Польша




Презентация қосу
ПОЛЬША

орындаған: Омарова.С
тексерген: Қуандық. А
МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫ МЕМЛЕКЕТТІК
ЕЛТАҢБА
Жалпы шолу
Ресми тіл: поляк
Астанасы: Варшава
Ірі қалалары: Варшава, Краков, Лоздь, Быдгочш
Үкімет түрі: Парламенттік Республика
Президенті: Бронисла Коморовски
Премьер-министірі: Дональд Туск
Жер аумағы: 69-шы; Барлығы: 312 679 км²
Жұрты: Сарап (2011) 38 501 000 адам (34-ші)
тығыздығы: 123 адам/км²
Ж ІӨ (АҚТ)
• Қорытынды (2012)
• Жан басына шаққанда
766,675 млрд. $ (20-ші)
22 500 $
Валютасы: Злотый
Польша Республикасы — Орталық Еуропадағы мемлекет. Жер
аумағы — 312,7 мың км². Халқы 38,7 млн. (2000). Халқының басым
бөлігі поляктар (98%),қалғандары немістер (1,3%),беларусьтар (0,6%
), украиндар (0,5%), т.б. Ресми тілі — поляк тілі. Халқының
көпшілігі христиан дінінің католик, солтүстік
аудандандары протестант тармақтарын ұстанады. Конституция
бойынша мемлекет басшысы президент. Жоғарғы заң шығарушы
органы — екі палаталы парламент (сейм және сенат). Астанасы
— Варшава қаласы Әкімшілік жағынан 16 провинцияға
(воеводаларға) бөлінген. Ұлттық мейрамы —11 қараша — Тәуелсіздік
күні. Ақша бірлігі — злота.
Табиғаты
Польша жерінің 90%-нан астамы жазық, тау массивтері о ңт үстік
жағында ғана кездеседі. Балтық теңізімен жалғасатын
бөлігі жатық, құмды. Солтүстік Польшаның жер бедерін негізінен
аккумуляттық шөгінділерден түзілген Ұлы
Польша,Мазовия және Подляс ойпаттары алып жатыр. Бұларға
оңтүстіктен Силезия, Кіші Польша, Люблин ассимметриялық
қыраттары жалғасады. Польшаның оңтүстік-батыс шетінде Судет тау
массиві, оңтүстікнде және оңтүстік-шығысында Карпат
тауының сілемдері (ең биік жері 2499 м) орналасқан.
Климаты қоңыржай, батысынан шығысына қарай теңіздік
климаттан континенттікке ауысады.
Климаты
Қаңтардағы орташа температура теңіз жағалауында ж әне батысында
1⁰С, таулы өңірінде 6⁰C; шілдеде 17⁰C, таулы өңірде 10 — 14⁰C.
Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 500 — 1000 мм. Өзен
торы негізінен Балтық теңізі алабына жатады. Аса ірі —
өзендері Висла және Одра. Аумағының 27,6%-ы орман (көбіне
қылқан жапырақты ағаш түрлері басым).
Экономикасы
Польша индустриялы-аграрлы ел. Экономикасының жетекші салалары
— машина, кеме жасау, металл өңдеу, химия, тамақ,тоқыма өнеркәсіптері.
Елдің ауыл шаруашылығы негізінен қара бидай, астық, сұлы, жеміс-
жидек және етті-сүтті ірі қара мал мен шошқа өсіруге бағдарланған.
Экспортқа машина, химия, металл, тамақ, тоқыма өнімдері мен мыс, тас көмір
шығарып, сырттан құрал жабдықтар, тұрмыстық тауарлар, шикізат алады.
Негізгі сауда серіктестері — ЕО елдері мен Ресей, Қазақстан мен Польша
арасында байланыс 19 ғ-да басталды.Қазіргі уақытта Қазақстанның солтүстік
облыстарында 60 мыңдай поляк өмір сүреді.
1994 ж. Қазақстан мен Польша арасында дипломатиялық байланыс орнап,
Варшава қаласында Қазақстан елшілігі, Алматыда Польша елшілігі ашылды.
Варшава
Варшаа ва - Польшадағы аймағы көлемінен және тұрғындары
жағынан алғанда ең үлкен қала. 1596 жылы Вавель қорғанының
өртенген сәтінде Сигизмунд ІІІ өз резиденциясын осында
ауыстырған әтінде ресми түрде қала мәртебесін алды, сонда да
Конституция бойынша 1791 жылы ғана астана мәртебесі бекітілген
болатын. Қала арқылы Висла өзені ағып өтеді.
Величка
Величка қаласы- өзінің тұзды өлкесімен әлемге танымал.
Назарларыңызға Рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Шығыс Еуропа елдері
Бастауыш білім тілі
Мюнхен келісімі
Бейбітшілік конференциясының мақсаттары
Әнші- ақындар шығармашылығы
Минск трактор зауыты
Отан соғысы кезінде күрескен мемлекеттер мен халықтардың әскери - саяси одағы
Еуропаның саяси картасы мен аймақтары
Ұлыбритания мен Франция үкіметтері
Шошқа тұқымдары
Пәндер