Өндірісті жобалау негіздері және жабдықтау ДӘРІСТЕР
Презентация қосу
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер
технологиасы кафедрасы
Өндірісті жобалау негіздері және
жабдықтау
ДӘРІСТЕР
АЛМАТЫ, 2015 ж.
ДӘРІС №1
Тақырыптың аты:
ХИМИЯЛЫҚ ӨНДІРІСТІ ЖОБАЛАУДЫҢ
НЕГІЗГІ САТЫЛАРЫ ЖӘНЕ
ҰЙЫМДАСТЫРУ
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Курстың мақсаты мен маңызы.
2. Болашағы бар жоспар және технико-экономикалық негіздеме
(ТЭН).
3. Жобалауға тапсырма.
4. Кәсіпорынды орналастырудың ауданын және құрылыс
алаңын таңдау.
1. КУРСТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МАЗМҰНЫ
Пәнді оқытудың мақсаты – студенттердің химия өндірісі
саласында жұмыс істеуге даярлау үшін кәсіпорын құралдары және жобалау
негіздерінің теориялық негіздері жөнінде білім беру. Курстың
материалдарында химия өндірісінің кәсіпорындарын жобалау негіздері мен
оның құралдарына қатысты жүйелі түрде жүргізілетін кешенді
жұмыстардың реттілігі мен орындалу ерекшеліктері туралы мәліметтер
беріледі.
Курсты оқу нәтижесінде студенттер химия өндірісінің
кәсіпорындарына «Химик-технолог» маманы ретінде жұмыс істеу үшін
химиялық технологияның жалпы ғылыми негіздері мен заңдылықтары,
процестері мен аппараттары туралы білімдерін инженерлі-геодезия,
архитектура, экология, төтенше жағдайлар мен техника қауіпсіздігі,
экономика, инженер-конструкторлік, мемлекеттік стандарт жүйесі және т.б.
бағыттарда жүргізілуге тиісті жұмыстармен ұштастырып, ол жұмыстардың
орындалу реттілігін игеруге тиісті және студенттер өндірістік
кәсіпорындардың өндіруге межелеген өнімінің түріне байланысты ол
өнімді өндірудің химиялық-технологиясы мен қажетті аппараттарды
анықтауды және осы аппараттарды іске қосып агрегатты, қондырғыны,
өндірістік линияны, өндірістік кварталды (өндірісті), зауыдты және ары
қарай комбинат деңгейіне дейінгі жұмыстарды ұйымдастыра алатын болуы
керек. Студенттер курс материалдарын толық игерулері үшін арнайы
семинарлық және практикалық сабақтар қарастырылған.
Өндірістің одан әрі дамуы мен өркендеуі шеңберінде жобалау
жұмыстары арнайы топтағы мамандандырылған инженерлерді
қажет етеді: технологтарды, құрылысшы, сантехниктер, және т.б.
Содан кейін құрылысты жобалау, конструкторлы технологиялық
құрылғыларды жобалау, ауқымды өндірісті өңдеудегі жобалау
институттары құрыла бастады.
Ғылым мен техниканың дамуына байланысты жобалаудың әдістері
жақсартылды. Сонымен, инженерлік тәжірибелерде электрондық
есептегіш машиналары (ЭЕМ) дамып, өндіріс ауқымында машина
жасаудың жобалары дамып, автоматтандырылған жүйенің жобалау
негіздері құрылды.
Өндірістік жобалауды қалай түсінеміз?
Жобалау - техникалық құжаттардың немесе мағлұматтардың
жиынтығы, яғни өндіріс аумағын жабдықтау. Жобалау термині
жоспар, негізгі мақсат деген мағынаны білдіреді. Жобалауға:
түсіндірмелі хаттамалар, сызбалар, барлық жабдықтаудағы
шығындар, өнімнің өзіндік құны туралы мәліметтер, шикізатты
қолдану және өндіріс қалдықтарын жою мәліметтері, процесті
бақылау әдістемелері, құрылғыны монтаждау және барлық
өндірістік аумақтардың байланысы кіреді.
2. Болашағы бар жоспар және технико-
экономикалық негіздеме (ТЭН).
Үкіметтің шешімі негізінде - экономикалық
аудандардың және өнеркәсіптің жеке салаларының
болашақта даму жоспарын ескере отырып, жобалаушы
ұйымдар кәсіпорын құрылысының техника-
экономикалық негіздемесін (ТЭН) баяндамалық хат және
техника-экономикалық есептеулер (ТЭЕ) түрінде
құрастырады. ТЭН немесе ТЭЕ өндірістік жаңа
кәсіпорын салудың немесе жұмыс істеп тұрған
кәсіпорынды жаңартудың қажеттілігін, экономикалық
тұрғыдан тиімділігін негіздейтін алғашқы жоспарлық
немесе жобаалдылық құжат болып табылады.
Өнеркәсіп қоғамның өндірістік күштерінің даму деңгейіне шешуші
әсер ететін халық шаруашылығының маңызды саласы. Өнеркәсіп
материалдық игіліктерді, еңбек құралын өнеркәсіптің өзі үшінде
және халық шаруашылығының басқа да салалары үшін де, оның
ішінде шикізаттарды, материалдарды, жағар-майларды, энергияны
өндіру және өндіріспен ауылшаруашылығында өндірілген
өнімдерді ары қарай өңдеумен айналысатын кәсіпорындардың
жиынтығы (зауыд, фабрика, кен, шахта, электростанция және т.б.).
Өнеркәсіп салалардың ірі-ірі екі топтарынан тұрады - өндіру және
өңдеу. Өндіру өнеркәсібінің құрамына таулы-химиялық
шикізатты, қара және түсті металдардың кендерін, кенді емес
шикізаттарды, мұнай, газ, көмір, кенді емес құрылыс
материалдарының тұздарын, жеңіл табиға толтырғыштар мен әк
және гидроэлектростанциялар кіреді. Өңдеу өнеркәсібінің
кәсіпорындарының қатарына қара және түсті металдарды,
химиялық және мұнай химиясының өнімдерін, машиналар мен
қондырғыларды, цемент, жеңіл және тағам өндірісінің өндімдерін
шығару, қайта-жөндеу мен құрылыстық кәсіпорындар жатады.
Өндіріс ары қарай өндіру құралдарын өндіру («А» тобы) және қолдану
заттарын өндіру өндірісі («В» тобы) болып тармақталады. «А» тобына
станоктарды, қара және түсті металдардың кендерін, фософор және
фосфорлы тыңайтқыштарды өндіру, цемент және т.б., ал «В» тобына
қолдануға даяр өнімдер мен материалдарды өндіретін (тігін және
трикотажды даяр бұйымдар, нан, жиһаз және т.б. халықтың тұрмыстық
қолданысындағы әр түрлі бұйымдарды) өндірістер кіреді. Бірақ
өндірістік және өндірістік емес мақсаттарда қолданылатын өнімдердің
бірнеше қатары (электрэнергиясы, жанар-жағар май, көмір және т.б.) «А»
және «В» топтарының арасында іс жүзінде қолданылуына байланысты
бөлінеді.
Болашаққа жоспарлау халық шаруашылығының өнімінің белгілі бір
түріне деген сұранысын оның іс жүзінде өндірілуімен салғастыра
отырып өнеркәсіптік өндірісті шикізаттың көзіне, жағар отын ж әне даяр
өнімді қолдануға мүдделі аудандардың жақын орналасуын ескере
отырып мемлекет территориясында тиімді орналастыруға мүмкіндік
береді. Болашағы бар жоспарлардың мәліметтері жаңа өндірістік
кәсіпорынның құрылысын жүзеге асырудың жобалық құжаттарын
жасақтау кезіндегі алғашқы құжат болып табылады.
3. Жобалауға тапсырма.
Өндірістік кәсіпорынның жобалауға тапсырмасы дегеніміз келесі
мәліметтер келтірілген негізгі бастапқы құжат болып табылады:
кәсіпорынның аты; жобалау үшін негіздеме, аудан, пункт ж әне
құрылыс алаңы; өнімнің номенклатурасы және оның негізгі түрлері
бойынша толықтай дамуы мен бірінші кезеңдегі өндірістің қуаты
(натуралдық және ақшалай қаражатқа шаққанда); кәсіпорынның
жұмыс істеу режимі және меңзелінген мамандандырылуы;
кәсіпорынның құрылысын жүргізу және оны пайдалану
(эксплуатациялау) кезінде шикізатпен, сумен, жылумен, газбен ж әне
электр энергиясымен қамтамасыз етудің негізгі к өздері; а ғынды
суларды тазарту және оларды шығару шарттары; негізгі технологиялы қ
үдерістер мен қондырғылар; кәсіпорынның болжамдық дамуы
(кеңейуі); құрылыстың тапсырылу мерзімі; қаржылық салымдардың
меңзелінген мөлшері және кәсіпорынның техника-экономикалық
көрсеткіштері; тұрмыстық және мәдени-сауықтыру нысандарының
құрылысын жобалауға тиесілі мәліметтер және жобалаудың
сатылары; бас жобалаушы ұйымның аты; бас мердігердің құрылыс
мекемесінің аты.
Өндірістік кәсіпорынның жобасы дегеніміз (ауқымды қарастырғанда) бұл
принципиалды негіздемелері, есептеулері, сызбалары, жасауға, даярлауға немесе
қайта жасақталынуға тисіті құрылымдардың, қондырғылар, машиналар,
аппараттар және т.б. арналған макеттердің техникалық құжаттарының кешені.
Архитектуралық жоба адамның ғылыми-негіздемелі құрылымдық идеясын
кеңістікте ұтымды ұйымдастыруын жүзеге асыруы үшін болашақ ғимараттың,
құрылымның немесе кешеннің негізі кез-келген көркемдік әдіс арқылы (макет,
сурет, сызба, фото) материалдық (құрылыстық-техникалық) және идеялы-
көркемдік (эстетикалық) жүзеге асырылған құжат болып табылады.
Өндірістік кәсіпорынның жобасы негізгі үш бөлімнен құралады:
1. Халық шаруашылығының белгілі бір немесе аралас салаларында ғылым мен
техниканың ең жаңа жетістіктеріне негізделінген өнімді даярлауға арналған
қондырғылардың жүйесі секілді өндіріс технологиясы;
2. Тиімді технологиялық үдерісті оның үздіксіз дамуын, экономды инженерлік
құрылыстық шешімдердің қарапайымдылығы мен әмбебаптығын, жұмысшы
қызметкерлерге еңбектік және тұрмыстық ыңғайлылықпен жайлылықты,
құрылымның кескінің көркемдік-идеялық сәнділігін және оның бөлек
бөлшектерінің әдемілілігін қамтамасыз ететін көлемдік-жоспарлық шешемдер;
3. Технологиялық үдерісті ұйымдастыруды ең жақсы шарттармен және оның
уақыт өте дамуын қамтамасыз етуді және құрылыстық өндірістің
механизацияланған шарттарына сай келетін және құрылымдар мен кешендердің
көлемдік-жоспарлық құрылыстарының үйлесімді негізі болатын тиімді
құрылыстық құрылымдармен инженерлік қондырғылар.
4. Кәсіпорынды орналастырудың ауданын және
құрылыс алаңын таңдау.
Жаңа кәсіпорындардың орналасулары жуық маңдағы осы салалардың
болашақтағы дамуының бас жоспарлары негізінде айқындалады. Құрылысты ң
ең соңғы пункті мен алаңы осы құрылыс нысанының техника-экономикалы қ
негіздемелері мен алдын-ала ізденістену негізінде аны қталады, ал та ңдалынып
алынған ауданда құрылысты жүргізуге өте қолайлы алаңның (белгілі бір к өлемі
бар жер телімі) болуы кәсіпорынның құрылысын жүзеге асыру ға белгілі бір
негіздемелердің бірі бола алады.
Құрылысқа арналған алаңдардың өлшемдері кәсіпорынның кеңейу
мүмкіндіктерін ескере отырып, (егер мұндай мүмкіндік жобалау ға берілген
тапсырмада ескерілген болса) өндірістік территориялардағы құрылыстарды ң
құрылыстық нормалары мен ережелеріне (ҚНмЕ) сай құрылыс
коэффициенттеріне сәйкес болуы тиіс.
Құрылыс ауданын таңдау негізіне экономикалық аймақтардың аудандық
жоспарлау сызбанұсқасы кіруі тиіс. Бұл кезде келесі шарттарды ескеру қажет:
ғимараттар мен құрылымдардың құрылысын жүргізуге қолайлы жердің болуы;
табиғи топографиялық, гидрогеологиялық, метеорологиялы қ шарттар;
шикізаттың болуы; темір және автокөлік жолдарының болуы; зауыдты ң
құрылысын жүргізу және оны эксплуатациялау кезінде көліктік байланысты
қамтамасыз ету үшін жасалынатын құрылысқа жұмсалынатын шығындарды ң
мөлшері; құрылыс ауданында жұмысшы күштер мен тұрмыстық қордың бар
болуы; бұйымды өткізіп жіберу нарығының болуы; зауыдты ң энергетикалы қ
ресурстары; кәсіпорынды сумен қамтамсыз ету мүмкіндігіні ң болуы; қаланы ң
басқада кәсіпорындарымен киілісе үйлесу мүмкіндігіні ң болуы.
Құрылыс ауданы таңдалынып алынғаннан кейін
келесі факторларды ескере отырып, құрылыс
алаңын таңдау жұмыстары жүргізіледі:
•алаңның көлемінің жеткіліктілігі және оның келешекте
кеңейтілу мүмкіндігі;
•жер телімінің конфигурациясының ыңғайлылығы;
•жер телімінің және оған іргелес жерлердің алаңдарын
ғимараттар мен көліктік жолдарға арнап осы жерлерде
жасалынатын жұмыстарға жұмсалатын шығынның
минималды болуына ықпал ететін топографиялы қ
шарттары;
•құны қымбатқа түсетін жасанды іргелер мен терең
фундаменттерді қолданбай-ақ құрылысты жүргізуді
қамтамасыз ететін қанағаттанарлық деңгейдегі
геологиялық және гидрогеологиялық шарттар;
•магистральді байланыс жолдарына (темір жол, су ж әне
автокөлік) тиімді жанасу мүмкіндіктері;
•алаңның су көзіне, тастанды суларды шығару жерлеріне,
энергия көздеріне және халық қоныстанған жерлерге
қатысты тиімді орналасуы.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz