ҚР ҰБ-ның ақша-несие саясаты



Курстық жұмыс
Тақырыбы: ҚР ҰБ-ның ақша-несие
саясаты

Кіріспе
Ақша - несие саясаты ақша, несие және банктердің атқаратын қызметтеріне байланысты туындайтын ақша қатынастардың ерекше жүйесін зерттейді.
Ақша - несие саясаты Қазақстан Республикасында ҚР Ұлттық Банкімен елдің банктік пайыздық ставкаларын, валюта курсын, төлем қабілеттілігін анықтау жолымен іске асады. Сонымен қатар ақша массасы көлемінің кеңеюіне немесе оның қысқаруына бағытталуы мүмкін.
Еліміздегі ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган ретінде Қазақстан Ұлттық банкісінің алдына Елбасымыз өз жолдауында келесі міндеттерді қояды:
инфляция қарқынының бәсеңдету және инфляцияның өсуінің теріс салдарларын азайту үшін нақты айырбас бағамының тиісті икемділігін қолдауға және сонымен бірге экономикалық өсуді ынталандыру;
ең төменгі резервтік талаптарды есептеу әдістемесін жетілдіру.
Өз мәніндегі ақша-несие саясатын жүргізу ғана Ұлттық банкке және оның жүргізіп отырған ақша-несие саясатына деген нарық қатысушыларының және жалпы халықтың сенімін қамтамасыз ететін болады.

Ақша несие саясатының стратегиялық мақсаттары
Ақша-несие саясатының мақсаты - елдегі қаржы нарығының тұрақтылығын сақтауға, сақтандыру нарығының, бағалы қағаздар нарығының әрі қарай дамуына және банк жүйесінің нығая түсуіне, экономикалық нақты секторды банктердің несиелеуінің әрі қарай өсіру үшін жағдай жасауға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының жетілдірілуіне мүмкіндік туғызады және ұлттық валюта тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.
Ақша несие саясатының мақсаттары келесідей жіктеледі

Ақша несие саясатының түрлері

Ақша несие саясатының құралдары
Ақша несие саясатының құралдарын төмендегідей топтастыруға болады:

Қазақстан Республикасының ақша жүйесі мен ақша массасы
Ақша жүйесі - бұл тарихи түрде қалыптасқан және ұлттық заңдылықтармен бекітілген ақша айналысын ұйымдастыру формасы.
Ақша жүйесінің өзіне тән типтері және элементтері болады. Ақша жүйесі келесі лементтерден тұрады:

Ақша массасы
Ақша массасы - жеке тұлғаларға, кәсіпорындармен мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы.
Өнеркәсіп жағынан дамыған елдердің қаржылық статистикасында ақша массасын анықтау барысында мынадай ақша агрегаттарын қолданылады:

ҚР ның ақша несие саясаты мен режімдері
Ақша-кредит саясатының негізгі мақсаты бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы мақсатқа жету жөніндегі шаралары экономикалық өсуді қолдауға, депозиттік нарықтың әлуетін дамытуға, сондай-ақ банк секторының кредиттік белсенділігін қалпына келтіруге ықпал етеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қазақстан экономикасының ішкі және сыртқы бәсекеге қабілеттілігі арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған айырбастау бағамы саясатын жүргізуді жалғастырады. Бағамдық саясат үнемі өзгеріп отандық өндірістің бәсекеге қабілеттілігіне теріс әсер етуі мүмкін ұлттық валютаның нақты бағамының біршама ауытқуларына жол бермеу мақсатында жүргізіледі.
Айырбастау бағамын таргеттеу, ақша агрегаттарын таргеттеу, «номиналды зәкірді» белгілемей ақша-кредит саясаты және инфляцияны таргеттеу ақша-кредит саясатының негізгі режімдері болып табылады.

Айырбастау бағамын таргеттеу режімі инфляция деңгейі төмен елдің валютасына қатысты ұлттық валютаның айырбастау бағамын белгілеуді немесе шегінде ұлттық валютаның айырбастау бағамы еркін қозғалатын көлденең және көлбеу дәлізді белгілеуді немесе сауда әріптес елдердің валюта қоржынына қатысты нақты айырбастау бағамын таргеттеуді көздейді.
Ақша агрегаттарын таргеттеу режімі ақша агрегаттарын аралық мақсат ретінде пайдалану арқылы бағаның тұрақтылығына қол жеткізуге бағытталған. Бұл режім кезінде ақша-кредит саясатының негізгі күш-жігері ақша агрегатының өсу қарқынын нысаналы деңгейде ұстап тұруға бағытталған.
Нақты номиналды зәкірсіз ақша-кредит саясатының режімі орталық банктердің номиналды көрсеткіштердің нақты мәндеріне қол жеткізу бойынша кез келген міндеттемелерді қабылдаудан бас тартуын көздейді. Сонымен қатар, орталық банктер ұзақмерзімді мақсаттарын (экономиканың тұрақты өсуі, жұмыспен жоғары деңгейде қамтылу, төмен инфляция) ғана жариялай отырып, ресми түрде жарияланбайтын аралық бағдарды белгілейді.
Инфляциялық таргеттеу ортамерзімді болашаққа инфляция бойынша сандық мақсаттың көпшілікке жария етілуін және орталық банктің ағымдағы инфляцияны ақша-кредит саясаты құралдарының көмегімен оның нысаналы көрсеткішіне сәйкес келтіруге бағытталған іс-қимылын көздейді.
Инфляциялық таргеттеуді енгізу кезеңінде Ұлттық Банк операциялық мақсатты айқындай үшін пайыздық арнаны тестілейтін болады. Коммуникациялық стратегия экономикалық агенттердің инфляциялық болжамдарын қалыптастыруға және басқаруға бағытталатын болады.
Осылайша, 2020 жылға дейінгі ақша-кредит саясаты инфляциялық таргеттеу режіміне көшуге арналған шаралар кешенін іске асыруға бағытталатын болады. Ақша-кредит саясатының бұл режімі экономиканың орнықты дамуына ықпал етіп, елдің әлемнің неғұрлым дамыған отыз елінің қатарына кіруі бойынша стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуіне жәрдемдесетін болады.

Қорытынды
Қорыта келгенде, қазіргі таңда Қазақстанда жүргізіліп отырған ақша-несие саясаты жайлы мынадай түйіндер шығаруға болады:
- ақша-несие саясаты - бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы;
- ақша-несие саясатының басты мақсаты - ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz