Шығынсыз өнім. Күрке тауық өсіру


Slide 1

Күрке тауық өсіру

Шығынсыз өнім.

Slide 2

Күрке тауық тауық тұқымдас құстардың ішіндегі ең ірісі болып табылады. Күрке тауық өсірудің рентабелділігі жоғары көрсеткіштермен ерекшеленеді. Оның еті дәмді, жұмсақ, әрі оның құрамында холестерин мөлшері өте төмен. Олар да мамық пен қауырсын береді. Бұл құстар қызыққыш, ақылды, адамдарға тез үйреніп кетеді. Олар жем талғамайды және де жаз мезгілінде көбінесе жайылымда болады.

Күрке тауық өсіру бойынша шағын бизнес идеясының тартымдылығы - бұл бизнесті үй шаруашылығындағы бизнеске айналдыруға болатындығында. Яғни, барлық отбасы мүшелерін осы бизнеске тарту арқылы жалдамалы жұмысшыларға кететін жалақыны үнемдеуге болады.

Slide 3

Талап етілген өнімділікке байланысты күрке тауықты өсіру мен көбейтуді тұқымдарды таңдаудан бастау қажет. Бұл құстардың қола түсті кең кеуделі күрке тауық және ақ кең кеуделі күрке тауық деген екі түрі бар.

1) Қола түсті кең кеуделі күрке тауықтар - өздерінің жоғары көрсеткіштерімен ерекшеленеді, дұрыс тамақтанатын болса, аталығының салмағы 9-11кг. дейін жетеді. Орташа есеппен күрке тауық балапанының туғаннан кейінгі 13 аптадағы салмағы 4, 4 кг., 17 аптадағы салмағы - 6, 6 кг. болады.

2) Ақ кең кеуделі күрке тауықтардың етінің сапасы жақсы, сыртқы түрі өте әдемі (терісі сарғылт түсті) болып келеді. Қола кең кеуделі күрке тауықпен салыстырғанда еті тез піседі, жұмыртқа салуы 90 пайыздық ұрықтану көрсеткішімен шамамен 85 жұмыртқаны құрайды. Инкубацияға салынған барлық жұмыртқалардан балапан шығару көрсеткіші орташа есеппен 60 - 70 пайыз аралығын қамтиды.

Slide 4

Күрке тауықтарды асырау. Күрке тауық ірі құс болғандықтан оны басқа құстардан бөлек ұстау қажет. Құстарды орналастыру тығыздығын дұрыс есептеу қажет: 1 м²-ге екі үлкен күрке тауықтан артық болмайды. Жас балапандарын үлкендерінен бөлек ұстау қажет. Күрке тауықтар аязға, әсіресе жел мен сызға төзімсіз болғандықтан олардың ересектеріне арналған қора мықты қабырғалардан тұрғызылуы тиіс.

Slide 5

Жем беру. Күрке тауықтардың салмағын арттыру үшін оларға ақуызды тағамдар көбірек қажет. Қыс мезгілінде 3 рет, ал көктем айларында 4-5 рет жем беру керек.

Жаз мезгілінде күрке тауықтарға жем беру оңайлатылады. Егер құс жайылымда болса, онда ол әртүрлі көк шөптерді, жәндіктерді және т. б. өзі тауып жейді. Егер жайылымға шығару мүмкіндігі болмаса, арнайы алаңдар жасап, оларды жем беру ақырларымен, суару науаларымен, көлеңке қалқалармен жабдықтап, алаңға шөп сеуіп қояды. Қыста сыртқа шығаратын алаңды қардан тазартып, сабан төсейді және уыстап жем шашады. Жемді құстар оны іздеп үнемі қозғалыста болсын деп уыстап шашады. Егер сырттағы температура -10°С-ден төмен болса, онда құстарды сыртқа шығармайды.

Slide 6

Өсіру. Күрке тауықтарды көбейтуді олардың ұрғашыларын жұмыртқаға 27-30 күн бастыру арқылы немесе жұмыртқаларды пайдалана отырып инкубаторда да жүзеге асыруға болады. Егеркөбейтудің бастапқы кезеңінде инкубаторлық станциялар мен құс фабрикаларынан бір тәулік болған балапандарды алсаңыз, қиындықтар да аз болады. Немесе оларды инкубациялық жолмен де өсіруге болады.

Slide 7

Өндірістен түсетін табыс өткізу нарығын дұрыс жолға қойғанда ғана болады.

Ең алдымен, сіздің тұратын қалаңыздың немесе жақын маңдағы аудан (облыс) орталығының қай сауда нүктелерінде осы өнімді өткізуге болатынын анықтаңыз.

Сонымен қатар сіздің қалаңызда немесе жақын елді мекендерде күрке тауық өсірумен айналысатын адамдардың бар-жоқтығын біліңіз. Егер бәсекелестер бар болса, олардың өткізу нарығы қалай ұйымдастырылғанын зерттеңіз.

Slide 8

- Жұмыртқа сату. Жұмыртқа туу -жылына 50-100 дана х 50 күрке тауық = 2 500 жұмыртқа х 80-100 теңге (бір жұмыртқаның бағасы) = шамамен 200 000 теңге.

- Ет сату. 1 күрке тауықтың салмағы шамамен 5-7 кг. х 1200 теңге (1 кг бағасы) = 6 000 теңге, ал егер 10 немесе 20 күрке тауық сататын болсаңыз, онда табыс айтарлықтай көп болады.

Slide 9

Назарларыңызға рахмет !!!


Ұқсас жұмыстар
Құс шаруашылығына жалпы сипаттама
Күркетауықтар (лат. Meleagris)
Құс шаруашылығы өнімдерін инфекциялық және инвазиялық аурулар кезінде ветеринариялық - санитариялық сараптау
ҚҰС ЕТІНІҢ ӨНІМДЕРІ
Құс шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау
Құстарды ұстау жүйелері мен тәсілдері
Құс сою технологиясы
Ауыл шаруашылығы құстарының ет өнімділігі
Құстың интерьері және ішкі құрылысының ерекшеліктері
Ауылшаруашылық құстардың гигиенасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz