Коммерциялық банктердің активті операциялары




Презентация қосу
Тақырыбы :
Коммерциялық банктердің
активті операциялары

Орындаған: Әміржан Ілияс
Тексерген : Баймағанбетова З.А
Курстық жұмыстың мақсаты:
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық
банктердің активті операциялардың тәжірибесін
талдау.

Курстық жұмыстың міндеттері:
*Коммерциялық банктердің активті операцияларының
теориялық аспектілерімен танысу;
*«Сбербанк» АҚ-ның активті операцияларын талдау;
*Банктік активті операцияларды ұйымдастыру және
басқаруды талдау;
Коммерциялық банктер – нарықтық экономикада несие жүйесiнiң
негiзгi буыны. Олардың мiндетi ақша айналымы мен капитал айналы-
мының үздiксiз қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсiп мекемелерiн,
мемлекет пен халықты несиелеу, халық шаруашылығына қор жинау
үшiн жағдай жасау болып табылады.
Банк активтер – пайда табу мақсатында банктік ресурстарды, әр
түрлі активтер бойынша орналастырылмаған қаражаттары.
Банктік активтердің құрылымы баланстың актив жағында к өрсетілетін
сапасына қарай бөлінген баптардың баланс нәтижесіне қатынасын
сипаттайды. Активтердің сапасы, олардың өтімділігіне, т әуекел
активтердің көлеміне, толық бағалы емес активтердің үлес салма ғына,
активтердің көлеміне, табыс әкелуіне қарай анықталады

Коммерциялық банктің активтерін төмендегідей төрт топқа
бөлуге болады:

1.Касса және оған теңесетін ақшалай қаражаттар;
2.Берілген несиелер;
3.Бағалық қағаздарға жұмсалынған инвестициялар;
4.Банктің ғимараты мен жабдықтары.
Кейбір шетелдік әдебиеттерде банк активтерін, оларды ң өтімділігі
мен пайдалылығына қарай төрт топқа б өледі:

*1-топ. Алғашқы резервтер – бұл алынатын салымдарды төлеуге және
несиеге деген өтінішті қанағаттандыру үшін тез арада пайдаланылатын ең
өтімді активтер
*2-топ. Екінші реттегі резервтер – бұл банкке шамалы ғана табыс әкелгенімен
де жоғары өтімді активтер қатарына жатады. Себебі, олардың ең төменгі
тәуекелмен, кішкене ғана кешіктіріп, қолма-қол ақшаға айналдыруға
болады.
* 3-топ. Банктің активтердің маңызды бөлігі – банктік несиелік портфелі.
Банктің несиелері біршама табысты және ең тәуекелді болып келеді. Бұл
топ банктің пайдасына басты көзін құрайды.
*4-топ. Инвестициялық портфель жатады. Инвестициялық портфельді
қалыптастыру екі мақсатты көздейді. Банкке табыс әкелу және ұзақ
мерзімді бағалы қағаздардың өтелу мерзімінің жақын қалуына
байланысты, сондай – ақ оларды қысқа мерзімге айналдыруда екінші реттегі
активтерге қосымша ретінде болу.
Активтi операциялардың жіктелуі бойынша, активтi құрамы
сияқты әр түрлi пiкiрлер :
Э. Рид, Р. Коттер, Э. Гил и Р. Смит пікірлері бойынша
коммерциялық банктердің активтерін 4 негізгі категорияларға
бөледі:
*кассалық қолма-қолдылық және оған тең қаражаттар;
*бағалы қағаздарға инвестициялар;
*ссудалар;
*құрылыстар мен ғимараттар.
Челноков В.А. жазғаны бойынша, банктік істің халықаралық
тәжірибесіне сәйкес коммерциялық банктердің активтері
келесідей бөлінеді:
*негізгі (капиталды);
*айналымды (ағымдағы).
Банктердің негізгі активтері : жер учаскелері, ғимараттар, құрылыстар, авток өлік
тұрақтары, технологиялық жабдықтар және т.б. материалды объектілерден
құралады.
Айналымды активтер қолма-қол ақша қаражаттары, әр түрлі банк шоттарында ғы
қаражаттар, қарыз алушылардың ақшалай міндеттемелері, ба ғалы қа ғаздар, шетел
валютасы және басқа құндылықтардан құралады.
Ағымдағы активтер айналым (немесе өтімділік) жылдамды ғына байланысты т өрт
топқа бөлінеді.
*ұлттық және шетел валютадағы ақша қаражаттар. Бұл топтағы ақша қаражаттар
абсолютті өтімді активтерге жатады және банк ж ұмысында с әйкестендірілген
қызметтерді атқаратын жалпы тауар эквиваленті ретінде қолданылады
*бағалы қағаздар (облигациялар, акциялар). Бұл топ ба ғалы қағаздар немесе банк
инвестицияларынан құралады.
*қарыз алушылардың қысқа мерзімді ақшалай міндеттемелер. Б ұл активтер тобына
вексельдер және клиенттердің қысқа мерзімді ссудалары кіреді. М ұндай ссудалар
шаруашылықтың әр түрлі саладағы кәсіпорындарға ұсынылған бизнес-
несиелерден құралады;
*қарыз алушылардың орта мерзімді және ұзақ мерзімді а қшалай міндеттемелері.
Осы активтер тобына орта мерзімді және ұза қ мерзімді ссудалар жатады.
Қазақстан Респупликасының активтік банктік
операциялары келесідей түрлерге бөлінеді:
*Несиелік операциялар;
*Инвестициялық операция, яғни бағалы қағаздар
бойынша;
*Қаржылық опеарациялар (лизинг, факторинг,
форфейтинг);
*Кассалық операциялар
*Делдалдық-комиссиондық операциялар.
Шетелдік тәжірибеде де активті операцияларды ң маңызды ба ғыты болып,
несиелеу саналады, ол несиелік портфель банктің барлы қ активтеріні ң
жартысына дейінгі мөлшерін алып отыр. Несиелеу процесі барысында
қарыз алушылардың өз міндеттемелерін орындамауы салдарынан пайда
болатын банктердің қаржылық шығындар шегу қаупі туады. Сонды қтан
қандай да болмасын несиелік саясатты ж үргізу кезінде де несиелер
бойынша шығындар бола береді. Банкте несиелік портфеліндегі
проблемалық несиелер үлесінің өсіп кетуі оның беделін түсіруі м үмкін, ал
бұл өз кезегінде банктің несиелік ресурстар нары ғында алатын орнын әсер
етуі мүмкін. АҚШ, Германия және Англиядағы банктері өз активтерінің
сапасын несиелік портфельді «секьюритизациялау» әдісі негізінде
қарастырады.
Шетел тәжірибесінде өтімділікті басқаруды ң бірнеше әдісі қалыптас қан.
Бұл әдістердің біреуіне секьюритизациялау әдісі, яғни банк активтерін
бағалы қағаздарға айналдыру жатады. Активтерді секьюритизациялау
кезінде несиелік ресурстарды несиелік шартқа отыру негізінде ғана
орналастыру емес сонымен қатар қысқа мерзімді несиелеу кезінде
вексельдерді, ал ұзақ несиелеу кезінде облигацияларды қолдану ар қылы да
орналастыруға болады.
«Сбербанк» АҚ-ның қызметіне жалпы сипаттама
«Сбербанк России» Акционерлік қоғамының Еншілес Банкіні ң тарихы 2006
жылдың аяғынан, яғни «Сбербанк России» Орталық ж әне Шы ғыс
Еуропаның алып қаржы институты ТексакаБанктің (National Business
журналы клиенттерге қызмет көрсету деңгейі жо ғары банк деп таны ған)
99,99% акцияларын сатып алған с әттен басталады.
2007 жылы Банк ұлттық және шетел валютасында ж үргізілетін банк ж әне
өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алды. Д әл осы жылы Банкті ң
жарғылық капиталы 15 есе ұлғайып, 29 млрд. те ңгені (240 млн. доллардан
астам) құрды. Бұл «Сбербанк» АҚ ЕБ-не жарғылы қ капиталыны ң к өлемі
бойынша Қазақстан Республикасындағы ірі банктерді ң онды ғына кіруіне
мүмкіндік берді.
Қаңтар айында Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында
Сбербанктің Қазақстан аумағындағы он екінші филиалы ашылды.
2014 жыл республикадағы алып шаһарларды ң бірі - Шымкент қаласында
банктің жаңа филиалының Орталық офисінің ашылуымен ерекшеленді.
«Сбербанк» АҚ ЕБ өнімдерінің желісінде банктің барлы қ филиалдарында
2014 жылдың наурызынан бастап, жа ңа банк өнімі -«Иесіз металл шот»
(ОМС)пайда болды.
«Сбербанк» АҚ – ның активтерінің сапасын ба ғалау

Банк активтерінің сапасы мына критерийлер негізінде
анықталады:
*активтердің өтімділігі;
*активтердің тәуекелділігі;
*активтердің табыстылығы;
*активтердің диверсификациялануы;
Активтердің өтімділігі – бұл активтердің өткізілуі немесе борышкердің өз
міндеттемелерін өтеуі арқылы олардың ақшалай қаражаттарға айналу қабілеттілігі.
Банк активтері өтімділік дәрежесіне байланысты бірнеше топтар ға б өлінеді.
Бірінші топқа өтімділігі өте жоғары активтер жатады. Олар ға:
* банктің кассадағы қолма-қол ақшалары;
* Орталық Банктегі корреспондеттік шоттағы қаражаттары;
* Мемлекеттік бағалы қағаздар жатады;
* Бұл топтың активтерінің көлемін белгілі бір деңгейде ұстап отыру
* Банктің өтімділігін қамтамасыз етіп отырудың негізгі шарты болып табылады.
Екінші топқа өтімді активтер жатады. Оларға;
* заңды және жеке тұлғаларға берілген қысқа мерзімді қарыздар;
* банкаралық несиелер;
* факторингтік операциялар жатады;
* Бұлардың қолма-қол ақшаға айналу уақыты көбірек болады.
* Үшінші топқа: банктің ұзақ мерзімді жұмсалымдары және инвестициялары, соны ң
ішінде, ұзақ мерзімді қарыздар, лизингтік операциялар, инвестициялы қ ба ғалы
қағаздар жатады. Бұлар өтімділігі төмен активтер деп саналады.
Төртінші топқа: өтімсіз активтер жатады, оларға қайтару мерзімі ұзартылған қарыздар,
бағалы қағаздардың кейбір түрлері, ғиммараттар және құрылғылар жатады.
Тәуекелділік активтердің сапасының критерий ретінде оларды ң
ақшалай формаға айналған кезде зиян шегу мүмкіндігін білдіреді.
Активтер табыстылық дәрежесіне байланысты екі топ қа б өлінеді:
табыс әкелетін және табыс әкелмейтін. Табыс әкелетін активтерді ң
үлесі жоғары болған сайын банктің капиталдық базасын ны ғайту
мүмкіндігі де жоғары болады.
Банк активтерінің сапалығы олардың диверсификациялану
дәрежесімен де анықталынады. Диверсификациялану д әрежесі банк
ресурстарының әртүрлі сфераларға орналастыру д әрежесін к өрсетеді.
Активтердің диверсификациялану көрсеткіштері мыналар болып
табылады: банктік ресурстардың жұмсалуының негізгі ба ғыттары
бойынша банк активтерінің құрылымы; бағалы қағаздар портфеліні ң
құрылымы; банктің валюталық операциялар жүргізетін
валюталарының құрылымы; банк корреспонденттік қатынас орнат қан
банктердің құрылымдық құрамы. Активтердің диверсификациялануы
дәрежесі жоғары болған сайын оның сапалық көрсеткіші де жо ғары
болады.
Қорытынды
Қорытындылай келе активтік операциялар б ұл банктерді ң
табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету
мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналастыруды
жүзеге асыратын операцияларды білдіреді. Б ұл ма қсатты ң
бірегейлігі банкті коммерциялы қ кәсіпорын ретінде
тартылған қаражаттарды пайдалануда ғы ерекшелігін
сипаттайды.
«Сбербанк» АҚ-ның активті операцияларына талдау
жасалынды. «Сбербанк» АҚ активтивері жылдан жыл ға өсіп
отыр. Сонымен қатар, активтердің ішінде е ң к өп үлесті
клиенттерге берілген несиелер 80% алып жатыр. Активтерді ң
сапасы өтімді деген қорытынды жасау ға болады

Ұқсас жұмыстар
НЕСИЕ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ
Несиелік операциялар
Коммерциялық банктердің операциялары
Банктердің жүргізетін операциялары
АКТИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАР
Банктің пассивтік операциялары
Валюталық операциялардың есебі
Коммериялық банктердің негізгі қаржылық операциялары
Коммерциялық банктердің бағалы қағаздарының операциялары
Орталық банк
Пәндер