Зат пен энергия алмасуының физиологиясы


Slide 1

Тақырыбы: Зат пен энергия алмасуының физиологиясы.

Slide 2

Организмнің əрбір торшасының молекулалық құрамы үздіксіз жаңарып отырады. Олардың кейбіреуі толық бұзылады да, жаңа молекулалармен алмасады, ал кейбіреулері жартылай өзгерістерге ұшырайды. Осындай өзгерістер үстінде өзінің биологиялық құндылығын жоғалтқан заттар алмастырылады. Сол себепті кез келген организм өзінің тіршілік əрекетін сақтау үшін сыртқы ортадан құрылымдық материалдар қабылдап отыруға мəжбүр болады. Тіпті, организм сүйеніші болып табылатын сүйектің өзі құрамын үздіксіз жаңартып отырады. Тірі организмдегі осындай химиялық жəне физикалық өзгерістер жиынтығын зат алмасу деп атайды

Slide 3

Зат алмасу - организмде жүріп жататын барлық химиялық процестердің жиынтығы.

Метаболизм

(Зат алмасу)

Slide 4

Метаболизм

Ассимиляция

Диссимиляция

қарапайым заттардан торшалар құрамындағы күрделі органикалық қосылыстар түзіледі, торшалардың құрылымы күрделіленеді.

торшалардағы күрделі қосылыстар қарапайым заттарға ыдырап, энергия босайды, бұл - экзоэргиялық құбылыс.

Slide 5

Адам мен жануарлар организміндегі метаболизм процесін реттеуде жүйке жүйесінің атқаратын (әсіресе, үлкен ми сыңарлары қыртысының) маңызы зор. Организмнің дамуы, өсуі, т. б. Метаболизм заңдылықтарына бағынады. Адамда метаболизм процесінің ауытқуы байқалса, адам ауруға шалдығады.

Slide 6

Зат алмасу процесі үш кезеңде өтеді

Алғашқы кезеңі сыртқы ортадан қабылданған қоректік заттардың организмде механикалық, химиялық, биологиялық өңдеуден өтіп, қорыт ыл уынан басталады. Сол себепті ас қорыту процесін зат алмасудың бастапқы кезеңі деп атайды.

Зат алмасу процесінің соңғы, үшінші кезеңі организмде пайда болған ыдырау өнімдерін бөліп шығару болып табылады.

Ас қорыту жолынан ыдырау өнімдерінің қан мен лимфаға сіңуімен екінші саты басталады. Бұл кезеңде əртүрлі органикалық заттар ыдырап, синтезделіп, көптеген аралық жəне ақырғы алмасу өнімдері пайда болады, қоректік заттар энергия көзі, құрылымдық материалдар ретінде пайдаланылады.

Slide 7

Организмдегі маңызды физиологиялық процестер (орга никалық заттардың түзілуі, тыныс алу, қан айналым, ет тонусы, дене жылуын сақтау, т. б. ) мен тіршіліктік мəні жоғары ағзалардың мұқтаждығын салыстырмалы тыныштық пен ашқарын жағдайында қамтамасыз ететін зат алмасу деңгейін негізгі зат алмасу дейді.

Организмде қалыпты жағдайда жүретін күрделі биохимиялық процестер жиынтығын жалпы зат алмасу деп атайды. Ол жоғарыда баяндалған кезеңдер мен процестерден тұрады да, көптеген сыртқы жəне ішкі факторларға байланысты өзгеріп отырады.

Slide 8

1) Салыстырмалы тыныштық

2) Қоршаған орта ның бейтарап температурасы (мал үшін жағымды - оптималды деңгей)

3) Ашқарын жағдайы (ас қорыту жолында азық қалдығының болмауы) .

Негізгі зат алмасу процесін зерттеу үшін үш шартты сақтау керек.

Slide 9

Қоректік заттардың ас қорыту ағзаларынан сіңгеннен кейінгі күрделі химиялық өзгерістерінің жиынтығын аралық зат алмасу деп атайды. Бұл процестің арқасында организм өзінің тіршілік əрекетін қамтамасыз ететін жəне əртүрлі өнімдерді өндір уге қа жетті заттар мен энергияны алады, пайдаланады. Қорект ік заттардың организмде түрленуін қамтамасыз ететін хи мия лық өзгерістер тіркесін алмасу (метаболизм) жолы, ал оның нəтижесінде түзілген заттарды - аралық не соңғы алмасу өнімдері немесе метаболиттер деп атайды.

Slide 10

Аралық зат алмасу белоктардың, көмірсулардың, майлардың, су мен минералды заттардың алмасуы болып бөлінеді.

Белгілі бір өнім өндіру (сүт, ет, жұмыртқа, жүн) немесе жұмыс атқаруды қамтамасыз ететін зат алмасу процесінің деңгейін өнімдік зат алмасу деп атайды. Мысалы, 1 кг шөпті қорыту үшін сиыр 461 кДж энергия жұмсайды.

Slide 11

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Зат пен қуат алмасу
Зат алмасу процесінің соңғы, үшінші
Липидтер алмасуының патологиясы
Заттар және энергия алмасу
Зат алмасудың типтік бұзылу патологиясы
Липидтер алмасуының сатылары
Май мен нәруыз алмасуының бұзылыстары
Зат алмасу
Бактериялардың ферменттері
Жасуша ішіндегі зат алмасу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz