Ахмет Йүгінеки



Ахмет Йүгінеки

Ислам дәуірінің этикалық, моральдық, дидактикалық мәселелерін зор білгірлікпен жырлаған сөз зергерлерінің бірі Ахмет Йүгінеки еді. Ахмет Йүгінеки (Ахмет Махмұдұлы Жүйнеки) ХІІ ғасырдың орта кезінде өмір сүрген аса көрнекті ақын, есімі кезінде бүкіл ұлан-ғайыр Қарахан мемлекеті түркілеріне мәшһүр ғұлама-ақын болған. Ақынның туған жері Түркістан қаласының маңындағы Жүйнек (Югнак) деген елді мекен болса керек [1, 216] .

Ахмет Йүгінекидің ғұмыры, өмір сүрген ортасы туралы деректер тым тапшы. Зағип болып туып, фәни жалғанның жарық сәулесін көрмей бақиға озған Ахмет жастайынан ілім-білімге құмартып, түркі тілдері мен араб тілін жетік меңгерген. Шариғат қағидаларын жан-жақты зерттеп-танып, терең іліміне сай “Әдиб Ахмед” деген құрметті атқа ие болған. Ақыл-ойы толысып, діни танымы әбден кемелденген шағында Ахмет Йүгінеки қысқаша тақырыптарға бөліп, ислам құндылықтарына негізделген өлең-жырларын өмірге келтіре бастайды. Кейін бұл жәдігерліктердің басы біріктіріліп, «Хибатул-хақайық» («Ақиқат сыйы») деп аталатын дидактикалық өлеңдер жинағына айналған. Мазмұны, танымдық нәрі жағынан алғанда «Ақиқат сыйы» - Әбу Насыр әл-Фараби, Махмуд Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмет Йассауи мұраларымен іштей астасып, 9-13 ғ. аралығындағы түркі дүниесінің рухани қазыналарының жарқын туындысына айналды [2, 57] .

Ахмет Йүгінекидің «Ақиқат сыйының» түпнұсқасы біздің заманымызға жетпей, біржолата жоғалып кеткен. Ахмет Йүгінеки мұрасының ХІҮ-ХҮ ғасырларда жасалған 3 түрлі көшірмесі, 3 түрлі үзіндісі бар [3, 10] .

Ендігі бір көшірме - «Ұзын көпірдегі Сейіт Әлі» деген кісінің кітапханасынан табылып, Анкара кітапханасына табыс етіліп, кейін мүлдем жоғалып кеткен Ахмет Йүгінеки мұралары туралы дерек бар. Анкарадағы Маариф кітапханасынан табылған 4 беттік ұйғыр жазуымен, Берлин Ғылым Академиясында сақтаулы тұрған ұйғыр жазуымен жазылған 1 беттік өзге нұсқалардың із-жосықтары Ахмет Йүгінеки еңбектерінің қаншалықты кең көлемде таралғанын дәлелдей түседі [3, 10] .

«Ақиқат сыйының» бірнеше нұсқасын тауып, зерттеп, жариялауда - Н. Әсім, Р. Арат (Түркия), В. Радлов (Ресей), Т. Ковальский (Польша), Ж. Дени (Франция), Х. Сүйіншәлиев, Ғ. Айдаров, Ә. Құрышжанов, М. Томанов, Б. Сағындықов (Қазақстан), Н. Маллаев, Қ. Махмудов, С. Мутталибов (Өзбекстан) т. б. шығыстанушы ғалымдардың еңбегі зор [3, 10] .

«Ақиқат сыйы» дастанының қазақ тіліндегі прозалық және поэтикалық аудармасын жасағандар Ә. Құрышжанов пен Б. Сағындықов болды. «Ақиқат сыйының» ХІҮ ғасырдағы түпнұсқасының фотокөшірмесі, транскрипциясы қазақ тіліне қара сөзбен жолма-жол және өлеңмен аударылып, 1985 жылы жарық көрді. (2, 57)

«Ақиқат сыйы» - дидактикалық сарында жазылған шығарма.
Дидактикалық әдебиет - әдеби жанр. Ғылыми, философиялық, моральдық, діни идеяларды және уағыз, ғибрат ойларды білдіретін шығармалар. Онда көркем сурет пен бейнелеуден гөрі байлам, пікір, тұжырым, өсиет, уағыз, насихат басым болады. Дидактикалық көркем сөзде мақал-мәтелдің, ақыл-нақылдардың, ертегі-эпостың әсері күшті. Қазақ әдебиетінде Абайдың «Қарасөздері» мен поэмалары шығыстық дидактикалық шығармалардың дәстүрлі жалғасы болып табылады.

Дастан 254 бәйіттен тұрады. Мұның бәрі 14 тарауға бөліп берілген. Ахмет Йүгінеки ислам дәуірі әдебиетінің көркемдік дәстүрін негізге ала отырып, [1, 218] .

Ахмет Йүгінеки өз дастанында адамдарды бір-біріне мейірімді болуға, өзара көмектесіп отыруға уағыздай келіп, жомарттық пен сараңдықты салыстыра жырлайды. Ақын жомарттық қасиетті адам мінезіндегі ең жарқын, ізгілікті құбылыс ретінде көкке көтере мадақтайды. Ал сараңдықты ақын адам бойындағы ең жиіркенішті қасиет деп біледі. Жомарттық пен сараңдықты бір-біріне қарама-қарсы қойып суреттеу арқылы ақын «алланың нұры жауған» адамның бейнесін жасайды [1, 222] .

Өмірде жақсы мінез - «жомарт» деген,
Жаман ат - «сараң», тәуір сөз ермеген
Берген қол бәрінен де құтты болар,
Сол жаман - ала біліп, түк бермеген.
Жазылмас сараң - ауру емдегенде,
Қарысар қолы тастай «бер!» дегенде.
Көзінің сұғы тоймай тіміскілеп,
Болады малдың құлы ерлегенде.
Сақылық - ел ішінде бір төбе де,
Абырой, атақ сонда, мәртебе де.
Бол жомарт, халықты сол сүйсіндірген,
Кейін де, бүгін де, ертеде де.
Мал жиып бақыл ашкөз дірілдеген,
Күні жоқ бірін ішіп, бірін жеген,
Досына тірісінде дәм татырмай -
Өлген соң жаулары жеп дүрілдеген [3, 78] .



Ахмет Йүгінекидің айтуы бойынша, жомарттық тұрған жерде алынбайтын асу жоқ, жылынбайтын жүрек жоқ. Ақын жомарт жандарды жан-жүрегімен тебірене жырлайды. Дастанның авторы үшін жомарт болу - әдеттегі мінез-құлық нормасы ғана емес, жомарттық жалғыз адамның ғана емес, бүкіл қоғамның имандылығын, адамгершілігін, мейірімділігін айқын көрсететін айна деп біледі. Сол себепті ақын адамдарды мінез-құлқын жақсарту арқылы, оларды жомарт әрі білімді ету жолымен бүкіл қоғамды да жақсартуға болады деп түсінеді [1, 223] .

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Н. Келімбетов. Ежелгі дәуір әдебиеті. Алматы, 2005
2. Қазақ әдебиеті энциклопедиялық анықтамалық, Алматы, «Аруна», 2010
3. А. Йүгінеки. Ақиқат сыйы. Алматы, 1985

Тыңдағандарыңызға рахмет!!!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz