Этил спиртінің ағзаға зияны және физиологиялық әрі әлеуметтік салдары


Slide 1

Спирттің организмге зияны

Slide 2

Тақырыбы: Спирттің организмге зияны Дайындаған: Өтеулиев. Ж, Өтеуов. Н, Сиражева. Л

Slide 3

Спирт - ерігіш болғандықтан ішкен кезде қанға тез сіңіп, ағзаға күшті әсер етеді. Ішімдіктің әсерінен адамның ықыласы кеміп, байқампаздығы тежеледі, қимыл үйлесімділігі бұзылып, мінез-құлқында әдепсіздік, желікпелік, дөрекілік пайда болады. Адамды ақылынан ғана ажыратып қоймайтын арақ асқазан жолының кілегейлі қабықшасын зақымдап, қарында, ұлтабар ұшында уытты жара, гастриттің туындауына әкеліп соғады. Миға сіңген спирт нерв клеткаларын уландырады, одан ойлау қабілеті бұзылып, рухани ауыр халге ұшырайды. Отбасындағы зорлық- зомбылық оқиғаларының үштен екісі және балалардағы қатігездіктің үштен бірі ата-аналардың маскүнемдігіне байланысты болып келеді екен. Бақытсыз жағдайлардың, адам өлтірудің, өзіне қол жұмсаудың 50 пайызы тікелей алкогольге тәуелділіктен туындайтыны да бесенеден белгілі.

Slide 4 Slide 5

Этил спиртінің жергілікті, рефлекторлы және резорбтивті әсерлері бар. Медициналық практикада негізінен жергілікті әсеріне орай қолданады. Кейбір жағдайларда сырқаттардың реконвалесценция кезінде тәбетін күшейтіп, ас жолдарының жұмысын қалпына келтіру үшін ас шарабы, сыра, қымыз түрінде аз мөлшерде береді. Кризистік жағдайларда этил спиртін парентералды қоректендіру қоспасымен (тәулігіне 50-70г) береді.

Slide 6

Ағзада тотығу барысында 100 г этанолдан 700 ккал энергия бөлінетіні белгілі. Қызыл шарапты аз мөлшерде (50мл абсолютті спирт күніне 2-3 рет есептеу бойынша) тромбоциттердің агрегациясын азайтып, төмен тығыздықты атерогенді липопротеиндер, 2 типті қант диабетінде қант деңгейі азайып, атеросклерозға қарсы тұратын жоғары тығыздықты липопротеиндер көлемін арттырады. Атеросклерозға қарсы әсері қызыл шараптың антиоксидантты әсерлі полифенолдардан деп ойлағанмен, экспериментте бұл дәлелденбейді.

Slide 7

Күшті алкоголь ішімдіктерін сұйыққа төзімділікті арттыру үшін ішу дұрыс емес, себебі спиртінен жылу өндіру артқанмен, өте көп мөлшерде жылуды берудің артатыны белгілі. Тері тамырларының кеңеюі жалған жылыну әсерін беріп, терлеу арқылы жылу жоғалту күшейіп, үсу қаупімен психикалық бақылау жоғалады. Қатты суықтан жылы жерге оралғандарға қабыну ауруларының алдын-алу үшін аз мөлшерде этил спиртін пайдалануға болады.

Slide 8

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Фармакологияда этил спиртінің рөлі мен қолданылуы
Алкогольдің адам организміне зияны және әлеуметтік салдары
Этил спирті (этанол): фармакологиялық әсерлері және маскүнемдіктің әлеуметтік аспектілері
Аммиактың ағзаға әсері: улану белгілері, салдары және алғашқы көмек
Әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны: әлеуметтік және психологиялық әсері
Әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны: жастардағы тәуелділік мәселесі
Ғаламтор және әлеуметтік желілер: пайдасы, зияны және балалар қауіпсіздігі
Әлеуметтік желілер мен ұялы телефондардың пайдасы мен зияны: жасөспірімдерге арналған ұсыныстар
Темекінің зияны: химиялық құрамы мен денсаулыққа және әлеуметтік әсері
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының жіктелуі және өндірістік-саудалық әрі әлеуметтік ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz