Өнегелі өрісі кең ғалымдық жол



Өнегелі өрісі кең ғалымдық жол

Жоспар:
І Кіріспе.
1. 1. Жұмыстың жалпы сипаттамасы
1. 2. Ғабдолла Қалиевтің өмірі (Хронологиялық кестеде)
ІІ Негізгі бөлім:
2. 1. Ғабдолла Қалиевтің Тіл білімі саласына қосқан үлесі
2. 2. Өнегелі өрісі кең ғалымдық жол
2. 3. Диалектология саласына қосқан үлесі
2. 4. Түркі диалектологиясында жаңа бағыт ретінде қабылданған еңбегі
2. 5. Диалектілік аймақтық сөздікке қосқан үлесі
2. 6. Қазақ әдеби тілінің сөздігіне қосқан үлесі
2. 7. Шуақты өмір баспалдақтары (Қалиевтің жетекшілігімен дайындалған доктор, кандидаттар)
ІІІ Қорытынды

Қалиев
Ғабдолла
Қалиұлы

SMART МАҚСАТ:
Жұмыстың жалпы сипаттамасын құру;
Өнегелі өрісі кең ғалымдық жол туралы шолу;
Диалектология саласындағы еңбектерін қарастыру;
Шығармашылығымен толықтай танысу;
Өз қажетімізге жарар материалдар жинақтап, аудиотриямен бөлісу.

1929 ж. 17. 09.
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Үштөбе ауылында дүниеге келген.
1945 ж
ІІ дүниежүзілік соғысқа қатысқан.
1950 жылдан бері
Абай атындағы ҚазҰПУ-да қызмет істейді.
1950 - 1954 жж
Қазақ тілінің диалектілік ерекшеліктерін бірінші болып говорлық деңгейде зерттеді.
1960 ж
Студенттерге арнап қазақ тілінде диалектологияның тұңғыш оқу құралын жазған.
1958 - 1961 жж
1972 - 1977 жж
Қазіргі қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі.
1968 ж
Қазақ КСР-інің үздігі.
1969, 1996, 2005 ж
Диалектологиялық аймақтық сөздіктер жасауға қатысты.
1980 ж
КСРО оқу-ағарту ісінің үздігі.

1985 ж
“Қазақ говорларындағы диалектілік сөз тудыру” монографиясы түркі диалектологиясында жаңа бағыт ретінде қабылданды.
1990 ж
Ғалым, филология ғылымының докторы.
1992 ж
Профессор болады.
1993 - 1998 жж
Оқу-әдістемелік бірлестік бойынша проректор.
1993 - 2003 жж
Жалпы тіл білімі және қазақ тілі тарихы кафедрасының меңгерушісі.
2003 ж
Көптеген медальдармен марапатталған.
“Қазақстан ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін” белгісімен марапатталған.
2004 жылдан бері
“Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасы бойынша шығарылып жатқан 15 томдық “Қазақ әдеби тілінің сөздігін” жасауға қатысып келеді.
2005 ж
Университеттің жетекші ғалымы.
Ғабдолла Қалиевтың жетекшілігімен 12 ғылым кандидаты, 2 ғылым докторы дайындалды.

Еңбектері

Әдеби тіл мен говорлардың жұрнақ арқылы сөз тудыру деңгейіндегі жүйелік қарым-қатынастары
Қазақ тіл говорларындағы сөз тудырушы, сөз түрлендіруші жұрнақтардың қолданылу сипаты әр түрлі. Олардың қызметі әдеби тілде қалыптасқан үлгінің аясында бола бермейді. Әдеби тіл жүйесінде сөз тудыру қызметі нормаланған көптеген жұрнақтар говорларда басқаша қырынан көрінеді. Жұрнақ арқылы сөз тудыру деңгейіндегі әдеби және диалектілік сипаттағы тіл элементтері бір-бірімен іштей байланыса отырып, нәтижесінде жергілікті жерге тән алуан құбылыстар тудырған. Жұрнақтардың көмегімен туған диалектілік туындылар мынадай модельдерден тұрады.

Бірақ осы жұрнақтардың жоғарыдағыдай сөздерге қосылып, сөз тудыруы әдеби тілге тән емес, яғни бұл арадағы туынды сөздер диалектілік сипатта.

Келтірілген жұрнақтар өздерінің жалпы халықтық мағынасын сақтай отырып, онда қолданылмайтын жергілікті сөздер тудырып тұр.

Әдеби тілде кездеспейтін кейбір жұрнақтар әдеби негіздерге қосылып, диалектілік сөздер тудырады. Мұндай туындылардың қатарына

Кейбір диалектілік туындылардың сөз тудырушы негіздер де, жұрнақтары да жеке алғанда қазіргі әдеби тілде кездеспейді. Олар қазіргі тіл құбылыстарымен тек тарихи тұрғыда байланысады.

Қазақ говорларында сөз тудырушы жұрнақтардың мол қоры сақталған. Қолда бар материалдарға қарағанда тек есім сөздер тудыратын жұрнақтардың саны варианттарын қоспағанда 200-ден асады. Олардың көпшілігі жалпы халықтық тілде, әдеби тілде белгілі болса, бірқатары тек жеке говорларда сақталып қалған.

-айт (-ейт)
Азғана сөздің (құмайт, шөлейт, суайт) құрамында кездесетін -айт жұрнағы жайында қазақ тіліндегі зерттеулерде екі пікір бар. А. Ысқақов оны есімдерден зат есім жасайтын жұрнақтардың қатарына қосса (159), Ә. Төлеуов зат есімдерден сын есім жасайтын жұрнақ деп қарайды да кейде ондай сын есімдердің субстансивтенетінін ескертеді (Ә. Төлеуов - 1975, 15) . Говорларда -айт арқылы зат есімдер де, сын есімдер де жасалған. Заттық мағынада: шоқайт «кебен, үйілген шөп» (Ырғ. ) ; маңайт «маңай» (Қош. ) т. б. Сындық мағынада: суқайт «суайт, өтірікші» (Шел. ), ср. суқит, суқиттану (Ырғ. ) .
-қос, -қас
Бұлар бірен-саран сөзде кездесетінн өнімсіз жұрнақтар, әдеби тілде оның көмегімен туған селқос сөзін (селсоқ болып та айтылады) көрсетуге болады.
Жұрнақтың диалектілік мағынасы. Сөз тудырушы негіздердің лексикалық мағынасы сай күй, қалып, қасиет атауларын білдіреді: сырқос//сұрқос//сырқас «сырқат, ауру» (Маңғ., Жұр., Тем») . Мейманқос «меймандос» (Алм., Жамб. ) .
Есімдерден есімдер тудыратын жұрнақтар

-дем, -лем
Көне түркі жазбаларында бұл жұрнақтың зат есім, сын есім тудырған (ДТС, 51) . Көне түркі ескерткішеріндегі қосымшаларды зерттеген А. Есенқұлов оның есім сөздерге де, етістіктерге де қосылатынын және адам аттары құрамында кездесетінін көрсетеді: ердем «даңқты», түбірі ер, Өгдем (адам аты) өг «мақта» сөзінен (Есенқұлов, 155-156) . Қазақ говорларында -дем есім сөздерге қосылып, құрал жабдық, іс-әрекет, процесс нәтижесі т. б. атауларын білдіреді: жөндем ине «тебеннен кішірек іс тігетін ине» (Ад., Бөр., ТҚГ) ; өрлем «өр», өрлем жер (Аман., Кег. ) ; шидем «шым». Сабанмен шидемді аударады да, кес үй жасайды (Ад., Бөр. ) ; шидем «жабағы салып, сырып тіккен күпі сияқты сырт киім» (Көкш. ) ; қыстам «тың жердің екінші жылы айдалуы» (Ад., Бөр. ) .
Ал Қошағашта айтылатын жарлам «жәрдем» сөзі жәрдем сөзінін дыбыстық өзгеріске түскен түрі боолуы мүмкін.
-доз, -төз (-дыз)
-доз қосымшалы сөздер оңтүстік-батыс говорларда кездеседі. Диалектілік мағынасы. 1. Құрал-жабдық атауларын білдіреді: шайдоз «құман, ақ құман» (Жуа., Мақт. ) ; пайондоз//баяндоз «ені жіңішкелеу, ұзыншақ етіп тігілетін көрпеше» (ӨҚГ, Айдаров - 1975, 75) ; кагандоз «күл алатын құрал» (сонда, 102) ; жөрметөз ине «кесте тігетін ілме біз», -төз тәж. духтан «тігу, тікпек» сөзінен (сонда, 65) ; жуалдыз «тебен ине» (Тем., Жұр., Сыр., Қарм., Алм., Талды. ), -дыз «тігу» мағынасындағы п. дохтән сөзінің осы шақ есімше тұлғасы (Севортян - 1966, 179) . 2. Сындық атауларды білдіреді: шандоз//шантоз «әсем, сұлу, керемет» (Жән., Қазт., Маң. ) . Кермиығым кербезім, керіскендей шандозым (Махамбет, 98), ауыс. ақ шандоз «аққу» (Ад., Бөр. ) Келтірілген сөздердің көбіне әсемдік өнер ұғымымен байланыстылығына қарағанда, -доз, төз, -дыз иран тілдерінен ауысқан, негізі бір қосымшаның түрліше варианттары деуге болады. Ср. пардоздау «елтіріні өңдеу, тазалау», тәж. пардоз//андоз «әшекей» (ӨҚГ, Айдаров - 1975, 89) .

-ғанақ (-қанақ)
Кейбір оңтүстік-бастыс говорларында кездесетін өнімсіз жұрақ. Ф. А. Ганиев оның тегін -анақ жұрнағымен байланысты деп жорамалдайды (Ф. А. Ганиев, 123) . Шындығында ол күрделі жұрнақ (-ға+нақ) болуы мүмкін. Оның сөз тудырушы негіздері есім мен етістік сөздер: боз+ғанақ «шөп атауы», чыр+ғанақ «тікенекті ағаш атауы», чыр «жырту, үзу, жұлу» (Севортян - 1966, 305), оның нақты мағынасы қазір көмексіленіп, шырша, шырыш, шырпы, шырмауық сөздерінің құрамында сақталған.
Жұрнақтың диалектикалық мағынасы: тұрмыстық заттар мен өсімдік атауларына байланысты: сатқанақ «нәрестеге арналған көрпешенің түрі» (ӨҚГ) ; бозғанақ (ұсақ жапырақты аласа шөп» (Шалқар) ; чырғанақ «бұтағы тікенді, аса жуан емес, қатты ағаш» (Мер. ) .
-қау (-кеу)
Есім сөздер жасайтын бұл жұрнақтың сөз тудырушы негіздері қазақ тілінде қазіргі кезде жеке қолданылмайды, ср. әд. жал-қау, аң-қау, диал. қыл-қау, сел-кеу т. б. Бұл негіздер тарихи етістік түбірлер болуы мүмкін.
Жұрнақтың диалектілік мағынасы. 1. Адамға және құрал-жабдыққа байланысты зат есімдер тудырады: сайғау «белағаш үстіне салынатын жіңішке ағаштар» (Ад., Бөр. ), Семей облысында салдау түрінде айтылады; қылқау «кекеш, тұтықпа» (Маң. ) . 2. Сындық мағынадағы сөздер туғызады: еңкеу «еңіс, ылди» (Маң. ), Оралда еңку; селкеу «селсоқ» (Абай, Шұб. ) ; мыжғау «мылжың» (Абай, Шұб. ) ; мыжу етістігінен; әд. марғау кету тіркесіндегі марғау да осы жұрнақ арқылы жасалуы мүмкін. -қау, -ғау тарихи -қақ, -ғақ жұрнақтарымен тектес сияқты, ср. диал. сайғау және әд. сайғақ «зират басына қадалатын жалғыз ағаш», түбірі -сай-, ср. саяқ, некен-саяқ; диал. еңкеу және әд. еңкек, түбірі ең-, ср. әд. еңіс еңкею.
Есімдер мен етістіктерден есімдер тыдыратын жұрнақтар

