Музыкалар үйі


Slide 1

Музыкалар үйі

Slide 2 Slide 3

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ұлт-аспаптар кафедрасында еңбек ете жүріп, қазақтың көне музыкалық аспаптарын зерттеді. Қазақ және орыс тілдерінде «Қазақтың музыкалық аспаптары» атты кітап шығарып, кандидаттық диссертация қорғады. Өшкеніміз қайта жанғандай болды. Оның ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде қазақ халқының бай мұрасы кеңінен насихатталып, ұмыт бола бастаған төл өнеріміз қайта жанданды. Әр аймақтың түкпіріндегі алыс ауылдарға барып шеберлермен, көнекөз қариялармен кездесті. Соның нәтижесінде көзден таса болған шаңқобыз, сыбызғы, сазсырнай, үскірік, үш ішекті домбыра, шертер, жетіген, дабыл, даңғыра сияқты 30-ға тарта қазақтың көне музыкалық аспаптары өмірге қайта келді. Музыка аспабын жасаушы шебер О. Бейсенбаевпен бірге көзден таса қалған музыкалық аспаптардың түрлерін жасап, жетілдірді. Онымен қоса, өзінің кішкентай ғана екі бөлмелі пәтерінде 250-ден астам музыкалық аспаптарды жинап, мұражай ашты. Көзі тірісінде «Музыка археологы» атанған қазақтың тұңғыш аспаптанушы ғалымының атқарған тірлігі өзінен кейінгі жастардың зерттеу жұмыстарына үлгі болды. Халқымыздың рухани байлығын сақтап қалған му­зыкатанушының есімі ұлттық аспаптармен біте қайнасып кетуі де сондықтан. Ал бүгінгі күні ұлттық өнері­мізге қамқорлық қандай дең­гейде деген ниетпен ұлттық құндылықтарымыздың жағдайын білмекке мұражайға бас сұқтық.

Slide 4

Қобыздың қоңыр үні. . . Іргетасы 1981 жылы қаланған Қазақ халық музыкалық саз аспаптары мұражайына 1990 жылы атақты күйші, композитор, қылқобызда ойнаудың дүлдүл шебері Ықылас Дүкенұлының есімі берілді. Неге екені белгісіз, заңды түрде Ықылас Дүкенұлы атындағы Қазақ халық музыкалық саз аспаптары музейі деп аталғанымен, күні бүгінге дейін мұражайдың маңдайшасында бұрынғы атауы, яғни Қазақ халық музыкалық саз аспаптары музейі болып жазылып тұр. Мұражай ғимаратын 1908 жылы қазақ кәсіпкері Ғали Орда­байұлы былғары илейтін цех үшін өз ақ­шасына салдыртқаны туралы кезінде жазылды. Соған қарамастан ел арасында қазақ кәсіпкерінің есімі аталмай, сәулетші Зенков салған деген пікір тараған. Тағы бір деректерде есімі белгісіз қытай сәулетшісінің болғандығы да айтылады. Құнды жәдігерлеріміздің осы уақытқа дейін мұражай төрінде сақ­талуына елімізге белгілі тұлғалар Дін­мұхамед Қонаев, Өзбекәлі Жәнібеков, Болат Сарыбаевтардың қосқан үлес­тері ерекше екендігін айта кеткен жөн. Мұражайдың тағы бір ерекше­лігі - ғимараттың тұтастай ағаш­­тан жасалғандығы. Бұл шебер­лік үлгісі болып есептеліп еліміз­дің архитектуралық-тарихи ескерт­кіштері ретінде мемлекеттік арнайы тізімге енгізілгенімен, мұражайдың 2005 жылдан бастап республикалық дәрежесі жойылып, Алматы қаласы әкімдігінің қарамағына өткен. Жалпы көлемі 1117 шаршы метрді құрайтын мұражай ғимараты күрделі жөндеуден өткізіліп, биылғы жазда қайта ашылған еді. Заманауи техникалық қон­дыр­ғы­лармен жабдықталған мұра­жай кірсе шыққысыз, келушілерге көтеріңкі көңіл күй сыйлайды. Адам­ды өзіне тартып тұратын бір жылылық бар. Бәлкім, бұл ұлттық аспаптардың қасиеті болар.

Slide 5

Дәстүрлі көне музыкалық аспаптар, балбалтастарда бейнеленген аспап суреттерінің тарихы VI-VIII ғасырларды көз алдыңа әкеледі. Мұражай экспозициясындағы музыкалық аспаптар қазақ хал­қының музыкалық өнерінің қалыптасып, дамуының сан ға­сырлық тарихи жолын, халық өмірінде музыканың ерекше орын алғандығын көрсетеді. Мұражай қорында дабыл, асатаяқ, керней, үскірік, сазсырнай секілді мыңнан астам жәдігер бар. Қазірде олардың алты жүзден астамы көпшілік назарына ұсынылған. Виртуалды гид, интерактивті тақталардың көмегімен өткенге үңіліп, кез келген құнды жәдігер туралы мағлұмат алуға жағдай жасалған. Ең көне жәдігерлерге әлі де зерт­теуді қажет ететін қамыс сырнай, мүйіз сырнай, үскірік, құс сайрауық, желбуаз секілді аспаптарды жатқызуға болады. Сонымен қатар қобыздың бірнеше түрі - қыл қобыз, нар қобыз, жез қобыз, сым қобыздар көзге жылы ұшырайды. Қазақтың әрбір шаңырағын домбырасыз елестету мүмкін емес. Бұл домбыраның құдіреттілігі шығар. Мұнда домбыраның да бірнеше түрі қойылған, тұмар домбыра, үш ем домбыра, екі жақты домбыра, т. б. болып кете береді. Құрманғазы Сағырбайұлы мен Дина Нұрпейісованың, Біржан салдың, ұлы ақын Абайдың, жыр алыбы Жамбылдың, әнші Әміре Қашаубаевтың, композитор Ахмет Жұбановтың, Нұрғиса Тілендиевтің, т. б. қазақтың небір марғасқаларының қолының табы, алақанының жылуы қалған домбыралары сақтаулы.

Slide 6
Ұқсас жұмыстар
Интернет қызметтері
Музыкалық өнердің теориясы мен әдістемесі
Бастауыш мектепте информатика негіздерін енгізудің қажеттілігі
Әлеуметтік желілер - ермектері бірдей адамдардың Интернетте бірігетін қоғамдастық сайттары
Шығыс ас үйі мейрамханасын ашу
Қазақстанның сәулет өнері
Музей классификациясы
Офицерлер үйі
АРУ сән үйі
Астана қандай қала
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz