Төтенше жағдайлары кезіндегі қорғану әдістері




Презентация қосу
Төтенше
жағдайлары
кезіндегі
қорғану әдістері
Қазақстандағ
ы
экологиялық
апаттар
Жоспар:
Батыс Қазақстандағы су
тасқыны
Қызылағаштағы су
тасқыны
Тентексай
шахтасындағы төтенше
жағдай
Алматы қаласындағы
Батыс
Қазақстандағы су
тасқыны
Батыс
Қазақстандағы су
тасқыны кесірінен
бюджетке 10
миллиард теңге
шығын келтірілді.
Апат салдарынан
2 адам қаза
болды.
Батыс Қазақстан облыстың Зеленов және
Тасқала аудандары зардап шекті, 13 ауыл
суға кетті.
Осы аудандардың 5 елді мекеніне су
жайылды.
Жекелеген ауылдар жарықтан
ажыратылып қалған.
570 үй суға кірген.
Облыс орталығынан 10 шақырым
қашықтықтағы Үміт ауылындағы
Қазыналы тоғанына қазіргі таңда 3
миллион текше метр су жиналған. Егер
бөгет арнасынан асар болса, су облыс
орталығы Орал қаласына да қатер
төндірмек.
Су тасқынының алғашқы күндерінен қалалық су
тасқынына қарсы комиссия құрылып, шаралар
алынды және жауапты тұлғалар бекітілді. Селдің
бетін қайтаруда тек коммуналдық қызметтер
техникалары ғана емес, қала кәсіпорындары,
шаруа қожалықтары, ТЖ техникалары тартылды.
Жұмыс үш ауысымда тәулік бойы жүргізілді. 253
мың текше метр қар шығарылып, 77 мың текше
метр еріген қар суы сорылды, 2,5 мың  тонна
топырақ,  1000 тонна құмды-гравийлі қоспалар
тасымалданды. Күн сайын 500 адамға дейін апат
орнында жұмыс істеді. Су тасқынына қарсы
жұмыстар кезінде 78 самосвал, 6 бірлік жер
қазатын техника, 15 су соратын сорғы, 20 вакуумды
автомобиль, 25 жүк тиегіш машина және 6
автогрейдер жұмыс істеді. Әкімдіктер, ІІД, ТЖ
желілерінде тәулік бойы кезекшілік орнатылып,
БАҚ тұрғындармен түсіндіру шараларын жүргізді.
Қызылағашта
ызылағашта болған су тасқыны
болған су
тасқыны
Ақсу ауданындағы «Қызылағаш» су бөгенінің
ашылып кету салдарынан орын алған төтенше
жағдайдың зардаптарын жою үшін әртүрлі
көздерден 7,492 млрд. теңге келіп түскен. ҚР
мемлекеттік материалдық қоры мен
қайырымдылық ұйымдардан 245,3 млн. теңге
көлемінде азық-түлік пен мүліктік заттар
жеткізілген.
33 адамнан тұратын құтқарушылар тобы, су-
құтқару қызметі, Талдықорған өңірі бойынша
ауылды қорғау жедел тобы, Қорғаныс
министрлігінің әскери бөлімдері, ҚР ТЖМ мен ІІМ
және басқа да топтар жұмыс істеді. 2820 адам
қауіпсіз жерлерге көшіріліп, 385 адам құтқарылған.
Қысқа уақыт ішінде электр жарығы мен телефон
байланысы, ауыз судың жеткізілуі қалпына
келтірілді.
Тентексай
Тентексай шахтасындағы
шахтасындағы
төтенше жағдай төтенше
жағдай
Қарағанды облысындағы Күзембаев
атындағы шахтадағы көмір мен метанның
кенеттен атылуынан көзге көрінбейтін
табиғи фактор себеп болған. Осы шахтада
23 мамыр күні болған төтенше жағдайды
зерттеген арнайы комиссия осындай
қорытындыға келіп отыр. Комиссия
мүшелерінің айтуынша, шахтада барлық
техникалық қауіпсіздіктер сақталып, көмір
мен метанның атылуының алдын алатын
шаралар жүзеге асқан. Дәл төтенше
жағдай болатын күні қазба бөлімінде 4 адам
жұмыс істеген. Кейін анықталғандай, оның
екеуі қаза болып, тағы екі шахтер өз
беттерінше тысқа шыққаннан кейін жедел
ауруханаға жатқызылған.
ТЖМ-нан анықтағандай, төтенше жағдай
кезінде шахтада барлығы 169 адам болған
және олар дереу қауіпсіз жерге көшірілді.
Қазіргі уақытта шахтаның жұмысы тоқтап
тұр.
Төтенше жағдайды жоюға Қарағанды
облысы бойынша ТЖД-ның 7 адамы мен 3
техникасы, сондай-ақ «ВАСС «Көмір» РМКК-
ның 30 адамы және 6 техникасы
жұмылдырылды.
Алматы қаласындағы
жер сілкінісі
Мамыр айының алғашқы күні таңғы сағат
сегіз жарымда Алматы қаласының маңында
күші 5,5 баллға тең жер сілкінісі тіркелді. Жер
сілкінісінің эпицентрі қаладан 76 шақырым
қашықтықта, 20 шақырым тереңдікте тіркелсе
де, сілкініс дірілі Алматы қаласының
тұрғындарына айтарлықтай сезілді. ТЖМ
деректері бойынша, 1-2 мамыр күндері Алматы
қаласы мен облысы аумағында сегіз рет жер
сілкінісі тіркелген.
Қазіргі уақытта құрамына ҚАЗНИИСА мамандары,
сейсмология институтының, және басқа да
республикалық және облыстық ведомство мамандары
кірген республикалық комиссия қызметкерлерімен әр
түрлі дәрежедегі зақым алған тұрығнүй мен басқа
нысандарды есепке алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Ең көп зақымданған ғимараттар - өткен ғасырдың 50-ші
жылдары салынған сегіз пәтерлік 3 үй, №1 орта мектеп
пен қарттар үйі. Халық арасында шығын не жарақат
алған адамдар тіркелген жоқ. Комиссияның ресми
қортындысына сай қаланың зардап шеккен
тұрғындарына көмек көрсетілетін болады. Барлығы,
көмек сұрап 250 адам келіпті.
Адам нанғысыз
жағдайлардан қалай
аман қалудың жолдары
ӨРТ КЕЗІНДЕ БИІК ҚОНАҚ ҮЙДЕН ҚАЛАЙ АМАН
ҚАЛУҒА БОЛАДЫ

Сулы матамен мұрныңызды және ауыз
қуысын жауып, басыңызға сулы сүлгі
жамылып шығыңыз.
Егер есіктің тұтқасы салқын болса, есікті
ашыңыз. Егер коридор түтін болса
мүмкіндігінше еңкейіңіз (еденнен 60 см)
және шығу есігіне беттеңіз. Егер есіктің
тұтқасы ыстық болса, есікті ашпаңыз.
Бөлмеге түтін кірмес үшін, есіктің астын
сулы сүлгімен бекітіңіз.
Негізінде өрт сатысы тек жетінші қабатқа
дейін жетеді. Мүмкін қабырға арқылы
келесі бөлмеге кірі алатын шығарсыз
(Шкаф орналасқан жерде жұқарақ).
Балконнан балконға жете алмау
мүмкіндігінізді де қарастырыңыз. Екінші
қабаттан жоғары тұрсаңыз, секірмеңіз. Бір-
біріне жалғанған төсенгіштірді
қолданыңыз, бұл жағдайдың өзінде де бір
қабаттан артық түспеңіз.
ҚҰЛАП БАРА ЖАТҚАН ЛИФТТЕН ҚАЛАЙ АМАН ҚАЛУҒА БОЛАДЫ

Соққы күшін анықтау үшін,
етбетіңізден жерге
жатыңыз(шетінен гөрі ортасына
қарай). Жоғарыдан еш нәрсе
түсіп кетпес үшін, басыңызды
жабыңыз. Лифтінің шахта түбіне
түсіп кету мүмкіндігін де
ойлаңыз. Осылай да тірі қалу ға
болады. Құлап бара жатқан
лифтіде өлім жағдайы сирек
кездеседі. Кейбі сарапшылар тік
тұрып, соққы алдында секіру
қажет дейді, бірақ уақытты
дұрыс пайдалану мұмкіндіге аз.
КӨК ТАЙҒАҚ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК
Көкмұз - бұл қалың мұздың беті, көкмұз жерде,
тротуарларда болады. Көкмұз - ауа температурасы
0С-ден - 3 С пайда болады, мұздың қалыңдығы
бірнеше см. жетеді.
Мұздақ - жер үстінде пайда болатын мұздың жұқа
қабаты, күн суығаннан кейін, не жаңбырдан кейін
пайда болады.
Мұздақ үстінде жүргенде табанды нық басып,
асықпай, тізені бос қолды ұстап жүру керек.
Асығу - көкмұз үстінде құлауға әкеліп соқтырады.
Қарттарға бірнеше кеңес:
Үйден шығарда қолыңызға сүйеніп жүретін
арнайы ағаш алып шығыңыз.
Сөмкеңізді арқаңызға асыныңыз. 60 жастан асқан
адамдардың көбісі жарақатқа құлағанда
ұшырайды.
«Қалай дұрыс құлау» керек:
Егер сіз тайсаңыз, отыра қалыңыз. Құлап бара
жатып, өзіңді жинап, жерге тигенде домалау қажет.
Су тасқыны, сел
Елді мекендерде су тасқыны боларда алдын-ала
қауіпсіздік дайындығын жүргізі керек. Жергілікті
елдің топографиясын, климаттық ерекшеліктерін
және тарихын біле отырып, су тасқынының қалай
болатынын дәлдікпен білу қиындық туғызбайды.
Кішкентай су тасқыны шамамен 10-20 жылда бір рет,
үлкен су тасқыны 20-25 жылда бір рет, одан да үлкен
бүкіл өзендерді қамтитын 50-100 жылда бір рет және
100-200 жылда бір рет, бүкіл аумақты қамтитын үлкен
апаттар болуы мүмкін.
Су тасқыны кезінде:
үйдегі газды, суды, жарықты сөндіру;
пештегі жанып жатқан отты өшіру;
үйдегі бағалы заттарды үйдің төбесіне немесе жоғары
қабатқа шығару;
бірінші қабаттағы есік пен терезелерді тақтаймен
немесе фанермен қағып тастау;
мал тұратын сарайдағы есіктердің ілгішін ашып
тастау.
Кездейсоқ су тасқынында өзіңізбен бірге жылы киім,
мүмкіндігінше су өткізбейтін киім, жамылғы, тамақ
және т.б. керекті нәрселерді алып, рельефтің ең биік
жеріне көтеріліңіз, ол жерді ешқашан су баспайды.
Егер ол болмаса, қайық және т.б. дайындау қажет.
Су кеткеннен кейін электр сымдарынан, зақымданған
газ магистралдан сақ болу қажет. Үйге кірер алдында,
су тасқынынан зақымданбағандығын байқау қажет.
Судан табылған заттардан тамақ әзірлеуге болмайды.
ҚҰЗДА ТОҚТАП ҚАЛҒАН КӨЛІКТЕ ҚАЛАЙ АМАН
ҚАЛУҒА БОЛАДЫ

Жылдам қозғалыстар жасамаңыз.
Егер машинаның алдыңғы
бампері қауіпті жерде тоқтап
қалса, онда аман қалуға уақыт
өте аз, ақырын артқы орындыққа
барып отырыңыз. Терезені
сындыру жағдайында қолыңызға
ауыр нәрсе алып алыңыз. Егер
машина құламайды деп
ойласаңыз, тез арада артқы есікті
ашып шығыңыз егер есік
ашылмай қалса, артқы терезені
сындырыңыз. Тез қимылдаңыз,
әрі абай болыңыз.
Жылы ( күннің) соққысы.
Жылы күннің соққысы көп таралған апатты
жерлерде өте қауіпті. Жылудан
жарақаттанушының белгілері минутына 100
және одан да көп жүрек соққыларының
жиілеуі, тері қабатының қызару, әсіресе бет,
бас соққысының ұстауы, лоқсу, жүрек айнуы
мүмкін. Құлақ шуы, бас айналу,
ұйқышылдық пайда болады. Дене
температурасы 40-41 көтерілуі мүмкін. Өте
қауіпті жағдайда жарақаттанушы есінен
танады.
Керек:
Жылу және күннің соқысынан күдіктенген
жағдайда жарақаттанушыны көлеңкеге
апарып киімін шешу, су шашып, шашықпен
немесе киіммен желпуді неғұрлым жиілету
керек. (көлеңке жоқ жағдайда қалың киіммен
басын көлеңкелеп, өз көлеңкесімен кеудесін
міндетті түрде жабу керек).
Жарақаттанушыны, жеткілікті мөлшерде
сусындату керек. Кеуде, басқа суық сумен
компресс жасауды да ұмыттпауға тиіс.
ЖЕР СІЛКІНІСІ КЕЗІНДЕГІ
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Түрлі күштегі сейсмикалық
көріністер Қазақстан Республикасы
аумағында жиі кездеседі. Әрбір жер
сілкінісіне мән бермеген жөн.
Үстірттің әлсіз тербелістері (5 баллға
дейін) Қазақстанның оңтүстік,
оңтүстік-шығыс және басқа
аудандарында жылына бірнеше рет
болып, зақым келтірмейді. Бірақ, егер
тербеліс күші бірден немесе бірте-бірте
5-6 баллға дейін жететін жер сілкінісі
басталса, — бұл қауіпті нышан. Бұдан
кейін оқиғалардың үштен бірінде
тербелістер 7 және одан да жоғары
баллға дейін жетіп, күштірек болады.
Жер сілкінісі ойда жоқта келгенін ескерсек, төтенше жағдай кезіндегі өз әрекеттерін алдын-
ала жоспарлап қою өте маңызды. Белгілі бір жағдайда қандай әрекет жасау керек екенін
білгенде, өз өмірін сақтап қалу мүмкін. Негізінде, өлім және жер сілкінісі кезіндегі алған
жарақаттардың себебі жер асты дүмпуі емес. Өлімдердің көбі ғимараттардың қирауы,
сынықтар мен пеш мұржаның және көшедегі жарықтандыру бағананың сынықтары және
т.б. сияқты заттардың құлауы нәтижесінде пайда болады.
Жер сілкінісі кезінде не істеу керек?

ҮРЕЙЛЕНБЕҢІЗ!
Ең маңыздысы — сабырлы болып, үрейсіз әрекет
ету. Бірақ жылдам қозғалуыңыз қажет. Ретсіз іс
қимыл жасамағаныңыз жөн, өйткені осыдан үрей
туындайды. Балалар мен егде адамдардың қамын
ойлаңыз (олардың кейбіреулері жылжуда
қиыншылықтарға тап болуы мүмкін).
ТҰРҒЫН ЖАЙДА:
• газ, су, және жарықты
сөндіріңіз;

• алдын ала таңдалған
орында (іргелі ішкі
қабырғалардың арасы,
іргелі ішкі
қабырғалардың
бұрыштары, колонна
жанындағы және каркас
астындағы орындары)
тығылыңыз;

• терезеге
жақындамаңыз;

• есік жақта үрейді
туғызбай, лифтіні
пайдаланбаңыз.
КӨШЕДЕ:
• ғимараттардан алысырақ
ашық жерге барыңыз,
үзілген сымдардан абай
болыңыз;
• ғимараттарға кірмеңіз.
КӨЛІКТЕ:
КӨЛІКТЕ:

• мүмкіндігінше тез арада ашы қ
жерде тоқтаңыз;
• дүмпулер аяқталғанша көліктен
шықпай, орныңыздан
қозғалмаңыз;
• автобус жүргізушісі есікті ашып
қоюы тиіс.
ЖЕР СІЛКІНІСІНЕН КЕЙІН:

• сабырлылықты сақтаңыз, зардап шеккендерге
көмектесіңіз;
• радиоқабылдағышты қосыңыз, жергілікті билікті ң,
азаматтық қорғаныс штабының нұсқауларын
қадағалаңыз;
• аса қажеттіліксіз телефонды ұстамаңыз;
• зақымдалған ғимараттарға аса қажеттіліксіз кірме ңіз;
• жарақаттанбау үшін мықты аяқ киім киіңіздер,
құтқарушы және басқа шұғыл жұмыстарға
қатысыңыздар.
Жер сілкінісі кезінде қауіп-қатерді
болдырмау үшін арналған жалпы
ұсынымдар

• жиһаздың ауыр заттары құлайтын
жерде ұйықтауға болмайды. Салмақты
ауыр заттарды еденге немесе қабырғаға
шегелеп қою қажет.

• биік сөрелерге ауыр заттарды
қоймаңыз, өйткені олар құлап
адамдарды жарақаттауы мүмкін.

• егер де жер сілкінісі түнде болса шамды
даярлап қою керек.

• төтенше жағдайлар туындағанда
жеткілікті көлемде ішетін су мен тағам
болу керек.

• Әрбір адам әр түрлі жағдайларда
әрекет ету жоспарын өзі жасау керек.
Жер сілкінісі кезінде өзі және отбасы
мүшелерінің әрекет ету жоспарын
анық білу қажет. Және де жер сілкінісі
кезінде сабырлылықты сақтаңыздар,
лайықты іс жасап, ҮРЕЙГЕ ЖОЛ
БЕРМЕҢІЗ!
Назарларыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Тентексай шахтасындағы төтенше жағдай төтенше жағдай
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ АЙМАҒЫ
Құтқару іздестіру жұмыстарын жүргізу
Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері
Адам нанғысыз жағдайлардан қалай аман қалудың жолдары
Азаматтық қорғаудың басқару органдары
Қауіп - қатер
Қарапайым жайлар
Төтенше жағдайлардың түрлері мен сипаттамалары
Қарапайым қарулар
Пәндер