Арал теңізінің геологиялық-тарихи эволюциясы және экологиялық дағдарысы


Slide 1

IKAZ. KZ - ашық мәліметтер порталы

Slide 2

Арал теңізі туралы

Арал теңізі - Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан сутоған. Теңіз XX ғасырда ауданы жағынан (68 мың км2) әлемде төртінші орында болған болатын, бірақ 1960 жылдардан бастап теңіздің суы азайып келеді.

IKAZ. KZ - ашық мәліметтер порталы

Slide 3

Арал теңізінің тарихы

Арал теңізі, Кайнозой дәуірінің орта шетінде, яғни бұдан 21 млн. 1200 жыл бұрын Каспий теңізіне қосылып жатқан. Бұған теңіздің терістік бетіндегі қазіргі Сарышығанақ, Ақеспе тұсынан 80 метр тереңдіктен Олигоцен уақытында өмір сүрген қызыл балықтың, ірі ұлудың, киттің омыртқа сүйектерінің тасқа айнала бастаған күйінде табылуы дәлел болмақ. Бұл теңіздің кезінде мұхитпен қосылып жатқандығын көрсетеді.

IKAZ. KZ - ашық мәліметтер порталы

Slide 4

Сондай-ақ Арал маңынан акуланың тісі мен сүйегі табылды. ХІХ ғасырдың орта кезіндегі Арал-Каспий ойпатының пайда болуы жөніндегі болжамдардан Арал бассейнінің геологиялық ерте кезеңде Жерорта теңізімен тұтасып жатқан су айдыны екенін, оның кейінгі Альпілік дәуірлерде жер қыртысының көтерілуіне байланысты ұсақ су айдындарына бөлінгенін білеміз. Сондай-ақ, Арал теңізінің көлемі жайлы, Арал теңізі жайлы ұғымдар сонау ерте дүние әдебиеттерінде де кездеседі.

IKAZ. KZ - ашық мәліметтер порталы

Slide 5

Ендеше қазіргі кезде әлем елдері назарын өзіне аударып отырған осы су айдынын зерттеу сол ерте заманан бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді деуге болады. Міне, сондықтан да көне зерттеулер мен қазіргі жаңа мәліметтерді салыстыру арқылы Арал теңізі бассейнімен оның жағалауының даму эволюциясын, сондай-ақ ғасырлар бойы өзгеру сипатын анықтау қиын емес. Мысалы, ежелгі заманның өзінде Арал теңізі көп елдерге мәлім болған. Өйткені, сол IХ-X ғасырлардағы араб ғалымдары - Ибн Хордадбех, Ибн Руста, Әл-Масуди, Әл-Истахри келтірген мәліметтер аса құнды саналады. Демек, бұл еңбектерден сол кездегі Аралдың көлемі мен жағаларының пішіні туралы мағлұмат алуға болады.

IKAZ. KZ - ашық мәліметтер порталы

Slide 6

Ибн-Хордадабех «Китаби-ал-масалик Вал-мамлик» саяхаттар мен мемлекеттер кітабы атты еңбегінде Амударияны -Жейхун, Арал теңізін - Күрдер көлі деп атайды. Ал Ибн-Рустеннің Амудария мен Арал теңізі туралы жазғандары неғұрлым нақты, оның мәліметтері бойынша, Арал теңізінің көлемі 80 фарсах (бір фарсах-6 шақырым) . Теңіздің басты жағалауындағы Жоталары Сиякух (қара таулар) деп аталады. Ал оң жақ жағалауы батпақты, онда қалың орман өскен. Демек аталмыш Сиякух - үстіртің тік жарлы құздары болуы мүмкін. Өйткені оның батыс жағалауы қазір де биік келеді, кейбір нүктелердің биіктігі 190 метрге жетеді.

IKAZ. KZ - ашық мәліметтер порталы

Slide 7

Арал ойысы

Арал ойысы - Арал теңізі ойпатын және оның солтүстігін, шығысы мен оңтүстік-шығысын алып жатқан мезозой-кайнозой шөгінділерінен құралған тектоникалық құрылым; геоморфология тұрғыдан алғанда солтүстік Қызылқұмға жалғасып жатқан ойпат. Тұран плитасының құрамына енеді. Ауданы 350 мың км2 шамасында. Арал ойысының солтүстік-шығысы, Тұран шығысы, оңтүстігі жайпақ жазық, ал Үстіртке жалғасатын батыс жағы тік жарлы болып келеді.

IKAZ. KZ - ашық мәліметтер порталы

Slide 8

Арал ойысы солтігінде Торғай ойысының оңтүстік шетімен, шығысында Аққырқақұм қыратымен, оңтүстігінде төменгі Әмудария мегаантиклиналімен шектеседі. Ойыстың оңтүстік-шығысындағы Бозкөл қырқасы оны шығыс Арал және Тәжіқазған қазаншұңқырларына бөледі. Арал ойысы табанының жоғары бөлігі палеозой мен триас шөгінділерінен түзілген. Оның үстін мезозой мен кайнозойдың қалыңдығы 1800 - 2000 м шөгінді жыныстары (саз, құмтас, әктас, мергель) жауып жатыр. Арал ойысының юра мен бор шөгінділерінде мұнай мен газ, палеоген жыныстарында қоңыр көмір, темір кендері кездеседі, сондай-ақ жер асты суының мол қоры бар.

IKAZ. KZ - ашық мәліметтер порталы

Slide 9

Арал теңізінің экологиялық ахуалы

Арал теңізі - Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белде-міндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі - 1066 км³, тереңдігі - 30-60 метр, тұздылығы - 10-12% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген.

IKAZ. KZ - ашық мәліметтер порталы

Slide 10

Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік кешті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген. 1960 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдай Өзбекстан мен Тәжікстанда 1, 5, Түрікменстанда 2, 4, Қазақстанда 1, 7 есеге өсті. Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы Халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2, 2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты.

IKAZ. KZ - ашық мәліметтер порталы

Slide 11

Арал экологиялық дағдарысы


Ұқсас жұмыстар
Арал теңізінің экологиялық дағдарысы: тарихы, себептері және қалпына келтіру шаралары
Арал теңізінің экологиялық дағдарысы және қалпына келтіру шаралары
Арал теңізінің экологиялық дағдарысы: себептері, денсаулыққа әсері және қалпына келтіру перспективалары
Арал теңізінің тартылуы: экологиялық салдарлары және халықаралық басқару шаралары
Арал теңізінің тартылуы: себептері, салдары және қалпына келтіру ұсыныстары
Арал теңізінің физикалық географиясы, тұздылық өзгерістері және балық ресурстары
Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы: биоәртүрлілік, аумақтық көрсеткіштер және Арал теңізінің тартылуының әсері
Арал өңіріне жүргізілген зерттеулердің тарихи шолуы
Каспий теңізінің географиясы, биоресурстары және экологиялық мәселелері
Барсакелмес қорығы: флора мен фауна, Арал теңізінің құрғауы және жергілікті аңыздар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz