БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ПОРТФЕЛІН БАСҚАРУ
Презентация қосу
БАҒАЛЫ
ҚАҒАЗДАР
ПОРТФЕЛІН
БАСҚАРУ
Бағалы қағаз портфелінің мәні
Қор нарығының әлемдік тәжірибесінде қалыптасқан инвестициялық
портфель – басқару обьекстісі болып табылатын жеке немесе за ңды т ұл ға ға
тиесілі бағалы қағаз түрлерінің жиынтығын білдіреді.
Бағалы қағаздар портфелі – бағалы қағаздар нарығы субьектісінің
меншігіндегі немесе басқаруындағы әртүрлі бағалы қағаздардың жиынтығы.
Бағалы қағаздар портфелін қалыптастыру барысында оның құрамы мен
құрылымын өзгерту арқылы басқарушы менеджер тәуекел мен табысты ң
арақатынасы негізінде жаңа инвестициялақ сапаны қалыптастырады.
Қалыптастырылған бағалы қағаздар портфелі – тәуекел дәрежесі мен
табыс деңгейіне, қамтамасыз етілуіне қарай корпоративті облигациялар мен
акциялардың және өзге де бағалы қағаздардың жиынтығын білдіреді. Бағалы
қағаздар портфелінің құрылымын бір бағалы қағаздың орнына басқа ба ғалы
қағазды алмастыру арқылы өзгетуге болады.
Инвестор үшін бағалы қағаздар портфелі минималды тәуекелділік
деңгейінде, тұрақты табысты қамтамасыз ететін құрвл болып табылады.
Бағалы қағаз портфелі бойынша табыс – тәуекел деңгейін ескере отырып,
қандай да бір портфелде қалыптасқан барлық бағалы қағаздар жиынтығынан
түскен жалпы табысты білдіреді.
Бағалы қағаздардың инвестицияық сапасын ескере отырып, нақты бір
кезең ішінде портфельге тиесілі тәуекел мен инвестор күтетін табыс арасында
баланс бар, әртүрлі бағыттағы портфельді қалыптастыруға болады.
Бағалы қағаз портфелінқұру барысында инвесторлар белгілі
бір қағида, яғни принциптерді ұстанады.
1. Күткен мақсаттан ауытқу мүмкіндігі ұлғайған сайын,
бағалы қағаздың тәуекел тұсы да арта береді.
2. Портфель құрылымын өзгерте отырып, жалпы табыс
пен тәуекел деңгейін де өзгертуге болады.
3. Бағалы қағаз портфелін құруда пайдаланылған баға
ықтималдылық сипатқа негізделеді.
4. Бағалы қағаздар портфеліндегі бағалы қағаздардың әр
түрлі болуы.
Аталған факторлар бағалы қағаздар портфелінің типтерін анықтайды.
Бағалы қағаздар портфелінің типтері – бұл табыс пен тәуекелдің
арақатынасына негізделген портфелдің инвестициялық сипаттамасы. Пртфелді ң
типтерін жіктеудің негізгі белгісі – курстық құнының өсуі немесе а ғымда ғы
төлемдер (процент пен дивидент)
Бағалы қағаздар портфелін қалыптастырудағы негізгі қағидалар:
1. Бағаздар портфелінің көлемі мен құрылымының, оны құрайтын
көздердің көлемі мен құрылымына сәйкестігін қамтамасыз ету.
2. Табыстылықтың, тәуекелділіктің және өтімділіктің оңтайлы
қатынасына жету.
3. Бағалы қағаз портфелінің басқарылуын қамтамасыз ету.
4. Бағалы қағаз портфелін әртараптандыру.
Бағалы қағаздар порфтелінің түрлері
Бағалы қағаз портфелінің типтері – табыс пен тәуекелдің
арақатынасына негізделген портфельдің инвестициялы қ сипаттамасы.
Портфелдің типтерін жіктеудің негізгі белгісі – курсты қ құныны ң
өсуі немесе ағымдағы төлемдер (процент пен дивидент).
Өсу портфелі – курстық құны өсетін компаниялардың
акцияларынан қалыптасады. Бұл типтегі портфельді ң ма қсаты –
дивидентті алумен қатар, портфельдің капиталды қ құны да өседі.
Алайда дивиденттік төлемдер орташа м өлшерде т өленеді.
Портфельдің құрамына кіретін жиынты қ акцияларды ң нары қ
құнының өсу қарқыны портфелбдің түрлерін анықтайды.
Пайданы алу көзіне қарай портфельдің
жіктелімі:
1. Агрессивті өсу портфелі – капиталдың максималды өсіміне
бағытталған. Бұл портфельдің құрамына жаңадан құрылған
және тез өсетін компаниялардың акциялары кіреді. Агрессивті
өсу портфелінің тәуекелі жоғары болады соған сәйкес алатын
табысы да жоғары болуы мүмкін.
2. Консервативті өсу портфелі – тәуекелі төмен болып келеді.
Аталған портфельдің құрамына танымал ірі компаниялардың
акциялары кіреді. Консервативті өсу портфелінің құрамы ұзақ
уақыт бойы өзгеріссіз қалады және капиталдың сақталуына
бағытталады.
3. Орташа өсу портфелі – агрессивті және консерватиті өсу
портфельдерінің үйлесімділігін білдіреді. Портфельді ң құрамы
кезеңмен жаңаланып отыратын, ұзақ мерзімге сатып алатын
сенімді бағалы қағаздардан тұрады. Сонымен бірге капиталдың
орташа өсімі мен салым тәуекелдігінің деңгейі бір қалыпқа
түседі.
Сенімділік – консервативтік өсімнің бағалы қағаздарымен, ал
кіріс агрессивтік өсімнің бағалы қағаздарымен қамтамасыз
етіледі инвесторлар тарапынан жоғары сұранысқа ие кең тараған
типтегі портфель болып табылады.
Өсу және табыс портфелі – алатын табыстың және курстық құныны ң
төмендеуінен пайда болатын шығынды азайту ға ба ғыттал ған. Осы типтегі
портфельдің құрамына кіретін қаржылы қ активті ң бір б өлігі капитал
құнының өсуіне, ал екінші бөлігі пайда алу ға м үмкіндік береді.
1. Баланстандырылған портфель – бұл типтегі портфельге тәуекелі жоғары
бағалы қағаздар, сонымен қатар жай ж әне арты қшылы қты акциялар,
облигациялар кіреді. Бұл портфельді ң ерекшелігі табыстар мен
тәуекелдердің балансталуымен сипатталады. Әр т үрлі инвестициялы қ
салымдардың комбинациясы капиталды ң өсіміне жетуге ж әне жо ғары
табысты алуға мүмкіндік береді.
2. Қос бағыттағы портфель – жоғары деңгейде табыс алатын ба ғалы
қағаздар кіреді.
Табыс портфелі – жоғары деңгейде табыс алуға мүмкіндік береді.
Пайызы немесе дивиденді жо ғары облигациялар мен акцияларды ң
және басқа да бағалы қағаздардың жиынты ғынан т ұрады. Сенімділігі
жоғары бағалы қағаздар нарығының құралдары портфельді ң объектісі
болып табылады.
1. Тұрақты табыс әкелетін портфель – минималды тәуекел
деңгейінде орташа табыс алып келетін жо ғары сенімді ба ғалы
қағаздардан қалыптасады.
2. Табысты бағалы қағаздар портфелі – орташа тәуекел деңгейінде
жоғары табыс алып келетін корпоративті облигациялардан т ұрады.
Бағалы қағаздар портфелін басқару
Бағалы қағаздар портфелін басқару – бастапқы инвестициялық
қоржынды сақтауға, жоғары деңгейде табыс алуға, портфельдің
инвестициялық бағытын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін
әртүрлі бағалф қағаздар жиынтығына нақты әдістер мен
теxнологиялық мүмкіндіктер қолдануды білдіреді.
Портфельді басқару портфельдің жақсы сапасын қамтамасыз
ету үшін және оның бағасының өсуін қамтамасыз ету үшін
бағалы қағаздармен әрдайым операциялар жүргізуді қажет етеді.
Портфельді басқару процесінің негізгі бес
құрамдас бөлігін атап өтуге болады.
Мониторинг инвестициялық қаржылардан түсетін табысты ң к өлемін болжау ға
және бағалы бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды
интенсификациялауға (арттыруға) мүмкіндік береді
Мониторинг:
Активті басқару моделі
1. Бағалы қағаздарды іріктеу. Тиімді бағалы қағаздарды сатып алу ал тиімсіз ба ғалы
қағаздарды сату
2. Жаңа портфельдің табыстылығы мен тәуекелін есептеу
3. Жаңа және бұрынғы қалыптасқан портфельдің тиімділігін салыстыру
4. Жаңа портфельді қалыптастыру
Пассивті басқару моделі
1. Минималды қажетті табыстылықты анықтау
2. Жақсы әртараптандырылған портфельге бағалы қағаздарды іріктеу
3. Портфельді оптимизациялау
4. Табыстылықтың төмендеу себебін анықтау
5. Жаңа портфельді қалыптастыру
Басқарудың активті моделі портфельдің инвестициялық мақсатына
жауап беретін құралдарды тез арада сатып алу және нарықтағы болып
жатқан өзгерістердің портфельге әсерін мұқият қадағалауды білдіреді.
Басқарудың пассивті моделінің сапасы жоғары тәуекел деңгейі төмен
ұзақ мерзімге эмиссияланған бағалы қағаздардан қалыптасқан портфельді
баасқаруға тиімді модель болып табылады.
Портфельдің типіне қарай басқару тактикасы қолданылады.
Активті және пассивті басқару моделі клиенттің қаражаты есебінен
немесе екіжақты келісілген келісімшарт негізінде жүзеге асырылуы м үмкін.
Бағалы қағаздар портфелін басқарушы менеджер өзінің біліміне негізделе
отырып және өзі таңдалған стратегиясы негізінде тиісті операцияларды
жүзеге асырады. Бағалы қағаздар портфелі бойынша түсетін табыстың көлемі
менеджердің инвестициялық өнеріне байланысты болады. Бұл қызметтің түрін
бағалы қағаздар портфелін басқару деп атайды.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz