Алдын-ала жоспарлау. Аудиттің жалпы жоспары, бағдарламасы. ХАС-300 “Жоспарлау”
Презентация қосу
Алдын-ала жоспарлау.
Аудиттің жалпы жоспары,
бағдарламасы. ХАС-300
“Жоспарлау”
Алдын-ала жоспарлау
Аудитті жоспарлаудың мақсаты. 300
"Жоспарлау" деп аталатын ХАС-ында
жоспарлаудың негізгі мақсаты аудитті тиімді
жүргізуді қамтамасыз ету деп көрсетілген.
Аудитор жұмысын дұрыс жоспарлау аудитті ң
маңызды саласында қажетті көңіл бөлуге,
потенциалды проблемаларды аны қтау ға ж әне
жұмысты уақытында аяқтауға көмектеседі.
Сонымен қатар аудитор ассистенттері арасында
тапсырманы дұрыс бөлуге және басқа
аудиторлар мен сараптаушылар орындайтын
жұмысты үйлестіруге көмектеседі.
Әрбір тексеріс үшін аудитор жоспар
құру керек, оның мақсаты:
- аудиторлық шаралардың қажетті
көлемін анықтау;
- тексеріс жүргізу шараларын бағалау;
- аудит жүргізудің сапасын қамтамасыз
ету болып табылады.
Аудит жоспарын құру аудитті жүргізудің
жалпы принциптері, сонымен бірге
келесідей принциптерге сәйкес іске
асырылады:
- Жоспарлаудың кешенділігі;
- Жоспарлаудың үздіксіздігі;
- Жоспарлаудың оптималдылығы.
І. Аудитті жоспарлаудың кешенділігінің
принципі, жоспарлаудың алдын ала аудитгің
жалпы жоспары мен бағдарламасын құруға
дейінгі барлық кезендеріндегі өзара байланыспен
келісімділікті қамтамасыз етуді көздейді.
ІІ. Аудитті жоспарлаудың үздіксіздігі
принципі аудиторлар тобына өзара байланысты
тапсырмаларды орнату мен жоспарлау кезеңдерін,
мерзімдері мен құрылымдық бөлімшелері
бойынша байланыстыруды көздейді.
ІІІ.Аудитті жоспарлау оптималдылығы
принципі аудиторлық ұйымның өзі
анықтаған критерийлер негізінде аудиттің
жалпы жоспары мен бағдарламасының
оптималды вариантын таңдау мүмкіндігі
үшін жоспарлау варианттылығын
қамтамасыз етуді көздейді.
Аудитті жоспарлау кезеңдері
Жоспарлау - бұл аудитті тиімді орындауға
және бір мезгілде елеулі кезендердің байқалмай
қалу қаупін төмендетуге мүмкіндік беретін
процесс.
Әр клиент жеке тұлға және бұны жоспарлау
кезінде есте ұстау қажет. Аудиторлар өз жұмысын
тексерілетін ұйыммен танысудан бастауы керек.
Бұл үшін құрылтайшылар құжаттарын, қызмет
түрлерін және олардың лицензияларын, есеп
саясатын және т.б. зерттеу қажет.
Жоспарлау процесін келесідей кезеңдерге
бөлуге болады:
1. Алдын ала жоспарлау;
2. Клиент туралы жалпы ақпаратты жинау;
3. Маңыздылық пен аудиторлық тәуекелдікті
бағалау;
4. Ішкі бақылау жүйесін бағалау;
5. Аудиттің жалпы жоспарын мен
бағдарламасын даярлау;
Аудиттің жалпы жоспары мен
бағдарламасын даярлау
Алдын ала жоспарау процессінде алынған мәліметтер
негізінде аудитор жалпы жоспарды дайындауға, оны ң
негізінде тексеру бағдармаларын дайындауға кіріседі.
Аудитордың басқа жұмыс қағазына қарағанда жалпы
жоспар дайындау процессінде ұйым басшылығымен
талқыланады. Бұл аудиторлар мен клиент мамандары
жұмысын үйлестіру арқылы аудиторлық тексеру
тиімділігіне көмектесуі мүмкін.
300 "Жоспарлау" ХАС-ына сай аудитор
аудиттің жалпы жоспарын іске асыруда
қажетті жоспарланған аудиторлық
процедуралар сипатын, оны жүргізу уақыты мен
көлемін анықтап, аудит бағдарламасын
дайындап, құжатты түрде толтыруы керек.
Сонымен бірге ол аудиттің дұрыс
орындалуын бақылау тәсілі болып табылады
және онда әр бөлім бойынша мақсаттар және
уақытша бюджеттер көрсетілуі мүмкін.
Аудит бағдарламасы былай әрекет
етеді:
аудитордың ассистент топтары үшін
нұсқаулар тізімі;
аудиторлық топ жұмысының сапасын
бақылау құралы;
аудит мақсаттарын, өткізу уақытын, тандау
көлемін және әр сферадағы таңдау негізін
өзгертуді қажет ететін аудиторлық
процедуралар жазбасы.
Жұмыс талаптарымен келісу
Клиент пен аудитор арасында ғы
келісім – шарт 4 статья ҚР – ны ң
«аудиторлық қызмет туралы»
заңына сәйкес қарастырылады. Әрбір
келісім – шарттың қорытындысы
алдын – ала келіссөзде қаралады.
Аудит жүргізу туралы келісім
болғанда екі жақ жұмыс талаптары
бойынша жазбаша құжат ұсынуға
міндетті.
Аудитор клиенттің қойған
талаптарымен келіскен жағдайда оның
қойған талаптары мен қанағатын
анықтау қажет, сонымен қатар аудит
жүргізуге байланысты
ұйымдастырушылық сұрақтарды
қарастырылады. Ол үшін клиент
аудиторлық ұйымның мекен — жайын
ресми түрде аудит жүргізу туралы
ұсынысын келісім — хат арқылы
жібереді немесе сәйкесінше қызмет
көрсету.
Мұндай хат ерікті түрде құрылады. Онда
аудит жүргізу мерзімі, оны жүргізу қажеттіліг,
соынмен қатар шешімін талап ететін
сұрақтар, мүмкін болатын гонорар көлемі
және т.б. көрсетіледі.
Келісім – хат алғаннан кейін аудиторлық
ұйым алдын — ала жоспарлау аудитін
жүргізеді.
Бағдарлама
Бағдарлама аудиторлық тексеру
құжаттамасының маңызды бөлігі болып
табылады және онда аудиторлық
тұжырымдаманы дәлелдеу үшін қажет
аудиторлық дәлелдердің маңызды
бөліктері жазылады.
Ол бақылау құралдары тестілерінің
бағдарламасы түрінде және негіз
бойынша процедура түрінде құрылады.
Бақылау құралдары тестілерінің
бағдарламасы ішкі бақылау мен аудит
жүйесінің әрекет етуі туралы ақпаратты
жинауға арналған әрекеттер
жиынтығының тізімін көрсетеді. Негіз
бойынша аудиторлық процедуралар
бухгалтерлік есепте айналымдар мен
шоттар бойынша сальдоның дұрыс
көрсетілуін жан-жақты тексеруді қамтиды.
Бұл үшін аудитор бухгалтерлік есептің
қандай бөлімдерін тексеретінін анықтайды
және бухгалтерлік есептің әр бөлімі
бойынша аудит бағдарламасын
құрастырады.
Аудиторлық жоспарлар аудитты жүргізу
кезінде қажеттілігіне қарай қайта
қарастырылып отыруы керек. Барлық
мақсаттар мен бір бөлім бойынша тестерді
қамтитын аудиторлық бағдарлама
мысалын келтірейік (жалақы).
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz