПАЛАРДЫҢ ӘСЕРІН ТӨМЕНДЕТЕДІ.
МЫСАЛЫ, ШЫРШАЛЫ АҒАШТАР АУАДАН 1 ГЕКТАРДАН 32 ТОННА, ҚАРАҒАЙЛАР 36,4 Т, ШАМШАТТАР
— 68 Т ШАҢ ЖИНАЙДЫ.
Химиялық ластаушылар — экожүйедегі концентрациясы нормадан жоғары немесе басқа
жақтан енген заттар. Ауаның мейлінше ластануы өнеркәсіп қажеттілігі үшін отындарды жағу,
үйлерді жылыту, транспорттардың жұмысы кезінде, тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды
жағу, қайта өңдеу кезінде байқалады.
Атмосфераны қатты ластайтын улы заттарға: көміртегі қосылыстары (көмір қышқыл газы,
көміртегі тотығы, альдегидтер, қышқылдар), күкірт қосылыстары (күкіртті ангидрид, күкірт
қышқылы), азот тотықтары (NO және N02) жатады.
Екпе ағаштар газдар үшін механикалық бөгет және атмосфераның химиялық ластануына
қорғаныш бола алады. Күкірт оксидін жақсы жұтатын ағаштарға: терек, жөке, қайың ағаштарын
жатқызуға болады. Фенолдарды мамыргүл, аюбадам жақсы сіңіреді. Сондықтан жерге түскен
жапырақтарды өртемей, жерге көміп тастаған дұрыс.
Орман экожүйелері ядролық жарылыстардың зардаптарын төмендетуде үлкен роль атқарады.
Ағаштардың қылқандары мен жапырақтары радиоактивті йодтың 50% жинақтай алады. Орманы
жоқ жерде радиоактивті тұнбалардың белсенділігі 32 есе жоғары болады.
Қоршаған орта өндірістік қалдықтар мен автокөлік түтіндерінен ластанғанда ауыл
шаруашылығы өнімдерінің сапасы төмендеп, сол арқылы адамдардың денсаулығы зардап
шегеді. Әсіресе минералды тынайтқыштар мен зиянкестерге қолданатын аестицидтер жеміс-
жидек арқылы адам организміне нитрат ретінде түседі. Мерзімінен ерте піскен көкөністерде
(қарбыз, Қауын, картоп, пияз, сәбіз және т.б. нитраттар көп болады. Мысалы, мамыр айларында
піскен көкөністерде көбіне зиянды заттардың шекті мөлшері 2-3 есеге артып түседі. Сондықтан
ерте піскен көкөністерді пайдаланғанда сақ болған жөн.
Физикалық ластаушылар — Бұл биосфераға техногендік себептерден түсетін энергияның
артық көздері. Мысалы, жылу (атмосфераға қызған газдардың бөлінуі); жарық (жасанды
жарықтың әсерінен табиғи жарықтың нашарлауы); шуыл (шуылдың мүмкін деңгейден артуы);
электромагнитті (электр желісі, радио, теледидар); радиоактивті (атмосфера радиоактивті
заттардың бөлінуі); озон бұзғыш (фреондардың атмосфераға бөлінуі).
Қала үшін жағымсыз факторлардың бірі физикалық табиғаты әртүрлі дыбыс тербелісінен пайда
болатын шуыл. Әдетте төменгі жиіліктегі автокөліктердің шуылы жоғары жиіліктегі шуылға
қарағанда алысқа тарайды. Зерттеулер көрсеткендей, тіпті қысқ а уақытты шуыл организмнің
барлық жүйелеріне (әсіресе жүреқ- қан және жүйке жүйелеріне) жағымсыз әсер етеді. Адам 30-
40 дБ шуылда өзін қолайлы сезінгенімен, 120 дБ-ден жоғары шуыл орғанизмге үлкен
ауыртпалық түсіреді.
Өсімдіктер шуылдан қорғауда да үлкен роль атқарады. Үй қабырғасының жартысына дейін өсіп
тұрған жүзім өсімдігі пәтердегі шуылды екі еседей төмендетеді. Өсімдіктердің шуылдан қорғау
қасиеті өсімдіктің еніне (габитусына), қалың болуына, құрамына, биіктігіне байланысты.
Шуылдан арнайы (бетонды, металл, әйнекті ағашты) қондырғылар жақсы қорғайды.
БИОЛОГИЯЛЫҚ ЛАСТАНУ: LINDA
HARTLEY
Пестицидтер және олардың классификациясы
Пестицидтер (дат.pesfo -жұқпалы ауру, cido-өлтіремін) — өсімдік зиянкестері мен ауруларына ,
арамшөптерге, мақта, жүн, теріден жасалған бұйым зиянкестеріне , жануарлар
экопаразиттеріне, адам мен жануарларға ауру тарататын организмдерге қарсы
қолданылатын химиялық заттар.
Химиялық табиғаты және патогендік қасиетіне байланысты пестицидтердің бірнеше:
гигиеналық, химиялык., өнеркәсіптік классификациясы бар.
Пестицидтер улылық дәрежелерінің әртүрлі болуымен ерекшеленеді. Улылығын бағалау үшін
тәжірибеге алынған жануарлардың 50% өлетін дозаны, яғни орташа өлтіру дозасын (ЛД50)
пайдаланады. ЛД50 мөлшеріне байланысты пестицидтерді: кушті әсер ететін улы заттар,
улылығы жоғары, улылығы орташа,және улылығы төмен деп бөледі.
Тұрақтылығына байланысты пестицидтерді: өте тұрақты (ыдырау уақыты 2 жылдан көп);
тұрақ ты (0,5-1 жыл); салыстырмалы тұрақты (1-6 ай); тұрақтылығы аз (1 ай) деп бөледі.
Көбіне хлорорганикалық, фосфорорганикалық және сынапорганикалық пестицидтер жиі
қолданылады. Әсер ету обьектісіне (арамшөптер, зиянды жәндіктер, жылы қанды жануарлар)
және химиялық табиғатына байланысты пестицидтер мынадай топтарға бөлінеді:
акарецидтер — кенелермен күресу үшін;
альгицидтер — балдырлар мен басқа да су өсімдіктерін құрту үшін;
антисептиктер — бейметалл материалдарды микроорганизмдерден қорғау үшін;
бактерицидтер — өсімдіктердің бактериалды ауруларымен және бактериялармен күресу үшін;
зооцидтер — кемірушілермен күрес үшін;
инсектицидтер — зиянды жәндіктермен күресу үшін;
лимацидтер — әртүрлі моллюскалармен күресу үшін;
нематоцидтер — жұмыр құрттармен күресу үшін;
фунгицидтер — топырақтағы саңырауқұлақтармен күресу үшін.
Соңы
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz