ҒЫлым академиясы



ҒЫлым академиясы

Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы (1993-1996, 1999-2003) - ҚР Президентінің 1993 ж. 21 қаңтардағы Жарлығымен [1] Қазақ КСР ғылым академиясы қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде құрылды [2] . ҚР Президентінің 2001 ж. 6 қарашадағы Өкімімен [3] ҚР Ұлттық ғылым академиясына мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын фундаментальды ғылыми зерттеулер бағдарламалары шеңберінде орындалатын жұмыстарын сараптау функциялары жүктелді. ҚР Үкіметінің 2002 ж. 22 мамырдағы қаулысымен [4] "ҚР Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің Жарғысы бекітілді.
Жарғыға сәйкес ҚР Ұлттық ғылым академиясы Ғылым академиясының мүшелерін (академиктерді), корреспондент-мүшелері мен Қазақстанның жетекші ғалымдарын біріктіретін мемлекеттік ғылыми мекеме болып табылды. Ғылым академиясы басқарушылық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік-мәдени және басқа функцияларды жүзеге асыруға құрылған республикалық мемлекеттік мекеме болып табылды. Ғылым академиясының мемлекеттік органы, сондай-ақ мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің оған қатысты функцияларын жүзеге асыратын органы ҚР Білім және ғылым министрлігі болып табылды. ҚР Ұлттық ғылым академиясы қызметінің мақсаты мен негізгі бағыттары мыналар болып табылды: ғылыми-зерттеу қызметі; ҚР ғылымының жай-күйін талдау және дамуын болжау; ғылымды дамыту мен ғылыми кадрларды даярлаудың басым бағыттарын айқындау; ғылыми-сараптамалық қамтамасыз ету; ғылыми зерттеулер бағдарламаларын қалыптастыру және орындалуын үйлестіру; өз құзіреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты, инновациялық және инвестициялық қызметті дамытута жәрдемдесу.
Ұлттық ғылым академиясы жалпы басшылықты және қызметін үйлестіруді уәкілетті орған (министрлік) жүзеге асырды. Ғылым академиясы басқармасының атқарушы органы ҚР ҒА президенті болып табылды. ҚР Президентінің 2003 ж. 21 қазандағы Жарлығымен [5] "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы " республикалық мемлекеттік мекемесі таратылып, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы" қоғамдық бірлестігі құрылды. [6]

Ғылым академиясы 2014жыл

1946 жылдың 1-маусымында Абай атындағы опера және балет театры ғимаратында ҚазКСР Ғылым академиясының ресми ашылу салтанаты өтті. Екі күннен кейін, 3 маусымда ҚазКСР Жоғарғы Кеңес Президиумының мәжіліс залында өткен, Академияның бірінші жалпы жиналысында, Қаныш Сәтбаев академияның академигі және президенті болып тағайындалады. Сол жылы Сәтбаев КСРО Жоғарғы Кеңесінің 2-ші шақырылған сессиясында депутат және КСРО Ғылым академиясының академигі болып сайланады. 1947 жылы ол КСРО Кеңес министрлігінде Мемлекеттік және Ленин сыйлығы бойынша Президиум комитетінің мүшесі болып сайланды. 1949 жылы Қаныш Имантайұлы Қазақстанның КП ОК(б) мүшесі болып сайланады. 1950 жылы «геология» мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы бекітілді және КСРО Жоғарғы Кеңесінің 3-ші шақырылған сессиясында депутат болып сайланды. 1951 жылы Сатбаев, КСРО ҒА Президиумының тапсырмасы бойынша, Тәжік КСР ҒА ұйымдастырған сессиясына қатысты. Осы сессияда Қаныш Имантайұлы тәжік академиясының құрметті мүшесі болып тағайындалды.

Қаныш Сәтбаев Қазақстанда Ғылым академиясын құру туралы 1944 жылы ойлаған. Сол жылдың тамыз айынан бастап дайындық шаралары басталады. КОКП ОК ғылыми бөлімімен хат алысу белсенді жүреді. Қ. И. Сәтбаев КСРО ғылым академиясында және КОКП ОК ғылыми бөлімінде, КСРО ҒА филиалдары мен Кеңес базасында ҚазКСР Ғылым академиясын ұйымдастыру қажеттілігін дәлелдеу мақсатында, Мәскеуге үнемі іс-сапарға барып тұрды. 1944 жылдан 1946 жылдар аралығында 11 жаңа ғылыми-зерттеу институттары құрылды. Сонымен қатар болашақ академияның басты ғимаратының жобасы жасалды, авторы архитектор А. В. Щусев болды.

Тарихы
1946 жылы 1 шілдеде Қазақстан Ғылым академиясы салтанатты түрде ашылды. Ғылым академиясының тұңғыш президенті болып көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, қазақстандық геология мектебінің негізін салушы, академик, әлемге танымал ғалым Қ. И. Сәтбаев сайланды. Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының құрылуы республиканың табиғи ресурстарын неғұрлым толық зерттеуге және пайдалануға, оның экономикасының, ғылымы мен мәдениетінің өркендеп өсуіне кең мүмкіндіктер ашты. 1995 жылы 31 желтоқсанда Ғылым академиясының ғылыми-зерттеу институттарында ғылыми қызметкерлердің саны 2996-ға жетті, оның ішінде 408 ғылым докторы және 1289 ғылым кандидаты; ал 2009 жылы ҚР Ұлттық Ғылым академиясында 172 толық мүше, 21 құрметті мүше және 14 шетелдік мүшесі болды. Ғылым академиясының құрамында 5 ғылыми бөлімше (1999) : физика-математикалық ғылымдар, Жер туралы ғылымдар, химия-технологиялық ғылымдар, биология және медицина ғылымдары, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бөлімшелері, сондай-ақ ғылыми-ұйымдық және халықаралық бөлімшелер жұмыс істеді.

Ғылым академиясы 1972 жыл

КСРО ҚазҒАФ
1941 жылы, Қазақстанның КП ОК 2-ші хатшысы Ж. Шаяхметованың бастамасы бойынша, Қаныш Сәтбаев Алматыға жұмысқа ауысқан. Ол геологиялық ғылымдар Институтының директоры және (КСРО ҚазҒАФ) КСРО қазақ ғылым академиясының филиалы Призидиумы төрағасының орынбасары болып тағайындалады. Өйткені филиалдың басшысы И. Ф Григорьев Мәскеуде тұрған және өзінің міндетін толық атқара алмағандықтан, Сәтбаев филиал төрағасының міндетін атқарушы болған.
Көп кешікпей Ұлы Отан соғысы басталғаннан кейін, 1941 жылдың тамыз айында, Кеңес одағындағы марганецтың негізгі шығатын жері, Никопольды неміс армиясы жаулап алады. Сол жылдың қараша айында Никопольдан кейінгі екінші, Чиатурск кен шығатын жерге теміржол жолы қиылды. Бұл КСРО-да марганец шығаруды толықтай тоқтатады, осы екі орын Кеңес одағының марганец кенінің 91, 6 пайызын берген. Енді марганецтің жаңа жерлерiн iздестiру туралы дағдарыстық мәселе қойылды. Қаныш Сәтбаев 1928 жылы Жезқазған облысынан марганецты байқаған. Осыны еске түсіріп, марганецтің бар болуына зерттеу жасау мақсатында, геологиялық барлау отрядын ұйымдастырған. Оның тапсырмасымен алдын ала есептеулер қысқа мерзімде құрастырылды және қара металлургияның халық комитетіне жіберілді. 1941 жылы күзде И. Ф. Тевосяннің қара металлургияның халық комитетінен Жездіге комиссия келеді.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz