Тәуке ханның “Жеті жарғысы”


Slide 1

Тәуке ханның “Жеті жарғысы”

Slide 2

Мазмұны Бірінші жарлығы: «Халықтың ханы, сұлтаны, пірі-әзіреті қастан өлтірілсе, олардың әрқайсысы үшін жеті кісінің құны мөлшерінде құн төленсін». Екінші жарлығы: «Төрелер мен қожалардың жай қатардағы біреуі өлтірілсе, олардың әрқайсысына («ақсүйектің, пірдің тұқымы деп) екі кісінің құны төленуі тиіс».

Үшінші жарлығы: «Сырттан келген адам үйге кірерде мініп келген атын босағаға байлағандықтан біреуді теуіп өлтірсе «бүтін құн», үйдің жапсарына байлаған ат теуіп өлтірсе «жарты құн», ал үйдің артына байлаған ат теуіп өлтірсе тек «ат-тон» айып тартады».

Slide 3

Төртінші жарлығы: «Ата-анасын туған баласы ренжітіп, қарсы келіп қол жұмсаса, онда ол баланы ата-анасы өлтіремін десе де ерікті, сұраусыз болады».

Бесінші жарлығы: «Кәмелетке жеткен баласы туған ата-анасына тіл тигізіп сөккені үшін (қол тигізбесе) - қара сиырға немесе қара есекке теріс мінгізіп, мойнына құрым іліп, бүкіл ауылды айналдыру керек».

Алтыншы жарлығы: «Құда түсіп, құйрық-бауыр жескеннен соң - ақ баталы жесір басқаға кетсе, оған берілген қалың мал жесір иесіне түгел қайтарылып, оның үстіне қалыңсыз қыз немесе бір қыздың қалың малы төленсін».

Жетінші жарлығы: «Ұрыдан айыр түйеге - нар, атқа - аруана, тайлаққа - атан, тайға - ат, қойға - тана төлетеді. Оның үстіне үш тоғыз айып төлейді».

Slide 4

Әр елдің өзіне тән заң ережелері қашаннан бepi бар және олар заман ағымына, халықтың

өсіп - өркендеп, қатынасының дамуына байланысты өзгеріп отырады. Осындай заң -

ережелер қазақ халқында да сақталған. Ертеректе бұл заңдар әдет болып келген. Монғол

халқында ол Шыңғыс ханның «Жасасымен» белгілі.

Қазақта Әз Тәуке ханға дейін «Қасым

ханның бес жарғысы» немесе «Қасым ханның қасқа жолы»,

«Eciм ханның ecкi жолы»

деген атпенен белгілі.

Slide 5

XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басында хандық билікті

жүргізіп келген, үш жүздің басын қосқан Тәуке хан (1680 -1718) осы жарғыларды

дамытып, үш жүздің билері Төле, Қазыбек, Әйтекелердің және елдің басқа да

адамдарының қатысуымен Оңтүстік Қазақстандағы Күлтөбе деген жерде кеңес өткізіп,

жаңа заң етіп қабылдаған. Бұл заң халық арасында «Жеті Жарғы» деп аталынып кетеді.

Slide 6

«Жеті жарғы» атына сай жер дауын, жесір дауын, мал дауын, жан дауын, құн дауын, мүлік

дауын және елдік мәселелер мен хандық билік мәселесін қарайтын заңдар жиынтығы

болып табылды. «Жеті Жарғының» қазірге бізге жеткен жазбаша нұсқасы жоқ, ол кезінде болды ма, жоқ

па, бұл жағы да белгісіз. Қолымызға түскені орыс ғалымы А. И. Левшинның «Қырғыз -

қазақ не қырғыз - қайсақ ордалары мен даласының сипаттамасы» атты кітабында берілген

оның 33 үзіндісі.

Енді осы жарғы дегеніміз не? Осы жайлы «Ақиқат» журналының 1993

жылғы 6 санында (41 - бет) мынадай жолдар бар: «Көне түркі тілінде «жарғы» деген

сөздің «жарлық» деген мағынада айтылып, қазақ тіліндегі «өмip, билік, заң» деген мағына

беретіні, ал бүгінде баршаға жақсы мәлім «Кодекс Куманикусте» «жарғы» cөзi «дау,

айтыс, тартыс, өмip», «әдет - ғұрып заңы» ұғымын білдіреді, олар - жер дауы, құн дауы,

барымта, айып - жаза, алым - салық және басқалар екенін еске алып бажайлар болсақ,

«жеті жарғы» деген сөз жеті салада, жеті бағыт - бағдарда, жеті бап - пункт бойынша

сараланған жарлық - әмір, байлам - тоқтам деген ұғым болса керек».

Slide 7

Ал бүгінде баршаға жақсы мәлім «Кодекс Куманикусте» «жарғы» cөзi «дау,

айтыс, тартыс, өмip», «әдет - ғұрып заңы» ұғымын білдіреді, олар - жер дауы, құн дауы,

барымта, айып - жаза, алым - салық және басқалар екенін еске алып бажайлар болсақ,

«жеті жарғы» деген сөз жеті салада, жеті бағыт - бағдарда, жеті бап - пункт бойынша

сараланған жарлық - әмір, байлам - тоқтам деген ұғым болса керек».

Сонымен, кешегі көшпелі қазақ халқының ел билеу заңы «Жеті жарғы» - «Қанға қан

алу», «Жанға жан алу» бабымен басталады. Яки өлген адамдардың туыстары оны

өлтірушіні өлтіруге құқылы еді. Ол уақытта қазіргідей сот үкімін орындайтын арнайы

орган болмағандықтан, билік марқұмның туыстарына берілген. Енді ол үкім қалай

орындалады? Осы жөнінде бipep сөз.

Slide 8

Қазіргі таңда қасақана өлтірген адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 88 -

бабының 1 - бөлімі бойынша 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан

айырылады, не өлім жазасына кесіледі, яғни ату жазасы. Ал ату жазасы жоқ ол кезде

қылмыскерді мойнына арқан байлап, түйенің мойнына шу арқылы асып немесе атпен

сүйреп өлтіреді екен.

Slide 9

Егер де жәбірленуші жақ келісім берсе, билер сотының шешімімен

қылмыскер әpбip өлтірген ер адам үшін 1000 қой, әpбip әйел үшін 500 қой құн төлеп,

өмірін сақтап қала алады екен. Ал егер де біреудің денесін майып қылса, не денесінің

белгілі бip жерін шауып алса, соған сәйкес құн төлейді.

Slide 10

Мысалы, бас бармақ - 100 қойға,

шынашақ - 20 қойға тең.

Slide 11

Адам құқықтары қазіргідей тең емес ол тұста құл өмipi құнсыз

болса, сұлтан (төре) мен қожалардың құны жоғары болған. Яғни, үстем тап өкілдерінің

қарапайым халықтан ол кезде елеулі артықшылығы болды. «Жеті Жарғы» бойынша

сұлтан (төре) мен қожаны өлтірген адам өлген адамның туыстарына жеті адамның құнын

төлейтін болған. Оларға тіл тигізсе 9, ал ұрып - соқса 27 мал айып төлейтін. Бұл әрине,

біздің өмірімізге жат қағида. «Жеті Жарғының» екінші бабы бойынша ұрлық, қарақшылық, зорлық - зомбылық,

зинақорлық жасағандар өлім жазасына кесілетін болған. Қaзipгi гумандық деп жүрген

заңымызда қолданылатын жаза бұдан әлдеқандай жеңіл.

Егер де әйелі epiн өлтірсе «Жеті Жарғы» бойынша өлім жазасына кесіледі. Бipaқ, epінің

ағайын - туыстары кешірім беpiп жатса, онда әйелі құн төлеумен ғана құтыла алады

делінген онда. Бұл қағиданың eкi қабат әйелдерге қатысы жоқ, олар epiн өлтірген үшін

жазадан босатылады. Бipaқ халық алдында қарғысқа ұшырап қарабет атанады. Ал, әйелін

өлтірген epi оның құны 500 қойды төлеп, құтыла алатын болған.

Slide 12

Ал, өзінің ата - ана өз баласын өлтірсе ше? Онда олар жазаланбайды, бipaқ баласын

қасақана өлтірген анасы өлім жазасына кесіледі. Бұл көбіне некесіз бала тауып, содан

жұртқа қарабет атанбауы үшін баласын өлтірген әйелдерге қатысты жағдай. Қазақстан

Республикасының Қылмыстық кодексінде мұндай қылмыстар 88 - баптың 2 - бөліміне

жатады. Онда бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуға жатады деп атап

көрсетілген. «Жеті Жарғы да» ата - анасын өлтірген баланың жазасы арнайы айтылмаған,

cipә, кici өлтіргендермен бірдей жазаланса керек. «Жеті Жарғыда» өзіне - өзі қол

салғандар яғни өзін - өзі өлтіргендер басқалардан бөлек жерленеді делінген. Біздің қазіргі

заңымыздың кiciнің өзін -өзі өлтіру халіне жеткізгендер 92 - бап бойынша жазаланады

Slide 13

Тәуке хан мен үш биің заңы бойынша егер де eкi қабат әйелді атты кici қағып кетсе, сөйтіп

әйел майып болып, өлі бала туса, онда кiнәлi адам 5 айлық бала үшін әр айына бip - бip

аттан 5 атқа дейін, 9 айға дейінгі шақалақтың әpбip айы үшін бip - бip түйеден 9 түйеге

дейін айып төлейтін еді. Жоғарыдағы заң бойынша 100 түйе 300 атқа, не 1000 қойға

теңелетін.

Slide 14

Ал, ердің әйелді зорлау қалай жазаланатындығына келейік. Әйелді зорлау «Жеті жарғы»

бойынша кici өлтірумен бірдей қылмыс деп есептелінген. Сондықтан, кінәлі адам өлім

жазасына кесілген, не оның ата - анасына, epiнe құнын төлеп барып жазадан құтылған. Ал

егер де ол зорланған қыздың ата - анасына қалыңмалын төлеп, қызға үйленсе жазадан

құтылып, құн төлеуден босатылған.

Біздің қазіргі қолданылып жүрген заңымызда әйелді, қыз баланы зорлау ауыр қылмыс

қатарына жатады. Ал, өлім жазасы ерекше қауіпті рецидивист әйелді зорласа, сол сияқты

өте жас қызды зорласа ғана қолданылатындығы Кодекстің 101 - бабы 4 - бөлімінде

көрсетілген. «Жеті Жарғы» заңы бойынша әйелі epінің көзіне шөп салса, яғни

зинақорлықпен (жезөкшелікпен) айналысса және күйеуі оны сол сәтте ұстап алса, өлтіруге

хұқылы, бipaқ қылмысты сол сәтінде жариялауы тиіс. Егер де әйелдің көзіне шөп салды

деп күмәнданған еркектің сөзін 4 сенімді адам теріске шығарса, әйел күнәсіз болып

табылады да жазадан босатылатын болған.

Slide 15

Біреудің әйелін келісімсіз алып қашса қалай болады? Бұл жөнінде де Тәуке хан заңында арнайы айтылған екен. Ол бойынша қылмыскер өлім жазасына кесіледі немесе құнын төлеумен жазадан құтылады. Ал, әйелді келісімімен алып қашса қалай болмақ? Онда, оның күйеуіне қалың төлеп, оған қалыңсыз қыз беpiп қана алып қашқан әйелді өзіне алып қала алады екен

Қaзipгi заңымызда тек әйелді еркіне қарамастан алып қашу бабы (бөлімі) ғана бар. 106 - баптың 2 - бөлімі бойынша әйелді еркіне қарамастан алып қашқан кінәлі үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуға жазаланады екен. Әрине, онда да үш жылға дейін бас бостандығынан айырылып жатқандар некен - саяқ. Ал, біреудің әйелін оның келісімімен алып қашатын болса, жазасы белгіленбеген. Мiнe, бұл арад аталарымыздың заңы әділеттілеу ме дегіміз келеді.

Slide 16

Тәуке хан заңында әйелді ренжіткен адам одан кешірім сұрауы тиіс болған, сұрамаған

жағдайда арсыздығы үшін оған тиісінше айып салып отырған. Сонымен бipге әдет - ғұрып

бұзушылықтың басқа да түрлеріне қолданылатын жазалар мөлшері ажыратылған. Атап

айтқанда, жеті атаға дейін қан араластыру орын алса, бұл ауыр қылмыс болып табылып,

ол өлім жазасына кесілетін, не сол рудың ағайындар талқысына берілген. Жеті атаға дейін

қыз алыспаушылық шынында медициналық жағынан да, моральдық жағынан да дұрыс

жағдай. Қазақта қазірдің өзінде бірен - саран болмаса, көптеген рулардың ішінде бip -

бірінің, яғни әр ру өз руының iшінeн қыз алыспайды. Ал рудың 10 - 12 атаға дейін

баратыны белгілі. Сондықтан мұндай шектеуді болашақ қабылданатын кодексте

көрсеткен орынды. «Жеті Жарғыда» жеті кici куәлік етсе құдайға тіл тигізген адамның

таспен атып өлтірілетіні айтылған.

Slide 17

Сондай-ақ, кәпір болған (шоқынған) адам мал -

мүлкінен айырылып, туған - туыстарына беріп отырған. Мұнысы дінді бepiк ұста деген

қағидадан туындаса керекті.

Slide 18

Тәуке хан мен үш би жасаған «Жеті Жарғыда» құл өмipi - құнсыз, құл иесінің құқы -

шексіз. Құлдың арызына ешкім құлақ аспайды деген де баптар бар. Бұл кешегі феодалдық

- патриархалдық тәртіптің бip көpiнici болса керек.

Slide 19

Ата - анасына тіл тигізген немесе қол жұмсаған ұлды мойнына

құрым киіз байлап, қара сиырға тepic мінгізіп, қамшымен сабап, ауылды айналдырған. Ал,

қыз бала болса қол - аяғы байланып анасының билігіне берілген. Дұрыс, әpi әділ жаза.

«Жеті Жарғыда» сондай-ақ басқа да баптар қамтылған. Жоғарыда біз «Күлтөбе басында күнде кеңес» жөнінде сөз етті. Ұлы Абай өзінің үшінші

Қара сөзінде: «Бұл билік деген біздің қазақ ішінде әpбip сайланған кісінің қолынан

келмейді». Бұған бұрынғы «Қасым ханның қасқа жолын», «Eciм ханның ecкi жолын», Әз

Тәуке ханның «Күлтөбенің басында күнде кеңес» болғандағы «Жеті Жарғысын» білмек

керек. Сол Күлтөбенің басында хан, сондай-ақ күллі билер мен ру басылары, ақсақалдар


Ұқсас жұмыстар
Жеті жарғы туралы жеті дерек
"Жеті жарғы" заңы және қазақ қоғамы
Тәуке хан - Қазақ хандығының ханы, Салқам Жәңгір ханның баласы
Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығының саяси жағдайы
ХVІІІ ғ. бірінші ширегіндегі Қазақстан. Қазақстан және Ресей жаңа заман жағдайында
Бұрындық хан
Тәуелсіздік – ежелгі арман, қол жеткен мұрат
ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ
Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттері
Тәуке хан немесе Мұхамед Батырхан (1636 (1635) - 1718 (1715) )
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz