Алматы қаласы


Slide 1

Алматы қаласы

Slide 2

Алматы қаласының экологиясы

Жалпы Алматы қаласы географиялық тұрғыдан алып қарағанда бірқатар экологиялық қолайсыз орын тепкен. Ол негізінен ауа айналымының жоқтығымен түсіндіріледі. Бұл қаладағы жүздеген мың машинаның қала әуе аймағын улы түтінмен ластауға мүмкіндік туғызып отыр. Бұл қалада өкпе ауруларының өршуінің негізгі факторы болып табылады. Қалада әсіресі желсіз күндері демалу қиын, мұндай қиыншылықтармен күресу қазір қала билігінің алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Сонымен қатар қалада көптеген өндіріс орындарымен жылу қазандықтары да жағдайды қиындата түсуде. Осындай жағдайларды ескере отырып жақында бірқатар шаралар белгіленді. Соларға тоқталып өтсек:27 желтоқсанда Алматы қалалық әкімшілігі ғимаратында қалалық құрылымдық бөлімшелердің басшылары бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне 2005 жылды қорытындылауға арналған баспасөз мәслихатын өткізді. Олар өз салалары бойынша жыл бойы атқарылған жұмыстар жайында әңгімелеп, журналистердің қойған сауалдарына жауап берді, - деп хабарлайды KZ-today тілшісі қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2005 жылдан бастап тұрғын үйлер мен мектеп аулаларын ретке келтіріп, жақсартуға, көлікпен тасымалдау қызметін жетілдіруге, қаланы көгалдандыру мен жарықтандыруға, арықтар мен фонтандарды реконструкциялауға, энергетикалық кешенді жетілдіруге, мәдениет пен туризмді өркендетуге, қаланың тазалығын сақтау қызметтерінің жұмысын жақсартуға арналған қалалық 10 даму бағдарламасы табысты іске асырылуда. Райымбек даңғылы мен Сайын көшесінің қиылысында автокөпір құрылысы жүргізіліп, оның толықтай пайдалануға берілуі қаладағы көліктердің жүріп-тұруын айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік берді. Оның ел аумағында салынған алғашқы ірі автокөпір екендігін атап өткен жөн. Алматы қаласында "бір терезе" қағидасы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығының ашылуы жедел қызмет көрсету барысындағы алғашқы қадамдардың бірі. Бұл орталықтардың негізгі мақсаты - халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттыру, қызмет көрсетуді барынша жеделдету, бюрократиялық кедергілерді азайту. Алдағы уақытта жоғары технологияға негізделген осындай игі жаңалықтар қатары көбейе бермек. Қала әкімі жанынан қала құрылысы жөніндегі кеңестің құрылуы қаладағы құрылыс жұмыстарының барысын бағдарлап, қызметін үйлестіріп, сапасын қадағалап отыруға мол мүмкіндіктер ашты. Қала әкімінің Әл-Фараби даңғылының жоғарғы жағына, тау баурайына алты қабаттан асатын үйлер салуға шектеу қойған шешімі қала экологиясы мен қауіпсіздігін сақтауға бағытталған игі қадам болды.

170 километрден астам жол күрделі жөндеуден өткізіліп, 600-ден астам аула, 9 парк пен 67 гүлзар, 30 су бұрқақ ретке келтіріліп, реконструкцияланды. Сонымен бірге Алматы қаласының 2014 жылғы қысқы Олимпиаданы өткізуге үміткер қала ретінде тіркелуі еліміздің, оның ішінде Алматының зор әлеуеті мен мол мүмкіндігін көрсетсе керек, деп баспасөз қызметінің хабарламасында айтылған Алматы еліміздегі ең үлкен мегаполистердің бірі бол­ғанына орай, оның проблемалары да соншалықты. Әсіресе, оның қазіргі экологиялық жағ­дайы тым ауыр. Көк тұман мен түтін араласа келіп, алып қала аспанын тұмшалаған кезде өзіңді қайда қоярыңды білмей аласұрған күй кешетіндігімізді кімнен жасырамыз? Соған қа­рамай, қала әкімшілігіндегі та­биғатты қолдану және реттеу басқармасындағы кейбір басшылардың айтуына қара­ғанда, ауаның ластануы өткен жылы 12, 9 индексті құраса, ал, биыл көрсеткіш 10, 7-ге азайыпты. Бұл да ол кісілер үшін көңіл демеп, шүкірлік ететін жағдай көрінеді. Олардың сүйеніп отыр­ғаны - Қазгидромет бе­ріп отырған мәліметтер. Сіз Көктөбеге шығып, ай­на­лаңызға қараңызшы, сонда, Алматының қос өкпесінен ал­қынып әзер дем алып тұрға­нын көрер едіңіз. Оның негізгі көзі - қаладағы өнеркәсіп орындары мен көліктен шық­қан көк түтіндер. Әсіресе, Ал­ма­ты­ның солтүстігінде орна­ласқан Алатау мен Түрк­сіб ау­дандарындағы ауа ласты­ғында шек жоқ. Мәселені одан да әрі нақтылай түссек, Сейфуллин мен Райымбек қиылысындағы ЖЭО орналасқан тұстан өр­ген түтін мен тұманның жақын ара­да тазара қоюы неғайбыл. Реті келгенде айтайық, кез кел­ген кәсіпорындар мен өнер­кәсіптер орналасқан жердің айналасында санитарлық-қор­ғаныстық аумақ болуы керек емес пе? Міне, біздің өнеркәсіп пен кәсіпорын жобасын жасау­шылардың елеп-ескермейтін бір мәселесі сол. Негізінде, кә­сіпорын сыртта, қала шетінде орналасуы керек. Оны еске­ріп жатқан қала басшыларын көрген жоқпыз, әзірше. Ал, Алматы әкімшілігіндегі басшы­лардың зиянды қалдықтарды шығаратын кәсіпорындарды қаланың сыртына шығарамыз дегеніне де қаншама уақыт бол­ды. Әрине, «Бұған не кедергі болуда?» деп сұрай қалсаңыз, басшылардың берер жауап­тары да дайын. Олардың айтқа­нына сенсек, аталған мәселе біртіндеп болса да шешіліп ке­ле жатқан көрінеді. Мысалы, темекі фабрикасы біраздан бері қала сыртына шығарылған екен. Жалпы, Алматы бойынша ауа мен қала көшелерін тазалау жөніндегі жоспардың 2020 жылға дейін ұзартылғаны жө­нін­де мәлімет бар. Бірақ, оның қан­шалықты орындалып жатқанын әзірше бір Құ­дай­дың өзі біледі. Бір қуанар­лығы, қаламыздағы Алатау ауда­нын­да индустриалдық аумақ-ай­мағы жасалынбақшы екен, со­нымен бірге, оның кейбір кә­сіп­орындары мен өнер­кә­сіптері Алматы облысының Іле ауданына көшірілетін көрі­не­ді. Әрине, бұл жақсы ниет­тен туған жоспардың басы. Соған қарамай, Алматы ауа­сы­ның ластануы өзінің басты мәсе­лелерінен арыла қойған жоқ. Алматыдағы ауаны ластайтын тағы бір көз - ол қала кө­ше­леріндегі көліктер. Жол поли­цияларының айтуына қара­ғанда, көп жағдайда басқа облыстардан келген көліктер қаламыздың экологиялық қал­пына жауап бере алмайды екен. Ал, одан шығатын жолдың бірден-бір айла-амалы - оларды қала сыртында қабылдап, сол жақтан кері аттандырып жіберу болса керек. Сөйтіп, жақын күндері Алматының сыртында облыстардан адам таситын көліктерді қабылдайтын бес орын салынбақшы. Көлік­термен келген жолаушы­ларды Алматыға таситын арнау­лы қала­лық автобустар жүр­гізі­ле­ді. Міне, бұл қаламыздың ауа­сын таза ұстаудың бірден-бір амалы-мыс. Қалай дегенде де, бұл да бір қиындықтан шы­ғу­дың жолы екендігі анық. Бі­рақ, оны орындау мәселесі қа­лай болатындығын уақыт көр­сетеді. Біздің бұлайша күдік­тене қарайтын себебіміз, дәп осын­дай қаншама істердің аяқ­сыз қалып жатқандығына сан куә болғанбыз. Бізге таза ауа керек. Бұл бү­кіл алматылықтардың талап-тілегі, өтініші. Әзірше, біздің көріп, біліп отырғанымыз Ал­матының аспанын жапқан түтін мен тұманнан шыққан уыттың көзді жеп, танауымызды тарс бітеп тастайтындығы. Сөй­тіп, қараптан қарап жүріп өк­пе қысылып, тыныс тарыла­тындығы. Бір көңіл қуантатыны, өткен жылы «Фаворит» бас­та­машы­лар тобы Алматы қала­сы әкім­дігінің, «Зеленстрой» АҚ, «КМҒ» микрокредиттік ком­па­ния­сының қолдауымен «Алматы - Таза ауа» қоғамдық-экологиялық жобасының шең­берінде қаламыздағы әл-Фа­раби даңғылының бойында арша отырғызу акциясын өткі­зіп, Алматы экологиясын тазар­туға үлес қосқан еді. «Mer­cer Human Resource Con­sulting» компаниясының ста­тис­тикалық зерттеулерінің де­ректері бойынша соңғы кез­дері бұрынғыға қарағанда Алматы қаласының ластану индексі едәуір кеміген көрінеді. Сөйтіп, ластану жағынан қа­ла­мыз әлемдегі ең ірі 215 қа­ланың ішінде 9-орынды алады екен. Біздің алдымызда тек қана Баку, Мехико-сити, Бағ­дад секілді қалалар бар екен. Өйткені, көше бойларында отырғызылған арша басқа өсім­діктер сияқты ауаны тазартып, оттегі өндірумен қатар, басқа да ғажайып қасиеттерге ие кө­рінеді. Тәжірибелік және клиникалық деректер бойынша, аршадан бөлініп шыққан ұшатын заттар ауадағы зиянды микроорганизмдердің 30 пайызын өлтіріп, ірі қалаларды ауру қоздырғыштардан тазар­тады екен. Сөйтіп, «Алматы - Таза ауа» қоғамдық-экологиялық жобасының баста­масымен отырғызылған аршаның пайдасы Алматы экологиясын та­зартуға едәуір әсер етіп жатқан көрінеді. Қалай дегенде де, Алматы қаласының тазалығы, әсіресе, оның экологиялық жағдайының дұрыс болуы ал­матылықтар үшін керек-ақ жағ­дай. Алматының өкпесі қы­сылып, қала тұрғындары ал­қынбасын десек, ауаны таза ұс­та­ғанға не жетсін, шіркін!

Slide 3
Ұқсас жұмыстар
Алматы қаласының экологиясы
Алматы филиалы
Белгілі Медео мұз
БЖК филиалы
ТҮРКІСТАН - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРИХИ ҚАЛАСЫ
Жетісудың қалалары туралы
Балқаш манындағы туризм саласынның дамуы
Стоматологиялық қызметтер кабинетін ашу - бизнес жоспар
Батыстағы қалалар
Кеңес Одағы жылдары қала атауы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz