Оқытудың белсенді әдістері мен дидактикалық жүйелердің жаңа білімді меңгеруге әсері


Slide 1

Оқыту процесін

басқару

Slide 2

КІРІСПЕ НЕГІЗГІ БӨЛІМ 1. Оқытудың белсенді әдісі 2. Жүйелі түрде оқыту 3. Дидактикалық жүйе 4. Жаңа білімді меңгеру (педагогикалық-психологиялық зерттеулер бойынша) ҚОРЫТЫНДЫ

Slide 3

Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде білім беру саласындағы

оқытудың белсенді әдістері проблемасына арналған зерттеулер жеткілікті.

Оқытудың белсенді әдістерінің жүйелі негіздері 1960-жылдардың екінші

жартысында және 1970-жылдардың басында психологтар мен педагогтардың

проблемалық оқытуға арналған еңбектерінде кеңінен әзірлене бастаса да,

1930-шы жылдары дамыта оқытудың тұтастық тұжырымдамасын әзірлеудің

психологиялық негіздері Л. С. Выготскийдің, Д. Б. Элькониннің,

А. Н. Леонтьевтің, В. В. Давыдовтың және т. б. еңбектерінде қаланды.

Slide 4

Жүйелі түрде дамыта оқытудың басты екі бағытын В. В. Давыдов және Л. В.

Занков әзірледі. Л. В. Занковтың жүйесінде оқытуды күрделіліктің жоғары

деңгейінде жүргізу, оқу материалын жылдам қарқында өту, теориялық білімді

арттыру принциптері қаланған. Оқытудың бұл жүйесі білім алушылардың

ойлауы мен сезімдік аясын дамытуы, оқыған материалдың негізгі мазмұнынан

ортақ ұғымды түсініп және бөліп көрсетуге үйретуі тиіс, алайда бұл жүйе білім

беруде оқу көлемінің ұлғаюына әкеп соқтырды және оның теориялық деңгейін

күрделендірді.

Slide 5

Оқытудың белсенді әдістері, дұрыс қолданған жағдайда, бір мезгілде үш

оқу-ұйымдастыру міндеттерін шешуге мүмкіндік беретініне назар аудару керек:

- оқыту процесін мұғалімнің басқару әрекетіне бағындыру;

- оқу қызметіне даярланған оқушылармен қатар, даярлығы жоқ балалардың

белсенді қатысуын қамтамасыз ету;

Slide 6

Оқу процесі көп жағдайда дидактикалық жүйелер деп аталатын

психологиялық-педагогикалық тұжырымдамаларға сүйенеді. Дидактикалық

жүйе бірыңғай тұтас құрылым жасайтын және оқыту мақсаттарына қол

жеткізуде қызмет ететін элементтер жиынтығын құрайды. Басты үш

дидактикалық тұжырымды: дидактиканың дәстүрлі, педоцентристік және

заманауи жүйесін бөліп көрсетуге болады.

Slide 7

Тәрбиелеу және оқыту процесінде нақты оқу орны орналасқан ортаның

мәдениетін (ұлттың, елдің мәдениеті) барынша пайдалануды көздейтін

мәденисәйкестілік принципі - оқу пәндерінің тәрбие компонентін күшейтудің

маңызды принципі болып табылады.

Ал, оқу орны және оқушы өмір салтының тұтастығы мен іс-әрекеттердің

қайшылықсыздық принципі кешенді педагогикалық процесті ұйымдастыруға,

оқушылардың барлық тіршілік әрекеті салалары арасындағы байланысты

орнатуға, тіршілік әрекетінің барлық салаларының өзара өтемі мен бірін бірі

толықтыруына бағытталған.

Slide 8

Көптеген психологиялық-педагогикалық зерттеулердің зерделеуі

көрсеткендей, жаңа білімді меңгеру деңгейіне ықпал ететін, дәлірек айтсақ:

барлық оқушыларда бірдей бастапқы минимумды қамтамасыз ету, сабаққа

жақсы ынтамен қарау, жаңа материалды енгізу әдістемесін мұқият дайындау

сияқты факторларды теңестірген күнде де жаңа материал әртүрлі меңгеріледі.

Бір оқушылар жаңа материалды толық меңгереді және алған білімдерін

өздігімен дамытуды талап ететін ұқсас жаңа оқу жағдайларында қолдана алады

(меңгерудің жоғары деңгейі) .

Slide 9

ҚОРЫТЫНДЫ

Меңгерудің жоғары деңгейіне дейін

жеткізу көзделген оқушылар үшін мұғалім тарапынан жаттығулардың көптеген

түрі және әртүрлі көмек шаралары қажет етіледі.

Сондықтан, оқу процесін ұйымдастыруда оқушылар арасындағы

айырмашылықтар ескерілген және барлық оқушылардың оқумен қатар тәрбие

қызметтерін тиімді меңгеруі үшін жағдай жасауға мүмкіндік беретін, яғни,

оқушылардың дербес ерекшеліктері барынша ескерілген оқытудың қайта

құрылған мазмұны, әдістері мен түрлері қажет.

Slide 10

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Оқытудың белсенді әдістері: классификациясы, ерекшеліктері және қолданылуы
Қазіргі білім беру жүйесіндегі оқытудың белсенді әдістері мен педагогикалық технологиялары
Оқытудың белсенді әдістері: мәні және мектепте қолданылуы
Оқытудың белсенді әдістері мен формалары: проблемалық оқыту, тренинг және инновациялар
Белсенді оқытудың педагогикалық негіздері мен қолдану формалары
Оқытудың дидактикалық теориялары мен заманауи білім беру парадигмасы
Педагогиканы оқытудың әдістемелік және дидактикалық негіздері
Теореманы логикалық-дидактикалық талдау және оны оқытудың әдістемесі
Оқу-оқытудың негізгі мәселелері: мазмұн, әдістеме, нәтиже және белсенді үйрену
Оқыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау және бағалаудың жаңа технологиялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz