Жұқпалы және паразитарлық аурулардағы патологиялық материалды алу, консервілеу және жөнелту тәртібі


Slide 1

Тақырыбы: Жұқпалы және паразитарлық аурулар кезінде зертханалық зерттеулер үшін патологиялық материалды алу және жөнелту ережесі

Презентация

Slide 2

Жоспар:

Жануардың тірі кезінде ауруды балау үшін материал алу.

Патологиялық материалды консервілеу.

Жөнелтуге арналған материалға құжаттама әзірлеу

Slide 3

Инфекция түріне байланысты клиникалық ауру малдан берілген ауруына сәйкес, өзіне тән жеке бастың қауіпсіздігінің шараларын сақтай отырып материал алады.

Сүт безінің секреті қоздырғыш сүтпен белсенді бөлінетін (туберкулез, сальмонеллез, желінсау) аурулар кезінде зерттеу объектісі қызметін атқарады. Сиырларда желінді сабынмен жылы суда жуады, емізіктерін 70%-дық спиртпен өңдейді. Сүттің бірінші ақырын ағысын жояды, стерильді ыдыстарға сауып алынған 15 . . . 20 мл бірінші және соңғы порциядан секрет толтырады.

Қойлар мен ешкілерден сынамаларды желіннің цистернасының пункциясы жолымен алады. Операция жерін емізік қасынан шприцпен байланысқан стерильді инемен әзірлейді, пункция жасайды, шприцке секрет толтырады және оны резиналы тығыны бар стерильді пробиркаларға ауыстырады.

Жануардың тірі кезінде ауруды балау үшін материал алу.

Slide 4

Несеп көбінесе лептоспирозға күдік туған кезде зерттеу объектісі ретінде қызмет етеді. Сиырлар мен мегежіндерден несепті тікелей катетердің көмегімен алуға немесе табиғи несеп шығуы кезінде таза пробиркаларға, құтыларға жинауға болады. Несепті малдардан таңертең тұрған кезде алған жеңілдеу болады, ал шошқаларда - күннің кез келген уақытында 1 . . . 2-сағат жатып тұрғаннан кейін.

Нәжісті тура ішектен қатты жабылатын қақпағы бар стерильді ыдысқа алады. Тура ішектің қабырғасында шырыш, жуаңдану немесе басқа патологиялық өзгерістер кезінде қосымша қырындар жасайды, оларды бөлек ыдысқа орналастырады.

Slide 5

Жоғарғы тыныс алу жолдарынан және ауыз қуысынан бөлінулерді ыдысқа табиғи ағуы кезінде жинап алады немесе былай жасайды: мұрын қанаты және мұрынның алдыңғы бөлігін сумен жуады, кейін бөлінулерді стерильді тампондармен мұрынның түпкі бөліктерінен жинайды. Тампондарды 0, 5 мл-ден стерильді физиологиялық ерітіндіден тұратын стерильді пробиркаларға орналастырады.

Синовиальді бурса және абцессалар құрамын келесі түрде алады. Жүнді қияды, тері жабынын 70%-дық спиртпен өңдейді және йодтың тұнбасымен жағады. Кейін үлкен диаметрдегі инесі бар стерильді шприцпен пункция жасайды және пунктатты резиналы тығыны бар стерильді пробиркаға ауыстырады.

Жара мен жарақаттан материалды зақымдалған шетінен және сау матадан қырып алу әдісімен алады.

Түктер мен тері бөліктерін тері ауруларына ұшыраған кезде зерттейді. Осында түкті жұлып алады, ал қырындарын теріден скальпельмен зақымдалған және сау матаның шетінен жасайды.

Қанды серологиялық зерттеулер үшін ауру асқынған кезде, ал кей кездері 10 . . . 20 күннен кейін қайталап 10 мл-ден екі-үш ауру малдан түрлі пробиркаларға алады.

Slide 6

Патологиялық материалды консервілеу.

Алынған сынамаларды зертханаға балғын күйінде жібереді; егер 24 . . . 30 сағ ішінде жіберу мүмкін болмаса, онда оларды консервантта белгілеп алады.

Slide 7

Бактериологиялық зерттеуге арналған материалды 30%-дық химиялық таза глицеринмен (физиологиялық ерітіндіде жасаған дұрыс) немесе вазелинді маймен бекемдейді. Патматериал және консерванттың арақатынасы 1:4 немесе 1:5. Қуысты сүйекті және ішекті әдетте ас тұзымен консервілейді.

Гистологиялық зерттеуге арналған патматериалды 10%-дық формалиннің сулы ерітіндісінде немесе 96%-дық этил спиртімен консервілейді. Консервант көлемі алынған материалдың көлемінен 10 есеге көп болуы қажет.

Вирусологиялық зерттеу үшін материалды стерильдік физиологиялық ерітіндіде 30 . . . 50%-дық глицеринмен консервілейді. Патматериалдағы вирустардың биологиялық қасиетін сақтап қалудың ең жақсы және қарапайым тәсілі - салқындату. Сенімді жабылған флакондарды мақтаға немесе қорапты қағазға орайды және тығыздап 1/3 қармен немесе мұзбен толтырылған термосқа салады. Мұндай кезде термоста 12 . . . 24 сағ ішінде вирустар өзгеріссіз сақталып тұратын, температура 2 . . . 60С дейін ұсталып тұрады.

Slide 8

Жөнелтуге арналған материалға құжаттама әзірлеу

Алынған патологиялық материалға ветеринарлық дәрігер жолдамалы құжат дайындайды (3-форма) . Құжатта шаруашылықтың эпизоотиялық жағдайын, малды емдегенін не емдемегенін; егер емдесе, қандай препараттармен, материал қалай консервіленгенін; жөнелтілген сынама қораптарының санын міндетті түрде көрсету керек

Slide 9

Форма 3

Ветеринарлық зертханаға

Мекен-жай

үшін жөнелтілді

Патологиялық материал (қандай екенін атап

көрсету) -дан, жататын

(малдың түрі және жасы) (шаруашылық, ферма атауы)

Малдың ауырған күні

Өлген күні

Клиникалық суреттемесі

Патологоанатомиялық ашуының мәліметтері

Болжамалы диагнозы

Материалды жөнелту күні

Лауазымы

Қолы

Slide 10

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Жануарлардағы шешек: қоздырғышы, клиникалық белгілері және патологиялық материалды алу мен зерттеу әдістері
Жұқпалы аурулар: алдын алу, дезинсекция және дератизация әдістері, карантин мен обсервация тәртібі
Симптоматикалық психоздар: жұқпалы, интоксикациялық және соматикалық аурулардағы клиникалық көріністері мен нұсқалары
Жануарлардан серологиялық зерттеу үшін жаппай қан алу, сарысуын бөлу, консервілеу және құжаттау тәртібі
Қоян сойыс өнімдерін жұқпалы және жұқпалы емес аурулар мен патологиялық үрдістер кезіндегі ветеринариялық-санитариялық сараптау
Жануарлардың инвазиялық (паразитарлық) аурулары: номенкулатура, қоздырғыштары, анықтау, емдеу және алдын алу
Құстардағы жұқпалы ларинготрахеит, жұқпалы бронхит және вирусты гепатиттің алдын-алу және жою шаралары
Тауықтардың жұқпалы бронхиті: сипаттамасы, диагностикасы және алдын алу шаралары
Ветеринариялық індеттану: жұқпалы ауруларды зерттеу, диагностикалау және алдын алу
Асқорыту мүшелерінің жұқпалы аурулары және алдын алу шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz