Қазақстанның электрондық үкіметі


Slide 1

Қазақстанның электрондық үкіметі

Slide 2

Жоспар

Мемлекетті басқарудағы ақпараттық технология

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар(АКТ) және мемлекетті басқарудың тиімділігі.

Электрондық үкіметтің мақсаты мен функциялары.

Slide 3 Slide 4

Біз жеңіл және ыңғайлы тәсілмен, қазіргі заманғы технологияларды белсенді қолдана отырып қарым қатынас жасайтын ақпараттық дәуірге әлде қашан жеттік. Қоғаммен бірге мемлекеттік билік органдары да өзгереді, себебі олардың міндеті халықтың талаптарын қанағаттандыру, басқаша болуы мүмкін емес. Мемлекеттің қарым-қатынасы барлық деңгейде орындалуы қажет: мемлекет - азаматтар, мемлекет - бизнес және мемлекет - мемлекет, ал қызмет көрсету мүмкіндігінше бір жерде, бірыңғай электрондық порталда - электронды үкімет порталына беріледі.

Slide 5

Электрондық үкімет - ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кең қолдану жолымен азаматтарға және ұйымдарға қызметтерді ұсынуға максималды бағытталған, мемлекеттік органдардың жұмыс істеуі.

Slide 6

Электрондық Үкіметтің іс-әрекетінің қызмет ету тетігі ақпараттық технологияларды кеңінен қолдануға негізделген және азаматтар мен ұйымдарға барынша қызмет көрсетуге бағытталған. Қысқаша айтқанда, Электрондық Үкімет дегеніміз мемлекет атқаратын барлық қызметтер мен функциялардың электронды түрі.

Slide 7

Электрондық Үкіметтің көмегімен Біз:

- мемлекеттік қызметті алу, мысалы: жеке тұлғаның жылжымайтын мүлкінің жоқ (бар) екендігі жайлы анықтама алу, баланың туылуын тіркеу, ӘЖК алу және т. б. ;

- коммерциялық қызмет көмегін алу, мысалы: теміржол немесе әуебилеттерін броньдау, ұялы байланыс қызметтеріне ақы төлеу және т. б. ;

- өтініш беру және лицензия алу;

- бюджеттік төлемдерді төлеу, мысалы: төлқұжат алғаны үшін, жол жүру ережесін бұзғаны үшін айыппұл, жылжымайтын мүліктің заңдастырушы құжаттарының көшірмесін алғаны үшін төлем және т. б. ;

Slide 8

- мемлекеттік органдардың басшыларына блогтары арқылы тікелей хабарласу;

- мемлекеттік органдардың жұмысы жайлы ақпарат алу;

- электрондық цифрлық қолтаңба (ЭСҚ) рәсімдеу;

Slide 9

Электрондық Үкімет

Электрондық Үкіметтің құрылуы - бұл субъективті фактордың ықпалын төмендете отырып, шенеунікті азаматтарға жақындастырудың амалы. Электронды Үкімет шенеунік пен азаматтың бетпе-бет қарым-қатынасын виртуалды қатынасқа ұластырып, азаматтарға өз сұраныстарының шешілу жолын бақылауға мүмкіндік береді. Бұл бір жағынан Үкіметтің де, азаматтардың да, бизнес-құрылымдардың да арманы.

Slide 10

Қазақстан Республикасында «электрондық үкіметті» құру Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған болатын. Е-үкіметті енгізу бағдарламасы Президенттің 2004 жылғы 10-шы қарашадағы Жарлығымен бекітілді.

Slide 11

www. egov. kz порталы өз жұмысын 2006 жылғы 12-ші сәуірде бастады. Іске қосу кезінде әр түрі мемлекеттік органдардың қызметін қамтыған 377 ақпараттық қызмет іске асырылды. 2007-2009 жылдар аралығында транзакция жүргізуге мүмкіндік беретін «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі бойынша жұмыстар жүргізілді. Порталда «Е-лицензиялау» бойынша деректер қоры мен алғашқы интерактивті қызметтер іске асырылды.

Slide 12

Қазақстан Республикасында "электрондық үкiмет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшiн" атты 2004 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 8 маусымдағы отырысында N 9 хаттамамен мақұлданған Қазақстан Республикасындағы "электрондық үкiмет" тұжырымдамасының ережелерi ескерiле отырып әзiрлендi.

Slide 13

Осы Бағдарламаның негiзiне "электрондық үкiмет" арқылы - прогрессивтi ақпаратты Қазақстанға" қол жеткiзу идеясы алынды. Қазақстанда "электрондық үкiметтi" қолданысқа енгiзу мемлекеттiк органдардың азаматтар мен ұйымдарға ұсынатын қызмет көрсетулер сапасын жақсартуға және мерзiмiн қысқартуға, мемлекеттiк органдар қызметiнiң ақпараттық базасына қолжетiмдiлiктi қамтамасыз етуге, болашақта әкiмшiлiк жүйенi жетiлдiрудi ескере отырып, құрамы жағынан тиiмдi әрі оңтайлы мемлекеттiк аппарат құруға бағытталған. "Электрондық үкiмет" құрудың басты басымдықтары Интернет-байланысқа қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында бiлiм деңгейiн көтеру, сондай-ақ мемлекеттiк басқару жүйесiне жаңғырту жүргiзу болып табылады. Электрондық мемлекеттiк қызмет көрсетудi қалыптастыру кезiнде әкiмшiлiк процестерге технологиялық қайта жабдықтау жүргiзу көзделетiн болғандықтан, "электрондық үкiмет" құру сонымен қатар мемлекеттiк басқару жүйесiн ұдайы жетiлдiрiп отыруға мүмкiндiк бередi.

Slide 14

Әлемдiк тәжірибенi талдауды ескере отырып, Қазақстанда "электрондық үкімет" құрудың ұзақ мерзiмдi болашағы бар және ол үш кезеңде iске асырылатын болады. Бiрiншi кезең "электрондық үкiметтiң" инфрақұрылымын құру. Аталған кезең шеңберiнде осы Бағдарламаны iске асыру "электрондық үкiметтiң" шлюзi мен порталы, банк жүйесiмен өзара iс-қимыл үшiн "төлем шлюзi", ұлттық бiрегейлендiру жүйесi, мемлекеттік органдардың бiрыңғай көлiктiк ортасы, орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың ведомствоаралық және үлгілiк жүйесiн құру мен дамыту, сондай-ақ электрондық қызмет көрсетулерге қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету жөнiндегi іс-шаралар жүргiзу, ақпараттық теңсiздiктi жою және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында бiлiм көтеру жөнiнде жұмыстар ұйымдастыру сияқты базалық құрамдас бөлiктердi құруға бағытталатын болады.

Slide 15

Осы кезеңде Бағдарламаны iске асыру шеңберiнде ақпараттық және интерактивтiк қызмет көрсетулер жоспарлануда. Екінші кезең - "электрондық үкiметтің" сервисiн дамыту азаматтардың тіршілік-тынысы мен мемлекеттік органдардың жұмыс істеуінің барлық саласын қамтитын сан алуан сервистердi дамытуға, сондай-ақ әкiмшiлiк процестерге кең ауқымды технологиялық қайта жабдықтау жүргізуге бағытталатын болады. Осы кезеңде транзакционды қызмет көрсетулер iске асырылатын болады.

Үшiншi кезең - ақпараттық қоғам құру e-медицина, e-бiлiм, e-мәдениет, е-демократия және басқалары сияқты жобаларды iске асыруды қоса алғанда мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызмет көрсетулерiн трансформациялауды, ақпараттық қоғам құруды көздейдi.

Slide 16

Осы Бағдарламаны iске асырудың бiрiншi кезеңiнiң аяқталу қортындысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметi республикада "электрондық үкiметтi" дамыту жөніндегі бағдарламалық құжатты одан әрi әзiрлеу туралы шешiм қабылдайтын болады. Осы Бағдарламада жағдайлар жасауға және "электрондық үкiметтiң" мүмкiндiктерiн тиiмдi пайдалануға бағытталған шаралар көзделедi, олар мынадай шешушi сәттерге шоғырландырылатын болады: 1) "электрондық үкiмет" пен оны пайдаланушылардың жұмыс iстеуiн реттейтiн нормативтік құқықтық базаны дамыту. Бұл тұрғыда "электрондық үкiмет" құру мемлекеттiк қызмет көрсетулер регламенттерiн талдауды көздейдi, мұның өзi әкiмшiлiк рәсiмдерге технологиялық қайта жабдықтау жүргiзу мен мемлекеттiк басқару жүйесiн жаңғырту тетiктерiнiң бiрi болып табылады;

Slide 17

2) халықты "электрондық үкiмет" мүмкiндiктерiне тарту, яғни бiлiм алу және ақпарат теңсiздігін еңсеруге, электрондық iс-қимыл рәсiмдерiн орындау мен халықтың қалың жiгі үшін "электрондық үкiмет" қызмет көрсетулерiне қолжетiмділіктi ұйымдастыру үшiн қоғамды қажеттi білімдiлiк деңгейiмен қамтамасыз етуге бағытталған iс-шараларды iске асыру қажеттiлiгі; 3) мемлекеттiк басқарудың барлық деңгейлерiнде әкiмшiлiк процестердi стандарттау мен нысандандыруды, сондай-ақ мемлекеттiк органдарды ақпараттандыру мен басқарудың бiрыңғай саясатын әзiрлеу мен iске асыруды бiлдiретiн мемлекеттік органдарды ақпараттандыру.

Slide 18

"Электрондық үкiметтiң" инфрақұрылымын қалыптастыру екi өзара байланысты, бiрақ функциялық дербес контурларды iске асыру жағдайында мүмкiн болады. Iшкi контур "үкiмет-үкiмет" үлгiсiндегі өзара қарым-қатынастарды қамтиды және ведомствоаралық әкiмшiлiк рәсiмдерге қызмет көрсететiн ақпараттық жүйелердi құрайды. Cыртқы контур "үкiмет-азаматтар" және "үкiмет-ұйымдар" үлгiсiндегi өзара қарым-қатынастарды қамтиды және мемлекеттiң азаматтармен және ұйымдармен өзара іс қимылын қамтамасыз етедi. Бағдарламада Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 16 наурыздағы N 573 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттiк бағдарламасының негiзгi ережелерi ескерiледi және салааралық сипатта болады.

Slide 19

Мемлекеттiк органдарды ақпараттандырудың қазiргi жай-күйiн талдау

Мемлекеттік органдардың автоматтандырылған ақпараттық өзара iс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында бiрыңғай электрондық құжат айналымы жүйесін енгiзу негiзiнде мемлекеттiк органдардың ақпараттық инфрақұрылымын құру жүзеге асырылуда. "Жеке тұлғалар", "Заңды тұлғалар", "Мекенжай тiркелiмi", "Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған жүйесi", "Жылжымайтын мүлiк тiркелiмi", "Салық төлеушілер мeн салық салынатын объектiлер тiзілімi" деген мемлекеттiк дерек қорларын, сондай-ақ "Электрондық мемлекеттік сатып алу орталығы" ақпараттық жүйесiн құру жөнiнде iс-шаралар орындалуда. Мемлекеттiк органдардың Интернетте электрондық өкiлдiктер құру жолымен ақпараттар ұсынуын 42 мемлекеттік органның 32-сi жүзеге асырады. Мемлекеттік қызмет көрсетулердiң 170 түрiне жүргізiлген талдау нәтижесi бойынша е-үкiметтiң 85 e-қызмет көрсетулерiнен тұратын, осы Бағдарлама шеңберiнде iске асырылатын базалық қызмет көрсетулер тiзбесi қалыптастырылды.

Slide 20
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының электронды үкіметі
ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ПРЕПАРАТТАРҒА АРНАЛҒАН НЕГІЗГІ МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТТАР
Жаңа гуманитарлық білім
Электронды үкімет. e. gov. kz сайтының қызметі туралы ақпарат
Кіші жүздің Ресейге қосылуы
Қазақ жеріндегі әскери шектердің салынуы
Қазақстан мен Орталық Азияда Кеңес үкіметін орнату
Ынтымақтастық салалары
Электронды өкімет
Электрондық үкімет қызметтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz