Кәсіби бағдарланған тұлғаның психологиясы және мұғалімнің кәсіби дамуы


Slide 1

Кәсіби бағдарланған тұлғаның психологиясы

Slide 2

ЖОСПАР

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Кәсіби мұғалім психологиясы

2. Кәсіби даму

3. Тұлғаның дамуының кәсіби деңгейлік жоспары

4. Психологтардың тұжырымдары

Қорытынды

Slide 3

Кәсіби мұғалім - құзырлығы жоғары, әлеуметтік тұрғыдан жетілген, әдіс-тәсілдерді меңгерген, шығармашылықпен жұмыс істейтін, өзін-өзі кәсіби жетілдіруге ұмтылған маман. Мұғалім, Педагог мамандығы, зиялылар ішіндегі көп топтасқан мамандықтардың ірі тобына жатады. Білім беру жүйесінде педагогтар мемлекеттік қызметкерлер болып табылады. Педагог өз мамандығының сапасын, біліктілігін арттыруды психологиялық тұрғыдан қамтамасыз етуі үлкен роль атқарады

Slide 4

Кәсіби даму - (лат. profiteor - өз ісімді хабарлаймын) - еңбек әлемінде, соның ішінде жекеленген кәсіби ролдердің, кәсіби мотивацияның, кәсіби білімдер мен дағдылардың әртүрлі аспектілерін игеруге бағытталған адамның онтегенезде болып жатқан әлеуметтену үрдісі. Кәсіби дамудың негізгі қозғаушы күші әлеуметтік топтар мен институттарға идентификациялану негізінде әлеуметтік контекстке интеграциялануға тұлғаның талпынысы болып табылады.

Slide 5

.

Адамның кәсіби дамуының деңгейлік жоспары мынадай бағытта болғаны жөн: [1]

Жұмыс, еңбек әрекеті - қандай дағдылар қолданылмайды және неге? Түсіндіріңіз.

Кәсіби дағдылар - өз дағдыларыңызды 5 баллдық жүйеде бағалаңыз. Бұл сізге қандай дағдыларыңызды жетілдіруіңізді анықтауға көмектеседі.

Құндылықтар - Сіздің құндылығыңыз топтың өзекті деп санайтын құндылықтарымен қаншалықты сәйкес екендігін тексеріңіз. Бұл өз құндылықтарыңызды қайтадан қарауға көмектеседі.

Оқу - өзіңізге жаңа мәліметтерді меңгеруге қолайлы стратегияны таңдаңыз.

Slide 6

Психологтар кәсіпке «ену» дегеніміз - бұл «суперроль», «өсу»,

адамның өмірінің бейнесі мен стильін анықтау дейді.

Адамның жалпы қанағаттануы көп жағдайда онда іргелі

қажеттіліктерінің қаншалықты болуына байланысты:

шығармашылық өзін - өзі жетілдіру қажеттілігі,

қоршаған ортадағы референтті тұлғалардың жекелік

құндылықтарын түсінуі мен мойындауы, өзін - өзі дамыту

және даму қажеттілігі және тағы басқа

Slide 7

Әр адам тек өз жұмысын орындауы және «тек өмір сүруі» мүмкін емес, ол өз жұмысы немесе кәсібі, өзі немесе өз әрекеттері кәсібінде белгілі орын алатындай мақсат қоюы тиіс. Осындай жағдайда ғана тұлғалық және кәсіби қасиеттері мен кәсібі арасында қайшылықтар болмайды, болашақта кәсіби іс - әрекетінде құнды қатынастарды күтуге болады. Бір сөзбен айтқанда, тұлғалық даму мен тұлғаның кәсіби өсуінде бірлік байқалады

Slide 8

Психологтар дұрыс өзін - өзі бағалаудың қалыптасуының екі әдісін бөліп көрсеткен: біріншісі - өзінің жеткен жетістіктерінің деңгейімен мақтану, ал екіншісі - өз жетістіктерін қоршаған ортадағылардың көзқарастарымен салыстыру. Кәсіби өзіндік бағалауда педагог әрекеті, кім алдына жоғары міндеттер қойса, онда қиындықтар болатынын көрсетті. Қиындықтармен күресу педагогикалық - психологиялық жағдайды реттеп, түзетіп, дамуға әкеледі. Бұл әрине шығармашыл педагогтарда кездесетін жағдай. Егер педагог өз алдына жоғары міндеттер қоймай жеткен жетістіктерімен шектеліп қана қойса, олардың кәсіби дамуы төмендей берері сөзсіз. Сондықтан да пеадагогикалық кәсіпті таңдаған әрбір адам өз санасында педагог бейнесін қалыптастыра алуы қажет.

Slide 9

Қорытынды

Педагогтың кәсіби дамуының психологиялық теориясының басты идеясы мынадай негізгі жағдайларда қалыптасады:егер оқу - танымдық үрдіс орын алса, онда оның даму үрдісі де орын алады. Сондықтан білім мен түрткілер тұлғаның кәсіби дамуының негізі болады. Әр тұлға өзінің білімін жетілдіріп, түрлі түрткілерден қуаттанып, әрекетке көшетіні анық дүние. Кәсіби тұрғыдан үнемі дамып отырған педагог психологиясы айқын сезіліп, жұмыстануға, өзгені де дамытуға оң ықпалын тигізері сөзсіз

Slide 10

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Қазіргі мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі: құрылымы мен дамуы
Мұғалімнің кәсіби өзін-өзі тануы мен өзіндік дамуы
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру және дамыту
Педагогтың кәсіби өзін-өзі тануы және үздіксіз кәсіби дамуы
Педагогикалық имиджелогия және мұғалімнің кәсіби имиджі
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі: ұғымы, компоненттері және қалыптастыру жолдары
Болашақ мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі: мәні, қалыптасуы және деңгейлері
Педагогикалық құзыреттілік: ұғымы, түрлері және мұғалімнің кәсіби шеберлігі
Мұғалімнің жеке тұлғасы мен кәсіби-педагогикалық позициялары
Мұғалімнің кәсіби өзін-өзі тануы мен өзіндік дамуы: теориялық және практикалық аспектілер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz