Қожа Ахмет Йассауи



Қожа Ахмет Йассауи

Қожа Ахмет Йассауи - сопылық дүниетанымның негізін салушылардың бірі, есімі ислам әлеміне мәшһүр ойшыл қайраткер, аса көрнекті ақын. Ақынның толық-аты жөні: Хазірет Сұлтан Шейх-ул Ислам Қожа Ахмет Йассауи.
Ол қазіргі Оңтүстік Қазақстандағы Сайрам қаласында өмірге келген. Ақынның туған жылы ғылымда анық емес, ал 1166 (1167(2, 112) ) жылы қайтыс болған.
Әкесі Шейх Ибраһим - түркі тектес тайпалардан шыққан өз дәуірінің көрнекті дін қайраткері болған. Ақынның анасы Айша - Мұса деген атақты шейхтың қызы болған. Ахмет Йассауиді туған ауылында оқытып, сауатын ашқан, оған ислам дінінен алғаш сабақ берген ұстазы - Бахаул-дин Испиджаб деген ғұлама болған [1, 225] .

Ақынның «Диуани хикмет», «Мират-ул Кулуб» және «Пақыр-наме» деп аталатын шығармалары Ахмет Йассауидің сопылық ілімінің, дүниетанымы мен философиясының теориялық негізі болып табылады. Ахмет Йассауи дүниетанымының жалпы желісін екіге бөліп қарастырады.
Біріншісі - моральдық-этикалық
Екіншісі - сопылық хикметтер
[1, 228]

Ахмет Йассауи «Ақыл кітабында» «Аллаға жақындай түсу үшін» әрбір адам өзінің өмір жолында төрт басқыштан өтуі керектігін айтады.
[1, 229]

Сопылық түсінік бойынша, шариғатсыз - тариқат, тариқатсыз - маърифат, маърифатсыз - хақиқат болуы мүмкін емес. Бұлардың бірі екіншісіне өту үшін қажетті басқыш болып табылады.
Шариғаттың шарттарын білген ғалым,
Тариқаттың жол-жосығын білер, достар.
Тариқаттың бар жұмысын ада қылған
Хақиқаттың дариясына батар, достар.
Дидарын көріп болмас күн-түн ұйып,
Пәк ғашықты қолға алмай, болмас жүріп.
Хақиқат дариясының қатері көп,
Көзімді ілмей, дидарын көрдім, достар.
[2, 305]

Кезінде «Диуани хикметті» ұзақ жылдар бойы зерттеген көрнекті ғалым Е. Э. Бертельс бұл дидактикалық сарындағы туындының ежелгі түркі поэзиясымен дәстүрлі байланысы бар екенін дәлелдеп келіп, төмендегідей пікір айтқан. «Ахмет Йассауидің жырлары күні бүгінге дейінгі қазақ даласынан Кіші Азияға дейін кеңінен тараған фольклорлық лириканың түрлерімен сырттай ұқсас болып отырады. Бұл ерекшелікті сопылық әдебиетте алғаш рет Йассауи бастап тұрақтандырды. Осыдан кейін өзге елдердің дәруіштік поэзиясында да бұл үрдіс жалғасын тапты, сөйтіп, жазба поэзия мен фольклордың байланысы бұдан былай жаңа сипат алды» [1, 230] .
Көркемдік ерекшеліктері.

«Диуани хикмет» көбінесе 11 буынды не 12 буынды болып келеді. Төрт тармақтан бір шумақ құрайды. Ұйқасы бізге тым жақын. Сырттай алып қарағанда а-а-а-ә, б-б-б-ә ұйқасымен келіп отырады [1, 230] .
Алланы шын сүйгендер махаббатпен,
Нәпсіден безіп тынды қапалы еткен.
Құйды нұр құдай өзі шапағатпен,
Содан соң дария болып тастым міне. (16 хикмет) [3, 31] .
О, дәурен, қасіреттен сау шағым-ай,
Отыздың тоғызында қаусадым-ай.
Бүйткенше жақсы-ау еді алса құдй,
Тағатсыз қызыл жүзім солды, достар. (34 хикмет) [3, 49] .

«Диуани хикмет» түркі тілдес халықтардың ХІІ ғасырдан сақталған әдеби жәдігерліктерінің бірі саналады. Бұл өлеңдер жинағы қазақ әдебиетінің де орта ғасырлық нұсқасы болып табылады. Өйткені Йассауи хиккметтерінің тілін ұзақ жылдар бойы зерттеген көрнекті ғалым А. К. Боровковтың пікірі бойынша, «Ақыл кітабы» - оғыз-қыпшақ тілінде өмірге келген әдеби туынды. Кезінде ол өлеңдер өте қарапайым, көпшілікке түсінікті тілмен жазылған. Ақын Орта Азиядан бастап, Еділ жағалауына дейінгі ұлан-ғайыр өлкеде көшіп-қонып жүрген түркі тайпаларының бәріне де түсінікті болатындай ауызекі сөйлеу тілінде жырлағаны дау тудырмайды [1, 235] .

Бұл өлеңдер жинағының алғашқы түпнұсқасы сақталмаған. Ең ескі нұсқасы ХҮ ғасырдың орта кезінде араб емлесімен көшірілген. «Ақыл кітабы» Қазан (1887 және 1901 ж. ), Стамбул (1901 ж), Ташкент (1902 және 1911 ж. ) баспаларынан бірнеше рет жеке-жеке кітап болып басылып шығады. Ахмет Йассауи өлеңдер жинағының ең толық нұсқасы Қазан басылымы болып табылады. Мұнда 149 хикмет берілген. Соның 109 хикметі Йассауидің өзінікі екені даусыз. Қалғандары шәкірттері тарапынан жазылып, жинаққа еніп жеткен жыр жолдары болса керек [1, 235] .

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz