Ұңғылардың қолданылуына қарай топталуы




Презентация қосу
Ұңғылардың
қолданылуына қарай
топталуы

Тобы: НГД(РН)-14-1
Дайындаған: Мақашев Айболат
Ұңғылар қолданылуына
қарай әр түрлі топтарға
бөлінеді. Бұрғылау
жұмыстарының ең көбі тау-
кен өнеркәсібінде
қолданылады. Онда бұрғылау
пайдалы кен орындарын
іздегенде, барлағанда және
сол кен орындарын
өндіргенде қолданылады.
Бұрғы ұңғылары атқаратын
қызметі бойынша тірек, карта
жасаушы, структуралық,
Тірек ұңғымалар – негізгі ақпараттарды алу
үшін қолданылатын зерттеу ұңғымалары. Осы
ұңғымалар арқылы алдағы жасалатын
жұмыстың түрлерін анықтайды.
Структуралық ұңғылар тиімді свиталардың
структурасын көрсететін маркалық горизонттардың
деректері арқылы, структуралық ұңғылар карталар
жасау үшін бұрғыланады. Кейбір жағдайларда
структуралық ұңғылар кен орындарын іздеу үшін
де бұрғыланады. Ондайда бұрғылау барысында
кездескен тиімді горизонттарға зерттеулер
жүргізіледі. Мұндай ұңғылардың тереңдегі 300-
500 метрден 2000 метрге дейін болады.
Іздеме ұңғылар геологиялық
іздеме жұмыстар жүргізіліп
дайындалған учаскелерде
жаңа кен орындарын ашу үшін
бұрғыланады.
Африкада «Газпром» тобының
алғашқы іздеме ұңғымасының
бұрғылау сәті
Барлау ұңғылары кен орны барлығы
анықталған учаскелерде, сол кен
орнының өндірістік категориядағы
қорын дайындау үшін және оны
өндірудің жобасын жасау үшін
бұрғыланады. Бұл ұңғылардың негізгі
мақсаты кен орнының кемерін анықтау
және осы кен орындарының жаңа
горизонттарын барлау болып
табылады.
Өндіруші ұңғылар сұйық, газ
тәріздес пайдалы қазба және
минералдық кен орындарын
аршу және өндіру үшін
бұрғыланады. Бұл топқа өндіру,
айдау, бақылау, бағалау
ұңғымалары кіреді.
Техникалық ұңғыларға әр түрлі
мақсаттармен бұрғыланатын бір
топ ұңғылар жатады. Олар: су
алатын ұңғы, су құрғатқыш ұңғы, су
төмендеткіш ұңғы, бақылау ұңғысы,
мұздатқыш ұңғы, сейсмикалық ұңғы
ж.т.б.
Қазіргі уақытта кез-келген салада
зерттеу жұмыстары үшін барлау
ұңғымаларын қазады. Сұйық және
қатты пайдалы қазбаларын алу үшін де
ұңғымалар қазылады. Сонымен қатар
өндірістік қалдықтарды тастау және
басқа да технологиялық процестерді
жүзеге асыру үшін қолданылады.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗ
ҒА РАХМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
Айранкөл мұнай кен орны
Жаңажол кен орнындағы фонтанды ұңғылардың жұмысын талдау
Газ және газконденсатты мұнайлы кен орындарын пайдалану мен игерудің ерекшеліктері
ТЕҢІЗ ҰҢҒЫЛАРЫН БҰРҒЫЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Өндірістік менеджменттің қызметтері әдістері принциптері Мамандандыру және кооперативтендіру, өндірістің шоғырлануы мен кешендендірілуі
Мұнай және газ кенорындарын игеру
Мұнай өндіру кәсіпшілігінің негізгі базаларынан көрініс
Бұдабай Қабылұлы
Фонтандаушы ұңғыма саны
Дүниежүзінің табиғат ресурстары
Пәндер