-екеш(-егеш)
Етістік егіздерден есімдер жасайтын бұл жұрнақтың сөз тудыру жөнінде зерттеу еңбектерде кездеспейді. Зат есімге тіркесіп оған «қомсыну, кем тұту» сияқты, реңк мәнін тудыратын -екеш (-егеш) жұрнағының жөні бөлек, ол - «жұрнақ пен көмекші (шылау) сөз категориясы арасында тұрған форма», мысалы, бала екеш бала (Ысқақов, 169) .
Жұрнақтың диалектілік мағынасы: 1) сөздің лексикалық мәніне қатысты сындық атау тудырады: жүрегеш «жүргіш», ср. әд. күлегеш, 2) белгілі бір іс-әрекетке байланысты зат атауын тудырады; ілекеш «ойын аты». Әйкел деген ойынды кейде ілекеш деп те атайды (Жанг. ) .
-аған(-еген)
Бұл жұрнақ -ған, -ген жұрнағымен тектес (Севортян - 1966, 310) . Ождан айырмасы көптеген түркі тілдерінде тк екі вариантта кездеседі. Э. В. Севортян Абу-Хайяндағы калакан «қайта-қайта келгіш» қазақ тіліндегі алақан формаларын осы жұрнақтан шығарады (сонда, 320-322) . Соған қарағанда бұл жұрнақтардың бір кезде -ақан, -екен варианттары да болған сияқты. С. Аманжолов бұл жұрнақты шығыс түркі тілдеріне тән («Қитаб аль-Адрак») есімшелік форма деп қарайды (312) . Қазақ тілі туралы зерттеулерде оны кейбір салт етістіктермен бірге, көбінесе сабақты етістіктерге қосылып, сын есім жасайтын көрсетіледі: тебеген, қабаған, сүзеген, алаған, қашаған т. б. (Ысқақов, 188) .
Етістіктерден есімдер тудыратын жұрнақтар

82. 2Қаз-9
Қ 26
Қалиев Ғ.
Жалпы тіл білімі [Текст] : оқу құралы / Ғ. Қалиев, Ж. Қоңыратбаева. - Алматы. Абай атындағы ҚазҰПУ, 2007. - 112 б. ISBN 9965-14-818-X : 280 тг.
ББК 81. 2Қаз-9
1. Тіл білімі
ХР(85)
81. 2Қаз-5
Қ 17
Қазақ тілінің аймақтық сөздігі / Құраст. Ғ. Қалиев, О. Нақысбеков, Ш. Сарыбаев, Ү. Үдербаев және т. б. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2005. - 824 б.
ISBN 9965-17-261-7
81. 2Қаз-43
Қ 26
Қалиев Ғ.
Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. - Алматы: Сөздік-Словарь, 2005. - 440 б. - ISBN 9965-409-88-9.

81. 2Қаз-3
Қ 26
Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә.
Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы: Оқулық. - Алматы: Сөздік-Словарь, 2006. - 264 б. - ISBN 9965-822-00-Х
81. 2Қаз-9
Қ 26
Қалиев, Ғабдолла Қалиұлы
Жалпы тіл білімі. Студенттердің өз бетімен жұмыс істеуі үшін жетекші құрал. - Алматы: Абай атындағы АлМУ, 2001. - 42 б
Тіл - Білімі - Оқулық
81. 2(5Каз) -7я73
Қ 26
Қалиев Ғ., Боранбаева Г.
Қазақ әдеби тілінің тарихы (практикалық курс) : Оқу құралы. - Алматы Ы. Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының республикалық баспа кабинеті, 2001. - 274 бет. - ISBN 9965-08-016Х.
Қазақ әдебиеті - Қазақ тілі - Тарих - Оқу құралы

81. 2(Қаз) -923
Қ 26
Қалиев Ғ. Қ., Қосымова Г. С.
Студенттердің диалектологиялық практикасын өткізуде пайдаланылатын көмекші құралы. - Алматы. Абай атындағы АлМУ, 2001 - 29 б.
Диалектология - Көмекші оқу құралы - Этнолингвистика
81. 2
Қ 17
Қалиев, Ғ.
Қазақ диалектологиясы [Text] : оқулық / Ғ. Қалиев, Ш. Сарыбаев. - Алматы: Ана тiлi, 1991. - 197 б. - ISBN 5-630-8-Х : 2 т.
81. 2Қаз
Қ 26
Қалиев, Ғ.
Қазақ диалектологиясы [Text] : оқулық / Ғ. Қалиев, Ш. Сарыбаев. - Алматы: Мектеп, 1967. - 174 б. - 490 т., 130 т.

81. 2Қаз
Қ 26
Қалиев, Ғ.
Қазақ диалектологиясы [Text] : оқулық / Ғ. Қалиев, Ш. Сарыбаев. - Толықт., өңд. 2-ші рет басылуы. - Алматы : Мектеп, 1979. - 203 б. - 180 т., 150 т.
81. 2Қаз
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz