ПСИХОЛОГИЯ ӘДІСТЕРІ




Презентация қосу
ПСИХОЛОГИЯ ӘДІСТЕРІ

Психологияны зерттеуге қойылатын
талаптар

Объективтік психологиялық
зерттеу

Психикалық құбылыстарды
даму үстінде зерттеу

Жеке тұлғаны талдау-жинақтау
түрінде зерттеу
Объективтік психологиялық зерттеулер қағидасы
зерттеу пәні ерекшеліктеріне тәуедлік көптеген
әдіснамалық құралдарымен іске асады. Оны
былай түсіну керек: психика, сана, ішкі және
сыртқы көріңістердің бірлігінде зерттеледі.
Осыған байланысты бұл қағиданың талаптары
бойынша кез келген психикалық құбылыстар
сыртқы себептер мен ішкі жағдайлардың
бірлігінде қаралыстырады. Психологияның негізгі
қағидаларының бірі - детерминизм қағидасын
(психикалық құбылыстардың себептік тәуелділігі)
іске асыру психологиялық зерттеулерді
объективтік принципке сәйкес құру болып
табылады. Объективтік қағида адамды іс-әрекет
үрдісінде зерттеуді талап етеді, сондықтан да
адамның психикалық ерекшеліктерін оның
қылықтары бойынша бағалауға болады.
Объективтік қағида зерттеулерде қолданылатын
әдістер және зерттеушінің көзқарасын алынған
нәтижелерге әсер етуін талап етеді.
Психикалық құбылыстарды даму
үстінде зерттеу. Психолгиялық
зерттеулерді құрудың негізгі қағидасы
психикалық құбылыстарды даму
үстінде зерттеу болып табылады.
Объективтік дүние әр уақытта
қозғалыста және өзгерісте болады,
сондықтан да оны бейнелеу өзгеріссіз,
қозғалыссыз болуы мүмкін. Егер де
психикалық құбылыстар үздіксіз
өзгеріп, дамып отырса, ондай жағдайда
жан-жақты байқауға бағытталған кез
келген зерттеулерді құру міндетті түрде
қарастырылуы қажет.Психикалық
құбылыстарды даму барысында
зерттеуде адамдардың тек психикалық
сапаларын анықтау жеткіліксіз,
сонымен қатар психикасының
қалыптасқан және ерекшелігін талап
етеді.
Жеке тұлғаны талдау-жинақтау
түрінде зерттеу әрбір адамның
психологиялық келбетінде барлық
адамдарға тән жалпылық,даралық
қасиеттермен сипатталады. Әрбір
адамның бойында жеке тұлға
ретінде жалпылық, ерекшілік және
даралық қасиеттердің болуы
зерттеу жұмысын ұйымдастыруды
талдау-жинақтау қағидасын
басшылыққа алуды қажет етеді.
Күнделікті өмірдің әртүрлілігіне
қарамастан, әрбір адам өзіне тән
даралық психикалық қасиетін сол
күйінде сақтайды.
Психологияның
зерттеу
әдістері

Бақылау Эксперимент
әдісі әдісі
Бақылау әдісі

Бақылау әдісі – әр түрлі табиғи
жағдайда жеке тұлғаның іс-
әрекеті мен қылықтарын
қабылдаудың негізінде мақсатты
зерттеу. Бақылау табиғи
жағдайда жүргізіледі. Ескеретін
мәселе, бақылау жүргізілген кезде
сол қадағалау нысаны болып
отырған адам бақылау жүргізіліп
жатқанын білмеуі керек, егер
сезген жағдайда шынайылық
жоғалады. Психологиялық
зерттеулердің табиғилығын
сақтау-бақылауға қойылатын
бірінші талап. Бақылау әдәсәне
қойылатын екінші талап – бақылау
үнемі мақсатты болуы қажет, яғни
зерттеудің мақсаты мен міндеттері
айқын қойылуы керек
Эксперимент әдісі.

Егер бақылауда зерттеуші өзін
қызықтыратын психикалық
үрдістердің байқалуын бейжай
күтетін болса, ал
экспериментте зерттеуші
өзіне қажетті жағдайда
жасайды. Сөйте отырып,
экспериментатор оларды
тұрақты қамти алады. Басқа
зерттеушілермен бірдей
жағдайда зерттеуді қайталай
отырып, экспериментатор
зерттеушінің әрқайсысының
үрдістерінің дара
ерекшеліктерін анықтай алады.

Экспериментатор өзінің
жағдайына қарай тәжірибені
жүргізу шартын өзгерте алады.
Бұл эксперименттің негізгі
артықшылығы, сонымен қатар
ол оқу-тәрбие үрдісінде
тәсілдерді табуға мүмкіндік
береді

Ұқсас жұмыстар
Психологияның негізгі салалары
Психологияның зерттеу әдістері
Психологиялық зерттеудегі тәжірбиеші мен зерттеуші ролі
ПСИХОЛОГИЯНЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
ПСИХОЛОГИЯ ПӘНІНІҢ МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ
Психологияның даму кезеңдері
ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ
Инженерлік психология
Психология тарихы. ХХ ғасырдың 2 жартысындағы психологияның жаңа бағыттары
ПСИХОЛОГИЯНЫҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ
Пәндер