Ежелгі дәуір әдебиеті


Slide 1

Ежелгі дәуір әдебиеті

Slide 2

Қазақ елінің сан ғасырлар бойы қалыптасқан, сан қырлы әрі бай рухани мәдениетінің маңызды бір саласы қазақ әдебиеті болып табылады. Қазақ әдебиеті тарихы әдебиеттану ғылымының құрамдас бөлімі ретінде көркем сөз өнерінің тарихын халқымыздың төл тарихынан бөліп-жармай, тұтас күйінде алып зерттейді. Сол арқылы сол әдеби шығарманың тууын, әдеби өмірдің кемелденуін, сан алуан даму кезеңдерін, әдеби процеске тиісінше ықпал еткен қаламгерлердің шығармаларын танып біледі. (1, 5)

Slide 3

Түрколог ғалымдар бүкіл түркі тілдес халықтардың сан ғасырлық әдебиет тарихын негізінен екі кезеңге бөліп қарастырады.

Тәңірлік дәуір әдебиеті

Ислам дәуірі әдебиеті

Slide 4

Тәңірлік дәуір әдебиеті

Slide 5

Ислам дәуірі әдебиеті

Slide 6 Slide 7 Slide 8 Slide 9

Сақтар мен ғұндардан кейін тарих сахнасына шығып, бүкіл дүниені дүр сілкіндірген халық ежелгі түркілер болды.

Slide 10

Енисей өзені аңғарынан құпия жазуы бар құлпытастар (ескерткіштер) табылғаны туралы алғашқы хабарды Н. К. Видзен, С. У. Ремезов, сондай-ақ Сібірде айдауда жүрген швед офицері И. Т. Страленберг пен немістің белгілі ғалымы Ц. Г. Мессершмидт, т. б. бергенін XVIII ғасырдың бас кезінде жазған мақалалары мен хаттарынан білеміз. (1, 84)

Slide 11

Белгілі орыс саяхатшысы әрі ғалымы Н. М. Ядринцев көне түркі ескерткіштерін іздестіруді шектеп қойған жоқ. Ақыры 1891 жылы Монғолияның Онгин деген өзен алқабынан тағы бір құлпытасқа бедерлеп жазылған ескерткіш тапты. Бұл кейінірек ғылымда «Онгин ескерткіші» деп аталып кетті. Көп ұзамай-ақ түрколог ғалымдар Онгин жәдігерлігін де оқып шықты. Сөйтсе, әлгі тастағы жазу түрік елінің атақты қағаны Білге қаған мен оның інісі Күлтегіннің әкесі мен шешесіне, яғни Елтеріс қаған мен Елбілге қатынға қойылған ескерткіштер екен.

Кейінірек сол маңайдағы Селенга өзеңі аңғарынан түрік елін билеген бірнеше қағанның кеңесшісі болған, данышпан қарт Тоныкөк құрметіне қойылған ескерткіш табылды. Оны тапқан ағалы-інілі Клеменцтер еді. Іле-шала түркологтар Тоныкөк ескерткішін жан-жакты зерттей бастады. (1, 85)

Slide 12

Орхон - Енисей ескерткіштерінің зерттелу тарихы ХVII ғасырдың екінші жартысынан басталады. Ең алғаш рет (1662ж. ) Орхон - Енисей жазуы жөнінде хабар берген адам - Амстердам қаласының бургомистрі Н. Витзен. (1, 84)

Slide 13

П. М. Мелиорионский енисей және талас жазулары «таңбалар негізінде пайда болды» деген пікірді сынай отырса да, көне түркі таңбалары осы жазу үлгілерінің негізі болуы мүмкіндігін мүлде теріске шығармайды.

Г. Вамбери Орхон-енисей әліпбиінің ерекшеліктері жөнінде айта келіп: «Бұл әліпби ықшамды емес, сондықтан VI-VIII ғасырлардағы түркі тайпалары емес», - деп қарады. (1, 85)

Slide 14

Томсен 1893 жылы орхон жазуының «кілтін» табады. Біздің ғалымдарымыздың көбісі осылай «кілтін» тапты деп жалпылама бір сөзбен ғана айтып жүрсе де, ал қалай тапқандығы туралы мәселенің ең қажетті жағы айтылмай келеді. Ғалымның назарын енді мына бір таңбаларын (оңнан солға қарай оқимыз) . і - р - ң - т, демек тңрі («тәңірі, аспан, көк» құдай мағынасында) деп оқиды. (1, 85)

Көне Түркі жазбасымен

жазылған Теңрі сөзі

Slide 15

Білге, Күлтегін, Тоныкөктің басына құлпытастар қойылып, оның бетіне осы ел үшін еңіреген үш батырдың ерлігін жазып қалдырған. Бұл тастағы жазулар тарихта «Орхон ескерткіштері» деген атпен белгілі болды. Орхон ескерткіштерін оқудың кілтін Дания ғалымы В. Томсен және В. Радлов ашты. (1, 85)

В. Томсен

В. Радлов

Slide 16

Жуырда Орхон жазба жәдігерліктерін ұзақ жылдар бойы түбегейлі зерттеп келе жатқан білікті ғұламалар Мырзатай Жолдасбеков пен Қаржаубай Сартқожаұлының бірлесіп жазған іргелі зерттеуі жарық көрді. «Орхон ескерткіштерінің толық Атласы» деп аталатын кітапта Еуразия Ұлы даласына үш ғасыр бойы билік жүргізген, мәңгілік ел орнатуды көксеген, өздерінің тарихын, дүниетанымын, даналығын, ой-санасын, болмысын, жазу өнерін, ел басқару жүйесін, ата-дәстүрін өшпестей етіп тасқа қашап кеткен, сөйтіп өркениетке, адамзат мәдениетіе асыл қазына қосқан байырғы түріктерің мұралары түгел қамтылған. (1, 85)

Slide 17

Көркемдік ерекшеліктері. Орхон ескерткіштерінің жанрлық ескерткіштері туралы соңғы кезге дейін өзара қарама-қайшы екі түрлі көзқарас орын алып келеді. Бірі - Күлтегін, Білге қаған және Тоныкөк ескерткіштері көркем әдебиетке, соның ішінде поэзияға ешбір қатысы жоқ, Түрік қағанатының дәлме дәл жазылған тарихы деп қарады. Екіншісі - руна жазуындағы бұл ескерткіштерде поэзиялық туындыға тән барлық белгілері бар, ежелгі түркілердің өзіндік әдеби дәстүріне негізделген көркем туынды деп танылды. (1, 97)

Slide 18

Бұл екі түрлі көзқарас ұзақ жылдар бойы әдебиетшілер, тілшілер, тарихшылар т. б. арасында алуан түрлі пікір таластарын тудырып келді. Ал, қазір Күлтегін, Білгі қаған және Тоныкөк ескерткіштері көркем туынды екеніне ешкім күдіктенбейді. Орхон ескерткіштерін поэзия, ерлік жыры деп алғаш бағалаған ғалымдардың бірі - академик жазушы М. Әуезов болды. Ол руна жазуындағы ескерткіштердің мазмұны мен сипаты туралы айта келіп былай деп жазды: «олардың мазмұнында эпостық баяндау сазы басым, аңыздың көркемдік түрі де соған орайлас Күлтегін, тоныкөк немесе суджа жазуларында қанша адам, қанша ерлік бейнеленген десеңші?! Оларда әр алуан рулармен тайпалардың кескілескен шайқастарының, соғыс суреттерінің, батырлар ерлігінің, жорықтардың шежіресі бар. (1, 98)

Slide 19

ҮІ ғ. ортасына таман Көкбөрінің шөбересі Бумын қаған түркі тайпаларының басын қосып, әлемге әйгілі Түрік қағанатын құрды, Елхан атанды. Бумын 552 жылы қайтыс болды.

Бумын қаған

Елтеріс қаған қайтыс болғанда артындағы ұлдары Білге мен Күлтегін 7 және 5 жастағы балалар еді. Хан тағына Елтерістің інісі Қапаған қаза тапқаннан кейін, жаужүрек Күлтегіннің көмегімен ағасы Білге қаған болды. Қасына Тоныкөк жырауды ақылшы қылып алды. Күлтегінге әскердің билігін берді. Сөйтіп, осы үш ердің тұсындағы 15 жылда түріктер айбынды жұрт болып, бір тілек, бір мақсатта өмір сүрген. Тәңірі жарылқағыр, Күлтегін 731 жылы, Білге қаған 734 жылы дүниеден озған. Тоныкөктің қай жылы өлгені белгісіз. (2, 29)

Күлтегін

Білге

Тоныкөк

Slide 20

Оқиғаны ұйыстырушы негізгі тұлға - Күлтегін. Күлтегін (684-731 жж. ) - Құтлық(Елтерiс) қағанның екiншi ұлы, Білге қағанның (Могилян) туған iнiсi. Шешесi Елбiлге қатұн. Ашина тектi. Күлтегiн 7 жас кезiнде әкесi Елтеріс қайтыс болады. Қаған тағына оның iнiсi Қапаған (692-716 жж. ) отырады. Күлтегiн мен Бiлге, Қапағанның iнiсi Бөгүнi (716 ж. ) тақтан тайдырып, қағандық билiктi Бiлге қолына (716-734 ж. ) алады.


Ұқсас жұмыстар
Күлтегін ескерткіші
Махмұт Қашқари
Құтты білік
Дүрбек
Қорқыт Ата
Ауыз әдебиеті - халықтың ғасырлар бойы ауызша шығарып, сақтап келген рухани асыл қазынасы
Философияның қалыптасуының негізгі кезеңдері
Түрік тілдерінің сөздігі мәңгі өшпес мұра
Х­ХХ ғасыр әдебиетінің зерттелуі
Ислам дәуірі әдебиеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz