Қорқыт Ата


Slide 1

Қорқыт Ата

Өлімнен қырық жыл бұрын Қорқыт қашқан,

Қазылған көрді көріп қатты сасқан.

Тағдырдың тақымына тәнті болмай,

Ажалмен арпалысып, жанталасқан.

(Әлқуат Қайнарбаев «Қорқыт»)

Slide 2

Қорқыт оғыз-қыпшақ тайпаларының ҮІІІ-ІХ ғасырда ғұмыр кешкен ұлы ойшылы, батагөй ақыны, дәулескер күйшісі, келер күнді болжайтын көріпкел бақсысы. Оның өмірде болғаны, ҮІІІ-ІХ ғасыр Сыр бойында өмір сүргені, нақтылы тарихи тұлға екені бүгінге дейін жинақталған ғылыми дректер бойынша күмән қалдырмайды. Ата жағынан Қорқыт оғыз тайпасының Қамы (Қайыспас) дейтін атасынан тараса, ана жағынан қалың Қыпшақ нағашы жұрты болып келеді. Қорқыттың әкесі оғыз тайпасына белгілі Қарақожа деген кісі болса керек. Қорқыт Ата жайындағы аңыздардан оның бойындағы үш түрлі өнер ерекше айқындалады. Біріншіден, ол оғыз-қыпшақ ұлысынан шыққан айтулы бақсы, Абыз. Екіншіден - күйші, қобыз сарынын алғаш туындатушы өнерпаз. Үшіншіден - әйгілі жырау, оның жырлары оғыз-қыпшақ өмірін бейнелеген әдеби-тарихи мұра. Түркі халықтарының фольклорындағы Қорқыт Ата туралы аңыз әңгімелердің бірі оның туылуына байланысты. Қорқыт - түркілердің оғыз ұлысынан шыққан асқан сәуегей, бақсы, күйшілік, жыршылық өнерлерінің атасы болып табылады. (4, 99)

«Қорқыт Ата». Майлы бояу

Суретші Ә. Бұхарбаев

Slide 3

Қорқыт ата - түркі халықтарының бәріне ортақ ұлы ойшыл-кемеңгер, жырау, күйші-қобызшы. Ол туралы деректер бізге үш түрлі жолмен жеткен.

Бірі - ел аузындағы Қорқыт туралы аңыз-әфсаналар;

Екіншісі - тарихи шежірелер;

Үшіншісі - «Қорқыт ата кітабы». (1, 115)

«Қорқыт Ата». Акварель.

Суретші М. Әлин. 1986 жыл.

Slide 4

“Қорқыт” сөзі ертедегі түркілердің

“Хұр” - кісі және

“хыт” - құт сөздерінен шыққан

“Құт әкелуші кісі”

деген мағынаны береді.

Slide 5

«Қорқыт ата кітабы» - түркі тектес халықтардың ежелгі тарихын, байырғы тұрмысын, әдет-ғұрпын, салт-санасын, ақындық дәстүрін танытатын эпикалық әрі тарихи мұра. Қорқыт ата хикаясы - ҮІІ-ҮІІІ ғасырларда Сырдария бойын мекен еткен оғыз-қыпшақ тайпалары арасында туып, сан ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа тараған, рухани қазына ретінде бүгінгі күнге дейін өзінің әдеби, тарихи, этнографиялық, т. б. мәнін жоймаған, аса құнды көркем туынды. (5, 333)

Slide 6

Ал Қорқыт атаның өзі туралы бұл тақырыпты ұзақ жылдар бойы зерттеген ғалым Ә. Марғұлан төмендегідей пікір айтады: «Қорқыт - тарихи дәуірлерде Сырдария өлкесін қоныс еткен оғыз-қыпшақ тайпаларының ортасынан шыққан данышпан қария, ақылшы батагөй, асқан ақын (ұзан), болашақты болжап сөйлеген сәуегей кісі болған. Ол кісі туралы айтылатын қария сөз Азиядағы түрік тілдес елдердің көбінде бар. Бірақ қазақ халқы ескі оғыз-қыпшақ тайпаларының тарихи қонысына мирас болған, олардың түбегейлі ұрпағы болғандықтан, Қорқыт туралы айтылатын тарихи жырлар, аңыз-легендалар, ән-күйлер қазақ пен түркімендерде көбірек жолығады» (6, 135) .

Slide 7

Қорқыт ата мұрасын жан-жақты зерттеу ісі соңғы жылдары мықтап қолға алына бастады. Бұл сөзімізге бір дәлел: 1999 жылы «Қорқыт ата» деп аталатын энциклопедиялық жинақ жарық көрді. Бұл ғылыми жинаққа Қорқыт ата туралы аңыздар мен күйлер, «Қорқыт ата кітабы», зерттеулер, деректер, Қорқыт атаның әдебиет пен өнердегі бейнесі, Қорқыт ата мұрагерлері оқиғалар шежіресі, библиография енген. (1, 121)

Slide 8

«Қорқыт ата кітабының» екі қолжазба нұсқасы сақталған. Солардың бірі - қазір Германиядағы Дрезден қалалық кітапханасының сирек кездесетін қолжазбалар қорында сақтаулы тұр. Бұл қолжазба кітаптың мұқабасында көрсетілген аты: «Кітаби дедем Коркут ғали лисани таифаи у огузан», яғни «Қорқыт атаның оғыз тайпасы тіліндегі кітабы». «Қорқыт ата кітабының» осы Дрезден қолжазбасы он екі жырдан, басқаша айтсақ, он екі оғыз-намеден тұрады. (1, 121)

Slide 9

Ал «Қорқыт ата кітабының» екінші қолжазба нұсқасы Ватикандағы Аростолика кітапханасынд сақталып келеді. Бұл қолжазба алты жырдан құралған, ол: «Хикаят оғыз-наме Қазанбек уа ғайри» деп аталады. Мұны осы кітапханадан тауып, итальян тіліне тұңғыш рет аударған ғалым Этторе Росси болды. (1, 121)

Slide 10

«Қорқыт ата кітабының» Дрезден қаласында сақталған толық нұсқасын зерттеу, Еуропа тілдеріне аудару ісі ХІХ ғ. І жартысында басталған еді. 1815 жылы немістің белгілі ориенталист ғалымы Г. Ф. Диц бұл шығарманың бір тарауын - сегізінші хикаясын неміс тіліне аударып, баспасөзде жариялады. Екінші бір неміс ғалымы Теодор Нельдеке «Қорқыт ата кітабын» неміс тіліне толық аударып шықпақ болды. Бірақ ол бұл істі аяғына дейін жеткізе алмады да, барлық материалдарын өзінің шәкірті В. В. Бартольд бұл кітапты зерттеу, аудару ісімен ондаған жылдар бойына айналысқан. Сөйтіп, ол «Қорқыт ата кітабын» 1922 жылы орыс тіліне аударып шықты. Бірақ ғалымның көзі тірісінде аудармасы жарық көрмеді. Бұл аударма 1962 жылы академик В. М. Жирмунский мен А. Н. Кононовтың редакциясымен басылып шықты. (1, 121)

Теодор Нельдеке

Г. Ф. Диц

В. В. Бартольд

В. М. Жирмунский

А. Н. Кононов

Slide 11

Сондай-ақ оғыз-қыпшақ дәуірінің ғажайып әдеби жәдігерін зерттеуге А. Н. Смайлович. В. В. Вельяминов, К. А. Иностранцев, А. Ю. Якубовский сияқты көрнекті орыс ғалмдары да мол үлес қосты. (1, 121)

А. Н. Смайлович

В. В. Вельяминов

К. А. Иностранцев

Slide 12

Оғыздардың қаһармандық эпосын әдеби, тарихи және тілдік тұрғыдан кешенді түрде зерттеген белгілі ғалым, көрнекті түрколог Х. Г. Көроғлы болды. Стамбул университетінің профессоры Эргин Мухаррем «Қорқыт ата кітабының» толық мәтінін латын әрпімен транскрипция жасап бастырып шығарды. Бұл кітапқа қосымша ретінде шығарманың Дрезден және Ватикан қолжазба нұсқаларының факсимилесі де енгізілді. (1, 121)

Slide 13

Қазақстан ғалымдарынан «Қорқыт ата кітабын» зерттеу, аудару, насихаттау ісіне Ә. Марғұлан, Х. Сүйіншәлиев, Ә. Қоңыратбаев, Б. Ысқақов, М. Байділдаев, Ш. Ыбраев белсене ат салысып келді. (1, 122)

«Қорқыт ата кітабы» сол кездегі оғыз-қыпшақ тайпаларының бәріне бірдей түсінікті көне түркі тілінде жазылды.

Ә. Марғұлан

Ә. Қоңыратбаев

Slide 14

«Қорқыт жырлары жер жүзі түркологтарына мәлім. «Деде Коркут» кітабы жөнінде орыс тілінде 314 зерттеу, азербайжан, Анатолия түріктері, түркімен, Батыс Еуропа, шығыс тілдерінде 462 еңбек жазылған. Көрнекті зерттеушілері - Анкара университетінің профессоры М. Ергин, В. В. Бартольд, В. М. Жирмунский, Ә. А. Диваев, А. Әбілғазы, Ш. Уәлиханов, Ә. Марғұлан, Х. Көроғлы, К. М. Рифат, А. І. Туманский, Гокияй сияқтылар. Бұл еңбекте мен қазақ оқырмандары жырдың мазмұнымен таныстырып, оның генезисі жөнінде азын-аулақ ойлар айтуды мақұл көрдім. «Қорқытқа» арналған мақалалар менде де бар» - деп жазады филология ғылымының докторы, профессор Ә. Қоңыратбаев. (4, 460)

Slide 15

Мухаррем Ергин, В. Бартольд нұсқаларында келтірілген 12 жырдың тәртібі мынадай:

Бұқаш жыры;

Қазан - Салордың ауылын жау шапқаны;

Бәмсі-Байрақ жыры;

Қазан баласы Ораздың жауға тұтқын болуы;

Ер жүрек Домрул батыр жыры;

Қан-Төрәлі жыры;

Иекенк (пешене) батыр жыры;

Имран жыры;

Төбекөз дәу мен Бисат батыр жыры;

Секрек жыры;

Қазанның жауға екінші рет тұтқын болуы;

Сыртқы (қыр) оғыздардың ішкі (Сыр) оғыздарға (түрікмендерге) қарсы бас көтеруі.

Осы 12 жыр алдынан алғы сөз ретінде «Қорқыттың нақыл сөздері» деген бөлім берілген. (4, 460)

Slide 16

Қорқыттың нақыл сөздері. Кіріспенің мәні хамду-санада емес, Қорқыттың қоғамдық ойларын, шешендігінен білдіретін мақалдарда, онда ата мен бала, ер мен ел, жақсы мен жаман, салт-сана мәселесі сөз болған.

«Жабы мінген жау алмас»

«Тозған мақта бөз болмас»

«Ежелгі дұшпан ел болмас»

«Өтірікшіге жердің үстінен асты жақсы»

«Ат қиналмай, жол алмас»

«Қырдың шөбін бөкен білер, сайдың шөбін жекен білер»

«Ұлдың кімнен туғанын ана білер»

«Ата даңқын бала шығарар»

«Өнерсіз қыз жаман, өнегесіз ұл жаман»

«Қар қанша жауғанмен жазға бармас»

«Гүлденіп тұрған бәшешек күзге бармас»

«Ащы су дарын дария болып аққанмен пайдасыз»

«Қонағы жоқ үйден түз жақсы»

«Такаббардың ісін құдай оңғармас»

«Дариялар тасып құйғанмен теңіз суын көбейтпес»

«Сараңның малы тісіне тимес»

«Қаратаудай ғып мал жиғанмен, адам жомарт болмас» деген мақалдардың ғибраты ойлы. Бұлар қазақ мақалдарына ұқсас, одан көшпелі салт, табиғат иісі есіп тұрады. (4, 460)

Slide 17 Slide 18

Жырдың өзіне келгенде, айтушы Қорқыт есімін тек әрбір жырдың соңында ғана айтып: «Сол тойға Қорқыт атам келіп, осы жырды айтқан екен» деп отырады. Онысы - Қорқыттың ақындығы. Кіріспе сөздің басында: «Баят тайпасында Қорқыт ата дейтін білікті, сәуегей адам болыпты. Құдай зердесіне салған жан болғандықтан, оның барлық божамдары қате кетпеген, оғыз тайпаларында Қорқыт ата ең қиын деген мәселені шешкен» - десе, мұнысы оның сәуегейлігін айту. (4, 461)

Slide 19
Ұқсас жұмыстар
Қорқыт ата кітабы
Қорқыт ата туралы
Қорқыттың күйлерін ата
Қазақ музыка өнерінің бастауы
Қызылорда қаласы туралы ақпарат
Білімділер
Түркі кезең философиясының өкілдері
Қазақ әдебиеті тарихында қазақ поэзиясы
Қорқыт ата ескерткіші
ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz