Құтты білік: негізгі идеялары, тәрбие тұжырымдары және қолжазба нұсқаларының тарихы


Slide 1

Құтты білік

Slide 2

(Аударған Берікбай Сағындықов)

[2, 133-146]

Slide 3

[3, 12]

Slide 4

Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделген

[1, 194]

Slide 5

Кітабында талай жайды айтады ол,

Бұл төрт ұлық сөздерінен байқалар.

Бірі оның - шындық жолы - әділдік,

Екіншісі - құт пен ырыс, дәулет.

Үшіншісі - ақыл менен парасат,

Төртіншісі - ұстамдылық, қанағат.

[1, 194]

Slide 6

Дастанда автор:

«Адам жайлы баяндайын енді мен,

Қадір тапқан ақыл, білім, иесімен», ­­- дейді [3, 75] .

Адам баласы жаратылысынан ақылды, білімді болып тумайтынын білеміз. Бұл қасиеттер адамға еңбек арқылы келеді. Отбасындағы тәлім-тәрбие, қоршаған ортада болып жатқан жақсы-жаман құбылыстар, қоғамдық құрылыс, халықтың әлеуметтік жағдайы - осы факторлардың бәрі де адам баласына әсер етпей қоймайтыны шындық. Ал, осы толып жатқан жақсы-жаманды құбылыстарды ажырату үшін біріншіден, негізі мықты қаланған тәрбие мен білім қажет. Сонда ғана жұмыр басты пенде ақылмен, оймен, парасаттылықпен жақсы-жаманды ажырата алады.

Slide 7

Жүрсін бектер бес нәрседен алыстап,

Жақсы атымен, дақ тигізбей намысқа.

Ұшқалақтық - бірі, екіншісі - сараңдық,

Үшінші - ашу, оған егіз надандық.

Қырсығың сор, бетті жер қып жүргізер,

Бесінші - өтірік, жерге тірі кіргізер!

Бек бұлардан бойын аулақ ұстасын,

Атын сақтап, бақса сөздің нұсқасын.

Ең қорлығы - өзімшілдік, залымдық,

Өзімшілдік - торланғаны бағыңның.

[3, 213] .

Бектің бойындағы

қасиеттер

Slide 8

[1, 194]

Slide 9

Вена нұсқасы . Венада сақтаулы тұр. Кейде көшіріп алынған жеріне қарай Ғират нұсқасы деп те аталады. Академик А. Н. Кононов көшірушінің есімі Хасан Қара Сейіл Шамс болу керек . . . 1439ж 7маусымда көшіріп біткен деген пікір білдіреді. Арап әрпімен жазылған нұсқадан ұйғыр әрпімен көшірілген. 1796 ж елшілік қызметте жүріп Австрия ғалымы Иосиф Фон Хаммер- Пургшталь букинистен сатып алып Венадағы Король кітапханасына тапсырады. Вена нұсқасын тұңғыш рет венгер ғалымы Г. Вамбери 1870 ж Инсбург қаласында бастырып шығады. Сәл кейінірек 1890ж орыс ғалымы В. В. Радлов жариялады. [1, 193]

Slide 10

Каир нұсқасы, 1896ж Каирда кітапхана директоры, неміс ғалымы Б. Мориц тапқан. Каир нұсқасының көшірмесін 1898ж В. В. Радлов Петербург ғылым академиясының Азия музейіне алдырған. [1, 193]

Slide 11

Наманған ( Ферғана ) нұсқасы . Арап әрпімен жазылған. 1913ж Наманған қаласынан, Өзбек КСР-і Мұхамедхожа ишан Ләләріш дегеннің кітапханасынан А. З. Валидов тапқан. Кейінірек, 1925ж өзбек ғалымы Фитрат қайта тауып алып Ташкентте қысқа сипаттама жазады. [1, 193]

Slide 12

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Н. Келімбетов. «Ежелгі дәуір әдебиеті», Атамұра, 2005

2. А. Қыраубайқызы. Ежелгі дәуір әдебиеті (хрестоматия), Алматы, «Мектеп», 2003

3. Әдеби жәдігерлер. Жиырма томдық. 5-т. ; Ж. Баласағұн. Құтты білік/көне түркі тілінен аударып, алғы сөзі мен түсініктерін жазған А. Қ. Егеубаев. - Алматы, Таймас, 2007

Slide 13

Тыңдағандарыңызға

рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Жүсіп Баласағұни және Құтты білік: шығарма тарихы мен қоғамдық рөлі
Жүсіп Баласағұнидің Құтты білік дастанының тарихи, философиялық және әлеуметтік маңызы
Жүсіп Баласағұн мен Ахмет Иүгінеки: Құтты білік пен Ақиқат сыйы шығармаларының өмірі мен мәдени маңызы
Монтескье және құқықтық мемлекеттің негізгі идеялары
Microsoft Windows операциялық жүйелерінің даму тарихы мен нұсқаларының хронологиясы
Өнер философиясы: тарихы, эстетикасы және Шеллингтің тұжырымдары
Саясаттану семинары: саяси ой тарихы және билік теориясы
Қайта өрлеу және Жаңа заман философиясының тарихы мен негізгі идеялары
Орыс космизмі: XIX-XX ғғ. тарихы, діни және ғылыми тенденциялары мен негізгі философиялық идеялары
Болонья процесінің негізгі идеялары және құзырлылыққа негізделген білім беру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz